Читайте также:
|
|
Дайын өнім — өндірістік үрдістің соңғы нәтижесі. Ұйым сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен жасалған келісім шарттардағы өнімнің сапасы, көлемі, түрлері жайлы шарттарға байланысты өнім дайындап, шығаруды ұйымдастырады. Ол өнімнің стандартқа сәйкес және техникалық шарттарға сәйкестігі техникалық бақылау қызметінен өткендігі паспорт, сертивикаты және тағы басқа құжаттарымен куәләндірылған қоймаға қабылдап алғаны және басқа жәйлары міндетті түрде АКТ- пен рәсімделеді. "Ақ-Жол-Сервис KZ" ЖШС – ндегі дайын өнімді есептеу үшін 1320 «Дайын өнім» деп аталатын активті инвентарлы шот пайдаланылады. Дайын өнім кәсіпорынның айналым қаражат құрамына кіреді және қаржылық есеп беруде нақты өзіндік құны бойынша көрсетіледі. Дайын өнімнің нақты өзіндік құны есептік кезең аяқталғанан кейін ғана анықталады. Есепті кезең соңында ауытқудың пайызынан сомасын есептеу жолымен шығарылып оның есептік бағасын нақты өзіндік құнына дейін жеткізеді.
Дайын өнімді босату үшін бұйрық – жүкқұжаты жасалады, онда екі құжат біріктірілген: қоймаға берілетін бұйрықты және босату жүкқұжаты. Қоймада берілетін бұйрықты тиісті қызмет бөлімі сатып алушымен жасалған келісім шарттың негізінде, сатыпалушының атын, өнімнің көлемі мен түрлерін,жіберілу мерзімін көрсете отырып толтырады. Материалды жауапты тұлға әрбір бүйрық бойынша өнімдерді жинақтап, оларды босату үшін экспидиторға береді, «Жіберілді» деген графаға өнімнің саны көрсетіледі.
Құжатқа қызмет бөлімінің бастығы, қоймашы және экспидитор қол қояды. Бұйрық – жүкқұжатқа екі дана етіп жасалады: біріншісі экспидиторға беріледі, Ол тауарлы көліктік жүкқұжаты бойынша, сатып алушы қабылдап алатын стансаға дейін қанша сома тасмалдау құны төленгенін, қанша жүктің жіберілгенін, оның орнына санын көрсетеді; екінші жүктің жіберілгендігін растау үшіе қоймаға қалады, Осы құжат бойынша қойма есебінің карточкасында «Шығыс» графасында жөнелтілген жүктің мөлшері көрсетіліп, ол бухгалтерияға өткізіледі. Келесі күні экспидитор бұйрық-жүкқұжатын және көлік тасмалдау ұйымының түбіртегін, типтік формадағы және шот-фактураны сатып алушының атына жазып беру үшін ұйымның бухгалтериясына өткізеді.
Олар бұйрық – жүкқұжатынан басқа, теміржолдың, басқада тасымалдау мекемелернің стансадан жүкті жіберілгендігі туралы белгісі бар жүк тасмалдау құжаты немесе коносамент, жұмысы қабылдау актісі және басқа да тиісті құжаттар болуы мүмкін.
Дайын өнім өндіруді ұйым бухгалтериясы тұрақты түрде бақылап отыруға тиіс. Дайын өнім шығару туралы құжаттар бухгалтерияға күнделікті келіп тұрады, сол жерде өнімнің түрлері, көлемі жайлы натуралды түрде есеп жүргізіледі. Ай аяқталғаннан кейін шығарылған барлық өнімнің көлемі жоспарлау, сату бағасымен және нақты өзіндік құнымен бағаланады (өндірістің аналитикалық есебі бойынша). Есеп жүргізудің журнал-ордерлік формасына сай, шығарылған өнімнің нақты өзіндік құнының сомасы № 10 журнал-ордердің 1320 «Дайын өнім» деп аталатын счеттар тобының дебитінде және 8110 «негізгі өндіріс» деп аталатын счеттың кредиті бойынша көрсетіледі. Қоймадағы дайын өнімнің есебі оперативті-бухгалтерлік тәсіл бойынша жүргізіледі, яғни әрбір өнімнің номенклатурасы бойынша ТМҚ-р (ТМҚ-5) карточкасы ашылады.
Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 187 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Кесте 14. "Ақ-Жол-Сервис KZ" ЖШС -ындағы өнімінің 12,7 кг-ға шаққандағы өзіндік құны. | | | Кесте 16. "Ақ-Жол-Сервис KZ" ЖШС – ндегі дайын өнім бойынша операциялар есебі. |