Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жалпы ережелер

Читайте также:
  1. АЛА ҚҰРЫЛЫСТЫҚ ЖОБАНЫ РЕСIМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР
  2. Аудиториямен жұмыс істеу қағидасы. Презентацияның негізгі ережелері және аудиториямен жұмыс.
  3. Жалпы ереже
  4. Жалпы ережелер
  5. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
  6. жалпы орта білім беру: 11-12 сыныптарда – 39 сағаттан аспауы тиіс.

МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
КАЗАХСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ЖЕНСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ

«БЕКІТЕМІН»

ҚазМемҚызПУ РМК

Ректоры

_________________ Д.Ж. Нөкетаева

«____» _____________ 20__ ж.

«Ы. АЛТЫНСАРИН» ПӘНДІК ОЛИМПИАДАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ БОЙЫНША

Н Ұ С Қ А У Л Ы Қ

 

 

И Н С Т Р У К Ц И Я

ПО ОРГАНИЗАЦИИ И ПРОВЕДЕНИЮ ОЛИМПИАДЫ «Ы. АЛТЫНСАРИН»

 

 

АЛМАТЫ – 2015

 

«Ы. АЛТЫНСАРИН» ПӘНДІК ОЛИМПИАДАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ БОЙЫНША

Н Ұ С Қ А У Л Ы Қ

 

 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

Олимпиаданың ұйымдастыру комитеті

Нұсқаулықты «Ы. Алтынсарин» пәндік Олимпиадасының ұйымдастыру комитеті жасады және ол барлық Олимпиадаға қатысушылардың негізгі іс-әрекеттерін айқындайды. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу барысында Олимпиадаға қатысушылар осы Нұсқаулықты басшылыққа алу керек.

Ұйымдастыру комитеті бұл Нұсқаулықты жеке өзі ғана қолданады және оны көбейтуге, көшіруге, басқа адамдардың қолдануына тыйым салады. Нұсқаулықты интернет жүйесіне енгізуге рұқсат етілмейді.

 

 

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1. Нұсқаулық «Ы. Алтынсарин» пәндік Олимпиадасын (бұдан әрі – Олимпиада) ұйымдастыру және өткізу барысындағы:

1) Олимпиаданың ұйымдастыру комитетінің (бұдан әрі -Ұйымдастыру комитеті);

2) Аймақтарға шығатын комиссияның;

3) Облыстық және Алматы қаласының білім Басқармаларының;

4) Мектеп басшыларының (Олимпиада өтетін мектептің);

5) Аудиториядағы кезекшілердің негізгі қызметтерін анықтайды.

2. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу барысында жоғарыда аталған Олимпиадаға қатысты адамдар Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңын, Олимпиада туралы Ережені, осы Нұсқаулықты, ҚР БҒМ-нің нормативті-құқықтық актілерін басшылыққа алуға міндетті.

3. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу барысында жергілікті (облыстық) білім Басқармалары, ұйымдастыру комитеті, сараптамалық, аймаққа шығатын комиссия мүшелері, Олимпиада базасының басшылары, аудиториядағы кезекшілер өзара ынтымақтастықта бірлескен жұмыс жүргізуі керек.

4. Олимпиаданы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті өткізеді.

5. Олимпиаданың негізгі мақсаты мен міндеті – дарынды, қабілетті балаларды анықтау және қолдау көрсету, ғылыми білімді насихаттау мен оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

6. Олимпиада жекеленген 8 пән бойынша жүргізіледі:

- Қазақ тілі мен әдебиеті,

- Орыс тілі мен әдебиеті,

- Ағылшын тілі,

- Физика,

- Биология,

- География,

- Дүниежүзі тарихы,

- Химия.

7. Олимпиада бір кезеңнен тұрады.

8. Олимпиадаға жалпы білім беретін ұйымдардың (мектеп, гимназия, лицей) 11-сынып оқушылары қатысады.

9. Олимпиаданың ресми сайты - www.kazmkpu.kz

 

ОЛИМПИАДА ӨТКІЗУДІҢ ДАЙЫНДЫҚ КЕЗЕҢІ

Ұйымдастыру комитетінің қызметтері:

1. Ұйымдастыру комитеті Олимпиадаға қатысушыларды Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу туралы нормативті және нұсқаулық құжаттармен қамтамасыз етеді;

2. Аймақтарға шығатын комиссия мүшелерін пән тапсырмаларымен қамтамасыз етеді;

3. Республика бойынша Олимпиаданың дайындық, өткізу барысын қадағалайды;

4. Олимпиаданың өтілу уақыты мен орнын белгілейді;

5. Аймақтардан Олимпиадаға қатысушылардың сұраныстарын жинақтайды;

6. Оn-line жүйесінде қатысушыларды тіркеу жұмысын жүргізеді;

7. Аймақтық комиссия мүшелерін анықтайды;

8. Аймақтық комиссия мүшелеріне нұсқаулық жүргізіп, үйретеді;

9. Олимпиаданың салтанатты ашылу және жабылу рәсімін өткізеді;

10. Олимпиада пәндері бойынша тапсырмаларды дайындайды;

11. Олимпиаданың барлық пәндері бойынша жұмысты бағалау әдістерін және шарттарын дайындайды;

12. Сарапшылар комиссиясына бекіту үшін барлық пәндер бойынша тапсырмаларды береді;

13. Олимпиада ережесі бойынша басқа да қызметтерді орындайды.

Білім Басқармаларының қызметтері:

1. Олимпиаданың өтетін орнын дайындайды;

2. Оқу орындарынан олимпиадаға қатысу туралы сұраныстарды жинайды (үлгі бойынша);

3. Ұйымдастыру комитетіне аймақтардан Олимпиадаға қатысушылар туралы жинақ кестесін жібереді (үлгі бойынша);

4. Мектеп басшыларын Олимпиадаға байланысты керекті құжаттармен қамтамасыз етеді;

5. Мектеп директорларымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;

6. Олимпиада өтілу барысында жергілікті жердегі медициналық қызметкерлердің кезекшілігін ұйымдастырады;

7. Олимпиада өтілу барысында жергілікті органдармен бірлесіп ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің кезекшілігін ұйымдастырады.

Аймақтарға шығатын комиссия қызметі:

1. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу туралы нұсқаулық жүргізеді;

2. Ұйымдастыру комитетінен Олимпиада материалдарын алады: сұрақ кітапшасы, жауап парағы, келу парағы, актілер т.б.;

3. Мектептерге келген күні Олимпиададан 1 күн бұрын аудиториялардың барлығында көрнекі жерлерді жадынамамен қамтамасыз етеді. Жадынамаға Олимпиаданың өтілу ережесі енгізілген;

4. Олимпиадаға 1 күн қалғанда Олимпиада өтетін орынды тексереді:

- Білім басқармасы, аймақтық комиссия өкілдері мен кезекші орнының дайындығы;

- Олимпиада өтетін аудиториялар дайындығы;

- Қатысушыға арналған жадынаманың есікте ілініп тұруы;

- Олимпиада пәні мен нөмірі жазылған тақтайшалардың болуы;

- Дәлізде аудиторияларды көрсететін сілтемелердің болуы;

- Аудиториялар бойынша бекітілген кезекшілер тізімінің болуы;

- Олимпиада тұсаукесерін өткізетін акт залының дайындығы (залда міндетті түрде компьютер, микрофон, проектор, презентациялық тақта болуы керек);

5. Олимпиадаға 1 күн қалғанда кезекшілермен нұсқаулықпен таныстыру, үйрету жұмыстарын жүргізеді. Кезекшілерді ауыстырған жағдайда олардың тізімге енгізілуін, нұсқаулықпен танысуын тексереді, қамтамасыз етеді;

6. Олимпиада ережесі бойынша басқа да функцияларды орындайды.

Ескерту: Олимпиада өтетін мектептерде Олимпиада өтетін күні қолданылмайтын барлық кабинеттердің, аудиториялардың (дәретханалардан басқа) жабық болуын талап ету керек. Барлық қосымша кіріп-шығатын есіктер жабық болуы тиіс. Мектеп территориясы мен сыртқы дәретханадан мектепке дейінгі жол бөтен адамдар жүрмейтіндей болуы керек. Әрбір аудиторияда Олимпиада пәні мен нөмірі жазылған тақтайшалар, дәлізде аудиторияларды көрсететін сілтемелердің болуы қажет.

ОЛИМПИАДАНЫҢ ӨТУ КЕЗЕҢІ

Білім Басқармаларының қызметтері:

1.Электр және телекоммуникация қызметтерінің тоқтаусыз жұмыс жүргізілуін қамтамасыз ету;

2.Олимпиадаға қатысушылардың келуін қамтамасыз ету;

3.Ішкі істер қызметкерлерінің кезекшілігін қамтамасыз ету;

4.Облыстық (жергілікті) бұқаралық ақпараттық құралдар арқылы халыққа Олимпиада туралы хабарландыру беруге ықпал жасайды.

Мектеп басшысының қызметтері (Олимпиада өтетін орын):

1. Аудиторияларды тест өткізуге дайындайды (әрбір аудиторияда тақта, бор болуы керек, ылғалды тазарту жұмыстарын алдын-ала жүргізіп қою керек);

2. Кезекшілердің уақтылы келуін қамтамасыз етеді;

3. Кезекшілерді аудиторияларға бөледі;

4. Медициналық қызметкерлердің Олимпиада кезінде кезекшілігін қамтамасыз етеді;

5. Оқушыларды мектепке кіргізу, жинақтау, аудиторияларға бөлу кезіндегі тәртіпті бақылайды және қамтамасыз етеді;

6. Аудиторияларға оқушыларды шығарып салуды ұйымдастырады;

7. Олимпиада тұсаукесерін өткізетін акт залының дайындығы (залда міндетті түрде компьютер, микрофон, проектор, презентациялық тақта болуы керек);

8. Техника қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;

9. Аймақтық комиссия жұмысын ұйымдастыруға жағдай жасайды.

Аймақтық комиссия жұмысының қызметтері:

1. Кезекшілерге қайталап нұсқаулық өткізеді;

2. Олимпиада мен университет туралы оқушыларға жалпы презентация өткізеді (Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері, жеңімпаздар мен жүлдегерлердің құқықтары);

3. Олимпиада басталатын уақытты қадағалайды. Олимпиаданың басталу уақыты – жергілікті уақытпен сағат 12.00.

4. Оқушылардың дұрыс отыруын, сұрақ кітапшаларының дұрыс таратылуын қадағалайды;

5. Жауап парақтарын толтыруды дұрыс түсіндірілгенін бақылайды;

6. Келу парағының дұрыс толтырылуын бақылайды;

7. Олимпиада басталғанына 20-25 минут өткеннен кейін тіл және пән бойынша аудиториялардағы нақты оқушылар санын (келу парағы бойынша) анықтайды. Артық сұрақ кітапшаларын қайтарып алады. Олимпиада біткенше жауап парақтары аудиториядан шығарылмайды. Олимпиада басталғаны хабарланғаннан кейін кешіккендер кіргізілмейді;

8. Олимпиаданың өтілу барысын қадағалайды;

9. Олимпиада аяқталған соң аудитория бойынша кезекшілерден Олимпиада материалдарын қабылдайды;

10. Олимпиада материалдарының сақталуын қамтамасыз етеді: жауап парағы, сұрақ кітапшасы, келу парағы;

11. Облыстық (жергілікті) бұқаралық ақпараттық құралдар арқылы халыққа Олимпиада туралы хабарландыру береді.

Аудитория бойынша кезекшілердің қызметтері:

1. Тест бастамас бұрын аудиторияның нөмірі көрсетілгенін, осы аудиторияға келетін оқушылардың санына қарай орындардың жетуін, тақта мен бор болуын қамтамасыз етеді;

2. Олимпиада өтетін аудиторияның дайындығын тексереді;

3. Аймақтық комиссия өкілінен Олимпиада материалдарын (акт бойынша) қабылдап алып, аудиторияға апарады;

4. Оқушыларды аудиторияға кіргізеді;

5. Оқушыларды орын-орындарына орналастырады;

6. Оқушыларға Олимпиада тәртібі туралы ескертеді;

7. Олимпиада тапсырмалары салынған қораптарды ашады;

8. Олимпиада тапсырмаларын таратады;

9. Жауап парағын толтыру ережесімен таныстырады;

10. Аудиторияда тәртіп сақталуын бақылайды;

11. Олимпиада біткен соң оқушылар жұмысын қабылдап алып, Олимпиада материалдарын аймақтық комиссия өкілдеріне өткізеді (акт бойынша).

Оқушыларды аудиторияға кіргізу және орындарына орналастыру:

Аудиторияға оқушылар бір-бірден кіргізіледі. Кезекші оқушылардың сөмкелері, кітаптары, ұялы телефондарының арнайы бөлінген жерге қалтырылуын қадағалайды. Олимпиада басталғаны туралы хабарланғаннан кейін оқушыларды аудиторияға кіргізу тоқтатылады.

Аудиториядағы оқушылардың тәртібі:

1. Олимпиада үзіліссіз өтеді. Олимпиаданың алғашқы 30 минутында аудиториядан шығуға тыйым салынады.

2. Орын ауыстыруға, олимпиада тапсырмаларын өзара ауыстыруға, көшіруге, оны пайдалануға, мобильдік құралдар (смартфон, ұялы телефон) кіргізуге қатаң тыйым салынады, бұл ереже бұзылған жағдайда оқушы аудиториядан шығарылады.

3. Оқушы кезекшінің айтқанын мұқият тыңдайды және өзін талапқа сай ұстайды.

4. Жауап парағы бір дана ғана беріледі, сондықтан оқушы оны бұзбау керек, басқа парақ берілмейді, ауыстырылмайды, сондықтан оқушы оны толтырған кезде қатесіз, түзетусіз мұқият толтыруы керек.

5. Егер оқушы Олимпиада тапсырмасын берілген уақыттан ерте бітірсе, жұмысын кезекшіге өткізіп шыға беруіне болады.

Олимпиада материалдарын тарату және дұрыс толтыру ережесін түсіндіру:

1. Олимпиада материалдарын тарату алдында кезекші оқушыларға төмендегі ескертулерді жасайды;

· Бір орыннан екінші орынға ауысуға тыйым салынады;

· Олимпиада материалдарын рұқсатсыз ашуға тыйым салынады;

· Басқа оқушылармен Олимпиада тапсырмаларын ауыстыруға тыйым салынады;

· Анықтамалық әдебиеттерді, әртүрлі электронды аппараттарды (жазу кітапшасы, калькулятор, ұялы телефон, смартфон), түзеткіш сұйықтарды қолдануға тыйым салынады;

· Басқа оқушылармен сөйлесуге, көшіруге тыйым салынады;

· Олимпиаданың алғашқы сағатында аудиториядан шығуға тыйым салынады (қалған уақытта екіден көп емес балаларға шығуға рұқсат етіледі).

2. Оқушы жауап парағының оң жақ бұрышына қол қойып, Олимпиадаға қатысу пәні мен өз аты-жөнінің дұрыс жазылғанын растайды;

3. Жауап парағы мен сұрақ кітапшалары аудиторияда Олимпиада басталар алдында ашылады. Алдымен жауап парағы таратылады, оны толтырып болған соң ғана сұрақ кітапшалары таратылады. Оны таратқан соң кезекші оларды толтыру ұстанымдарын түсіндіреді:

· жауап парағын ластауға, жыртуға, умаждауға тыйым салынады;

· түзеткіш сұйықтар қолдануға қатаң тыйым салынады;

· оқушы жауап парағының оң жақ бұрышына өз қолын қояды. Егер оқушы қате толтырса, жауап парағы қайта берілмейді;

4. Қатысушы жауап парағын толтырғаннан кейін кезекші сұрақ кітапшасын таратады;

5. Сұрақ кітапшасы таратылғаннан кейін оқушы сұрақ кітапшасының парақтары түгел екендігін тексереді;

6. Тіркеу формасы толық толтырылып біткеннен кейін кезекші тақтаға Олимпиаданың басталу және аяқталу уақытын жазады. Осы уақыттан бастап сұрақ және түсіндіру тоқтатылады. Жауаптарды белгілеу Олимпиаданың таза уақытына енеді.

Олимпиаданың таза уақыты пән бойынша белгіленеді:

Пән атауы Берілетін уақыты
  Қазақ тілі мен әдебиеті 120 минут
  Орыс тілі мен әдебиеті 120 минут
  Ағылшын тілі 120 минут
  Дүниежүзі тарихы 120 минут
  Биология 120 минут
  География 120 минут
  Физика 120 минут
  Химия 120 минут

 

7. Ереже бұзылған жағдайда кезекші аймақтық комиссия өкілін ол туралы ескертеді және онымен жазалау түрін шешеді. Олимпиада кезінде кезекші аудиториядан шықпау керек. Аудиторияда қатысушыларға әр 30 минуттың өткенін хабарлап отырады.

8. Олимпиада кезінде аудиторияға бөгде адам кіруге қатаң тыйым салынады. Аудиторияға тек білім Басқармасы, мектеп басшысы мен аймақтық комиссия өкілі ғана кіруге болады.

Олимпиада материалдарын қабылдау және өткізу:

1. Олимпиада материалдары: жауап парағы, сұрақ кітапшасы әр оқушыдан жеке қабылданады, оқушы жауап дайын болған соң немесе Олимпиада уақыты біткеннен кейін кезекшіге өткізеді.

2. Кезекші оқушылардың жауап парағының барлық қажетті бөліктерінің толтыруын тексереді.

3. Кезекші Олимпиада материалдарын конвертке салып, аймақтық комиссия өкілі отырған бөлмеге жеткізеді.

4. Кезекші акт бойынша аймақтық комиссия өкіліне келесі құжаттарды өткізеді: жауап парағы салынған конверт, сұрақ кітапшалары салынған папка.

5. Пәндік Олимпиаданың барлық актілеріне мектеп басшысы мен аймақтық комиссия өкілі, кезекші қол қояды және мектептің (Олимпиада базасының) мөрімен бекітіледі.

 

ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ КЕЗЕҢІ

Аймақтық комиссияның қызметтері:

1. Ұйымдастыру комитетіне (акт бойынша) қаттау тізімі бойынша төмендегі құжаттарды өткізеді: жауап парағы салынған конверт, оқушылардың келу парағы салынған папка, сұрақ кітапшалары салынған корапша;

2. Ұйымдастыру комитетіне (үлгі бойынша) орындалған жұмыс және статистикалық көрсеткіштерді қағаз және электронды түрде өткізеді;

Ескерту: Олимпиада кезінде аудиториядан шығарылған оқушының жауап парағы қабылданбайды.

Ұйымдастыру комитетінің міндеттері:

1. Жауап парағын кодтайды, оларды қайта конвертке салып, Сараптамалық комиссияға тексеруге береді;

2. 1 ай ішінде Олимпиадаға қатысушылардың жұмыс нәтижесі туралы қорытынды жасап, сайтқа енгізеді;

3. Олимпиада қорытындысы бойынша сертификат дайындап, оқушыларға таратады;

4. Аймақтық комиссиядан орындалған жұмыс туралы есеп пен статистикалық көрсеткіштерді қағаз және электронды түрде жинақтайды;

5. Олимпиада туралы жыл сайын есеп беріп отырады;

6. Олимпиаданың салтанатты жабылу рәсімін ұйымдастырады және өткізеді, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттайды.

Білім Басқармаларының қызметтері:

1. Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің Олимпиаданың салтанатты жабылу рәсіміне қатысуын қамтамасыз етеді;

2. Ұйымдастыру комитетінен (акт бойынша) сертификаттарды қабылдап алады;

3. Мектеп директорларына сертификаттарды таратуды қамтамасыз етеді;

4. Олимпиадаға қатысушыларға сертификат тапсырады.

 

Ұйымдастыру комитетінің төрайымының орынбасары:

Тойбаев Адлет Жүнісұлы

Алматы қ, Әйтеке би, 99

+7 727 233-18-43

Adlet1605@list.ru

 

Олимпиада Координаторы

Калымова Кульзия Акрашевна

Алматы қ, Әйтеке би, 99

+7 727 279-54-24

gulzia_kalymova@mail.ru

 

Олимпиада Менеджері:

Кәсіптік бағдар және карьера бөлімі

Алматы қ, Әйтеке би, 99

+7 727 233-19-50

gauhartas7@mail.ru

 

 

Олимпиаданың сайты: www.kazmkpu.kz.

 


Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 264 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Способы построения локальной сети предприятия (корпоративной сети).| Обеспечивает готовность аудиторий к тестированию (в каждой аудитории должны быть подготовлены доска и мел, проведена влажная уборка);

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.034 сек.)