Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Негізгі ережелер

Читайте также:
  1. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРЫ: НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
  2. Аржылық бақылау,оның негізгі түрлері,қағидаттары және міндеттері
  3. Атмосфералық ауа, су және топырақ қоршаған ортаның негізгі нысандары ретінде
  4. Аудиториямен жұмыс істеу қағидасы. Презентацияның негізгі ережелері және аудиториямен жұмыс.
  5. Дәріс. БАЗ-дардыңнегізгісипаттамалары. Беттік-активтізаттардыңбиологиялықыдырауы
  6. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
  7. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

4.1 Осы стандарт жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің келісілген білім беру мүддесі мен мүмкіндігін танытады және реттейді.

4.2 Стандартты қолдану:

- білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қамтамасыз етуді;

- әлемдік үрдістерді ескере және қазақстандық мектептің озық дәстүрлерін сақтай отырып еліміздің білім беру жүйесін дамытуды;

- мектептегі білім беру құрылымының жас кезеңдерімен сәйкестігін;

- барлық балаларға тең мүмкіндік қағидаларын іске асыруды;

- мүмкіндіктері шектеулі балалардың дамуындағы ауытқулардың түзетілуіне, әлеуметтік бейімделуіне, білім алуына жағдай жасай отырып, оларды жалпы оқу - тәрбие үдерісіне кірістіруді;

- білім сапасын қалыптасқан түйінді құзыреттіліктер түріндегі білім берудің жаңа нәтижесі есебінен арттыруды және білім алушының, педагогтың, білім беру ұйымдарының іс-әрекеттерінің тиімділігін бағалау жүйесін жасауды;

- орта білім беру саласындағы білім беру үдерісінің барлық субъектілерінің міндеттері мен құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуді;

- балалардың психикалық саулығын және денсаулығын қорғауды, тұлғаның жан-жақты дамуына, оның ішінде білім алушының қосымша білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыруға қолайлы жағдай туғызуды қаматамасыз етуді;

- орта білім беруді қаржыландыруға мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаражатты ұтымды және тиімді пайдалануды көздейді.

4.3 Стандарт білім алушының әлеуметтік қорғалуын, педагогқызметкерлердің әлеуметтік және кәсіби қорғалуын қамтамасыз етеді.

 

4.4 Стандарт:

- орта білім беру ұйымдарының қызметін бағалау мен мониторингін жүзеге асыруға және білім беру ұйымдарын бітірушілердің оқу жетістіктерін бағалау;

- білім берудің осы заманғы сапасын қамтамасыз ететін қажетті жағдайлар жасаудағы білім беруді басқару органдарының іс-әрекетін объективті бағалау;

- орта білім беру ұйымдарының оқу және тәрбие үдерісінің материалдық-техникалық жабдықталуына бірыңғай талаптар қою;

- оқыту пәндері бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін анықтайтын өлшеуіштер жүйесін жасау үшін негіз болып табылады.

4.5 Осы Стандарттың шеңберінде білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын қаржыландыру Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

4.6 Барлық типтегі және түрдегі орта білім беру ұйымдары, меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан осы Стандарт талаптарының орындалуына жауапты.

4.7 Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдары осы Стандартқа және белгіленген тәртіппен Уәкілетті органдар бекіткен басқа да оқу-нормативтік құжаттарға сәйкес оқытуды жүзеге асырады.

4.8 Білім беру жеке тұлғаның сұраныстары мен мүмкіндіктерін ескере отырып күндізгі, кешкі, сырттай және экстернат нысандарында жүзеге асырылады.

4.9 Стандарттың талаптары:

- білім беру деңгейлері бойынша оқу пәндерінің стандарттарын, пәндер бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеу;

- Республиканың орта білім беру ұйымдарында меншік нысандарынан, ведомстволық бағыныстылығынан, типтері мен түрлерінен тәуелсіз оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру;

- орта білім беру жүйесіне арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін жасау;

- орта білім беру ұйымдарын қаржыландыру;

- орта білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау;

- білім беру сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде міндетті болып табылады.

4.10 Осы Стандарттың ережесі пәндер бойынша стандарттар мен оқу бағдарламаларының шеңберінде ашылады және нақтыланады.

4.11 Стандарт, Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген арнайы білім беру ұйымдарында немесе үйдеіске асырылатындаму мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған арнайы жалпы білім беру оқу бағдарламаларын әзірлеуді көздейді.

4.12 Білім беру деңгейлері бойынша оқу пәндерінің жалпыға міндетті стандарттарының және сыныптар бойынша жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының (ЖОБ) мазмұны:

- оқу пәнінің жалпы сипаттамасын (оқытудың мақсаттары мен міндеттерін);

- оқу пәніне оқытудың жоспарланған нәтижелерін;

- оқу пәнінің базалық мазмұнын;

- оқу пәні бойынша оқу және тәрбие үдерісін ұйымдастыруға және жүзеге асыруға қойылатын талаптарды;

- пән бойынша оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау жүйесін айқындайды.

4.13 Оқу-тәрбие үдерісінің міндетті компоненті түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыруға ықпал ететін білім алушылардың жобалау, зерттеу қызметтері болып табылады. Оқу жылы бойы білім алушылар жеке-дара немесе топтың құрамында тұлғалық-мәні бар жобаны (пән аралық және пәндік мазмұн базасында) әзірлейді және іске асырады.

4.14 Оқу жоспарының инвариантты бөлігіндегіоқу пәндері бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларына қатаң сәйкестікте әзірленуі керек.

4.15 Жаңа типті оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер білім алушылардың оқу материалдарын интерактивті режимде өз бетінше игеруіне бағытталуы тиіс.

4.16 Осы Стандарттың және оқу пәндері стандарттарының сақталуын бақылауды өз құзыреттіліктерінің шеңберінде білім беру саласындағы уәкілетті орган және жергілікті атқарушы органдар кезекті аттестаттау мен тексеру нысанында жүзеге асырады.

4.17 Бақылау және бағалау объектісі осы МЖБС-да берілген білім алушылардың білім алудағы нәтижелерінің жетістіктері: пәндік оқыту нәтижелері, метапәндік нәтижелер, білім алушыларды әлеуметтендіру - тұлғалық нәтижелер болып табылады.

4.18 Бақылау-бағалау қызметін жүргізу үшін білім берудің сапасын арттыруға және бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын игеру деңгейі мен сапасы туралы объективті ақпаратты алуға бағытталған білім алушылардың оқу жетістігін бағалайтын жүйе қолданылады.

4.19 МЖБС-да берілген білім беру бағдарламаларының игерілуіне қойылатын талаптардың жетістіктерін бағалау өлшемді тұрғы негізінде жүзеге асырылады. Бағалау үшін өлшем ретінде білім беру нәтижелеріне қойылатын талаптар алынады.

4.20 Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың мынадай түрлері енгізіледі: сыртқы баға, ішкі баға.

4.21 Сыртқы бағалауды білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау барысында мемлекеттік білім беруді басқару органдары жүзеге асырады.

Сыртқы бағалаудың мақсаты - білім алушының қол жеткізген білім нәтижелерінің осы стандарттың талаптарына сәйкестігін белгілеу, сондай-ақ бітірушілердің даярлық сапасын өңірлік және мемлекеттік масштабта бағалау.

Білім алушылардың осы Стандарттағы көрсетілген нәтижеге сәйкес бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беру оқу бағдарламаларын игеру сапасын бағалау ұлттық бірыңғай тестілеу, 4, 10, 12 сыныптарда әрбір білім беру деңгейі игерілгеннен кейін қорытынды аттестаттау, мемлекеттік аралық бақылау және басқа да нысандар түрінде жүргізіледі.

4.22 Білім, іскерлік, дағдылар мен пәндік құзыреттіліктерді меңгеру деңгейін өлшеуде, сырттай баға беру үшін мазмұны, рәсімдері және тексеру тәсілдері бойынша стандартталған, білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының уәкілетті атқарушы органдары әзірлеген тапсырмалар жүйесі пайдаланылады.

4.23 Ішкі баға (қалыптастырушы) жеке білім алушыға бағытталған. Ол білім алушының игермеген білім мазмұнының нақты элементтерін айқындайды, соның негізінде білімді толықтыру сол білім алушы үшін максималды тиімді жүргізіледі.

4.24 Ішкі бағалауға:

- білім, іскерлік, дағды нысанында ұсынылған пәндік жетістіктер;

- айтылған талаптарға сәйкес түйінді құзыреттіліктерді игеру деңгейі жатады.

Ішкі бағалаудың мақсаты – білім алушылардың шынайы тұлғалық жетістіктерінің оқу пәні бойынша күтілетін оқыту нәтижелеріне сәйкестігін белгілеу.

4.25 Ішкі бағалау білім беру нәтижелеріне қол жеткізу деңгейін жүйелі бақылауды және олардың уақытылы түзетілуін қамтамасыз етеді.

4.26 Жеке білім беру траекториясының іске асырылу дәрежесі, тұлғаның оқуы мен даму динамикасы, әлеуметтік белсенділігі, жалпы мәдениеті, рефлексияға қабілеттілігі белгілі бір оқу кезеңі үшін мақсатқа бағытталған, жүйелі және үздіксіз бағалау мен өзіндік бағалау нысаны ретінде портфолио көмегімен есепке алынады және бағаланады.

4.27 Білім алушылардың оқу жетістіктерінің нәтижелерін бағалау үшін оқушылардың сандық, сапалық көрсеткіштері мен оқудағы нәтижелілігін, жеке ерекшеліктерін ескеретін 12 балдық межелік бағалау белгіленеді.

4.28 Оқушылардың оқу жетістіктерін өлшеу, бағалау құралдарына түрлі оқу тапсырмалары: ашық және жабық типтегі тестер, есептеу және практикалық тапсырмалар, жобалар, жаттығулар, компьютерлік модельдеу және т.б. жатады.

4.29 Бақылау өлшеуіштері оқытудың күтілетін нәтижелеріне сәйкес әзірленеді және оқу материалын меңгерудің әрбір деңгейіне тән оқу іс-әрекетінің мазмұнын көрсетеді.

4.30 Оқушы тұлғасының дамуын диагностикалау және түзету енгізу мақсатында оның оқу іс-әрекетіне психологиялық сүйемелдеу жүзеге асырылады.

4.31 Білім беру ұйымдары орта білім беру стандартының талаптарын орындамаған жағдайда ата-аналар (немесе олардың орнын ауыстыратын тұлғалар), жұртшылықтың өкілдері Қазақстан Республикасының Заңнамаларында белгіленген тәртіппен наразылығын білдіруге құқылы.

4.32 Ұлттық деңгейдегі орта білім берудің мақсаты - Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсене қатысуға дайын, құзыретті, интеллектуалды және рухани дамыған тұлғаның қалыптасуына ықпал ету.

4.33 Орта білім берудің негізгі міндеті әрбір білім алушыға:

- Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен міндеттерін білуге, сақтауға;

- тұлғаның өзін-өзі іске асыру үшін қажет болатын алдағы кәсіби білімі мен қызметіне негіз ретінде сапалы білім алуына;

- қоршаған әлемде - табиғат құбылыстарында, адам мен қоғамның әлеуметтік және рухани өмірінде бағдарлануына мүмкіндік беретін әлемнің қазіргі заманғы ғылыми көрінісінің негіздерін меңгеруге;

- өзінің білім алу әрекетін тиімді жоспарлай және ұйымдастыра алуға, білімді игеру қызметіне талдау және рефлексиялық әрекет жасай алуға;

- әртүрлі өмірлік жағдайларда дербес шешім қабылдап әрекет етуге, болып жатқан әлеуметтік оқиғаларға баға беруге, ортамен бірлесе әрекет жасауда өз пікірін қалыптастыра және жүзеге асыруға;

- қазақ және әлем мәдениеті мұраларының негізінде өзінің бірегей мәдени деңгейін жетілдіруге, жеке тұлғаны қалыптастыратын мәдениеттің аса маңызды жақтары мен аспектілерін бағалай және түсіне білуге;

- өзге мәдениет пен діни конфессияларды уағыздаушылармен құндылықты-түсіністікте ынтымақтасуға дайын болуға;

- айналадағы болмысқа көзқарастар мен нанымдар жүйесі ретінде тұтас дүниетанымды қалыптастыруға және өз - өзіне, табиғатқа, қоғамға жағымды қатынасты қалыптастыруға және соған сәйкес әрекет ете білуге;

- қоршаған ортаны қорғау жұмыстарына жүйелі түрде қатысуға, қоғам және өзі үшін салауатты өмір салтына деген қажеттілікті қалыптастыруға мүмкіндіктерді ұсыну болып табылады.

 

 


Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 271 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Нормативтік сілтемелер | Білімберу нәтижелері ретіндегі түйінді құзыреттіліктер | Математика және информатика» білім беру саласы бойынша оқыту нәтижелері | Жаратылыстану» білім беру саласындағы оқытудың нәтижелері | Адам және қоғам» білім беру саласы бойынша күтілетін нәтижелер | Нер» білім беру саласындағы оқытудың нәтижелері | Дене шынықтыру» білім беру саласындағы оқыту нәтижелері | Орта білім берудің базалық мазмұны | Жаратылыстану» білім беру саласының базалық мазмұны | Адам және қоғам» білім беру саласындағы бастауыш білім берудің базалық мазмұны |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Терминдер, анықтамалар және қысқартулар| Тұлғаны әлеуметтендіру

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)