Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Рылыс салу жобасы

Читайте также:
  1. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫНДАҒЫ ҚОНЫСТАНДЫРУ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫН ДАМЫТУДЫҢ БАС СҰЛБАСЫ
  2. АЛА ҚҰРЫЛЫСТЫҚ ЖОБАЛАРДЫ КЕЛIСУ, САРАПТАУ ЖӘНЕ БЕКIТУ
  3. АЛА ҚҰРЫЛЫСТЫҚ ЖОБАНЫ РЕСIМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР
  4. АЛА МЕН БАСҚА ҚОНЫСТЫҢ БӨЛIКТЕРIН ЖОСПАРЛАУ ЖОБАСЫН ӘЗIРЛЕУГЕ АРНАЛҒАН БАСТАПҚЫ ДЕРЕКТЕРДIҢ ҚҰРАМЫ МЕН МАЗМҰНЫ
  5. АЛАЛАР МЕН БАСҚА ДА ҚОНЫСТАРДЫҢ БӨЛIКТЕРIН ЖОСПАРЛАУ ЖОБАСЫ
  6. КIМШIЛIК АУДАН АУМАҒЫН ДАМЫТУДЫ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ТҰРҒЫСЫНАН ЖОСПАРЛАУДЫҢ КЕШЕНДI СҰЛБАСЫ
  7. Нормативтік құжаттармен танысу, кәсіпорынның беделі және оның ішкі құрылысының басқармасы.

 

8.1. Құрылыс салу жобасы жаңа немесе қайта құрылатын ықшамаудандардың, кварталдар мен басқа да тұрғын үйлiк құрылыс құрылымдарының аумақтарына, қоғамдық және өндiрiстiк ғимараттар мен құрылыстарының, ғылыми-зерттеу және оқу орындарының, тынысжайлық-ландшафттық және басқа сәулеттiк-қала құрылыстық кешендер мен елдi мекендердiң қызметтік элементтерi топтарының бөлімшелерiне әзiрленедi.

Құрылыс салу жобасын бекiтiлген жоспарлау жо-басынсыз қала мен басқа қоныстың бас жоспарының негiзiнде орындауға жол берiледi.

8.2. Құрылыс салу жобасы жобаланушы аумақ-тың қызыл сызықтар шектерiнде әзiрленедi және сәулет кешендерiнiң композициялық шешiмiн, ғимараттар мен құрылыстар типтерін, олардың салыну немесе қалпына келтіру кезектiлiгiн, инженерлiк байланыстар жүргiзудi қызметтік пайдалануды, аумақты көркейтудi, көлiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру мен жаяу қозғалыс принциптерiн, құрылыс ұйымдастыру тәртiбi мен сметалық құнын айқындайды.

Құрылыс салу жобасы көшелер, алаңдар, шағын саябақтар мен желекжолдар үшiн құрылыс салуды реттеу шекараларының немесе оларды көмкерушi ғимараттардың шектерiнде орындала алады.

8.3. Құрылыс салу жобаларында жұмыстарды халыққа әлеуметтiк-тұрмыстық қызмет көрсету мекемелерiн, инженерлiк тораптар мен құрылыстарды, аумақты көркейтудi iске пайдалануға енгiзумен бiр уақытта кезеңдер бойынша аяқтауды есепке ала отырып ықшамаудандарды, кварталдарды, бөлімшелердi салу, қайта құру және көркейту бойынша ұсыныстарды көздеу керек.

8.4. Құрылыс салу жобасы екi сатыда орындалады:

- құрылыс құнының жиынтық сметалық есебi бар жоба (жоба);

- сметалары бар жұмыс құжаттамасы.

8.5. Жобаның сатысы төмендегi құрамда әзiрленедi:

- құрылыс салудың бас жоспары;

- көркейту жоспары;

- жер жұмыстары жоспары;

- инженерлiк тораптардың жиынтық жоспары;

- ғимараттар мен құрылыстардың құрастырма-лық жоспары;

- құрылыс ұйымдастыру жобасы;

- сметалық құжаттама;

- түсiнiктеме жазбахат.

Кескіндемелік материалдар 1:500 немесе 1:1000 масштабта орындалады.

8.6. Құрылыс салудың бас жоспарында барлық жобаланушы, сақталушы және қайта құрылушы ғимараттар мен құрылыстар, ғимараттар мен құрылыстардың құрастырылуы, ғимараттарда бойлық өткелдер мен өтпежолдар жасау, меншiк нысанын көрсете отырып, бөлімшелердiң шекаралары, демалыс, спорт және басқаға арналған жобаланушы алаңшалар, өтпежолдар мен жаяу жолдар, көлiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру, жасыл желектер көрсетiледi.

Құрылыс салудың бас жоспарының сызбасында жобаланушы құрылысты қала немесе жапсарлас аумақтар жүйесiнде жайғастыру көрсетiлетiн 1:5000 масштабтағы жағдайлық жоспар келтiрiледi.

8.7. Егер жобаланушы аумақ құрылыстың бiрiншi кезектегi кешенi болып табылса, ортақ сәулеттiк-жоспарлау құрылымы мен көлемдiк-кеңiстiктiк композицияны анықтау мақсатында оған қосымша құрылыс салудың бас жоспарының сұлбасы, халыққа мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету сұлбасы, көлiк қозғалысын және жаяу қозғалысты ұйымдастыру сұлбасы мен инженерлiк тораптардың өту сұлбасы әзiрленедi және негiзгi техникалық-экономикалық көрсеткiштер айқындалады.

8.8. Көркейту жоспарында жобаланушы және сақталушы өтпежолдар, өткелдер, барлық түрдегi алаңшалар, олардың сұрыпталымын көрсете отырып, жобаланушы және сақталушы жасыл желектер көрсетiледi, шағын сәулет нысандары мен алаңшалар жабдығының тiзбесi келтiрiледi.

8.9. Жер бедерiн ұйымдастыру сұлбасында ғимараттар мен құрылыстардың бiрiншi қабаттарының едендерiнiң белгiленуi, жерлердiң бұрыштары бойынша олардың жобаланушы және сақталушы белгiленуi, өтпежолдар осьтерi бойынша еңiстер, өтпежолдар мен жаяу жолдардың олардың бойлық пiшiндерiнiң сыну орындарында осьтерiнiң қиылыстарындағы жобалық және табиғи белгiленулер, нөсер-қабылдаушы құдықтар торлары үстiнiң белгiленулерi көрсетiледi.

Жер бедерiн ұйымдастыру сұлбасының ақпаратпен көп қанықталу кезiнде аумақты инженерлiк дайындау сұлбасы орындалады.

8.10. Жер массалары жоспарында төмендегiлер көрсетiледi: жобаланушы аумақтың шекаралары, ғимараттар мен құрылыстардың бейнелерi, құрылыстық координаталық торша немесе базистiк сызық, олардың бұрыштары және әр шаршының шектерiндегi топырақ көлемi бойынша жобалық, табиғи және жұмыс белгiленулерi бар шаршылар. Жоспарда кестелiк нысанда жерлiк массалар балансы келтiрiледi.

8.11. Инженерлiк тораптар мен әлсiз ток желілері сұлбаларында олардың негiзгi параметрлерімен бiрге сумен жабдықтау, канализация, нөсерлiк канализация, жылумен жабдықтау, электр жабдықтау, сырттай жарықтандыру, телефондаудан, радиоландыру және теледидар трассалары, инженерлiк жабдықтау құрылыстарын жайғастыру және құрғатқыш торабы, сондай-ақ, байланыстардың алаңдардан тыс тораптар мен құрылыстарға қосылу орындары көрсетiледi.

Жобада жер асты инженерлiк тораптардың жиынтық жоспары орындалады.

8.12. Ғимараттар мен құрылыстардың құрастырмалық сұлбаларында тұрғын үйлердiң, қоғамдық, өндiрiстiк ғимараттар мен құрылыстардың жоспарлары мен қасбеттерi көрсетiледi. Ғимараттар мен құрылыстардың бұрыштары бойынша жердiң жобалық және табиғи белгiленулерi салынады, нөлдiң шартты белгiсiнiң абсолюттiк мәнi, негiзгi техникалық-экономикалық көрсеткiштер келтiрiледi.

8.13. Құрылыс ұйымдастыру жобасы құрылыс ұйымдастыру жобалары мен жұмыстар жүргiзу жобаларын әзiрлеу жөніндегі Нұсқау талаптарына сәйкес әзiрленедi.

8.14. Сметалық құжаттама Кәсiпорындар, ғимараттар мен құрылыстар салуға жобалық-сметалық құжаттаманы әзiрлеу, келiсу және бекiту құрамы, тәртiбi туралы Нұсқау талаптарына сәйкес әзiрленедi және төмендегiлерден тұрады:

құрылыс құнының жиынтық сметалық есептерi;

жиынтық сметалық есептердi бiрiктiретiн күрделi жұмсалымдардың бағыттары бойынша шығыстар ақпары (аталған ақпардың орнына құрылыс құнының жиынтық сметалық есебiнiң қорытындысынан кейiн күрделi жұмсалымдар бағыттары бойынша шығыстар туралы деректер көрсетуге, құрылыс құнының сметалық есебiне түсiнiктеме жазбахат құрамында келтiруге жол берiледi);

жобалық және iздестiрушiлiк жұмыстарға сметалар, соның iшiнде жұмыс құжаттамасын әзiрлеудiң құнын айқындау бойынша;

аталған материалдар есебiмен бiрге сметалық құжаттамаға түсiнiктеме жазбахат.

Құрылыстың тек бірінші негізінің бөлімшесінің жобасы әзірленген жағдайда, сондай-ақ, барлық шағын үй тобының, бөлімшесінің құрылысының құнының ірілендірген көрсеткіштері бойынша есебі орындалады.

8.15. Құрылыс салу жобасына түсiнiктеме жазбахатта құрылыс салудың қабылданған сәулеттiк-жоспарлау және көлемдiк-кеңiстiктiк шешiмдерiнiң, санитариялық-эпидемиологиялық, өрттен сақтану және табиғатты қорғау iс-шараларының, құрылыс салу кезектiгiнiң, ғимараттардың қолданылған типтері мен түрлерiнiң және олардың құрылымдық шешiмдерiнiң, аумақты инженерлiк көркейту және көгалдандыру жүйесiнiң негiздемесi келтiрiледi, ғимараттар мен халыққа қызмет көрсету бөлмелерінде мұқтаждық бойынша жоспарлау жобасының есептерi нақтыланады, қосымшаға сәйкес құрылыс салу жобасының техникалық-экономикалық көрсеткiштерi келтiрiледi.

Түсiнiктеме жазбахатта, сондай-ақ, тұрғын және қоғамдық ғимараттарды диспетчерлеу, құрылыс салудың басқа элементтерi және аумақты сырттай көркейту бойынша ұсыныстар берiледi.

8.16. Жобада iрiленген номенклатура бойынша сериялық түрде жасап шығарылатын жабдыққа, арматураға, кабель өнiмдерiне және басқа да бұқаралық және сериялық өндiрiс бұйымдарына тiзiмдемелер келтiрiледi.

8.17. Құрылыс салу жобасының жұмыс құжат-тамасының құрамына төмендегiлер кiруге тиiс:

құрылыс үшiн жобалық құжаттама жүйесiнiң мемлекеттiк стандарттарының талаптарына сәйкес орындалатын және жиынтықталатын, қосымшаның талаптарына сәйкес тапсырыс беруші құрылыс салу жобасын әзiрлеуге беретiн тапсырмада көзделген барлық объектiлер мен барлық жұмыс түрлерiне жұмыс сызбалары;

осы Нұсқаудың 8.20-тармағына сәйкес жасалатын сметалар;

әр объектiге немесе жұмыс түрiне материал-дарға мұқтаждықтың тiзiмдемесi немесе жиынтық тiзiмдемесi (тапсырма негiзiнде жұмыстарды атқарушының талап етуi бойынша орындалады);

құрылыс үшiн жобалық құжаттама жүйесiнiң мемлекеттiк стандарты белгiлеген нысанда жасалатын жабдыққа спецификациялар, лифтілерге тапсырыс үшiн қажет сауалдама парақтар мен лифтілiк шахталардың құрылыстық бөлiгiне габариттiк сызбалар: ғимараттарды инженерлiк жабдықтау мен техникалық iске пайдаланудың диспетчерлеу тараулары.

Аталған талаптарды инвесторлар нақтылай алады.

8.18. Аудандарды басым түрде типтік жобалар мен қайтара қолданылатын жобалар бойынша ғимараттар қолданумен жобалау кезiнде құрылыс салу жобасы бiр сатыда: бекiтуге ұсынылатын жобалық-сметалық құжаттаманың және сметалармен бiрге жұмыс құжаттамасы құрамында құнының жиынтық сметалық есебi бар құрылыс салудың жұмыс жобасында орындала алады.

8.19. Бекiтуге ұсынылатын жобалық-сметалық құжаттаманың құрамына төмендегiлер кiредi:

ықшамаудан (квартал) құрылысының бас жоспарының сұлбасы;

құрылыс салудың бас жоспары;

жерлiк массалар жоспары бар жер бедерiн ұйымдастыру сұлбасы;

инженерлiк тораптардың жиынтық сұлбасы;

ғимараттар мен құрылыстардың құрастырмалық сұлбалары;

құрылыс ұйымдастыру жобасы;

құрылыс құнының жиынтық сметалық есебi;

түсiнiктеме жазбахат.

8.20. Жұмыс жобасының жеке бөлiгiнiң құрамына төмендегiлер кiредi:

әр объектiге немесе жұмыс түрiне жұмыс құжаттамасы;

жұмыс сызбалары бойынша жасалған сметалар;

материалдарға мұқтаждық тiзiмдемелерi;

құрылыс үшiн жобалық құжаттама жүйесiнiң мемлекеттiк стандарты белгiлеген нысанда жасалатын жабдыққа спецификациялар, лифтілерге тапсырыс үшiн қажет сауалдама парақтар мен лифтілiк шахталардың құрылыстық бөлiгiне габариттiк сызбалар;

ғимараттарды инженерлiк жабдықтау мен техникалық iске пайдаланудың диспетчерлеу тараулары.

8.21. Қала құрылыстық және экологиялық тұрғы-дан күрделi аумақтарға жобалар әзiрлеу, құрылыс салуда дара жобалар бойынша ғимараттардың басым бөлiгiн қолдану, сондай-ақ бiрегей объектiлер салуды қала құрылыстық негiздеу қажеттiлiгi жағдайында тапсырыс берушінің тапсырмасы бойынша дербес саты ретiнде нұсқалық талдап баяндаулар негiзiнде ықшамаудан, квартал, алаң құрылысының негiзгi сәулеттiк-жоспарлау және көлемдiк-кеңiстiктiк концепциясы айқындалатын құрылыс салудың нобайлық жобасы әзiрлене алады.

Құрылыс салудың нобайлық жобасының құрамында төмендегiлер орындалады:

жер бедерiн ұйымдастыру бойынша ұсыныстар бар бас жоспардың нобайы;

көрмелiк материалдар мен макеттер;

құрылыс құнының бағдарлық есептерi.

8.22. Жоба құрамында қайта құрылушы аудандар (кварталдары) мен учаскелер құрылысы жобаларын әзiрлеу кезiнде құрылыстың қазiргi ахуалын, аумақтың экологиялық ахуалын сипаттайтын және тарихи мұраны сақтау, жөндеу-қайта құру iс-шаралары, тозған құрылыстарды сырып тастау және т.б. бойынша ұсыныстарды есепке алатын материалдар қосымша орындалады.

8.23. Құрылыс салу жобасының құрамында жобалауға тапсырмаға сәйкес аумақтың композициялық шешiмiн, сәулетi мен көркейтiлуiн сипаттайтын көр-мелiк материалдар орындалады (құрылыстың магистральдар мен жағалаулар бойынша сәулеттiк қанат жаюы, жоспарлау, құрылыс, қасбеттердiң түстiк шешiмдерiнiң сызбалары және т.б.).

Құрылыс салу макетi негiзгi сызба - құрылыс салудың бас жоспарының масштабында орындалады.

 


Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 149 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: МАЗМҰНЫ | ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР | АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫНДАҒЫ ҚОНЫСТАНДЫРУ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫН ДАМЫТУДЫҢ БАС СҰЛБАСЫ | ОНЫСТАНДЫРУ МЕН ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫН ДАМЫТУДЫҢ АЙМАҚТЫҚ СҰЛБАСЫ | ОБЛЫС АУМАҒЫН ДАМЫТУДЫ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ТҰРҒЫСЫНАН ЖОСПАРЛАУДЫҢ КЕШЕНДI СҰЛБАСЫ | КIМШIЛIК АУДАН АУМАҒЫН ДАМЫТУДЫ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ТҰРҒЫСЫНАН ЖОСПАРЛАУДЫҢ КЕШЕНДI СҰЛБАСЫ | АЛА, КЕНТ ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ ЕЛДI МЕКЕННIҢ БАС ЖОСПАРЫ | АЛА ҚҰРЫЛЫСТЫҚ ЖОБАНЫ РЕСIМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР | РЫЛЫС САЛУ ЖОБАСЫН ӘЗIРЛЕУ ТАПСЫРМАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН НЕГIЗГI ТАЛАПТАР | АЛА МЕН БАСҚА ҚОНЫСТЫҢ БӨЛIКТЕРIН ЖОСПАРЛАУ ЖОБАСЫН ӘЗIРЛЕУГЕ АРНАЛҒАН БАСТАПҚЫ ДЕРЕКТЕРДIҢ ҚҰРАМЫ МЕН МАЗМҰНЫ |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
АЛАЛАР МЕН БАСҚА ДА ҚОНЫСТАРДЫҢ БӨЛIКТЕРIН ЖОСПАРЛАУ ЖОБАСЫ| АЛА ҚҰРЫЛЫСТЫҚ ЖОБАЛАРДЫ КЕЛIСУ, САРАПТАУ ЖӘНЕ БЕКIТУ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)