Читайте также:
|
|
8.21 Оқу жоспары орта білім беретін оқу орындарының барлық түрлерінде оқу жоспарында көрсетілген жүктемеден төмендетілмей қаржыландырылады.
8.22 Оқу жоспарының вариативті компоненті (таңдалатын сабақтар мен курстар) мен жеке компонентінің (жеке және топтық кеңестер) жүктемелері білім беру мекемелерінің ұйымдастырған топтардың санына қарай (топ ішіндегі оқушылардың санына қарамай) қаржыландырылады.
8.23 Қалалық мектеп сыныптарында 25 білім алушыдан, ал ауылдық мектеп сыныптарында 20 білім алушыдан кем болмаған жағдайда сыныптарды топтарға бөлу:
а) екі топқа бөлу мынадай пәндерді оқытуда жүзеге асырылады:
- орыс, ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде оқытатын мектептердің 5-10 сыныптарындағы қазақ тілін;
- қазақ, ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде оқытатын мектептердің 2-12 сыныптарындағы орыс тілін;
- 3-12 сыныптардағы информатиканы;
- 5-10 сыныптардағы технологияны;
- 5-12 сыныптарындағы дене шынықтыруды (ұлдар және қыздар топтары, топтағы адамдар саны 10 -12 –ден кем болмаса);
- 11-12 сыныптардағы барлық бейіндік пәндерді;
- ғылыми-жаратылыстану циклы бойынша жүргізілетін физика, химия, биология пәндері бойынша практикумды;
б) 3 топқа бөлу келесі пәндерді оқытуда жүзеге асырылады:
- орыс, ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде оқытатын мектептердің 2-4 сыныптарында қазақ тілін;
- 3-12 сыныптарда шетел тілін.
8.24 Жеке кеңестер, сабақтар, яғни жеке компонент сағаттарын өткізген кезде сыныптардағы білім алушылардың саны 10-нан 20-ға дейінгі аралықта болса, барлық типтегі білім беру ұйымдарының сыныптарын топтарға бөлу жүзеге асырылады:
- 1-3 сыныптарда - 2 топқа;
- 4-7 сыныптарда - 3 топқа;
- 8-10 сыныптарда - 4 топқа;
- 11-12 сыныптарда - 5 топқа.
8.25 Жергілікті бюджетте қажетті қаражаттар болған кезде сыныптың сыйымдылығы төмен болса топтарға бөлінуі мүмкін.
8.26 Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында аз ұлттардың тілін оқыту бастауыш және орта білім беру оқу жоспарының вариативті компонетінің сағаттары есебінен жүзеге асырылады және жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы есебінен қаржыландырылады. Аз ұлттардың ана тілін оқыту топта кемінде 10 адам болғанда 1-4, 5-10 сыныптарда жүзеге асырылады.
8.27 Дене шынықтыру сабағын аптасына 3 сағат көлемінде өткізу үшін белгіленген апталық оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлемінен асырмай, типтік оқу жоспарының инвариантты компоненттерінің сағаттарын пайдалануға болады.
Р МЖБС 2.003.-2007
УДК378.02:372.8:006.354(574)
Түйінді сөздер: орта білім; білім беру саласы; білім беру нәтижелері, оқу пәнінің стандарты; білім беру оқу бағдарламалары; оқу жоспары; оқу жоспарының инвариантты компоненті; оқу жоспарының бейінді компоненті; оқу жоспарының вариативті компоненті; оқу жоспарының жеке компоненті, тұлғаны әлеуметтендіру; түйінді құзыреттіліктер, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау.
Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 174 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Білім алушылардың ең көп оқу жүктемесіне қойылатын талаптар | | | Тур на Алые паруса 2015 |