Читайте также:
|
|
Шаруашылық операция мазмұны | Дебет | Кредит |
Дайын өнімді кіріске алу | 8110, 8210, 8310 | |
Дайын өнімді ақысыз беру | ||
Материалдар мен шикізаттар негізгі өндіріс цехына босатылды | ||
Өндірістен шыққан дайын өнім қоймаға кірістелді | ||
Жабдықтаушылардан материалдар мен шикізат алынды | ||
Оның ішінде ҚҚС 12% көрсетілді | ||
Сатып алынған өнімнің өзіндік құнын есептен шығару | ||
Қоймалардағы артық шыққан дайын өнімдерді кіріске алу | ||
Дайын өнімдерді зертханалық сараптау өткізу және әкімшілік шығындары үшін есептен шығару | ||
Сатып алушылардан берешек сомасы келіп түсті | 1010, 1030 | |
Қорларды есептен шығару үшін жасалған резерв | ||
Дайын өнім бағасының құлдырауына байланысты өзіндік құнын есептен шығару |
Экономикалық инвестицияның тиімділігінің көрсеткішін есептеу; Жаңа техника және технологияларды пайдаланудағы техникалық деңгейдің тиімділігін көрсететін есебі.
Инвестициялық жобаның эеономикалық тиімділігін анықтайтын 4 көрсеткіш бар:
1)Таза дисконттық табыс(ТДТ)
2)Табыстылық индексі(ТИ)
3)Табыстылықтың ішкі нормасы(ТІН)
4)Өтемділік мерзімі(ӨМ)
Таза дисконттық табыс(ТДТ)
Егер есеп мерзімінде инфляциялық өзгерістер болмаса немесе есеп базалық бағада жасалатын болса,онда тұрақты дисконтты норма үшін ТДТ:
ТД (29)
;
T-объектіні жою адымының нөмеріне тең есеп тегі;
Е-дисконт нормасы
*Егер ТДТ 0 болса,тнвестициялық жоба тиімді
Табыстылық индексі(ТИ)
ТИ (30)
К-инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін жұмсалатын күрделі салымның сомасы;
T-объектіні жою адымының нөмеріне тең есеп тегі;
Е-дисконт нормасы;
*Егер ТИ >1,жоба тиімді.
Табыстылықтың ішкі нормасы(ТІН)
Келтірілген залалдар көлемі келтірілген күрделі салымға тең болған жағдайдағы дисконт нормасы көрсетеді:
(31)
*ТІН инвестордың капиталдан талап ететін табыс нормасына тең не одан көп болған жағдайда инвестициялық жоба салымы тиімді.
Өтемділік мерзімі(ӨМ)
Инвестициялық жобамен байланысты алғашқы салымдардың және басқа шығындырдың сомалық нәтижелермен өтелу мерзімі.
ӨМ ТА (32)
ИШ-жобаны жүзеге саыру үшін қажетті,инвестициялық шығындар сомасы;
-жобаны пайдалану мерзіміндегі таза ақшалай ағымынығ жылдық орташа сомасы.
Кәсіпорында жөндеу шаруашылығын құрудың басты мақсатына негізгі өндірістік қорларды ұтымды пайдалану жатады. Жөндеу шаруашылығының негізгі міндеттеріне:
- негізгі өндірістік қорларды жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізу;
- кәсіпорынның өзі дайындаған немесе жаңадан сатып алынған құрал-жабдықтарын орнату;
- қолданылатын құрал-жабдықтарды модернизациялау;
- қосымша бөліктерді және түйіндерді дайындау;
- жөндеу жүмыстарының тиімділігін арттыру жөнінде шаралар дайындау жатады.
Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығының құрамына бас механик бөлімі, жөндеу-механикалық цехы, майлау және эмульсиялық шаруашылық, құрал-жабдықтар мен бөлшек бөліктер қоймасы кіреді.
Аржылық жоспардың негізгі көрсеткіштер есебі. Таза кіріс, рентабельді көрсеткіштер есебі.Кәсіпорынның қаржылық жағдайларының көрсеткіштерінің есебі.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқада қызметтер түрлері үшін қажетті қаржы ресурстрамен қамтамасыз етілуімен оларды мақсатқа сай тиімді тарату мен пайдалану, басқа субъектілермен қаржылық қарым-қатынаста болу, төлем қабілеті және қаржылық тұрақты болуымен сипатталады.Кәсіпорынның төлемдерін уақытында жүргізу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсы екендігін көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы – тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеті мен несие қабілетін сақтай отырып табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржылық ресурстар көздері. Қысқаша тұжырымдама беретін болсақ: қаржылық тұрақтылық бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. Нарықтық қатынастардың қалыптасуы шаруашылық қызметті біртұтас кешенді талдауды ішкі және сыртқы талдау деп екіге бөлуді қажет етіп отыр.
1. Сыртқы талдау – акционерлерді, банктерді, сақтандыру ұйымдары мен үкімет орындарын кәсіпорынның жұмыс жағдайы мен оның қаржылық жағдайын, есепті кезеңнің шаруашылық қызмет нәтижесімен таныстыру үшін қаржылық газеттер, бюлетеньдер мен арнайы анықтамалардан басылып шығарылатын қаржылық есеп беру.
2. Ішкі немесе басқаруды талдау – бұл кәсіпорын шығаратын өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құнының нормативтері туралы, сапасының төмендеуіне, басқа тұлғалар үшін жабық есеп түрі болып табылады. Сондықтан ішкі талдау басқару есебі ал сыртқы талдау қаржылық есеп негізінде жүргіземіз.
Пайда– тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатудан түскен табыстың осы тауарларды өндіру мен сатуға немесе қызмет көрсетуге жұмсалған шығыннан асып түсуі. Пайда – кәсіпорын мен кәсіпкерлердің шаруашылық қызметі қаржылық нәтижелерінің аса маңызды көрсеткіштерінің бірі. Ол шаруашылық қызметтің өнімін сатудан түскен ақшалай түсім мен өндіріс факторларының осы қызметке ақшалай жұмсалған шығындарының сомасы. Пайданың алынуын немесе оның алынбауын екі нәрсе алдын-ала айқындайды, олар: өнімді өндіру мен өткізуге (жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге) жұмсалған жалпы шығын және негізгі қызметтен тыс жұмсалған шығын. Әдетте, табыс негізгі қызметтен алынған табыс пен негізгі қызметтен тыс қызмет түрінен алынған табыс болып бөлінеді.
Кәсіпорынның негізгі қызметінен алынған табыс өнімді өткізуден (жұмыстарды орындаудан, қызмет көрсетуден) түскен табыстарды, сыйақыны, дивидендті, роялтиді, жалгерлік ақыдан түскен табыстарды, т.б. қамтиды. Негізгі қызметке жатпайтын қызметтен алынған табыстарда, мысалы, негізгі құрал-жабдықты сатудан алынған табыс, бағалы қағаздарды қайта бағалаудан немесе ұзақ мерзімді активтердың баланстық құнын көбейтуден алынған табыс, т.б. қамтылады.
Шығыстар (шығындар) – активтердің немесе олардың құнының азаюы не меншікті капиталды азайтатын, оны меншік иелері арасында бөлісумен байланысты емес міндеттемелердің көбеюі нысанында есепті кезең ішінде экономикалық тиімділіктердің азаюы. Шығыстар негізгі қызмет пен негізгі емес қызмет үдерісінде пайда болған шығыстарға бөлінеді. Негізгі қызмет шығыстары өнімнің (орындалатын жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) өзіндік құнын қамтиды, ал негізгі қызметке жатпайтын қызмет шығыстарына, мысалы, негізгі құрал-жабдықты өткізу нәтижесінде пайда болған шығасы, төтенше жағдайдан келтірілген залалдар, т.б. жатады.
Пайда бірқатар түрлерге бөлінеді: жалпы (баланстық) Пайда деп аталатын толық Пайда, ол өнімді өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызмет көрсетуден, өткізуден тыс операциялардан алынған пайданы (алынған және төленген айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыптары арасындағы айырма, жалға берілген мүліктен төленетін жалгерлік ақы, т.б.) және салықтар мен аударымдар төлегеннен кейін қалған таза пайданы қамтиды.
Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 441 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Ндірістік өнімді есептеу. | | | Кесте 17. "Ақ-Жол-Сервис KZ" ЖШС -нің пайда мен зиян туралы есебі. |