Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кiмшiлiк аудан аумаҒын дамытуды Қала ҚҰрылысы тҰрҒысынан жоспарлаудыҢ кешендi сҰлбасы

Читайте также:
  1. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫНДАҒЫ ҚОНЫСТАНДЫРУ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫН ДАМЫТУДЫҢ БАС СҰЛБАСЫ
  2. ОБЛЫС АУМАҒЫН ДАМЫТУДЫ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ТҰРҒЫСЫНАН ЖОСПАРЛАУДЫҢ КЕШЕНДI СҰЛБАСЫ
  3. ОНЫСТАНДЫРУ МЕН ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫН ДАМЫТУДЫҢ АЙМАҚТЫҚ СҰЛБАСЫ

 

5.1. Облыс аумағын қала құрылысы тұрғысынан жоспарлаудың кешендi сұлбасының негiзгi ереже-лерiн ескере отырып аудан аумағын аудандарға бөлу, қоныстандыру жүйесiн жетiлдiру, мекендердi дамыту аумақтарын, халық демалатын орындарды белгiлеу, әлеуметтiк, инженерлiк және көлiк инфрақұрылымдарын, туризмдi дамыту, шаруашылық-экономикалық дамытудың ұзақ мерзiмдiк болжамдары мен бағдарламаларын талдап баяндау және нақтылау, жаңа өндiрiстiк, энергетикалық кешендер мен объектiлердi жайғастыру мен бұрыннан барларын қайта құру әкiмшiлiк аудан аумағын қала құрылысын жоспарлаудың кешендi жобасы (бұдан әрi Қала құрылысын жоспарлаудың кешендi жобасы) сатысында жүзеге асырылады.

5.2. Қала құрылысын жоспарлаудың кешендi жобасы әкiмшiлiк ауданның, әкiмшiлiк аудандар тобы-ның, аумақтық-өндiрiстiк кешеннiң, iрi қалалардың қаламаңы аудандарының аумақтарына, тынысжайлық, курорттық-сауықтыру бағыттағы және табиғи-қорықтық ауданға аумаққа бiрiншi кезектегi мерзiмдi (5-7 жыл) және аралық кезеңдi (10-15 жыл) бөлiп көрсете отырып, 25-30 жыл есептiк мерзiмге әзiрленедi.

5.3. Қала құрылысын жоспарлаудың кешендi жобасының құрамында төмендегi мәселелер шешiледi:

- аудан аумағын жерлердiң санаттары мен пайдалану түрлерi бойынша аудандарға бөлу;

- аумақтарды жоспарлау құрылымын келешекте дамыту мен мақсатты пайдалану түрлерi бойынша аудандарға бөлудiң бағыттарын айқындау;

- қалалар мен басқа да iрi мекендердi дамыту, саяжайлар салу, бау-бақша және бақша қызметi үшiн аумақтарды негiздеу және белгiлеу;

- қалалық және ауылдық қоныстандыру жүйесiн жетiлдiру;

- аумақты әлеуметтiк-экономикалық дамытуды болжау;

- қала құрылыстық (аумақтық, еңбек, энерге-тикалық) ресурстарды анықтау және шаруашылық объектiлерiн жайғастыруды негiздеу;

- халыққа мекенаралық қызмет көрсету жүйесiн қалыптастыру;

- инженерлiк және көлiк инфрақұрылымын дамыту;

- төтенше жайттарға себеп болуы мүмкiн табиғи және техногендiк процестердiң қауiптi әсерiне тәуелдi аумақтар мен объектiлердi, санитариялық-қорғау және адамдардың тiршiлiк ортасы қызметтерін атқарушы аумақтарды бөлiп көрсетудi қоса қоршаған ортаға әсер ету деңгейiн бағалау;

- экологиялық ахуалды жақсарту бойынша iс-шаралар кешенiн айқындау (зиянды өндiрiстердiң орнын және пiшiнiн ауыстыру, экологиялық таза технологиялар мен отын түрлерiн және басқа да дәстүрлi емес энергетикалық ресурстарды пайдалануға бағытталу);

- аумақтарды қауiптi табиғи және техногендiк процестер мен құбылыстардан қорғау, экологиялық және басқа да төтенше жайттардың алдын алу және салдарларын жою бойынша iс-шаралар әзiрлеу,

- ерекше қорғалатын аумақтардың, сондай-ақ тарих, сәулет және жылжымайтын мәдениет ескерт-кiштерiнiң шекараларын белгiлеу;

- аумақтарды жоспарландырушылық ұйымдас-тыру, қоныстандыру және өндiрiстiк күштердi жайғастыру, инженерлiк және көлiк инфрақұрылымын дамыту мен халыққа қызмет көрсету жүйесiн дамыту бойынша бiрiншi кезектегi iс-шараларды жүзеге асыру;

- инвестициялардың құрылымы, көлемi және қаржыландырудың ықтимал көздерi бойынша бағ-дарлық болжамдық көрсеткiштер.

5.4. Аудан аумағын дамытуды қала құрылысын жоспарлаудың кешендi жобасының құрамында төмендегi кескіндемелік материалдар әзiрленедi: аумақты қазiргi пайдалану жоспары (тiректiк жоспар), аумақты кешендi бағалау сұлбасы, жобалық жоспар, әзiрлеушi тапсырыс берушімен келiсу бойынша айқындайтын масштабта орындалатын аумақтарды жоспарлық аудандарға бөлу, аумақтарды қауiптi табиғи процестерден және техногендiк әсерлерден инженерлiк қорғау сұлбалары, қоршаған ортаны қорғау, инженерлiк-көлiк инфрақұрылымын дамыту жөнiндегi принциптiк шешiмдер.

5.5. Қала құрылысын жоспарлаудың кешендi сұлбасының кескіндемелік материалдары жобаланушы аумақтың көлемiне қарай 1:25000-1:100000 масштабта орындалады. Кейбiр жағдайларда тиiстi негiздемелер кезiнде негiзгi кескіндемелік материал-дардың 1:200000 масштабын қолдануға жол берiледi.

Қала құрылысын жоспарлаудың кешендi сұлбасының құрамында жобалық шешiмдердi негiздейтiн қосымша сұлбалар мен жекелеген бөлiктер әзiрленуi мүмкiн.

5.6. Кескіндемелік материалдардың құрамы мен масштабы жобалау туралы тапсырмада белгiленедi.

5.7. Аумақты кешендi бағалау сұлбасында төмендегiлер көрсетiледi:

жобаланушы ауданның шекараларындағы қала құрылысы мен шаруашылық қызметтi шектеуге ықпалын тигiзетiн факторлар – пайдалы қазбалар жатқан алаңдар, су басу аудандары мен басқа да қолайсыз табиғи процестер мен құбылыстар, бұзылған аумақтар мен қоршаған орта ластанған аудандар; жобаланушы ауданның жер, су, орман, тынысжайлық және басқаларын қосқанда ресурстық әлеуетiн бағалау; инженерлiк-геологиялық жағдайларды жоспарлау шектеулерi.

5.8. Аумақты қазiргi пайдалану жоспарлары мен жобалық ұсыныстарда төмендегiлер көрсетiледi: әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдардың, қалалардың, кенттердiң, ауылдық елдi мекендердiң; қалалардың қала маңы аудандарының және ерекше жер пайдалану жағдайлары бар басқа аумақтардың шекаралары; жеке орналастырылған iрi өндiрiстiк объектiлер және өндiрiстiк бағыттағы, энергетика, байланыс, сыртқы көлiк, соның iшiнде елдi мекендерден тыс орналастырылған ауылшаруашылық бағыттағы құрылыстар; елдi мекендердегi өндiрiстiк және қоныстық аумақтарды бөлiп көрсете отырып, аумақтарды басым қызметтік пайдалану аудандары; егiстiк жерлердi, бақтарды, басқа да жер-суларды бөлiп көрсете отырып, ауылшаруашылық жерлер, I топ ормандары, қорықтар, курорттық аудандар; бау-бақша және бақша қоғамдарының аумақтары, аумақтарды қала құрылысы тұрғысынан игерудi тәртiптеу аудандары; инженерлiк және көлiк магистральдары мен құрылыстардың, суғару арналары мен су қоймаларының, аэродром аумақтарының жолдары; қауiптi табиғи және техногендiк процестерден қорғаудың iрi инженерлiк құрылыстары; аумақты қалпына келтiру бойынша iс-шаралар; түрлi құрылыстар үшiн аумақтық қорлар.

5.9. Қоршаған ортаны қорғау және аумақты қауiптi табиғи және техногендiк процестерден инженерлiк қорғау сұлбасында қолайсыз экологиялық сипаттамалары (гигиеналық және экологиялық нормативтерден асатын) бар аумақтардың шекаралары және құрылыс салуды реттеу мен аумақты пайдалану бойынша арнайы iс-шараларды қоса қоршаған ортаны қорғау бойынша принциптiк шешiмдер, бұзылған аумақтарды қалпына келтiру учаскелерi, аумақты қауiптi геологиялық, гидрогеологиялық процестерден және басқа да табиғи құбылыстардан қорғау бойынша инженерлiк құрылыстарды жайғастыру; табиғи-қорықтық аудандар мен тарих, жылжымайтын мәдениет, сәулет және қала құрылысы ескерткiштерiнiң күзет аудандарының шекаралары көрсетiледi.

5.10. Түсiнiктеме жазбахат қысқаша болуға және төмендегiлердi қосуға тиiс:

а) аумақтың табиғи шарттары мен ресурстарының, шаруашылық-экономикалық кешеннiң және қоныстандырудың, пайдаланудың, инженерлiк жаб-дықтаудың, көлiк жүйесiнiң талдамасы және экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық ахуалдың талдамасы;

б) аумақтың жоспарлау құрылымы мен қызметтік аудандарға бөлу, жаңа аумақтық-өндiрiстiк кешендер қалыптастыру және жайғастыру, қоныстандыру жүйесiн жетiлдiру, қалалық және ауылдық елдi мекендердi дамыту, ауылдық қоныстандырудың жаңа жүйелерiн қалыптастыру, қалалардың қаламаңдық аудандары мен ерекше қала құрылыстық реттеу аудандарын құру, мекенаралық қызмет көрсету жүйелерiн айқындау бойынша ұсыныстар;

в) қоршаған ортаға әсердi бағалау, экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық ахуалды қала құрылыстық құралдармен жақсарту және аумақты табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан инженерлiк қорғау бойынша iс-шаралар;

г) инженерлiк және көлiк жүйелерiн дамыту бойынша принциптiк ұсыныстар;

д) аудан аумағын дамытуды қала құрылысы тұрғысынан жоспарлаудың кешендi сұлбасының шешiмдерiн ресурстық қамтамасыз ету және iске асыру туралы ұсыныстар.

5.11. Түсiктеме жазбахаттың құрамына аудан аумағын дамытуды қала құрылысы тұрғысынан жоспарлаудың кешендi жобасының кескіндемелік материалдарының фотокөшiрмелерi (ксерокөшiрмелерi) кiредi.

5.12. Аудан аумағын дамытуды қала құрылысы тұрғысынан жоспарлаудың кешендi сұлбасын iске асыру бойынша жобалық шешiмдер мен ұсыныстар техникалық-экономикалық көрсеткiштермен және жобалық жоспардың сұлбалық бейнеленуiмен қағаз немесе магниттiк негiздегi “Аудан аумағын дамытуды қала құрылысы тұрғысынан жоспарлаудың кешендi сұлбасының негiзгi ережелерi” қысқаша түсiнiктеме жазбахат түрiнде мүдделi ұйымдарға ұсынылады.

 


Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 161 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: МАЗМҰНЫ | ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР | АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫНДАҒЫ ҚОНЫСТАНДЫРУ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫН ДАМЫТУДЫҢ БАС СҰЛБАСЫ | ОНЫСТАНДЫРУ МЕН ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫН ДАМЫТУДЫҢ АЙМАҚТЫҚ СҰЛБАСЫ | АЛАЛАР МЕН БАСҚА ДА ҚОНЫСТАРДЫҢ БӨЛIКТЕРIН ЖОСПАРЛАУ ЖОБАСЫ | РЫЛЫС САЛУ ЖОБАСЫ | АЛА ҚҰРЫЛЫСТЫҚ ЖОБАЛАРДЫ КЕЛIСУ, САРАПТАУ ЖӘНЕ БЕКIТУ | АЛА ҚҰРЫЛЫСТЫҚ ЖОБАНЫ РЕСIМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР | РЫЛЫС САЛУ ЖОБАСЫН ӘЗIРЛЕУ ТАПСЫРМАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН НЕГIЗГI ТАЛАПТАР | АЛА МЕН БАСҚА ҚОНЫСТЫҢ БӨЛIКТЕРIН ЖОСПАРЛАУ ЖОБАСЫН ӘЗIРЛЕУГЕ АРНАЛҒАН БАСТАПҚЫ ДЕРЕКТЕРДIҢ ҚҰРАМЫ МЕН МАЗМҰНЫ |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ОБЛЫС АУМАҒЫН ДАМЫТУДЫ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ТҰРҒЫСЫНАН ЖОСПАРЛАУДЫҢ КЕШЕНДI СҰЛБАСЫ| АЛА, КЕНТ ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ ЕЛДI МЕКЕННIҢ БАС ЖОСПАРЫ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)