Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ала ҚҰрылыстыҚ жобаларды келiсу, сараптау жӘне бекiту

Читайте также:
  1. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРЫ: НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
  2. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
  3. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 1 страница
  4. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 2 страница
  5. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 3 страница
  6. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 4 страница
  7. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 5 страница

 

9.1. Қазақстан Республикасы аумағын қоныстан-дыру және қала құрылыстық дамытудың бас сұлбасын; аумақтарды қоныстандыру және қала құрылыстық дамытудың, iрi өндiрiстiк кешендердi, емдiк-сауықтыру, тынысжайлық және басқа да аумақтарды аумақтық ұйымдастырудың аймақтық сұлбаларын республиканың Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiмен, Экология және табиғи ресурстар министрлiгiмен, Экономика және сауда министрлiгiмен келiсу бойынша, сондай-ақ, аталған жобалардың негiзгi ережелерiн облыстық атқару органдарымен келiсу және Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгiнiң Құрылыс және сәулет-қала құрылысын бақылау агенттiгiнiң мемлекеттiк қала құрылыстық сараптама ғылыми-техникалық кеңесiнде қарастыру бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

9.2. Облыстар аумақтарын дамыту қала құрылы-сын жоспарлаудың кешендi сұлбалары республика-ның облыстық атқару органдарымен, Ауылшаруашы-лық министрлiгiмен, Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiмен, Экология және табиғи ресурстар министрлiгiмен, Экономика және сауда министрлiгiмен (Құрылыс және сәулет-қала құрылысын бақылау агенттiгiмен) мiндеттi түрде келiсуге жатады.

Облыстар аумақтарын дамыту қала құрылысын жоспарлаудың кешендi сұлбаларын облыстық өкiлдiк және атқару органдарының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

9.3. Әкiмшiлiк аудандар аумақтарын дамыту қала құрылысын жоспарлаудың кешендi сұлбалары Экология министрлiгiнiң органдарымен, аудандық және облыстық денсаулық сақтау, жер ресурстарын басқару, сәулет және құрылыс органдарымен келiсуге жатады.

Әкiмшiлiк аудандар аумақтарын дамыту қала құрылысын жоспарлаудың кешендi сұлбаларын облыстық өкiлдiк органдар бекiтедi. Облыстық өкiлдiк органдар бекiту үшiн қала құрылысын жоспарлаудың кешендi сұлбалары облыстық сәулет және қала құрылысы органдары, аудандық өкiлдiк және атқару органдары жүргiзген кешендi сараптамадан кейiн ұсынылады.

9.4. Республикалық маңызы бар қалалардың, облыс орталықтарының, сондай-ақ тарихи қалалар мен республикалық маңызы бар қала-курорттардың бас жоспарлары республиканың қалалық, облыстық атқару органдарымен, Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiмен, Экология және табиғи ресурстар министрлiгiмен, Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетпен (өрттен сақтану мәселелерi бойынша), Iшкi iстер министрлiгiмен (көлiк қозғалысының қауiпсiздiгi мәселелерi бойынша), Ауылшаруашылық министрлiгiмен және Экономика және сауда министрлiгiмен (Құрылыс және сәулет-қала құрылысын бақылау агенттiгiмен) келiсiледi.

Республикалық маңызы бар қалалардың, облыс орталықтарының, сондай-ақ тарихи қалалар мен республикалық маңызы бар қала-курорттардың бас жоспарларының мемлекеттiк кешендi сараптамасын Қазақстан Республикасының Құрылыс және сәулет-қала құрылысын бақылау агенттiгiнiң сараптамасы жүзеге асырады.

Республикалық маңызы бар қалалардың, облыс орталықтарының, сондай-ақ, тарихи қалалар мен республикалық маңызы бар қала-курорттардың бас жоспарларын қалалық, облыстық атқару органдары-ның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

9.5. Басқа қалалардың кенттердiң бас жоспарлары, қызметтік аумақтардың бас жоспарлары аудандық атқару органдарымен, Экология министрлiгiнiң органдарымен, облыстық денсаулық сақтау, iшкi iстер, төтенше жағдайлар бойынша, жер ресурстарын басқару, сәулет және құрылыс органдарымен келiсiледi.

Осы елдi мекендердiң бас жоспарлары облыстық сәулет және құрылыс органдарында кешендi сараптамадан өтедi және қалалық және аудандық атқару органдарының ұсынуы бойынша облыстық өкiлдiк органдары бекiтедi.

9.6. Ауылдық елдi мекендердiң (округтердің) бас жоспарлары ауылдық (селолық) атқару органдарымен, Экология министрлiгiнiң органдарымен, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау, iшкi iстер, жер ресурстарын басқару, сәулет және құрылыс органдарымен келiсiледi.

Осы елдi мекендердiң бас жоспарларын қалалық және аудандық атқару органдарының ұсынуы бойынша аудандық өкiлдiк органдары бекiтедi.

9.7. Сейсмикалылығы 8 балл және одан көп аудандарда орналасқан елдi мекендердiң бас жоспарлары Қазақстан Республикасының Құрылыс және сәулет-қала құрылысын бақылау агенттiгiмен қосымша келiсiледi.

9.8. Қала аумақтарын жоспарлау жобалары Экология министрлiгiнiң органдарымен, облыстық және қалалық санитариялық-эпидемиологиялық және өрт қадағалау, сәулет және құрылыс органдарымен келiсiледi және жергiлiктi сәулет және құрылыс органдары жүргiзетiн кешендi сараптамадан кейiн қалалық (республикалық қараушылықтағы) және облыстық атқару органдары бекiтедi.

9.9. Кенттер мен ауылдық елдi мекендер аумақ-тарын жоспарлау жобалары кенттiк және ауылдық атқару органдарымен, Экология министрлiгiнiң органдарымен, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық және өрт қадағалау, облыстық сәулет және құрылыс органдарымен келiсiледi және облыстық қала құрылыстық Кеңесте қарастырылғаннан кейiн аудандық (қалалық) атқару органдары бекiтедi.

9.10. Құрылыс салу жобалары Экология министрлiгiнiң органдарымен, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық және өрт қадағалау, сәулет және құрылыс органдарымен, басқа да мүдделi ұйымдармен келiсiледi.

Құрылыс салу жобаларының кешендi сараптамасын мемлекеттiк ведомстводан тыс сараптау органдары жүзеге асырады.

Құрылыс салу жобаларын тиiстi атқару органдары бекiтедi.

 


Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 106 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: МАЗМҰНЫ | ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР | АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫНДАҒЫ ҚОНЫСТАНДЫРУ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫН ДАМЫТУДЫҢ БАС СҰЛБАСЫ | ОНЫСТАНДЫРУ МЕН ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫН ДАМЫТУДЫҢ АЙМАҚТЫҚ СҰЛБАСЫ | ОБЛЫС АУМАҒЫН ДАМЫТУДЫ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ТҰРҒЫСЫНАН ЖОСПАРЛАУДЫҢ КЕШЕНДI СҰЛБАСЫ | КIМШIЛIК АУДАН АУМАҒЫН ДАМЫТУДЫ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ТҰРҒЫСЫНАН ЖОСПАРЛАУДЫҢ КЕШЕНДI СҰЛБАСЫ | АЛА, КЕНТ ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ ЕЛДI МЕКЕННIҢ БАС ЖОСПАРЫ | АЛАЛАР МЕН БАСҚА ДА ҚОНЫСТАРДЫҢ БӨЛIКТЕРIН ЖОСПАРЛАУ ЖОБАСЫ | РЫЛЫС САЛУ ЖОБАСЫН ӘЗIРЛЕУ ТАПСЫРМАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН НЕГIЗГI ТАЛАПТАР | АЛА МЕН БАСҚА ҚОНЫСТЫҢ БӨЛIКТЕРIН ЖОСПАРЛАУ ЖОБАСЫН ӘЗIРЛЕУГЕ АРНАЛҒАН БАСТАПҚЫ ДЕРЕКТЕРДIҢ ҚҰРАМЫ МЕН МАЗМҰНЫ |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
РЫЛЫС САЛУ ЖОБАСЫ| АЛА ҚҰРЫЛЫСТЫҚ ЖОБАНЫ РЕСIМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)