Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Нер» білім беру саласындағы оқытудың нәтижелері

Читайте также:
  1. Адам және қоғам» білім беру саласы бойынша күтілетін нәтижелер
  2. Адам және қоғам» білім беру саласындағы бастауыш білім берудің базалық мазмұны
  3. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
  4. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 1 страница
  5. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 2 страница
  6. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 3 страница
  7. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 4 страница

а) Бастауыш білім беру деңгейінде білім алушы:

- өнер туындыларының мазмұны мен көңіл-күйін бейнелі түрде қабылдай алуы, олардың көркемдік тұстарына эмоциялық жауап қатуы, қарым-қатынас жасауда және мақсатты оқу үдерісінде өзінің түсінігін ауызша көрсете білуі;

- мазмұны, орындау сипаты, көңіл-күйі бойынша әртүрлі өнер туындыларын ажырата алуы;

- танымал өнер туындыларының бейнелерін (өз халқының, басқа халықтардың)қарапайым талдай, бағалай, сәйкестендіре білуі;

- негізгі көркемдік материалдар мен аспаптарды қолдана білуі;

- өнер түрлерін көрсетудің негізгі құралдарын білуі;

- өз халқының және өзге де халықтардың дәстүрлі өнері мен кәсіби өнерін білуі;

- бейнелеу ілімінің бастамасы, көркем құрастыру және орындау шеберлігінің негіздерін игеруі;

- өнер саласында жиі кездесетін арнайы терминдер мен ұғымдардың мәнін түсіне білуі керек.

ә) Негізгі орта білім беру деңгейінде білім алушы:

- әралуан өнер түрлерінің ерекшіліктерін, олардың жанрдағы, стильдеріндегі және көркемдік мазмұндарындағы байланыстарын түсіне білуі;

- түрлі тарихи кезеңдердің өнер туындыларын түсіндіре алуы;

- стиль, дүниетаным және т.б. тұрғыдан түрлі жанрлар, әр дәуірдегі халықтардың өнер туындыларын талдай алуы;

- қазақ халқының тарихи қалыптасқан өнер түрлерін және олардың осы заманғы жағдайын білуі керек.

б) Жалпы орта білім беру деңгейінде білім алушы:

- Қазақстан мәдениетінің әлемдік мәдениеттегі ролі мен орнын және оның Қазақстан мәдениетінің қалыптасуына әсерін білуі;

- сан алуан өнер түрлерінде тарихи қалыптасқан ағымдар мен бағыттарды білуі;

- өнер саласының негізгі ұғымдары мен терминдерін қолдана білуі;

- мәдениет, өнер мәселелері жөніндегі пікірталастар мен қарым-қатынастар үдерісінде ұстамдылық танытуы;

- өнердің адам өмірінің түрлі салаларымен (әлеуметтік қатынастар, саясат, мораль, дін, ғылым және тағы басқа) байланысынтүсінуі;

- мәдениетті әлеуметтік өзара ықпалдасу ретінде түсінуі, соның ішінде - түрлі ұлттар мен діни конфессиялардың әрекеттестігін ескеруі;

- көркемдік бейнелерді түсіндіре алуы керек.

1.

1.

1. «Технология» білім беру саласы

«Технология» білім беру саласын оқытудың жалпы мақсаттары:

- әлемнің қазіргі заманғы ғылыми көрінісіндегі технологияның рөлі мен орны туралы түсініктерді қалыптастыру;

- технологиялық ойлауды, жобалау әрекетін ұйымдастыру негіздерін, графикалық мәдениетін қалыптастыру;

- технологиялық және техникалық іс-әрекет саласында қолданбалы міндеттерді қою және шешу сынағының тәжірибесін қалыптастыру;

- түрлі қызмет саласында технологияларды пайдалану;

- еңбек нарығындағы қажеттілікті ескере отырып табысты дербес іс-әрекетке дайындау.

1.

1.

1.

1. «Технология» білім беру саласындағы оқыту нәтижелері

а) Бастауышбілім беру деңгейінде білім алушы:

- түрлі материалдардың қасиеттерін және оларды пайдалану тәсілдерін білуі; қолөнер кәсібінің негізі жөнінде алғашқы түсінігінің болуы; безендіру-қолданбалы өнердің түрлерін, әралуан қызмет және мамандық түрлерін, графикалық бейнелеуді орындаудың негіздерін (нобай,сызба,схема) білуі;

- қарапайым құралдардың қолдану аясын және олардың әсер ету қағидаларын, техникалық қондырғылар мен машиналарды пайдалану аясын білуі; қол саймандарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтай алуы;

-өндірілетін өнім мен қызметтің пайдалылық шамасын түсіне алуы;

- берілген үлгідегі заттардың сызбаларын оқи алуы және орындай алуы;

- қолда бар материалдарды пайдаланып үлгі, сурет, сұлба, эскиз, сызба бойынша бұйымдарды жасай алуы;

- нобайлағыш бөлшектерінен обьектілерді модельдей білуі;

- табиғи материалдардан бұйымдар жасай алуы керек.

ә) Негізгіорта білім беру деңгейінде білім алушы:

- түрлі материалдарды өңдеу технологиясын білуі;

- қол және механикалық аспаптарды, құрал-жабдықтарды қолдануда еңбек қауіпсіздігінің ережелерінбілуі және пайдалануы;

- графикалық бейнелеудің әралуан түрлерін (сұлбалар, сызбалар, схемалар, белгілер) дәстүрлі және қазіргі заманғы графикалық компьютерлік технологияларды пайдаланып, түрлендіру іс-әрекетінде қолдана алуы;

- графикалық модельдерді, сұлбаларды, сызбаларды, символдарды зерттеу және жобалау іс-әрекетінде қазіргі заманғы графикалық компьютерлік технологияларды пайдалана алуы;

- сыртқы белгілері бойынша материалдарды таңдай білуі және әртүрлі технологияларды пайдаланып бұйымдарды дайындауы (үлгі, суреті, құрама схема, сұлба, сызба бойынша);

- бұйым жасау немесе өнім алу үшін технологиялық операциялар алгоритмдерін құрып, қолдана алуы;

- ұлттық және өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, түрлі материалдардан қарапайым сәндік-қолданбалы бұйымдарды жасай алуы;

- экономика мен әлеуметтік саланың түрлі секторларындағы кәсіптік іс-әрекет ерекшеліктерін дәлелдей алуы;

Аспаптар, машиналар, жабдықтар мен құрылғыларды (соның ішінде компьютерлерді) пайдалану арқылы өнім алуды немесе бұйым жасай алуды білуі керек.

б) Жалпы орта білім беру деңгейінде білім алушы:

- бұйымның (өнімнің) жасалуының технологиялық үдерісін білуі;

- бұйымның дизайнын таңдау дағдысын меңгеруі;

- еңбекті ғылыми ұйымдастыру негіздерін түсінуі;

- өндірілетін өнімнің немесе қызметтің экономикалық және әлеуметтік әсерін бағалай алуы; әралуан іс-әрекет салаларында өнім алудың технологиясын жобалай және жасай алуы;

- сәндік-қолданбалы өнердің элементтерін осы заманғы дизайн-жобасында қолдануы; техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтай алуы;

- өз мамандығын таңдауын негіздей білуі керек.

6.3.7 «Дене шынықтыру» білім беру саласы

«Дене шышықтыру» білім беру саласын оқытудың жалпы мақсаттары:

- тұлғаның дене шынықтыруды - салауатты өмір салтын ұйымдастыру тәсілі ретінде түсінуін қалыптастыру; тұлғаның дене шынықтыру сабақтарына дәлелді - құндылықты қатынасын қалыптастыру;

- мектеп оқушыларына денсаулық сақтау жағдайларын жасау, ден саулықты сақтау және нығайтуға арналған дене шынықтыруды ұйымдастырудың құралдары мен түрлерін, әдістерін меңгеру;

- жоғары деңгейде дененің шынығуы мен жемісті ой еңбегін және жалпы қауіпсіздік негіздерін қамтамасыз ететін өмірлік маңызды іскерлік пен дағдыларын қалыптастыру.


Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 203 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Нормативтік сілтемелер | Терминдер, анықтамалар және қысқартулар | Негізгі ережелер | Тұлғаны әлеуметтендіру | Білімберу нәтижелері ретіндегі түйінді құзыреттіліктер | Математика және информатика» білім беру саласы бойынша оқыту нәтижелері | Жаратылыстану» білім беру саласындағы оқытудың нәтижелері | Орта білім берудің базалық мазмұны | Жаратылыстану» білім беру саласының базалық мазмұны | Адам және қоғам» білім беру саласындағы бастауыш білім берудің базалық мазмұны |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Адам және қоғам» білім беру саласы бойынша күтілетін нәтижелер| Дене шынықтыру» білім беру саласындағы оқыту нәтижелері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)