Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Терминдер, анықтамалар және қысқартулар

Читайте также:
  1. VІІ Блок 2.4 Қызметкерлер және ұйым.
  2. Ақша ағындарын оңтайландыру әдістері. Ақша ағымдары және олардың түрлері
  3. Адам және қоғам» білім беру саласы бойынша күтілетін нәтижелер
  4. Адам және қоғам» білім беру саласындағы бастауыш білім берудің базалық мазмұны
  5. Азақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырау кезеңінде.
  6. Азақстан Республикасындағы білім, ғылым, мәдениет және денсаулық сақтау ісінің дамуы.
  7. Азақстандағы социолистік индустрияландырудың ерекшеліктері, нәтижелері және олқылықтары.

 

Осы стандартта «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес терминдер мен анықтамалар қолданылады:

3.1Баға: бағалау нәтижесінің шартты-формальды (белгілік) бейнеленуі; білім алушылардың оқу жетістігін бағалаудың сандық көрінісі.

3.2 Бағалау:б елгіленген өлшемдер бойынша білім алушылардың іс-әрекеттерінің шынайы қол жеткізген нәтижелерін жоспарланған білім беру нәтижелерімен сәйкестендіру үдерісі.

3.3 Бейіналды даярлық: білім алушының негізгі орта білім бейінін, жеке білім беру траекториясын тандауына мақсатқа бағытталған педагогикалық қолдау көрсету;

3.4. Бейінді оқыту: білім алушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау және даралау үдерісі, білім беру үдерісін ұйымдастыру

3.5Бейіндік пән: тереңдетіліп оқытылатын, жалпы орта білім беру деңгейінде бейіннің мазмұнын және оқытудың бағытын айқындайтын оқу пәні.

3.6Білім алушыларды қорытынды аттестаттау: білім алушылардың тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында өткізілетін рәсім.

3.7Білім беру қызметі: тұлғаны оқыту, тәрбиелеу және дамыту міндеттері шешілетін мақсатты, педагогикалық негізделген, білім беру субъектілерінің бірізді өзара ықпалдасу үдерісі.

3.8 Білім беруүдерісінің мониторингі: б ілім беру ұйымдарында білім беру үдерісін жүйелі түрде бақылау, диагностикалау, талдау, жағдайын, нәтижелердің өзгеру динамикасы мен жүзеге асырылу шарттарын бағалау және болжау.

3.9 Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау: б ілім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттың талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатында жүргізілетін рәсім.

3.10Білім беру саласы: ең аз мөлшердегі және оқу пәндерінің функционалды толық жиынын қамтитын және о қушылардың дене, интеллектуалдық, адамгершілік, құқықтық, эстетикалық, экономикалық, коммуникативтік және ақпараттық дамуын қамтамасыз ететін орта білім берудің базалық мазмұнының құрамдас бөлігі.

3.11Білім мазмұны: тұлғаның жан-жақты дамуына және түйінді құзыреттіліктерінің қалыптасуына негіз болып табылатын әрбір білім беру деңгейі бойынша білім жүйесі (кешені).

3.12 Жалпы білім беретін мектеп: б астауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру оқу бағдарламаларын, сондай-ақ, білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны.

3.13Заттық-кеңістіктік орта: білім беру үдерісін жүзеге асыру үшін қолданылатын материалдық талаптардың (сыныпты безендіру, сыныптағы парталарды орналастыру реті, сабақ өткізуге арналған бөлмелердің орналасуы және т.б.), ақпараттық және коммуникациялық ресурстар мен техникалық құралдардың жиынтығы.

3.14Кәсіптік бағдарлау: білім алушылардың білім алу мен кәсіби мүмкіндігіне, кәсіби мүддесіне, жеке қабілетіне және психофизиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес олардың кәсіп пен оқу орнын еркін және саналы түрде таңдау салаларында құқықтарын іске асыруға ақпараттар мен кеңестерді ұсыну.

3.15 Құзырет: білім беру жүйесіне берілетін әлеуметтік тапсырыстарды құрайтын жеке және қоғамдық қажеттіліктердіқанағаттандыру мақсатында нәтижелі іс-әрекеттерге қол жеткізу үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді жаңғыртуға дайындық.

3.16 Құзыреттілік: оқу мен өмір жағдаяттарын шешу кезінде білім алушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны және қызметтің әмбебап тәсілдерін меңгеруі көрінетін білім берудің нәтижесі.

3.17Мемлекеттік аралық бақылау: оқыту сапасын білім беру ұйымына тәуелсіз бақылаудың бір түрі.

3.18Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (МЖБС): білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізуді реттейтін, білім берудің мақсаттары мен міндеттерінің жиынтығын айқындайтын, білім беру салалары бойынша білім, іскерлік, дағдылар және қалыптасқан түйінді құзыреттіліктер түріндегі күтілетін білім беру нәтижелеріне, білім берудің базалық мазмұнының құрылымы мен құрамына, білім алушылардың оқу жүктемесінің жоғарғы көлеміне, білім сапасы мен деңгейіне қойылатын талаптарды белгілейтін және білім алушылардың табысты әлеуметтенуіне ықпал ететін нормативтік құжат.

3.19Оқу бағдарламасы: ә рбір оқу пәні бойынша меңгерілуге жататын білім, іскерлік және дағдылардың мазмұны мен көлемін айқындайтын бағдарлама.

3.20Оқыту бағыты: б елгілі бір білім беру салаларының пәндер топтарын кеңейте оқытуды қамтамасыз ететін бейіндік оқытудың ұйымдастырылу нысаны.

3.21Оқу жоспары (ОЖ): о рта білім беру деңгейлеріне сәйкес оқу пәндерінің тізімі мен көлемін, оқыту тәртібі мен бақылау түрін реттейтін құжат.

3.22 Оқу пәнінің стандарты: білім берудің бастауыш, негізгі орта, жалпы орта деңгейлерінде нақты пәнді оқыту үдерісін реттейтін құжат. Оқу пәнінің стандарты: пәнді оқытудың мақсаттары мен міндеттерін, жоспарланатын нәтижелерді, оқу пәнінің базалық мазмұнын, құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар жүйесін, оқу пәні бойынша білім беру үдерісінің технологияларына қойылатын талаптарды, білім беру үдерісін материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, білім беру салалары бойынша оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау жүйесін айқындайды.

3.23 Оқытуды саралау: тұлғаның жеке ерекшеліктері ескерілетін кезде оқу қызметін ұйымдастыру тәсілі.

3.24 Өлшеуіштер: белгіленген бағалау өлшемдеріне сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерінің деңгейлерінің алдын ала берілген көрсеткіштер бойынша айқындайтын оқу тапсырмалары.

3.25 Орта білім:Қ азақстан Республикасының Конституциясымен кепілденген, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартынасәйкес бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру оқу бағдарламаларын игеру нәтижесінде азаматтардың алатын білімі.

3.26 Портфолио: білім алушының белгілі бір оқу кезеңіндегі оқу және әлеуметтік маңызы бар жеке жетістіктерін көрсететін тәсіл. Бұл тәсілдің көмегімен білім алушының бағытталған, жүйелі және үздіксіз бағалау мен өзін-өзі бағалау нысаны ретіндегі рефлексияға қабілеті белгіленеді және бағаланады.

3.27 Таңдау курстары: мазмұны білім алушылардың танымдық қызығушылықтарын жеке бейімі мен таңдауына сәйкес қанағаттандыруға мүмкіндік беретін, пәндер бойынша білімдердің кеңейтілуі мен тереңдетілуіне ықпал ететін оқу курстары. Таңдау курстарының жиынтығы оқу жоспарының вариативті бөлігін құрайды.

3.28Типтік оқу жоспары (ТОЖ): оқыту тілі мен бағытына сәйкес тиісті білім беру деңгейі оқу пәндерінің тізбесін және көлемін реттейтін нормативтік құжат.

3.29Тұлғаны әлеуметтендіру: адамның қоғамдық қатынастар жүйесіне енуін және осы қатынастарды өздігінен қайта жаңғыртуын жорамалдайтын әлеуметтік нормалар мен мәдени құндылықтарды меңгеру үдерісі. Әлеуметтендіру идеясын жүзеге асыру – тұтас педагогикалық үдерісте оқу және оқудан тыс уақытты толыққанды пайдалануды, сондай-ақ мектептің отбасымен, қосымша білім беру ұйымдарымен тығыз ынтымақтастықта болуын талап етеді.

3.30Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ): орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім беретін білім беру ұйымдарына түсу емтихандарымен біріктірілген, жалпы орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау нысандарының бірі;

3.31 Экстернат: білім алушы сабаққа үнемі қатыспай, тиісті білім беру бағдарламаларына сәйкес оқу пәндерін өздігінен оқитын о қыту нысандарының бірі.

 


Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 254 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Тұлғаны әлеуметтендіру | Білімберу нәтижелері ретіндегі түйінді құзыреттіліктер | Математика және информатика» білім беру саласы бойынша оқыту нәтижелері | Жаратылыстану» білім беру саласындағы оқытудың нәтижелері | Адам және қоғам» білім беру саласы бойынша күтілетін нәтижелер | Нер» білім беру саласындағы оқытудың нәтижелері | Дене шынықтыру» білім беру саласындағы оқыту нәтижелері | Орта білім берудің базалық мазмұны | Жаратылыстану» білім беру саласының базалық мазмұны | Адам және қоғам» білім беру саласындағы бастауыш білім берудің базалық мазмұны |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Нормативтік сілтемелер| Негізгі ережелер

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)