Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ала, кент жӘне ауылдыҚ елдi мекеннiҢ бас жоспары

Читайте также:
  1. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРЫ: НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
  2. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
  3. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 1 страница
  4. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 2 страница
  5. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 3 страница
  6. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 4 страница
  7. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 5 страница

 

6.1. Қала, кент және ауылдық елдi мекеннiң бас жоспары әлеуметтiк және экологиялық өлшемдерге, адам мұқтаждықтары мен аумақтың ресурстық сыйымдылығының жан-жақты есебiне негiзделген негiзгi заңды құжат болып табылады. Бас жоспар қаланы аумақтық дамытудың ұзақ мерзiмдiк келешектерiн, жоспарлану құрылымын қалыптастырудың негiзгi бағыттарын, аумақты қызметтік-қала құрылыстық аудандарға бөлудi, жердi меншiк түрлерi бойынша бөлiске салуды, жалпықалалық бағыттағы объектiлердi жайғастыру, көлiк қызметiн көрсетудi, инженерлiк жабдықтандыру жүйесiн дамытуды, аумақты қауiптi табиғи және техногендiк процестерден қорғауды, табиғи орта мен тарихи-мәдени мұраны сақтауды ұйымдастыру бойынша принциптiк шешiмдердi айқындайды.

6.2. Бас жоспар қаланы және басқа мекендердi әлеуметтiк-экономикалық дамытудың ұзақ мерзiмдiк, орташа мерзiмдiк және қысқа мерзiмдiк бағдарла-маларын, бiрiншi кезектi құрылыс жоспарларын жасау, қызметтік аймақтарды, тұрғын аудандарды, шағын үй топтары мен басқа да қоныстық құрылымдарды жоспарлауды әзiрлеу кезiнде негiз болып табылады.

Елдi мекеннiң (қоныстың) бас жоспары салалық сұлбаларды – кешендi көлiк сұлбасын, энергиямен жабдықтау сұлбасын, табиғи ортаны сақтау, аумақты инженерлiк қорғау және дайындаудың, көркейтудiң, санитариялық тазартудың және басқалардың аумақтық кешендiк сұлбасын орындау кезiнде бастапқы құжат болып табылады.

6.3. Елдi мекеннiң бас жоспары аудан аумағын дамытудың қала құрылысын жоспарлау жобасының принциптiк шешiмдерiнiң негiзiнде әзiрленедi және төмендегi мақсаттарға ие: халық санының өсу болжамын және аумақтың ресурстық-экологиялық сыйымдылығына орай халықтың шаруашылық-экономикалық кешенiн дамытуды айқындау; оңтайлы қызметтік-қала құрылыстық аудандарға бөлу бойынша ұсыныстар әзiрлеу, халықтың қолайлы тiршiлiк ортасын құруға, экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған қала құрылыстық iс-шаралар әзiрлеу, инженерлiк жабдықтау, инженерлiк дайындау, көркейту, қауiптi табиғи және техногендiк процестерден инженерлiк қорғау бойынша принциптiк шешiмдердi негiздеу, магистральдық көшелердiң оңтайлы жүйесi мен жолаушы көлiгiн дамыту келешектерiн, тарихи-мәдени мұраны сақтау және қызмет көрсету жүйесiн айқындау.

6.4. Бас жоспарлар, қағида бойынша, екi сатыда әзiрленедi: елдi мекендi дамытудың ұзақ мерзiмдiк болжамы (концепциясы) және елдi мекеннiң бас жоспары.

Халықтың жобалық саны 100 мың адамға дейiн қалалар, кенттер және ауылдық елдi мекендер үшiн елдi мекендi дамытудың ұзақ мерзiмдiк болжамы бас жоспардың құрамында орындалады.

Халықтың жобалық саны 15 мың адамға дейiн қалалар, кенттер және ауылдық елдi мекендер үшiн бас жоспарлар, қағида бойынша, жоспарлану жобаларымен қосарлы әзiрленедi.

6.5. Елдi мекендi дамытудың ұзақ мерзiмдiк болжамы (концепциясы) қала құрылысы шарттары мен ресурстық әлеуетке және кезеңдiк iске асырудың кешендi талдамасына орай елдi мекендi шаруашы-лық-экономикалық және аумақтық-қызметтік дамыту бағыттарын айқындау мақсатында елдi мекен мен қала маңдық (жапсарлас) аудан аумағына әзiрленедi.

Концепция 25-30 жылдық кезеңдi қамтиды.

Концепция сатылары үшiн ұсынылатын жобалық материалдар құрамы:

- аумақты қазiргi пайдалану жоспары (тiректiк жоспар), масштабы 1:25000 - 1:10000;

- аумақты кешендi бағалау, масштабы 1:25000 - 1:5000;

- аумақтық дамыту нұсқалары, масштаб ерiктi;

- қаланы аумақтық дамыту сұлбасы (құрылымдық жоспар), масштабы 1:25000 - 1:10000;

- магистральдық көшелер мен жолдардың, сыртқы және қалалық көлiктiң сұлбасы, масштабы 1:50000 - 1:10000;

- инженерлiк жабдық пен аумақты инженерлiк қорғау сұлбасы, масштабы 1:50000 - 1:10000;

- нұсқалық әзірлемелер негiзiнде қабылданатын әлеуметтiк-экономикалық және құрылымдық-жоспар-лану шешiмдерiнiң негiздемесi бар түсiнiктеме жазбахат.

6.6. Қалаларды дамыту концепциясының кескіндемелік материалдары халқының есептiк саны 500,0 мың адамға дейiн және одан астам қалалар үшiн 1:25000 масштабта, халқының есептiк саны 100,0 мыңнан 500,0 мың адамға дейiн қалалар үшiн 1:10000 масштабта және халқының есептiк саны 100,0 мыңнан кем қалалар мен кенттер үшiн 1:5000 масштабта орындалады.

Кескіндемелік материалдардың көрсетiлген масштабтарын тапсырыс беруші келiсу бойынша iс жүзiндегi жағдайға орай нақтылауы мүмкiн.

6.7. Аумақты қазiргi пайдалану сұлбасында (тiректi жоспарда) төмендегiлер көрсетiледi: елдi мекен аумақтарын (тұрғын, қоғамдық, өнеркәсiптiк-өндiрiстiк құрылыс, көше-жолдық жүйе, жасылдандыру) қазiргi қызметтік пайдалану; көлiк және инженерлiк құрылыстар аумақтары, өзендер мен су қоймаларының қорғалу аудандары, сумен жабдықтаудың үстiңгi беттiк және жер асты көздерi, табиғат ескерткiштерiнiң, жылжымайтын тарих, мәдениет және сәулет ескерткiштерiнiң күзет аудандары; санитариялық-қорғау аудандары.

6.8. Аумақты кешендi бағалау сұлбасында тө-мендегiлер көрсетiледi: аумақты кешендi бағалау негiзiнде түрлi қызметтік мақсатта пайдалану үшiн қолайлылығы бойынша бөлiнген аумақтар аудан-дарының шекаралары, су-күзет аудандары, табиғат ескерткiштерiн, жылжымайтын тарих, мәдениет және сәулет ескерткiштерiн қорғау аудандары, ортаны ластау көздерi мен олардың санитариялық-қорғау аудандары, табиғи және техногендiк шарттары бойынша құрылыс салуға қолайсыз аумақтар. Аумақта қауiптi табиғи және техногендiк процестер болған кезде сұлбада сейсмикалық микроаудандау, радиациялық, жылулық, электрмагниттiк ластану, опырылмалық және карсттық көрiнiстердiң, аумақты су басу мен су жайылу және басқа құбылыстардың ықтимал туындау аудандарының шекаралары.

Негiзгi сұлбада ақпаратпен тым көп қанықталу жағдайында аумақты қала құрылысы тұрғысынан кешендi бағалау жеңiлдетiлген түсiнiктемелiк сұлба-лармен толықтырыла алады.

6.9. Елдi мекендi аумақтық дамыту сұлбасында төмендегiлер көрсетiледi: әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдардың шекаралары (соның iшiнде қаланың, қоныстың ұсынылушы шекараларының нобайлары); тұрғын құрылыс аудандарды құрылыс салу типтері бойынша (көпқабатты, азқабатты, усадьбалық) сәулеттiк-жоспарлық саралау, аумақты жобалық қызметтік аудандарға (тұрғын үй, қоғамдық орталықтар, өнеркәсiптiк-өндiрiстiк құрылыс, жалпы және тынысжайлық пайдалану аумақтарына) бөлудi қосатын аумақты ұйымдастыру; негiзгi көлiк магистральдары, олардың қызметтік бағытын бөлiп көрсете отырып жасыл желек учаскелерi, табиғатты қорғау объектiлерi, жылжымайтын тарих, мәдениет және сәулет ескерткiштерi.

6.10. Магистральдық көшелер мен жолдардың, сыртқы және қалалық көлiктiң сұлбаларында төмендегiлер көрсетiледi: қаланың, басқа қоныстың жобалық шекаралары; қала магистральдары мен жолдары, негiзгi кенттiк және тұрғын көшелер (сұлбаның масштабына байланысты), темiр жолдар, су-көлiк артериялар, көлiк аумақтар мен құрылыстар.

6.11. Инженерлiк жабдық пен инженерлiк қорғаудың сұлбаларында төмендегiлер көрсетiледi: елдi мекеннiң жобалық шекаралары; негiзгi инженерлiк магистральдар мен құрылыстар, қолайсыз табиғи процестердiң (су жайылу, су басу, сай пайда болу және т.б.) көрiну аудандары, қорғандық инженерлiк-техникалық iс-шаралар жүргiзу учаскелерi.

Инженерлiк қамтамасыздандыру сұлбасын нұсқалық негiзде әзiрлеу кезiнде басты инженерлiк құрылыстарды жайғастыру мәселелерi мен инженерлiк жабдықтау (орталықтандырылған, орталықсыздандырылған, жергiлiктi және т.б.).

6.12. Ақпаратпен қанықталуына байланысты жекелеген сұлбалар бiртұтас кескіндемелік материалға бiрiктiрiле алады.

Жаңа қоныстар үшiн аумақты қазiргi пайдалану сұлбасы аумақты қала құрылыстық кешендi бағалануымен қосарландырыла алады.

6.13. Түсiнiктеме жазбахаттың құрамында тө-мендегiлер болуға тиiс: табиғи шарттардың сипаттамасы, елдi мекеннiң ресурстық әлеуетi жайлы деректер, қоныстандыру жүйесiндегi алатын орны, аумақты қазiргi пайдаланудың, қалыптасқан сәулеттiк-жоспарлық құрылымы мен құрылысының, қоныстың шаруашылық-экономикалық кешенiнiң ахуалының, санитариялық-эпидемиологиялық жағдайының талдамасы, қоршаған ортаны қорғау бойынша принциптiк шешiмдер, халықтың саны өсуiнiң болжамы, экономикалық дамыту концепциясы, қызметтік аудандарға бөлу, тұрғын және мәдени-тұрмыстық құрылыстың құрылымы, көлiктi, көше-жол торабын, сумен және энергиямен жабдықтау, су бұру жүйесiн дамытудың принциптiк бағыттары, экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту, тарих, мәдениет және сәулет ескерткiштерiн қорғау бойынша ұсыныстар.

Түсiнiктеме жазбахатта қаланы немесе басқа қонысты жоспарлық ұйымдастырудың аумақтық дамыту нұсқаларының қала құрылыстық және әлеуметтiк-экономикалық негiздемесi, аумақтық дамыту кезеңдерi берiледi.

6.14. Концепцияның бекiтiлетiн бөлiгiне төмендегiлер кiредi:

аумақтық дамытудың бағыттары және кезеңдерi;

қалалық, кенттiк шектер мен қала маңы ауданының шекараларын белгiлеу бойынша ұсыныстар;

елдi мекеннiң және қала маңы ауданының инженерлiк-көлiк және әлеуметтiк инфрақұрылымын дамытудың принциптiк бағыттары.

6.15. Бас жоспар 10-15 жылдық кезеңге әзiрленедi және аумақтық құру мен қаланы және басқа қонысты iс жүзiндегi дамытудың шекараларын; әлеуметтiк саланың жалпықалалық, жалпыкенттiк объектiлерiн жайғастыруды; инженерлiк және көлiк жүйелердi дамытудың негiзгi бағыттарын, табиғи ортаны сақтау, инженерлiк қорғау, тарихи мұраны сақтау бойынша iс-шараларды; елдi мекендi әлеуметтiк-экономикалық дамытуды және аумақты игеру мен құрылыс салудың кезектiлiгiн айқындайды.

Қала маңы ауданын әлеуметтiк-экономикалық дамыту мәселелерi концепция материалдарында негiзделедi, ал олар жоқ болғанда бас жоспардың құрамында орындалады.

6.16. Халқының есептiк саны 50 мың адамға дейiн қалалар мен басқа да қоныстар үшiн бас жоспарлар елдi мекеннiң бүкiл аумағына немесе бiрiншi кезектегi құрылыс аудандарына жоспарлау жобаларымен қосарланып әзiрлене алады.

Бас жоспар мен елдi мекеннiң бүкiл аумағына жоспарлау жобасы қосарланған жағдайда бас жоспардың негiзгi сызбалары масштабы мен мазмұны бойынша осы Нұсқаудың 7.4-7.13-тармақтарына сәйкес қабылданады.

6.17. Халқының саны 500 мың және одан астам қаланың бас жоспарының кескіндемелік материалдары 1:10000 масштабта; халқының есептiк саны 250-500 мың адам қаланың – 1:10000 – 1:5000 масштабта, халқының есептiк саны 20-250 мың адам қала немесе басқа қоныстың – 1:5000, халқының есептiк саны 20 мың адамнан кем елдi мекендердiң - 1:2000 масштабта орындалады.

Кескіндемелік материалдардың масштабтарын тапсырыс беруші нақты жағдайды есепке алумен нақтылай алады.

6.18. Бас жоспардың кезеңi үшiн жобалық материалдардың ұсынылатын құрамы:

- елдi мекеннiң қоныстандыру жүйесiнде алатын орнының сұлбасы (қала маңы ауданымен қоса);

- қазiргi пайдалану жоспары (тiректiк жоспар);

- аумақты қала құрылыстық кешендi бағалау;

- бас жоспар (негiзгi сызба);

- көше-жол торабы мен көлiк сұлбасы;

- инженерлiк жабдықтау және инженерлiк дайындау сұлбасы;

- қабылданушы жобалық шешiмдердiң негiздемесi бар түсiнiктеме жазбахат.

6.19. Елдi мекеннiң қоныстандыру жүйесiнде алатын орнының сұлбасында төмендегiлер көрсетi-ледi: әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдардың шекарала-ры, қала маңы аудандарының, бау-бақшалық және саяжайлық қоғамдардың шекаралары; ерекше күзетiлетiн табиғи аумақтардың (ұлттық табиғи саябақтардың, қорықтардың, дендрологиялық саябақтардың), сумен жабдықтау көздерiн қорғау және күзету аудандарының, жылжымайтын мәдениет және сәулет ескерткiштерiнiң күзет аудандары мен басқа да шаруашылық қызметтi ерекше реттеу аудандарының шекаралары; ауылшаруашылық жер-су және I топтың ормандарын бөлiп көрсете отырып, аумақты қызметтік пайдалану; қалалар (қоныстық, өндiрiстiк және тынысжайлық-ландшафттық аудандарды бөлiп көрсете отырып), кенттер мен елдi мекендер, өндiрiстiк объектiлер, сыртқы көлiк пен инженерлiк жабдықтау құрылыстары; магистральдық көлiк және инженерлiк коммуникациялар трассалары; қауiптi техногендiк процестер мен құбылыстардан қорғау құрылыстары.

6.20. Аумақты қазiргi пайдалану сұлбасында (тiректiк жоспарда) төмендегiлер көрсетiледi: әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдардың (қала аудандарының, префектуралардың және басқаларының), пәтер меншiктенушiлер кооперативтерi мен басқа да тұрғын үйлiк бiрлестiктер учаскелерiнiң шекараларымен қоса елдi мекеннiң аумағын қазiргi пайдалану; тұрғын үйлiк, қоғамдық, өнеркәсiптiк-өндiрiстiк және коммуналдық құрылыс, көше-жол торабы; көгалдандыру, гидрографиялық торабы; көлiк және инженерлiк құрылыстардың аумақтары, өзендер мен су қоймаларының, үстiңгi беттiк және жерастылық сумен жабдықтау көздерiнiң күзет аудандары, табиғат ескерткiштерiнiң, жылжымайтын тарих, мәдениет және сәулет ескерткiштерiнiң күзет аудандары; табиғи және шаруашылық жүйелер мен объектiлер, экологиялық тұрғыдан қолайсыз аумақтар.

6.21. Аумақты қала құрылыстық кешендi бағалау сұлбасында төмендегiлер көрсетiледi: әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдардың шекаралары, аумақты кешендi бағалау негiзiнде түрлi қызметтік мақсатта пайдалану үшiн қолайлылығы жағынан бөлiнiп көрсетiлген аудандардың шекаралары, су-күзет аудандары, табиғат ескерткiштерiн, жылжымайтын тарих, мәдениет және сәулет ескерткiштерiнiң күзет аудандары, ортаны ластау көздерi және олардың санитариялық-қорғау аудандары, табиғи және техногендiк шарттары бойынша құрылыс салуға қолайсыз аумақтар. Сұлбада сейсмикалық микроаудандау, опырылмалық және карстық көрiнiстердiң ықтимал көрiну, аумақты су басу және су жайылу, радиациялық, жылулық, электрмагниттiк ластану мен басқа да құбылыстар және процестер аудандары.

Негiзгi сұлбаның ақпаратпен тым көп қанықталу жағдайында аумақты қала құрылысы тұрғысынан кешендi бағалау жеңiлдетiлген түсiнiктемелiк сұлбалармен толықтырыла алады.

6.22. Негiзгi сызбада (бас жоспарда) төмен-дегiлер көрсетiледi: әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдар шекаралары (соның iшiнде қаланың, қоныстың ұсынылушы шекараларының нобайы); тұрғын құрылыс аудандарды құрылыс салу типтері бойынша (көп қабатты, аз қабатты, үй-жайлық) сәулеттiк-жоспарлық саралау, аумақты жобалық қызметтік аудандарға (тұрғын үй, қоғамдық орталықтар, өнеркәсiптiк-өндiрiстiк құрылыс, жалпы және тынысжайлық пайдалану аумақтарына) бөлудi қосатын аумақты ұйымдастыру; негiзгi көлiк магистральдар, олардың қызметтік бағытын бөлiп көрсете отырып, жасыл желек учаскелерi, табиғи-қорғалу объектiлерi, жылжымайтын тарих, мәдениет және сәулет ескерткiштерi.

6.23. Көше-жол торабы мен көлiк ұйымдастыру сұлбасында төмендегiлер көрсетiледi: қаланың, басқа қоныстың жобалық шекаралары; қазiргі бар және жобадағы қала магистральдары мен жолдары, негiзгi кенттiк және тұрғын көшелер (сұлбаның масштабына байланысты), темiр жолдар, су-көлiк артериялары, көлiк аумақтары және құрылыстар.

6.24. Инженерлiк жабдықтау және инженерлiк қорғау сұлбасында төмендегiлер көрсетiледi: елдi мекеннiң жобалық шекаралары; қазiргі бар және жобадағы негiзгi инженерлiк тораптар мен құрылыстар, табиғи процестердiң қолайсыз көрiнiс (су басу, су жайылу, сай түзiлу және басқалар) аудандары, инженерлiк қорғаныс iс-шараларын жүргiзу учаскелерi.

Экологиялық шарттарды есепке ала отырып инженерлiк жабдықтау жүйесін, инженерлiк-коммуналдық қамтамасыздандыру әлеуетiн дамыту бойынша ұсыныстар әзiрлеу кезiнде сараланған инженерлiк жабдықтау жүйесi (орталықтандырылған, орталықсыздандырылған, оқшауланған, жергiлiктi) қолданыла алады.

6.25. Ақпаратпен мол қамтылуына қарай жекелеген сұлбалар бiртұтас кескіндемелік материалға бiрiктiрiле алады.

Жаңа қоныстар үшiн аумақты қазiргi пайдалану сұлбасы аумақты кешендi қала құрылыстық бағалаумен қосарландырыла алады.

6.26. Түсiнiктеме жазбахаттың құрамында төмендегiлер болуға тиiс: табиғи шарттардың сипаттамасы, елдi мекеннiң ресурстық әлеуетi жайлы деректер, қоныстандыру жүйесiнде алатын орны, бүгiнгi күнгi экономикалық ахуалының, аумақты пайдаланудың, экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық жағдайының, қалыптасқан сәулет-жоспарлау құрылымы мен құрылыстың талдамасы, халық санының өсу болжамы, экономикалық дамыту концепциясы, қызметтік аудандарға бөлу, тұрғын және мәдени-тұрмыстық құрылыс құрылымы, көлiктi, көше-жол торабын, сумен жабдықтау және энергиямен жабдықтау, су бұру жүйесiн дамыту бойынша ұсыныстар, қазiрде бар және жайғастыруға жобаланушы өндiрiстiк әлеуеттiң қоршаған ортаға, тарих, мәдениет және сәулет ескерткiштерiн қорғауға әсерiн бағалау.

Түсiнiктеме жазбахатта қаланы, басқа қонысты жоспарлық ұйымдастыруды аумақтық дамыту нұсқаларының қала құрылыстық және әлеуметтiк-экономикалық негiздемесi, дамыту кезеңдерi берiледi.

6.27. Бас жоспардың бекiтiлушi бөлiгiне төмендегiлер кiредi:

елдi мекен аумағын қызметтік-қала құрылыстық аудандарға бөлу (құрылыстың қабаттылығы мен тығыздығы бойынша);

мемлекеттiк, муниципиалдық, жеке және өзге де меншiк нысанындағы жерлердi саралау;

қоршаған ортаға әсердi бағалау нәтижелерi;

инженерлiк қамсыздандыру жүйесiн, көлiктi дамыту және елдi мекен мен қала маңы ауданының аумағын көркейту бойынша ұсыныстар;

аумақтағы құрылысты реттеудiң жалпы ережелерi.

 


Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 222 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: МАЗМҰНЫ | ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР | АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫНДАҒЫ ҚОНЫСТАНДЫРУ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫН ДАМЫТУДЫҢ БАС СҰЛБАСЫ | ОНЫСТАНДЫРУ МЕН ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫН ДАМЫТУДЫҢ АЙМАҚТЫҚ СҰЛБАСЫ | ОБЛЫС АУМАҒЫН ДАМЫТУДЫ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ТҰРҒЫСЫНАН ЖОСПАРЛАУДЫҢ КЕШЕНДI СҰЛБАСЫ | РЫЛЫС САЛУ ЖОБАСЫ | АЛА ҚҰРЫЛЫСТЫҚ ЖОБАЛАРДЫ КЕЛIСУ, САРАПТАУ ЖӘНЕ БЕКIТУ | АЛА ҚҰРЫЛЫСТЫҚ ЖОБАНЫ РЕСIМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР | РЫЛЫС САЛУ ЖОБАСЫН ӘЗIРЛЕУ ТАПСЫРМАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН НЕГIЗГI ТАЛАПТАР | АЛА МЕН БАСҚА ҚОНЫСТЫҢ БӨЛIКТЕРIН ЖОСПАРЛАУ ЖОБАСЫН ӘЗIРЛЕУГЕ АРНАЛҒАН БАСТАПҚЫ ДЕРЕКТЕРДIҢ ҚҰРАМЫ МЕН МАЗМҰНЫ |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
КIМШIЛIК АУДАН АУМАҒЫН ДАМЫТУДЫ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ТҰРҒЫСЫНАН ЖОСПАРЛАУДЫҢ КЕШЕНДI СҰЛБАСЫ| АЛАЛАР МЕН БАСҚА ДА ҚОНЫСТАРДЫҢ БӨЛIКТЕРIН ЖОСПАРЛАУ ЖОБАСЫ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.014 сек.)