Читайте также: |
|
Мектеп әлеуметтендіру институты ретінде әлеуметтік рөлдерді игертуге және тұлғаны мектеп жасында әлеуметтендіру үдерісін реттеуге ықпал ететін барлық қажетті жағдайларды функциональды түрде сақтайды.
Білім алушылардың түйінді құзыреттіліктерді игеруі олардың нәтижелі түрде әлеуметтендірілуінің, яғни әлеуметтік рөлдерді, нормаларды және құндылықтарды игерулерінің алғы шарттарын жасайды.
1.
1.
1. Бастауыш білім беру деңгейінде білім алушының табысты әлеуметтенуініңжекенәтижелері мынадайжетістіктермен:
- саяси мәні бар қызметтің – оқу қызметінің жаңа түрін және әлеуметтік ынтымақтастық негіздерін игеруімен;
- ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар және олардың тұлға ретінде: «Мен - адаммын, ұжымшылмын, патриотпын, азаматпын», Отан, Жер, Әлем, Табиғат ұғымдары туралы алғашқы түсінігінің болуымен;
- қазақстандық қоғамда және жер шарында бейбітшілікті сақтау үшін халықтар бірлігінің, ұлтаралық қатынастардың және шыдамдылықтың маңыздылығын түсінуімен;
- жаңа әлеуметтік маңызды рөлдер (оқушы, ұжым мүшесі, сыныптас, және т.б.) туралы ұғымының болуымен;
- рухани-адамгершілік мінез туралы білім мен іскерлік негіздерін игерумен, балалар ұжымындағы этикалық нормаларды білуімен, берік достық байланыс орнатуымен;
- балалар қоғамдастығындағы тұлғааралық қатынастардың негізін түсінуімен және оған жағымды әлеуметтік мәртебесін бекітуге талпынуымен;
- адам өмірі мен қоғамдағыеңбектің рөлін түсінуімен, мамандықтың көптүрлілігі туралы алғашқы көзқарасының болуымен;
- өзінің және Қазақстан Республикасында тұратын басқа да ұлттардың мәдени құндылықтарын білуімен;
- алғашқыэкологиялық білімі мен іскерлігінің болуымен, табиғатты қорғаудың қажеттігін түсінуімен;
- жеке және тазалық сақтаудың гигиеналық дағдыларын, дене тәрбиесінің негіздерін меңгеруімен;
- ер бала мен қыз бала арасындағы ерекшеліктер туралы және гендерлік әдеп туралы түсінігінің болуымен анықталады.
6.1.2 Негізгі орта білім беру деңгейінде білім алушының табысты әлеуметтенуініңжекенәтижелері мынадайжетістіктермен:
- әлеуметтік және адамгершілік есеюді дамытудың негізі ретінде өз құрбыларыменжәне басқа дапедагогикалықүдеріске қатысушыларменмәдени қарым-қатынасты меңгеруімен, жаңа әлеуметтік рөлдерді игеруімен;
- дүниетанымдық проблемаларды саналы түрде меңгеруімен (құрбыларының арасында әлеуметтік мәртебесінің болуы және т.б.), оң ұстаным орнатуымен және оның негізінде іс-әрекетінің болуымен;
- рухани-адамгершілік, азаматтық-отансүйгіштік тұрғыда өмір салтын құру талаптарының болуымен, оны өзінің іс-әрекеті арқылы жүзеге асыруымен;
- мектепте және одан тыс жерлерде (қосымша білім беру ұйымдары, спорттық-сауықтыру, мәдени-ағарту мекемелері және т.б.) әлеуметтік қатынастар білімі мен іскерлігін меңгеруімен;
- ұжымда, басқа да әлеуметтік топтарда өзін ұстау мәдениетін қалыптастыру үшін өзінің және басқа да адамдардың тұлғалық қасиетін қолдана алу біліктілігімен;
- өз мүмкіндігін толық іске асыру және өз тағдырын шешу мақсатындағы түрлі іс-әрекет біліктілігімен;
- болашақ кәсіби қызмет саласына қарай бейіндік оқуды таңдаудың маңыздылығын ұғынуымен;
- әлемдік мәдениетжетістіктері менқұндылықтарын меңгеруге деген қызығушылығы мен талаптарының бар болуымен;
- қоршаған ортаның жағдайы үшін жауапкершілігін және қызметтің барлық түрлерінде оны қамқорлыққа алу керектігін сезінуімен;
- денсаулығын қазіргі заманғы социумда өмірлік жоспарларды іске асыру құндылықтары мен талаптары ретіндетүсінуімен;
- гендерлік мінез-құлыққа сәйкес білім, іскерлік және дағдыларды меңгеруімен анықталады.
6.1.3 Жалпы орта білім беру деңгейінде білім алушының табысты әлеуметтенуініңжекенәтижелелері келесідейжетістіктермен:
- кәсіптік-оқу және басқа да әлеуметтік маңызы бар қызмет түрлерінің мәнін (әлеуметтік ынтымақтастықты) өз бетінше өмір сүріп, еңбек етуге дайындық құралы ретіндетүсіне білуімен;
- қоршаған ортаға, өз-өзіне, табиғатқа, қоғамға деген біртұтас дүниетанымдық көзқарастарының болуымен және соған сәйкес әрекет жасай алуымен;
- өзінің даралығын және өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі анықтауға және өзін-өзі іске асыруға даярлығын сезінуімен;
- мектепте және одан тыс жерлерде әлеуметтік байланыс, қарым-қатынас тәжірибесін пайдалана білуімен;
- өзін-өзі бағалауға, өзін-өзі реттеуге, өзін-өзі бақылауға сәйкес ұстанымдарын меңгеруімен;
- рухани-адамгершілік, азаматтық-отаншылдық, белсенді өмір салтын құру ұстанымдары мен сенімдеріне сәйкес іс-әрекеттің барлық түрлеріне қатынасуымен;
- жастар мәдениетіне тән нормаларға бағынатын бейресми, түрлі жастағы ұжымдар мен топтарда қарым-қатынас жасауға қажеттілігінің және даярлығының болуымен;
- таңдаған болашақ кәсіби қызметін саналы түрде жүзеге асыруымен және өмірлік жоспарларын анықтауымен;
- өзін әлемнің азаматы ретінде сезіне білуімен, көпмәдениетті тұлғаның сапаларын иеленуімен,
- қоршаған ортаны қорғау бойынша қызметтерге, қоғамдық акцияларға, компанияларға, еріктілер қозғалысынажүйелі түрде қатыса білуімен;
- салауатты өмір салтына қажеттігі мен даярлығының болуымен;
- өзін қоғамның лайықты өкілі және болашақ отбасы иесі ретінде сезінуімен анықталады.
Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 854 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Негізгі ережелер | | | Білімберу нәтижелері ретіндегі түйінді құзыреттіліктер |