Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

АзаҚстан республикасыныҢ аумаҒындаҒы Қоныстандыру жӘне Қала ҚҰрылысын дамытудыҢ бас сҰлбасы

Читайте также:
  1. АЗАҚСТАН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ НАРЫҒЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ИНСТИТУТТАРДЫҢ, ДАМУ ИНСТИТУТАРЫНЫҢ ОРНЫ МЕН РӨЛІ
  2. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРЫ: НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
  3. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
  4. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 1 страница
  5. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 2 страница
  6. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 3 страница
  7. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 4 страница

 

2.1. Қазақстан Республикасының аумағындағы қоныстандыру және қала құрылысын дамытудың бас жоспарының (бұдан әрi Қоныстандырудың бас сұлбасы) негiзгi мiндеттерi төмендегiлер болып табылады:

- ресурстық (табиғи, еңбек, инженерлiк-техникалық) әлеуеттi кешендi бағалау негiзiнде қоныстандырудың жалпы республикалық жүйесiн өндiрiстi, аймақаралық көлiк байланысын және табиғатты пайдалануды дамытудың кешендi болжамымен үйлестiре отырып, әрi қарай қалыптастыру мен жетiлдiру бойынша негiзгi бағыттарды әзiрлеу;

- қоршаған орта мен тарихи-мәдени мұраны сақтап қалуды ескере отырып, қалалар мен басқа елдi мекендердi тұрақты дамыту шарттарын айқындау;

- ресурс үнемдеу, техногендiк процестер салдарынан бұзылған экологиялық ахуалды жақсарту, денсаулық үшiн қауiпсiз және қолайлы орта қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзiрлеу.

2.2. Қоныстандырудың бас сұлбасы экологиялық және санитариялық-гигиеналық талаптарға жауап беретiн қоршаған ортаны оңтайландыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ халық тiршiлiгiнiң, әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайының тиiстi деңгейiн қамтамасыз ету мүмкiндiгiне сәйкес есептiк мерзiмге әзiрленедi (шамамен 25-30 жыл).

Қазақстан Республикасының аумағындағы қоныстандыру бас сұлбасын iске асырудың бастапқы мерзiмi (5-7 жыл) және аралық кезеңi (10-15 жыл) экологиялық-қала құрылысы жағдайына орай, халықты қоныстандыру және өндiрiстi дамыту концепциясы мен техникалық-экономикалық негiздемелерге сәйкес белгiленедi.

2.3. Қоныстандырудың бас сұлбасына республи-каны экологиялық-қала құрылысы аудандарына бөлудiң принциптiк шешiмдерi, шаруашылық кешендi дамытудағы жаңа көзқарастарды ескере отырып, жекелеген салалар мен меншiктенушiлер үшiн қолайлы инвестициялық саясат жүргiзудiң, аймақтық және басқа да жергiлiктi шарттар мен ерекшелiктердiң, аса iрi және iрi қалалардың, өнеркәсiптiк, әкiмшiлiк-мәдени орталықтардың, көлiк тораптарының, курорттық-тынысжайлық аудандардың, мәдени және көркемдiк жағынан құнды бiрегей табиғи кешендер мен аудандарды қосқанда ұлттық саябақтар мен өзге де ерекше қорғаулы аймақтардың даму ауқымдарын айқындай отырып, қоныстандырудың түрлi бейнелерi мен нысандарының талдамасы мен болжамы кiруге тиiс.

2.4. Қоныстандырудың бас сұлбасы экологиялық және демографиялық ахуалы күрделi аудандарды анықтауға және алдыңғы бұзушылықтарды жою және мекендер мен олардың жүйелерiн қайта жаңғырту бойынша принциптiк ұсыныстарды айқындауға тиiс. Жобалық ұсыныстар оларды қабылдаудың әлеуметтiк, экологиялық және экономикалық салдарларын болжаудың баламалы нұсқаларын бағалау негiзiнде айқыңдалуға тиiс.

2.5. Қоныстандырудың бас сұлбасы қоныстандыруды жетiлдiрудiң, нарықтық қарым-қатынастарға көшу мен шаруашылық қызметтiң түрлi нысандарын дамыту жағдайында еңбек ресурстарын оңтайлы пайдалану мен халықтың көшi-қон процесiн реттеудi қамтамасыз ететiн басқа да қала құрылысы алғышарттарын жасау бағыттарын көздеуге тиiс.

2.6. Қоныстандырудың бас сұлбасы қала мен ауыл халқының неғұрлым түйiндi мәселелерiн шешу-ге, шаруашылық-экономикалық кешеннiң жұмыс iстеуi мен жетiлдiрiлу шешiмдерiнiң өзара байланыста болуын қамтамасыз етуге, кәсiпкерлiктi дамыту, өнiм өндiрудiң, аграрлық қызметтiң түрлi нысандарының монополиялануын төмендету, дара қызмет саласын кеңейту шарттарын жасауға бағытталған.

Қоныстандырудың бас сұлбасын әзiрлеудiң аса маңызды қыры жекелеген салық пен алым түрлерiн саралы түрде алу үшiн аймақтарды аудандарға бөлудi қосқанда барлық факторлардың беталысын талдау және кешендi экономикалық бағалау негiзiнде шағын және орташа қалалардың әлеуметтiк-экономикалық әлеуетiн көтеру жағдайында жекелеген аймақтар, аумақтар, қалалар мен басқа мекендердiң мәртебесiн және олардың жүйелерiн айқындау болып табылады.

2.7. Қоныстандырудың бас сұлбасы қала құрылысын жоспарлаудың аймақтық сұлбаларын, әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдарды, курорттық-тынысжайлық және туристiк-сауықтыру аудандарын дамытудың қала құрылысын жоспарлауының кешендi сұлбалары мен басқа да аймақаралық және аймақтық мәндегi қала құрылысы құжаттамасын әзiрлеу үшiн негiз болып табылады.

Шаруашылық-экономикалық дамытудың мемлекеттiк, аймақаралық, аймақтық және жергiлiктi бағдарламаларын әзiрлеу, iрi шаруашылық кешендердi кеңейту және қайта құру, жаңа қалалар мен кенттер салу, ұлттық табиғи және археологиялық парктер ұйымдастыру, басқа да аса маңызды объектiлердi жайғастыру қоныстандырудың бас сұлбасын ескере отырып жүзеге асырылуға тиiс.

2.8. Қазақстан Республикасындағы қоныстанды-ру мен қала құрылысын дамытудың бас сұлбасының құрамы, мазмұны мен бекiтiлетiн бөлiгi жобалау туралы тапсырмамен айқындалады.

2.9. Қоныстандырудың бас сұлбасының негiзгi ережелерi мақсатты мемлекеттiк және аймақтық бағдарламалар дайындау кезiнде ескеру үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне, республикалық министрлiктер мен ведомстволарға ұсынылады.

 


Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 171 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: МАЗМҰНЫ | ОБЛЫС АУМАҒЫН ДАМЫТУДЫ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ТҰРҒЫСЫНАН ЖОСПАРЛАУДЫҢ КЕШЕНДI СҰЛБАСЫ | КIМШIЛIК АУДАН АУМАҒЫН ДАМЫТУДЫ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ТҰРҒЫСЫНАН ЖОСПАРЛАУДЫҢ КЕШЕНДI СҰЛБАСЫ | АЛА, КЕНТ ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ ЕЛДI МЕКЕННIҢ БАС ЖОСПАРЫ | АЛАЛАР МЕН БАСҚА ДА ҚОНЫСТАРДЫҢ БӨЛIКТЕРIН ЖОСПАРЛАУ ЖОБАСЫ | РЫЛЫС САЛУ ЖОБАСЫ | АЛА ҚҰРЫЛЫСТЫҚ ЖОБАЛАРДЫ КЕЛIСУ, САРАПТАУ ЖӘНЕ БЕКIТУ | АЛА ҚҰРЫЛЫСТЫҚ ЖОБАНЫ РЕСIМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР | РЫЛЫС САЛУ ЖОБАСЫН ӘЗIРЛЕУ ТАПСЫРМАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН НЕГIЗГI ТАЛАПТАР | АЛА МЕН БАСҚА ҚОНЫСТЫҢ БӨЛIКТЕРIН ЖОСПАРЛАУ ЖОБАСЫН ӘЗIРЛЕУГЕ АРНАЛҒАН БАСТАПҚЫ ДЕРЕКТЕРДIҢ ҚҰРАМЫ МЕН МАЗМҰНЫ |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР| ОНЫСТАНДЫРУ МЕН ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫН ДАМЫТУДЫҢ АЙМАҚТЫҚ СҰЛБАСЫ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)