Читайте также:
|
|
8.1 Білім алушылардың ең көп оқу жүктемесі мемлекеттік жалпыға міндетті білім
беру стандарты негізінде жасалған оқу жоспарымен айқындалады.
8.2 Оқу жоспары білім алушылардың ең көп оқу жүктемесін, білім беру салалары мен
пәндер құрамын, білім мазмұнын игеруге жұмсалатын уақыт мөлшерін сыныптар, білім салалары мен оқу пәндері бойынша белгілейді.
8.3 Оқу жоспары – типтік, жұмыстық оқу жоспарларын және білім беру ұйымдарын қаржыландыру мақсатында дайындалатын бастапқы құжаттарды әзірлеуде қолданылатын негізгі құжат болып табылады.
8.4 ОЖ-ның құрамында:
а) Жалпы мәдени және маңызды ұлттық құндылықтармен танысуды, қоғамдық мұраттарға сәйкес келетін жеке тұлғалық сапаларды қалыптастыруды қамтамасыз ететін инвариантты компонент;
ә) Білім алушылардың жеке және тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, жеке дамуын қамтамасыз ететін вариативті компонент;
б) Білім алушылардың жеке ерекшеліктерін, мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, өз бетінше жобалау-зерттеу қызметін игеруін қамтамасыз ететін жеке компонент;
в) жалпы орта білім беру деңгейінде білім алушының сұранысы мен ниеті ескеріліп, оқу пәндерінің әртүрлі комбинациялары арқылы болашақта айналысатын кәсібіне бағытталуын қамтамасыз ететін бейінді компонент енгізіледі.
8.5 ОЖ инвариантты компоненті міндетті және білім алушыларды стандарт талаптарын жетістікпен орындауға бағыттайды.
8.6 ОЖ вариативті компонентінің мазмұнын білім алушылар мен олардың ата-аналарының (немесе олардың орнын айырбастаушылардың) білім сұранысын есепке ала отырып мектеп айқындайды. Ол мектептің мүмкіндігін арттыруға және білім беру ұйымының ерекшелігін көрсетуге, оқу-тәрбие үдерісіне түзетулер енгізуге, білім алушыларды әлеуметтендіруге, білім беру қызметінің сұранысы мен ұсыныс ерекшеліктеріне бағытталады.
8.7 Оқу жоспарының вариативті компонентінің есебінен оқу жоспарының инвариантты компонентінде оқытылатын пәндердің оқу көлемін арттыруға, сондай-ақ пәндерді тереңдетіп оқытуға, жаңа оқу курстарын енгізуге және бейіналды дайындық жүргізуге болады.
8.8 Бастауыш білім берудің оқу жоспары оқу бағдарламаларын осы деңгейде 4 жылдық нормативтікоқу мерзімінде игеруге бағытталған. Бастауыш мектепте сабақтың ұзақтығы 1 сыныпта – 35 минут, 2-4 сыныптар үшін – 45 минутты құрайды.
8.9 Негізгі орта білім берудің оқу жоспары оқу бағдарламаларын осы деңгейде 6 жылдық нормативтікоқу мерзімінде игеруге бағытталған. Сабақтың ұзақтығы – 45 минутты құрайды.
8.10 Негізгі орта білім беру оқу жоспары барлық оқу пәндері бойынша оқылатын жүйелі курстардың қисынды (логикалық) аяқталуын көздейді.
8.11 Жалпы орта білім берудің оқу жоспары оқу бағдарламаларын осы деңгейде 2 жылдық нормативтікоқу мерзімінде игеруге бағытталған. Сабақ беру ұзақтығы – 45 минутты құрайды.
8.12 Жалпы ортабілім беру оқу жоспары жоғары оқу орындарындағы тиісті пәндердің жалпы курстарын оқытуға көшуді қамтамасыз ететін әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану–математикалық, технологиялық бағыттағы пәндерді бейіндік оқыту мазмұнының міндетті минимумын қамтиды.
8.13 Бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру оқу жоспарларына әлеуметтік гуманитарлық, жаратылыстану–математикалық, технологиялық бағыттар бойынша бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруге арналған қазақ, орыс, ұйғыр, өзбек және тәжік тілдерінде білім беретін ұйымдардың типтік оқу жоспарлары (бұдан әрі – ТОЖ) қоса беріледі.
8.14 ОЖ және ТОЖ нақты мектептердің жұмыс оқу жоспарларын оқушылар мен ата-аналардың (немесе олардың орнын айырбастаушылардың) білім алу сұраныстарын ескере отырып әзірлеуге негіз болады.
8.15 Білім беру ұйымдарының жұмыс оқу жоспарларында жекелеген оқу пәндерін оқытуға бөлінген сағаттар саны тиісті оқыту деңгейінің ОЖ, ТОЖ белгілеген сағаттар санынан кем болмауы тиіс.
8.16 Таңдау курстарына, жеке және топтап оқытуға бөлінетін сағаттар білім беру мекемесінің анықтаған топтар саны бойынша, ондағы білім алушылардың санына қарамастан қаржыландырылады.
8.17 Оқу–тәрбие үдерісін ұйымдастырудың негізгі тәсілдері мен қағидаларын жетістікпен іске асыруда 1-6 сыныптар үшін оқу аптасының бес күндік, 7-12 сыныптар үшін алты күндік тәртібі көзделеді. Мектеп жұмысы тәртібінің мүмкіндігі болған жағдайда 7 сынып үшін оқу аптасының бес күндік тәртібін енгізуге рұқсат етіледі.
Оқу аптасының бес күндік тәртібінде аптаның алтыншы күні - өзіндік жобалау-зерттеу жұмыстары мен өзге де қызметтерді (спорттық-сауықтыру, шығармашылық және т.б.) ұйымдастыруға арналады.
8.18 Оқу жылы төрт тоқсанға бөлінеді. Әр тоқсанның оқу ұзақтығы – 8 апта. Сабақ күнтізбелік жылдың 1 қыркүйегінде басталады. Тоқсандар аралығында демалыс көзделген. Демалыс уақытының бөлінуі:
- 1 тоқсаннан кейін – 1 апта;
- 2 тоқсаннан кейін – 2 апта;
- 3 тоқсаннан кейін – 2 апта.
8.19 Оқыту үдерісі циклының өзгеше ұзақтығы көзделетін оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың циклдік-блоктық жүйесін қолдану осы Стандарттың талаптары орындалып, белгіленген демалыс уақытының саны және санитарлық-гигиеналық нормалары сақталған жағдайда рұқсат етіледі.
8.20 Білім алушының сабақ және сабақтан тыс апталық оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлемі, оның ішінде вариативті бөлігінің міндетті сабақтары (таңдау сабақтары, таңдау курстары), жеке компонент сабақтары:
- бастауыш білім беру: 1-сынып - 21 сағат, 2-сынып - 24 сағат, 3 сынып – 27 және 4 сынып – 28 сағат.
- негізгі орта білім беру: 5 сынып – 31 сағат, 6 сынып – 34 сағат, 7 сынып – 35 сағат, 8 сынып – 37 сағат, 9 сынып – 38 сағат, 10 сыныптар – 38 сағат. Оқыту ұйғыр, өзбек және тәжік тілдерінде жүретін мектептер үшін келесі оқу жүктемесі анықталды: 5 сынып – 32 сағат; 6 сынып – 35 сағат; 7 сынып – 36 сағат; 8 сынып – 38 сағат; 9 сынып - 39 сағат; 10 сынып – 39 сағат.
Ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде келесі апталық оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлемі анықталған: 5 сынып – 32 сағат, 6 сынып – 35 часов, 7 сынып – 36 сағат, 8 сынып – 38 сағат, 9 сынып - 39 сағат, 10 сынып – 39 сағат;
Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 338 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Адам және қоғам» білім беру саласындағы бастауыш білім берудің базалық мазмұны | | | жалпы орта білім беру: 11-12 сыныптарда – 39 сағаттан аспауы тиіс. |