Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ала ҚҰрылыстыҚ жобаны ресiмдеуге Қойылатын жалпы талаптар

Читайте также:
  1. АЛА ҚҰРЫЛЫСТЫҚ ЖОБАЛАРДЫ КЕЛIСУ, САРАПТАУ ЖӘНЕ БЕКIТУ
  2. Білім алушылардың ең көп оқу жүктемесіне қойылатын талаптар
  3. Жалпы ереже
  4. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
  5. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
  6. Жалпы ережелер

1. Кескіндемелік материалдар техникалық шарт-тар мен мемлекеттiк стандарттарды, сондай-ақ ережелер мен нормативтердi сақтаумен орындалады және ресiмделедi.

2. Түрлi сызбаларда қайталанатын элементтердi бейнелеу үшiн, қағида бойынша, бiр типті шартты белгiлер және мөлдiр, топографиялық-геодезиялық қосалқы негiздi көлегейлемейтiн бояулар қолданылады; кескіндемелік материалдар жобалық ұсыныстарды көрнектi түрде қабылдауды есепке ала отырып орындалуға тиiс.

3. Негiзгi сызбаларға қала құрылыстық жобаны әзiрлеушi ұйымның басшылығы және жауапты атқарушылары қол қояды. Қалған сызбалар мен сұлбаларға қала құрылыстық жобаны әзiрлеушiнiң iшкi стандарттары белгiлеген тәртiпте қол қойылады.

4. Кескіндемелік материалдар, оларды белгiленген тәртiпте мұрағаттық қызметтер мен тапсырыс беруші айқындайтын мерзiмге тұрақты сақтауды қамтамасыз етудi есепке ала отырып картографиялық немесе басқа қосалқы негiзде орындалады.

Әзiрлеушiнiң компьютерлiк және көбейту техникасын қоса жобалық құжаттаманы жасап шығарудың түрлi тәсiлдерi мен технологияларын қолдануға құқығы бар.

5. Кескіндемелік материалдардан жеке альбом түрiнде түптелетiн немесе түсiнiктеме жазбахатта және сұлба түрiнде негiзгi ережелерде орналастырылатын түстi немесе жарықтандырылған фотосуреттер, электрографиялық немесе ксерокөшiрмелер жасалады.

6. Түсiнiктеме жазбахатқа және қала құрылысы жобасының негiзгi ережелерiне әзiрлеушi жобалық ұйымның басшылары және қала құрылысы жобасының авторлары қол қояды.

Әзiрлеушiлердiң құрамына кiрмейтiн ұйымдар-дың материалдары пайдаланылған жағдайда сондай ұйымның дұрыс атауын, материалдар атауларын, шығыс нөмiрi мен олардың табысталу күнiн көрсету керек.

Түсiнiктеме жазбахаттың құрамына пайдаланыл-ған жобалық, ғылыми материалдар мен ғылыми-техникалық әдебиеттiң тiзiмi қосылуға тиiс.

7. Қала құрылысы жобасының негiзгi кескіндемелік материалдары - тiректiк жоспар (қазiргi пайдалану жоспары) және жобалық жоспар (негiзгi сызба) топографиялық карталарда, басқа сызбалар - жобалық жоспардың көшiрмелерiнде орындалады.

8. Сызбалар түпнұсқаларының көшiрме нұсқалары белгiленген тәртiпте қала құрылысы жобасы бекiтiлгеннен кейiн орындалады. Сызбалардың көшiрме нұсқаларында жобаны бекiткен орган, шешiмнiң күнi және нөмiрi көрсетiледi.

 

Осымша

 

АУМАҚТЫ ДАМЫТУДЫ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ТҰРҒЫСЫНАН ЖОСПАРЛАУДЫҢ КЕШЕНДI СҰЛБАСЫН (ЖОБАСЫН), ҚАЛА МЕН БАСҚА ҚОНЫСТЫҢ БАС ЖОСПАРЫН ӘЗIРЛЕУ ТАПСЫРМАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН НЕГIЗГI ТАЛАПТАР

 

Қала құрылысы жобасының әр түрiне әзiрлеуге тапсырманың құрамында төменде келтiрiлген негiзгi талаптар болуға тиiс.

1. Жобаланушы объектiнiң атауы.

2. Жобалау үшiн негiз.

3. Әзiрлеуге қатысушылардың құрамы, соның iшiнде бас жобалаушы.

4. Жобаланушы объектiнiң жалпы сипаттамасы (орналасқан жерi, аумағы, ресурстарының негiзгi түрлерi және басқа да параметрлерi).

5. Ұйымның атауы, жобалау үшiн бастапқы деректердi табыстау мерзiмдерi және құрамы.

6. Жобалық материалдар құрамы, кезеңдердi, мерзiмдердi және табысталушы материалдар мен орындалатын жұмыстар тiзбесiн кезеңдерi бойынша айқындау.

7. Ұсынылушы жобалық материалдардың мазмұны мен нысанына негiзгi талаптар.

8. Аумақты әлеуметтiк-экономикалық дамытудың негiзгi бағыттарына, сәулеттiк-жоспарлау ұйымдастыруға, көлiк қызметiн көрсетуді ұйымдастыруға, аумақты көркейту және көгалдандыруға, аумақты инженерлiк дайындау мен инженерлiк жабдықтауға, қауiпсiз және тiршiлiк пен денсаулық үшiн қолайлы орта құруға, қоршаған отаға әсердi бағалауға, табиғат, тарих және мәдениет ескерткiштерi күзетiне, төтенше жағдайлар кезеңiндегі инженерлiк-техникалық iс-шараларға, өрттен сақтану iс-шараларына қойылатын талаптар.

9. Жобалау объектiсiнiң ерекшелiктерiне түйiндi мәселелер бойынша қосымша толық түрде талдап, баяндаулар қажеттiгiн тудыратын арнайы талаптар.

10. Жобаның құрамына және негiзгi техникалық-экономикалық көрсеткiштерге арналған ерекше шарттар.

11. Жобаларды келiсу және сараптау тәртiбi.

 

Осымша

 


Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 251 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: МАЗМҰНЫ | ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР | АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫНДАҒЫ ҚОНЫСТАНДЫРУ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫН ДАМЫТУДЫҢ БАС СҰЛБАСЫ | ОНЫСТАНДЫРУ МЕН ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫН ДАМЫТУДЫҢ АЙМАҚТЫҚ СҰЛБАСЫ | ОБЛЫС АУМАҒЫН ДАМЫТУДЫ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ТҰРҒЫСЫНАН ЖОСПАРЛАУДЫҢ КЕШЕНДI СҰЛБАСЫ | КIМШIЛIК АУДАН АУМАҒЫН ДАМЫТУДЫ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ТҰРҒЫСЫНАН ЖОСПАРЛАУДЫҢ КЕШЕНДI СҰЛБАСЫ | АЛА, КЕНТ ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ ЕЛДI МЕКЕННIҢ БАС ЖОСПАРЫ | АЛАЛАР МЕН БАСҚА ДА ҚОНЫСТАРДЫҢ БӨЛIКТЕРIН ЖОСПАРЛАУ ЖОБАСЫ | РЫЛЫС САЛУ ЖОБАСЫ | АЛА МЕН БАСҚА ҚОНЫСТЫҢ БӨЛIКТЕРIН ЖОСПАРЛАУ ЖОБАСЫН ӘЗIРЛЕУГЕ АРНАЛҒАН БАСТАПҚЫ ДЕРЕКТЕРДIҢ ҚҰРАМЫ МЕН МАЗМҰНЫ |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
АЛА ҚҰРЫЛЫСТЫҚ ЖОБАЛАРДЫ КЕЛIСУ, САРАПТАУ ЖӘНЕ БЕКIТУ| РЫЛЫС САЛУ ЖОБАСЫН ӘЗIРЛЕУ ТАПСЫРМАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН НЕГIЗГI ТАЛАПТАР

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)