Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жарғылық капитал мөлшерін анықтау.

Читайте также:
  1. I I I)Амортизация капитала
  2. I I) Капитал
  3. II. ПРИЧИНЫ МЕЖДУНАРОДНОЙ МИГРАЦИИ КАПИТАЛА.
  4. Quot;См.: Маркс К. Капитал. Кн. I. отд. 4, гл. XIII, а также весьма интересный анализ
  5. V. ПЕРЕЧЕНЬ УСЛУГ (РАБОТ), ПРОИЗВОДИМЫХ ПРИ КАПИТАЛЬНОМ РЕМОНТЕ МНОГОКВАРТИРНОГО ДОМА
  6. XXI век: олигархический капитализм в России?
  7. Акционерный капитал

 

Кәсіпорынның жарғылық қызметті бастауды қамтамасыз ету үшін жаңадан құрылған кәсіпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып саналады. Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың, мемлекеттің қаражаттарының, материалдық емес активтердің және басқа да мүліктердің немесе мүліктік құқықтарының есебінен құрылады. Сонымен қоса, жарғылық капитал жаңадан құрылған заңды тұлғалар өз қызметін бастау үшін бастапқы материалдық базасы болып та табылады, ол құрылтайшылардың (акционерлердің, қатысушылардың) қатысу үлесін және кепілдік сипатын анықтайды.

Шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына салынатын салымдары, ақша да, бағалы қағаздар да, мүлік те, мүліктік құқық та және басқа да мүліктер (интеллектуалдық қызметтің нәтижесіне берілген құқын да қоса алғанда) болуы мүмкін. Қазақстан Республикасының «Жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктер туралы» заңына сәйкес жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң серiктестiк атауын, сондай- ақ "жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк" деген сөздердi немесе "ЖШС" деген аббревиатураны қамтуға тиiс фирмалық атауы болады.

Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң құрылтай шарты:

· жазбаша нысанда

· әрбiр құрылтайшының немесе оның уәкiлеттi өкiлiнiң шартқа қол қоюы арқылы жасалады.

· құрылтай шартын нотариат куәландыруға тиiс.

Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғысы.

Серiктестiктi мемлекеттiк тiркеу кезiнде оның жарғысы құрылтай құжаты ретiнде қаралады. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғысында:

· серiктестiктiң фирмалық атауы, орналасқан жерi мен мекен-жайы;

· серiктестiкке қатысушылардың (серiктестiкке қатысушыларының тiзiлiмiн жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын серiктестiктердi қоспағанда) олардың атауы, орналасқан жерi, мекен-жайы, банк реквизиттерi (eгep құрылтайшы заңды тұлға болса) немесе аты-жөнi, тұратын жерi және жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi (eгep құрылтайшы жеке тұлға болса) көрсетiлген тiзбесi;

· серiктестiктiң жарғылық капиталының мөлшерi туралы мәлiметтер;

· серiктестiк органдарын құру тәртiбi мен олардың құзыретi;

· серiктестiктi қайта ұйымдастыру және оның қызметiн тоқтату ережелерi;

· серiктестiкке қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын жағдайда серiктестiктiң таза кiрiсiн бөлудiң тәртiбi;

· серiктестiкке қатысушыларға және үлестердi сатып алушыларға серiктестiктiң қызметi туралы ақпаратты ұсыну тәртiбi және мерзiмi;

· серiктестiкке қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi болуға тиiс.

Жарғыда Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа ережелер де болуы мүмкiн. Серiктестiктiң жарғысында оның қызметiнiң мәнi мен мақсаттары көзделуi мүмкiн.

Серiктестiктiң нотариат куәландырған жарғысында даналары, сондай-ақ оның кейiнгi өзгерiстерi туралы барлық құжаттар серiктестiктi мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырған органда сақталады.

Жарғылық капиталдың бастапқы мөлшерi құрылтайшылар салымдарының сомасына тең болады және серiктестiктi мемлекеттiк тiркеу үшiн құжаттар табыс етiлген күнгi айлық жүз есептiк көрсеткiштiң мөлшерiне бара-бар сомадан кем болмауы керек. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғылық капиталына салым ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүлiктiк құқықтар, оның iшiнде жер пайдалану құқығы мен интеллектуалдық қызмет нәтижелерiне құқық және өзге де мүлiк болуы мүмкiн.


Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 624 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Түсінік -сенім орнатудың ең керемет тәсілі, жеке және іскерлік байланыс серіктестер арасында күшті қатынас құру. | Тығыз емес қарым- қатынас психологиясы. Іскерлік қарым -қатынас шекарасы. | Іскерлік әңгіме құру, іскерлік коммуникация формасы болып табылады. Ролдік ойын -іскерлік әңгімені жүргізу. | Жанжалды, даулы әңгімелесушімен қалай болу керек. Жеке адамның жанжылды жағдайдағы әртүрлі стилдегі әрекеті. | Аудиториямен жұмыс істеу қағидасы. Презентацияның негізгі ережелері және аудиториямен жұмыс. | Ндірістік жеке жұмыс. Жеке жұмыс стильі. Күнделікті жұмыс жоспары, жұмыс үстелі. Жай қателермен өзін -өзі бақылау. | VІІ Блок 2.4 Қызметкерлер және ұйым. | Сызба 3. Еңбекті нормалаудың түрлері | Кесте 4. Ұйымның өндірістік қуаттылығы | Жұмысшылар санының есебі. Жұмысшылардың жылдық еңбек ақы корын есептеу. Өндірістік қызеткерлердің еркін кестесі. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Німнің түрлерін рентабельділікті есептеу.| Кәсіпорын қаражатының нәтижесін қолдану көрсеткішін есептеу.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)