Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Рылыс салу жобасын Әзiрлеу тапсырмасына Қойылатын негiзгi талаптар

Читайте также:
  1. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫНДАҒЫ ҚОНЫСТАНДЫРУ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫН ДАМЫТУДЫҢ БАС СҰЛБАСЫ
  2. АЛА ҚҰРЫЛЫСТЫҚ ЖОБАЛАРДЫ КЕЛIСУ, САРАПТАУ ЖӘНЕ БЕКIТУ
  3. АЛА ҚҰРЫЛЫСТЫҚ ЖОБАНЫ РЕСIМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР
  4. АЛА МЕН БАСҚА ҚОНЫСТЫҢ БӨЛIКТЕРIН ЖОСПАРЛАУ ЖОБАСЫН ӘЗIРЛЕУГЕ АРНАЛҒАН БАСТАПҚЫ ДЕРЕКТЕРДIҢ ҚҰРАМЫ МЕН МАЗМҰНЫ
  5. БАС ЖОСПАРЫНЫҢ НЕГIЗГI ТЕХНИКАЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКIШТЕРI
  6. Білім алушылардың ең көп оқу жүктемесіне қойылатын талаптар
  7. Йымдық құрылымға қойылатын талаптар

Құрылыс салу жобасын әзiрлеу тапсырмасында төменде келтiрiлген негiзгi талаптар болуға тиiс.

1. Жобаланушы объектiнiң атауы.

2. Жобалауға арналған негiз.

3. Жобаның тапсырыс берушісі.

4. Бас жобалаушы және басқа негiзгi әзiрлеу-шiлер.

5. Жобаланушы объектiнiң жалпы сипаттамасы (орналасқан жерi, аумақты қызметтік пайдаланудың шекаралары мен негiзгi бағыттары).

6. Ұйымның атауы, жобалау үшiн бастапқы деректердi табыстау мерзiмдерi және құрамы.

7. Жобалық материалдар құрамы, кезеңдердi, мерзiмдердi және табысталушы материалдар мен орындалатын жұмыстар тiзбесiн кезеңдерi бойынша айқындау.

8. Ұсынылушы жобалық материалдардың мазмұны мен нысанына арналған негiзгi талаптар.

9. Аумақты сәулеттiк-жоспарлау құрылымдық ұйымдастыруға және құрылыс салудың көлемдiк-кеңiстiктiк композициясы шешiмiне, көлiк қызметiн көрсетудi ұйымдастыруға, аумақты көркейту және көгалдандыруға, аумақты инженерлiк дайындау мен инженерлiк жабдықтауға, қауiпсiз және тiршiлiк пен денсаулық үшiн қолайлы орта құруға, қоршаған ортаға әсердi бағалауға, табиғат, тарих және мәдениет ескерткiштерi күзетiне, төтенше жағдайлар кезеңiндегі инженерлiк-техникалық iс-шараларға қойылатын талаптар.

10. Қазiргі бар ғимараттарды оларды бастапқы қызметтік пайдалану жөніндегі немесе басқа мақсаттар үшiн пайдалану мүмкiндiгi, қалыптасқан құрылысты қайта құру кезектiгi және сырып тастау көлемi.

11. Жайғастыруға көзделген қызмет көрсету кәсiпорындары мен мекемелердiң, өндiрiстiк кәсiпорындар мен ұйымдардың тiзбесi және олардың қуаты; тұрғын үйлер мен қызмет көрсету объектiлерiнiң типтерін қолдануға бағдарлану; жалпы тұрғын ауданның шығуы бойынша бағдарлық деректер, құрылыс салу құны мен мерзiмдерi.

12. Жобаның құрамына және негiзгi техникалық-экономикалық көрсеткiштерге арналған ерекше шарттар.

13. Жобаларды келiсу және сараптау тәртiбi.

 

Осымша

 

АУМАҚТЫ ДАМЫТУДЫ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ТҰРҒЫСЫНАН ЖОСПАРЛАУДЫҢ КЕШЕНДI СҰЛБАСЫН (ЖОБАСЫН), ҚАЛА МЕН БАСҚА ҚОНЫСТЫҢ БАС ЖОСПАРЫН ӘЗIРЛЕУ ҮШIН БАСТАПҚЫ АҚПАРАТҚА ҚОЙЫЛАТЫН НЕГIЗГI ТАЛАПТАР

Бастапқы ақпаратта төмендегiлер болуға тиiс:

- жоспарлау объектiсiнiң зерттелгендiгi туралы мәлiметтер (оның аумағының түрлi масштабты және бағыттағы iздестiру материалдарымен қамтылуы, оның тарихы туралы мұрағаттық және басқа да деректердiң болуы), жобалау кезiнде есепке алынуға мiндеттi алдында орындалған және басқа да жұмыс-тар тiзбесi;

- қазiргi ахуалы мен қолда бар аумақты дамыту бағдарламалары бойынша деректер;

- аумақты қазiргi пайдалану жөніндегі мәлiметтер;

- санитариялық-гигиеналық шарттар мен экологиялық жағдайды зерттеулер, талдау және болжау деректерi;

- социологиялық және әлеуметтiк-экономикалық зерттеулер деректерi;

- демографиялық жағдайы жөніндегі деректер;

- тұрғын және қоғамдық құрылыстың, өнеркәсiп, коммуналдық шаруашылық объектiлерiнiң, көлiк жүйесi мен құрылыстық базаның сипаттамасы жөніндегі деректер;

- инженерлiк iздестiрулер мен зерттеулердiң картографиялық және анықтамалық материалдары, ал курорттар үшiн - бальнеологиялық және курорттық ресурстарды бағалау мен медициналық аудандарға бөлу жөніндегі материалдар;

- тарихи-сәулеттiк жоспарлар, тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң күзет аудандарының жобалары;

- экономикалық болжамдар материалдары;

- қала құрылыстық және салалық талдап баяндаулардың материалдары;

- жобаланушы объектiнiң аумағы бойынша, оны дамытуға қатысты директивтiк материалдар, атқару және өкiлдiк органдарының, қоғамдық және шаруашылық ұйымдардың қаулылары, шешiмдерi және басқа да құжаттары;

- тиiстi масштабтағы топографиялық-геодезия-лық қосалқы негiздiң және инженерлiк-геологиялық iздестiрулердiң материалдары.

Қоршаған ортаға әсердi бағалау бөлiмi үшiн бастапқы ақпаратқа арналған талаптар Экология және биоресурстар министрлiгiнiң құжаттарымен реттеледi.

 

Осымша

 


Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 176 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: МАЗМҰНЫ | ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР | АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫНДАҒЫ ҚОНЫСТАНДЫРУ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫН ДАМЫТУДЫҢ БАС СҰЛБАСЫ | ОНЫСТАНДЫРУ МЕН ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫН ДАМЫТУДЫҢ АЙМАҚТЫҚ СҰЛБАСЫ | ОБЛЫС АУМАҒЫН ДАМЫТУДЫ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ТҰРҒЫСЫНАН ЖОСПАРЛАУДЫҢ КЕШЕНДI СҰЛБАСЫ | КIМШIЛIК АУДАН АУМАҒЫН ДАМЫТУДЫ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ТҰРҒЫСЫНАН ЖОСПАРЛАУДЫҢ КЕШЕНДI СҰЛБАСЫ | АЛА, КЕНТ ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ ЕЛДI МЕКЕННIҢ БАС ЖОСПАРЫ | АЛАЛАР МЕН БАСҚА ДА ҚОНЫСТАРДЫҢ БӨЛIКТЕРIН ЖОСПАРЛАУ ЖОБАСЫ | РЫЛЫС САЛУ ЖОБАСЫ | АЛА ҚҰРЫЛЫСТЫҚ ЖОБАЛАРДЫ КЕЛIСУ, САРАПТАУ ЖӘНЕ БЕКIТУ |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
АЛА ҚҰРЫЛЫСТЫҚ ЖОБАНЫ РЕСIМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР| АЛА МЕН БАСҚА ҚОНЫСТЫҢ БӨЛIКТЕРIН ЖОСПАРЛАУ ЖОБАСЫН ӘЗIРЛЕУГЕ АРНАЛҒАН БАСТАПҚЫ ДЕРЕКТЕРДIҢ ҚҰРАМЫ МЕН МАЗМҰНЫ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)