Читайте также: |
|
1.1. Осы Нұсқау қала құрылысы жобасының құрамын, әзiрлену, келiсiлу, сарапталу және бекiтiлу тәртiбiн белгiлейдi және меншiк нысанына қарамастан Қазақстан Республикасында осындай жобаларды жүзеге асырушы барлық ұйымдар, мекемелер мен басқа да заңды тұлғалар үшiн мiндеттi болып табылады.
1.2. Қала құрылысы жобаларын әзiрлеу Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет және қала құрылысы туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.
1.3. Қала құрылысы жобаларының негiзгi түрлерi төмендегiлер болып табылады:
- Қазақстан Республикасы аумағын қоныстандыру мен қала құрылысы тұрғысынан дамытудың бас сұлбасы;
- аумақтарды қоныстандыру мен қала құрылысы тұрғысынан дамытудың аймақтық сұлбалары;
- облыстар аумақтарын дамытуды қала құрылысы тұрғысынан жоспарлаудың кешендi сұлбалары;
- әкiмшiлiк аудандарды дамытуды қала құрылысы тұрғысынан жоспарлаудың кешендi сұлбалары;
- қалалардың, кенттердiң, ауылдық елдi мекендердiң бас жоспарлары;
- жоспарлау жобалары,
- құрылыс салу жобалары.
1.4. Республикалық және жергiлiктi бюджеттер есебiнен орындалатын қала құрылысы жобаларының тапсырыс берушілері Сәулет қала құрылысы қызметiн басқару басқармасы мемлекеттiк органы, жергiлiктi атқару органдары немесе оларға тиiсiнше уәкiлеттілі сәулет және қала құрылысы органдары болып табылады.
Жекелеген жағдайларда, жергiлiктi атқару органдарымен келiсу арқылы қала құрылысы жобаларын әзiрлеудi қаржыландыру үшiн қаражаты бар ұйымдар, мекемелер және басқа заңды тұлғалар мен азаматтар тапсырыс беруші ретiнде iс-қимыл жасай алады.
1.5. Қала құрылысы жобаларын әзiрлеушiлер осындай жұмыстарды орындау құқығына тиiстi лицензиясы бар мекемелер, ұйымдар, шығармашылық ұжымдар және басқа да заңды тұлғалар мен азаматтар бола алады.
1.6. Қала құрылысы жобаларын әзiрлеу жекелеген жағдайларда конкурстық негiзде жүзеге асырыла алады.
1.7. Сәулет-қала құрылысы қызметiне қатысушылар ретiнде қала құрылысы жобаларының тапсырыс берушілері мен әзiрлеушiлердiң арасындағы қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасымен, қолданыстағы ережелермен және актілермен реттеледi және жобаны әзiрлеу шартында баяндалады.
1.8. Тапсырыс беруші (қала құрылысы жобасын әзiрлеушiнiң қатысуымен) жобалауға тапсырма жасайды және бастапқы деректердi берудi қамтамасыз етедi.
Тапсырыс беруші атқарушы орган (сәулет және қала құрылысы органы) болмаған жағдайларда, қала құрылысы жобасын әзiрлеуге тапсырма осы органмен келiсiлуге тиiс.
Жобалауға тапсырмаларға және бастапқы деректерге қойылатын жалпы талаптар 3-8-қосымша-ларда келтiрiлген.
Қажет болған жағдайда тапсырыс беруші, егер шартпен басқаша көзделмеген болса, бастапқы деректер дайындауды қосымша ақыға қала құрылысы жобасын әзiрлеушiге тапсыра алады.
1.9. Тапсырыс беруші қала құрылысы жобасын әзiрлеу барысын бақылауды жүзеге асырады, оның сараптамасын қамтамасыз етедi.
Тапсырыс беруші жобалау жөнiнде тапсырмаларды немесе жобалау барысында бастапқы деректердi өзгерткен немесе нақтылаған жағдайда әзiрлеушi қосымша ақыға қала құрылысы жобасына тиiстi нақтыламалар мен өзгертулер енгiзедi.
1.10. Қала құрылысы жобасын әзiрлеушi бекiтiлген қала құрылысы жобаларының алдыңғы кезеңдерiнiң жобалық шешiмдерiн ескеруге мiндеттi.
1.11. Қала құрылысы жобасын әзiрлеу кезеңiнде жобалау объектiсi болып табылатын аумақтағы жер телiмдерiн табыстау және құрылыстарды қалпына келтiруге байланысты барлық мәселелер тиiстi қала құрылысы жобасын әзiрлеушiмен мiндеттi түрде келiсiлуге тиiс.
1.12. Қала құрылысы жобасы мiндеттi түрде келiсiлетiн мемлекеттiк органдар мен мекемелердiң тiзiмiн осы Нұсқау айқындайды.
Басқа ұйымдармен келiсу қажеттiгiн әрбiр нақты жағдайда тапсырыс беруші мен жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органдары айқындайды.
1.13. Қала құрылысы жобасын келiсудi және оны бекiту кезiнде қорғауды тапсырыс берушінің жәрде-мiмен әзiрлеушi жүзеге асырады.
1.14. Қала құрылысы жобасын әзiрлеу барысын-да жергiлiктi атқару органдары тапсырыс берушімен (немесе әзiрлеушiмен) бiрлесiп оны қоғамдық талқылауды ұйымдастырады, халықты қабылданатын жобалық шешiмдер туралы құлақтандырады.
1.15. Қала құрылысы жобасы (қоныстандырудың бас сұлбасы мен қала құрылысын жобалаудың аймақтық сұлбаларынан басқа) қарауына жолданған ұйымдар олар бойынша материалдар табысталған күннен санағанда бiр айлық мерзiмде немесе тиiстi заңнамалық акті көздеген мерзiмде тұжырымдама даярлайды. Көрсетiлген мерзiмде тұжырымдама табысталмаған жағдайда қала құрылысы жобасы келiсiлген болып саналады.
Қала құрылысы жобасының сараптамасын жүзеге асыратын органдар материалдар табысталған күннен санағанда 45 күн iшiнде тұжырымдамалар бередi.
1.16. Қала құрылысы жобасы қалаларда, кенттерде және ауылдық елдi мекендерде тұрғын үй-азаматтық, өнеркәсiптiк-өндiрiстiк және коммуналдық құрылыс жобаларын әзiрлеу үшiн негiз болып табылады.
1.17. Қала құрылысы жобасына өзгертулер енгiзуге тек өзгертулер белгiленген тәртiпте келiсiлгеннен кейiн, қала құрылысы жобасын әзiрлеушiнi қоса, оны бекiткен органның шешiмi бойынша ғана жол берiледi.
1.18. Курорттық және емдiк ресурстары бар аумақтар мен елдi мекендер үшiн қала құрылысы жобасы курорттық-тынысжайлық ресурстарды бағалауды, сондай-ақ белгiленген курорттар мен емдiк көздердi санитариялық қорғау округтарын ескере отырып әзiрленедi.
1.19. Тарихи қалалар мен басқа елдi мекендер, сондай-ақ табиғат пен материалдық мәдениет ескерткiштерi бар өзге қызметтік аумақтар үшiн қала құрылысы жобасы тарихи-сәулеттiк зерттеулер материалдарын, бекiтiлген тарихи-сәулеттiк тiректi жоспарлар мен ескерткiштердi қорғау аудандарын ескере отырып әзiрленедi.
1.20. Халықты және оның тiршiлiгiн қамтамасыз ету объектiлерiн қауiптi табиғи және техногендiк процестер мен басқа да төтенше жағдайлардан қорғау, азаматтық қорғаныс бойынша инженерлiк-техникалық iс-шаралар арнайы нұсқаулық-әдiстемелiк және нормативтiк материалдарды ескере отырып орындалады.
Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 253 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
МАЗМҰНЫ | | | АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫНДАҒЫ ҚОНЫСТАНДЫРУ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫН ДАМЫТУДЫҢ БАС СҰЛБАСЫ |