Читайте также:
|
|
7.1. Жоспарлау жобасы қаланың және басқа қоныстардың жекелеген бөлiктерi мен қызметтік аудандарына, ал қажет болған жағдайда шағын қаланың, кенттiң және ауылдық елдi мекеннiң бүкiл аумағына әзiрленедi (бұл орайда жоспарлау жобасы бас жоспармен қосарландырылады).
Жоспарлау жобасы сондай-ақ елдi мекен шектерiнен тыс орналасқан аумақтарға әзiрлене алады.
7.2. Жоспарлау жобасы бас жоспар шешiмдерi-нiң негiзiнде орындалады және төмендегiлердi белгiлейдi: қызметтік-қала құрылыстық аудандарға бөлудi айқындаумен аумақты жоспарлық ұйымдастырудың негiзгi бағыттары; қызыл жолақтар мен құрылыс салуды реттеу жолақтары; халыққа әлеуметтiк, мәдени және коммуналдық қызмет көрсету объектiлерiн жайғастыру үшiн аумақтар сақтау; мемлекеттiк, жеке және өзге де меншiк нысанындағы аумақтардың шекаралары, жер телiмдерi мен басқа да жылжымайтын мүлiк шекаралары мен рұқсат етiлген құқық нысандары; көше-жол торабы мен көлiк қызметiн көрсетудi ұйымдастыру, инженерлiк байланыстарды трассалау; көшелердiң қималық пiшiндерi; аумақты көркейту және көгалдандыру; бұқаралық қала құрылыстық сервитуттар мен басқа талаптар.
Жоспарлау жобасында аумақта құрылыс салудың көлемдiк-кеңiстiктiк және сәулеттiк-көркемдiк шешiмi, жылжымайтын тарих, мәдениет және сәулет ескерткiштерiнiң күзет аудандарын пайдалану бойынша ұсыныстар әзiрленедi.
Бекiтiлген жоспарлау жобасы аудандарға бөлудiң құқықтық жоспарларын, құрылыс салу жобаларын әзiрлеу және заңды және жеке тұлғаларға табыстауға жер телiмдерiн кесу үшiн негiз болып табылады.
7.3. Жоспарлау жобасы жобалық материалдар-дың төмендегi құрамында әзiрленедi:
- жобаланушы ауданды елдi мекен жүйесiнде немесе қоныстандыру жүйесiнде жайғастыру сұлбасы;
- тiректiк жоспар (қазiргi пайдалану сұлбасы);
- құрылыс салу нобайы (қызметтік-қала құры-лыстық аудандарға бөлу жоспары);
- көлiк пен көше-жол торабын ұйымдастыру сұлбасы;
- инженерлiк жабдықтау сұлбасы;
- аумақты тiк жоспарлау және инженерлiк дайындау сұлбасы;
- қызыл сызықтардың бөлшектiк сызбасы;
- көшелердiң қималық пiшiндерi;
- жобаланушы аумақтың құрамына өнеркәсiптiк-өндiрiстiк объектiлер қосылған жағдайда қоршаған ортаға әсердi бағалау.
7.4. Жоспарлау жобасының кескіндемелік материалдары 1:2000 және 1:1000 масштабта, қималық пiшiндер 1:200 немесе 1:100 масштабта әзiрленедi.
7.5. Жобаланушы ауданды елдi мекен жүйесiнде немесе қоныстандыру жүйесiнде, қаланың, басқа қоныстың бас жоспарының масштабындағы аумақта немесе аудандық жоспарлау жобасында жайғастыру сұлбасында қоныстың негiзгi қызметтік аудандары, жасыл және тынысжайлық аудандар, ауданның қоршаған құрылыспен негiзгi инженерлiк және көлiк байланыстары көрсетiледi.
7.6. Тiректiк жоспарда (қазiргi пайдалану сұлбасында) төмендегiлер көрсетiледi: аумақты қызметтік пайдалану, жоспарлық шектеулер, күзетiлетiн аумақтардың шекаралары, санитариялық-қорғаныс аудандары; экологиялық тұрғыдан қолайсыз аумақтар, ғимараттар мен құрылыстардың қабаттығы және бағытталуы бойынша сипаттамаларын қоса қазiргі бар құрылыс; оларды қызметтік мен меншiк нысандары бойынша бөлiп көрсете отырып, жер бөлімшелерiнiң шекаралары; өтпе бөлiктерiнiң жабындысының типін көрсете отырып, көше-жол торабы, мал айдау жолдары, көлiк құрылыстар; инженерлiк жабдықтау құрылыстары мен байланыстары; қилы құрылыс түрлерi үшiн бөлiнген учаскелердiң шекаралары; есептегi және жобадағы қызыл және басқа сызықтар, аумақты қызметтік пайдалану және құрылыс салуды реттеу аудандарының шекаралары.
7.7. Құрылыс салу нобайында (негiзгi сызбада) барлық түрдегi сақталатын құрылыс элементтерi; жасыл желектер мен сақталушы табиғи ландшафт, көркейту бөлімшелерiн қоса аумақты қызметтік пайдалану, салынушы ғимараттар мен құрылыстардың мақсаттық бағытын және биiктiгiн көрсете отырып, аумақта құрылыс салудың сәулеттiк-жоспарлық және көлемдiк-кеңiстiктiк шешiмi, көше-жол торабын қалыптастыру, инженерлiк құрылыстарды жайғастыру және байланыстар салу бойынша жобалық ұсыныстар; меншiк нысандары бойынша құрылыс салу бөлімшелерiнiң шекаралары, жобаланушы қызыл және басқа да сызықтар, құрылыс салуды реттеу шекаралары.
Сызбада құрылыс салу және аумақты игеру кезеңдерi бөлiнiп көрсетiледi.
7.8. Көлiк және көше-жол торабын ұйымдастыру сұлбасында төмендегiлер көрсетiледi: магистральдар мен көшелердiң жіктелуі, түрлi деңгейдегi көлiк қиылыстар, көлiк құрылыстар (жолөткiзгiштер, көпiрлер, эстакадалар, тоннельдер, жаяу өткелдер); көлiк құралдарына (соның iшiнде жерасытылық) қызмет көрсету объектiлерi, уақытша және тұрақты сақтау орындары; қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастыру және аялдау орындары, жаяу қозғалыстың негiзгi жолдары және көшелер мен жолдардан өту орындары.
Сұлбада көлiк қызметiн көрсетудi ұйымдастыру бойынша ұсыныстармен бiрге және жапсарлас салынған объектiлердi қоса қызмет көрсету объектiлерiн жайғастыру аудандары көрсетiле алады.
7.9. Инженерлiк жабдықтау сұлбасында төмен-дегiлер көрсетiледi: суқұбыры, канализация, жылумен жабдықтау, энергиямен жабдықтау, газбен жабдықтау, теледидар, радио және телефон желiлерi мен құрылыстарының қазiргі бар сақталушы, қалпына келтiрiлушi, жойылушы және жаңа трассалары, магистральдық тораптар мен құрылыстарға қосу орындары; энергиямен қамтамасыздандырудың дербес көздерi мен канализацияның оқшауланған жүйелерiн жайғастыру; инженерлiк жабдықтау жүйелерiн басқару орындарын жайғастыру; қазiргі бар және жоюдағы iрi жерастылық құрылыстар.
7.10. Тiк жоспарлау және аумақты инженерлiк дайындау сұлбасында төмендегiлер көрсетiледi: көшелер мен өтпежолдардың қиылыс орындарындағы өтпе бөлiктердiң, бойлық пiшiн иiлiмдерiнiң осьтерi бойынша қазiргі бар және жобадағы белгiлер мен көшелердiң және жолдардың трассалары, жобалық бойлық еңiстер, үстiңгi беттiк суларды бұруды ұйымдастыруды, топырақ төсеу және кесу бөлімшелерiн, (нөсерлiк канализация) суландыру жүйесiн, су алу және су жайылудан қорғауды, сай түзiлу процестерiнiң, дефляция, карст және басқа да қауiптi табиғи және техногендiк процестердiң алдын алуды қоса аумақты инженерлiк дайындау және инженерлiк қорғау бойынша жобаланушы iс-шаралар.
7.11. Қызыл жолақтардың бөлшектiк сызбасында оларды сол жердегi геодезиялық белгiлерге, тiректiк ғимараттар мен құрылыстарға байластырумен жобалық қызыл сызықтардың және басқа да құрылыс салуды реттеу желілердің түйiндерi мен иiлiс нүктелерiнiң координаттары көрсетiледi. Қажет болған жағдайда қызыл сызықтарды өзгерту актiсi орындалады.
7.12. Көшелердiң қималық пiшiндерi инженерлiк желiлердi, өтпе бөлiктi жайғастыруды, құрылыс салуды реттеу желілерін көрсете отырып, жеке сызбада 1:100 немесе 1:200 масштабта көрсетiледi.
7.13. Қабылданған сәулеттiк-қала құрылысы шешiмдерi негiзiнде бас жоспарда айқындалған қала құрылыстық аудандарға бөлудi толық түрде белгілейтін аумақты қызметтік-қала құрылыстық аудандарға бөлу жоспары әзiрленедi. Қызметтік-қала құрылыстық аудандарға бөлу жоспарында оларды пайдаланудың түрлi мақсаттық бағыттарымен (тұрғын үйлiк, өндiрiстiк, қоғамдық құрылыс, жалпы пайдалану, көлiк және т.б.) аумақтың қосалқы аудандары мен бөлімшелерiнiң шекаралары бөлiнiп көрсетiледi.
7.14. Жоспарлау жобасының құрамында қала құрылыстық тұрғыдан күрделi жобалар әзiрлеу кезiнде тапсырыс берушімен келiсiм бойынша жобалауға тапсырмада белгiленген көлемде және масштабта жоспарлау мен құрылыс салудың макеттерi орындалуы мүмкiн.
7.15. Түсiнiктеме жазбахаттың құрамында төмендегiлер болуға тиiс: осы Нұсқаудың...қосымшасына сәйкес жобаның негiзгi техникалық-экономикалық көрсеткiштерi, сондай-ақ табиғи-климаттық шарттар, аумақты қазiргi пайдалану, тұрғын үйлiк, қоғамдық және өндiрiстiк ғимараттар мен құрылыстар қорының, инженерлiк және көлiк тораптарының, аумақты көркейтудiң ахуалы туралы деректер; санитариялық-эпидемологиялық жағдай және оны жақсарту бойынша iс-шаралар; қолданыстағы және жайғастыруға белгiленген өнеркәсiптiк-өндiрiстiк объектiлердiң қоршаған ортаға әсерiн бағалау; сәулеттiк-жоспарлық шешiмдердiң негiздемелерi, құрылыс үшiн ұсынылатын тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардың типтері, халыққа әлеуметтiк-тұрмыстық қызмет көрсетудi ұйымдастыру бойынша ұсыныстар, аумақты меншiк түрлерi бойынша бөлу, аумақты пайдалану тәртiптемесi.
Қала құрылыстық жобаның құрамына, сондай-ақ қағаз және магниттiк негiзде орындалған құрылыс салу нобайының сұлбалық сызбасы және жоспарлау жобасының негiзгi ережелерi қосылады.
7.16. Жоспарлау жобасының мiндеттi (бекiтiлушi) бөлiгiне төмендегiлер кiредi: қызыл сызықтардың бөлшектiк сызбасы; қималық пiшiндер; халыққа әлеуметтiк-тұрмыстық қызмет көрсету объектiлерiн жайғастыруды қоса аумақты қызметтік-қала құрылыстық аудандарға бөлу жоспары; инженерлiк жабдық жүйесi; аумақты инженерлiк дайындау және қорғау бойынша iс-шаралар, жерлердi меншiк нысандары бойынша бөлу.
Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 254 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
АЛА, КЕНТ ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ ЕЛДI МЕКЕННIҢ БАС ЖОСПАРЫ | | | РЫЛЫС САЛУ ЖОБАСЫ |