Читайте также:
|
|
а) Бастауыш білім беру деңгейінде білім алушы:
- адамның қолымен жасаған табиғаттың обьектілері мен заттарын, тірі және өлі табиғаттың обьектілерін, бейнелер мен заттарды айыра алуы;
- тірі ағзалардың тіршілігіне қажетті шарттарды білуі;
- жер бетіндегі тіршілік үшін күн сәулесінің және оның жылуының мәнін білуі;
- адамның табиғатпен өзара байланысы, өлі және тірі табиғаттар құбылыстарының арасындағы өзара байланыс туралы мысалдар келтіре алуы;
- адам денесінің құрылымы және оның ағзаларының негізгі қызметі туралы түсінігінің болуы;
- жеке бас тазалығының, денсаулық сақтаудың, қауіпсіздік тәртіп ережелерін білуі;
- Қазақстан табиғатының кейбір ерекшеліктері: өсімдіктер және жануарлар әлемі, жер бетінің формалары, ірі су қоймалары, пайдалы қазбалардың негізгі түрлері және олардың қасиеттері, табиғи аймақтары туралы жалпы түсінігінің болуы;
- жер бетіндегі өсімдік және жануарлар әлемінің алуан түрлілігі туралы жалпы түсінігінің болуы;
- өлшегіш құралдар және құрылғыларды пайдалана алуы (компас, термометр, флюгер);
- өзі тұратын өлкенің ауа райын бақылай білуі, оқып білген өсімдіктері мен жануарларынан өзінің мекеніндегісін таный алуы;
- ауаның, судың, топырақтың физикалық қасиеттерін (мөлдірлік, ағымдылық, қаттылық, жылу өткізгіштік, түс, иіс) оқып білуде қарапайым тәжірибе жасай алуы;
- жергілікті жердің жобасын суреттен ажырата алуы; зерделенген шартты белгілер бойынша географиялық картаны оқу тәсілдерін қолдана білуі;
- табиғатта негізгі тәртіп ережелерін орындай алуы және қоршаған ортаны қорғау шараларын сақтай алуы тиіс.
ә) Негізгі орта білім беру деңгейінде білім алушы:
- негізгі жаратылыстану-ғылыми ұғымдары мен шамаларының мәнісін, олардың арасында байланыс пен қатынасты білуі;
- жаратылыстанудың маңызды заңдылықтары, заңдары және теорияларын білу;
- қоршаған әлемнің құрылымын, тұтастығын және оның бөлшектерінің өзара байланысын білуі;
- табиғат нысандарын классификациялау және сипаттау принциптерін білуі;
- елдің табиғи ресурстарының және олардың негізінде материалдық құндылықтарды өндіруді білуі;
- энергияның табиғи көздерін, олардың түрлерін, олардың қайта түрлену үдерістерін білуі;
- табиғи және жасанды құбылыстардың ғылыми негіздерін білуі;
- эксперимент жүргізудің және объектілерді пайдаланудың қауіпсіз ережелерін білуі;
- зертханалық эксперименттерді жеке және топ құрамында жүргізуі;
- алынған нәтижелерді өңдей және оларды әртүрлі нысанда (кестенің, белгінің, суреттердің және құрылымдық сызбалардың көмегімен сипаттау) ұсына білуі;
- бақылау және зерделеу негізінде табиғат объектілерін сипаттай білуі;
- табиғат үдерістерінің және олардың адам өмірі мен қызметіндегі рөлінің мәнін білуі;
- экожүйенің ерекшеліктері туралы түсінігін өзін қоршаған орта мысалдары негізінде қалыптастыруы;
- қазіргі заманғы адамнаң өміріндегі едәуір маңызды объектілердің сипатын білуі;
- тұрмыста адамды қоршап тұрған обьектілерді дұрыс және қауіпсіз пайдалана білуі;
- қоршаған ортада және адамның өндірістік қызметіндегі құбылыстардың арасындағы себеп-салдар байланысын орната білуі;
- алған білімін денсаулыққа және қоршаған ортаға байланысты проблемаларды шешу үшін қолдана білуі;
- табиғи-ғылыми білімін басқа пәндер білімімен жинақтай білуі;
- қазіргі заманғы ақпараттық технологияны табиғи-ғылыми мазмұнындағы оқу және ғылыми танымал ақпараттарды іздеу және өңдеу үшін пайдалана білуі керек.
б) Жалпы орта білім беру деңгейінде білім алушы:
- әлемнің табиғи-ғылыми бейнесінің компоненттерін: негізгі түсініктерді, заңдылықтарды, заңдарды және теорияларды білуі;
- табиғи жүйенің ерекшеліктерін білуі, оның материалдық бірлігін түсінуі;
- табиғи циклдарды, олардың адам іс-әрекетінің әсерінен бұзылу мүмкіндіктерін білуі;
- жаңа білімді меңгеру шамасына қарай әлемнің ғылыми бейнесі туралы өзінің түсінігін үйлестіре білуі;
- табиғи объектіде, жүйеде, үдерісте және құбылыста өзара байланысты анықтай, түсіндіре және пайдалана білуі;
- табиғи және жасанды жүйедегі үдерістердің пайда болу мүмкіндігін анықтай және олардың салдарын бағалай білуі;
- Қазақстанның табиғи ресурстарын сипаттауы; оның практикалық маңыздылығы мен қайта өңдеу тәсілдері туралы түсінігінің болуы;
- тұрақты даму стратегиясының қағидаларын меңгеруі;
- әртүрлі ақпарат көздерін және қазіргі технологияларды пайдалана отырып жаратылыстану-ғылыми пәндері бойынша жаңа білімді ала білуі;
- табиғатты және адамды танудағы ғылыми әдістердің мәнін, оларды танымдық және тұрмыстық қызметте пайдалану қағидаларын білуі;
- туындағантанымдық міндеттер мен проблемалық жағдаяттарды шешуде қоршаған ортаны танудың табиғи-ғылыми әдістерін қолдана алуы;
- табиғи-ғылыми зерттеулерді жоспарлауды және жүргізуді, алынған нәтижелерді өңдеуді және талдауды білуі;
- объектілерді,, құбылыстар мен қарапайым жүйелерді моделдеуді білуі;
- алынған нәтижелердің негізінде өз ұстанымын құра және дәлелдей білуі керек
Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 220 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Математика және информатика» білім беру саласы бойынша оқыту нәтижелері | | | Адам және қоғам» білім беру саласы бойынша күтілетін нәтижелер |