Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тығыз емес қарым- қатынас психологиясы. Іскерлік қарым -қатынас шекарасы.

Читайте также:
  1. Азақстан Республикасы мен Израиль Мемлекеті арасындағы қатынастар
  2. арым-қатынастың адам өміріндегі алатын орны
  3. Арым-қатынастың коммуникативті жағы
  4. Арым-қатынастың формалары мен түрлері
  5. Жеткіншектердің өзіне деген қатынасын этнопсихологиялық тұрғыда зерттеу
  6. Іскерлік қарым қатынас жүйесі.
  7. Іскерлік әңгіме құру, іскерлік коммуникация формасы болып табылады. Ролдік ойын -іскерлік әңгімені жүргізу.

Біз клиенттермен және серіктестермен ашықтық пен сенімге негізделген ұзақ мерзімді қарым-қатынастар құрамыз. Кәсіпорын қызметкерлері заңды, бизнесті адал жүргізудің ережелерін және этикалық нормаларын сақтайды, өздерінің міндеттемелерін орындайды және өздерінің абырой-беделін бағалайды.

Біз кәсіпорынның клиенттеріне, серіктестеріне және инвесторларына ынтымақтастықтың айқын талаптарын ұсынамыз. Біз ешкімді жаңылыстыруды ниет етпейміз, өйткені тиімді ортақ жұмыс сенімге негізделуі тиіс. Таңдау жасауға тура келетін күрделі жағдайларда, біз барлық тараптардың мүддесімен санасатын әділ шешім табуға ұмтыламыз.

Кәсібилік

Біз өзара пайдалы баланста шешім қабылдауда және тәуекелдерді бағалауда ойластырылған тәсілге сүйене отырып, даму мен жаңа білімді бейімдеуде тоқтап қалмаймыз.

Адамдық ресурстар – біздің фирманы қоса алғанда, әрбір фирманың негізі. Біздің мақсатымыз өзінің жетістіктеріне мақтанатын және әдеттерді, дағдыларды иеленген кадрлық әлеуетті қалыптастыру болып табылады.

Біздің корпоративтік құндылықтарымыз:

Ø Адалдық

Ø Кәсібилік

Ø Жеделдік

Ø Жоғары сапа

Жауапкершілік, Шынайы берілгендік, Адал ниетті қарым- қатынас, Адам құқықтарын құрметтеу, Тәуекелдерді басқару. Заңнамаларды сақтау заңсыз жолмен алынған табыстарды заңдастыруға («жылыстатуға») қарсы әрекет; Бизнеске қатысты проблемалардың біртіндеп ушығуы (Бұзушылықтар, сыбайлас жемқорлық және заңсыз қызметтер фактілері туралы хабарлама); Алаяқтықтың алдын алу; Тергеулерге көмек көрсету; Ақпарат – кәсіпорынның меншігі. Кемелдікке ұмтылу клиенттердің жеке өмірін және құпия ақпаратты қорғау клиенттердің шағымдарымен жұмыс. Біздің әрқайсымыз жұмысты әрбіріміздің «тиіс болғандығымыздан» емес, «қалауымыз болғандықтан» істеуіміз және ең жоғары сапада көрінуіміз тиіс. Әрбір басшы өзінің қызметкерлерінің кәсібилігін жоғарылатуға және кадрлардың тұрақтамауынын қысқаруына баса назар аударуы тиіс. Біз кәсіби мамандардың командасын құрамыз және олардың біліктілігін, дағдыларын, әлеуметтік қорғалуын және корпоративтік құндылықтардың жолын ұстауын жақсарту үшін барлық күшті жұмылдырамыз. Әрбір қызметкер өзінің лауазымдық міндеттемелеріне жауапкершілікпен қарауы тиіс, барлық туындаған жұмыс жағдайларын объективті қарастыруы, өзінің жұмысын мұқият жоспарлауы, өзінің лауазымдық міндеттемелерін адал ниетпен және кәсібилікпен орындау үшін қажетті білім мен дағды көлемін иеленуі тиіс.

Жеделдік

Біз клиенттердің шынайы тұтынушылықтарына сәйкес келетін өнімдер мен шешімдерді ұсына отырып, сыртқы факторлардың өзгеруіне жедел әрекет жасаймыз. Бизнес-процестерде уақыт пен ақшаны тиімсіз жұмсауға - жол берілмейді. Клиенттерге қолайлы шешімдер керек және біздің бәсекелестерімізден басымдылығымыз жеделдігімізде болуы тиіс.

Қызмет көрсетудің жоғары сапасы

Клиенттер – кәсіпорын бизнесінің өсуінің негізі екенін түсіне отырып, біз қызмет көрсетудің ең үздік стандарттары біздің бәсекелестік басымдылығымыз болуы үшін үздіксіз жұмыс істейміз.

Біздің клиенттеріміз, олардың мәртебесіне, жағдайлары мен біздің фирмада қызмет көрсетілу кезеңіне байланыссыз, біздің басты артықшылықтарымыз болып табылады. Біздің мақсатымыз - біздің ішкі және сыртқы клиенттерімізге ең үздік қызметтерді ұсынуға қол жеткізу. Біз кәсіпорын қызмет көрсетулері ұсынылатын өнімдік желі тұрғысынан да, сондай-ақ сапа позициясы тұрғысынан да біздің клиенттеріміздің мұқтаждықтарын толықтай қанағаттандыруға бағдарлауғаұмтыламыз. Біз клиентпен жолыққан кезде басты принцип: «Клиенттің айтқаны әрқашан дұрыс» екенін мәлімдейміз және әрбір клиентпен кездескен кезде іс жүзінде осы принципті жүзеге асыруға қол жеткізетін боламыз.

Біздің кәсіби стандарттар:

Шынайы берілгендік

Мақсаттардың бірлігі және жалпы мүдделерге шынайы берілгендік – "Ак-Жол-Сервис KZ" ЖШС бизнесі табысының кепілі. Кәсіпорынның әрбір қызметкері стратегиялық міндеттерді шешудегі өзінің рөлін айқын түсінеді және оларға қол жеткізудің неғұрлым тиімді әдістерін пайдаланады. Банктің басшылығы, өз кезегінде кәсіпорынның және қызметкерлердің игілігіне қызметкерлердің әлеуетін табысты қолдануға және сақтауға, ашып көрсетуге көмектесетін атмосфераны құруға барлық күш-жігерлерін жұмсайды.

Құрмет

Креативтілік, пікірлердің еркіндігі және өзіндік позицияны сақтау құқығын қолдай отырып, біздің мәдениетімізде ұжымда, серіктестермен және клиенттермен өзара қарым-қатынастың негізі ретінде құрметті ерекше орынға қоямыз.

Әрқашан ашық және адал әрекет ету.


Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 383 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Йымның құрылымымен танысу. Жұмыс орнында еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау. | Кәсіпорынның негізгі басшылығымен және мамандарымен, еңбек жағдайы мен жұмыс тәртібімен танысу. | Жұмыс уақытындағы ішкі және сыртқы ақпараттарға қойылатын тәртіппен, шектеулермен танысу. | Сыртқы ортаның сипатын білу және оған тікелей әсер ететін фактор-лар: жабдықтаушылар, тұтынушылар, бәсекелестер. | Сыртқы ортаның жанама әсер ететін факторлары: экономикалық, политикалық және мәдени. | Йымның мақсаты, тапсырмалары, міндеті және философиясы. | Нормативтік құжаттармен танысу, кәсіпорынның беделі және оның ішкі құрылысының басқармасы. | Жоспарлау шешімді дайындау жүйесі: алға қойған мақсаты. | Іскерлік қарым қатынас жүйесі. | Жанжалды, даулы әңгімелесушімен қалай болу керек. Жеке адамның жанжылды жағдайдағы әртүрлі стилдегі әрекеті. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Түсінік -сенім орнатудың ең керемет тәсілі, жеке және іскерлік байланыс серіктестер арасында күшті қатынас құру.| Іскерлік әңгіме құру, іскерлік коммуникация формасы болып табылады. Ролдік ойын -іскерлік әңгімені жүргізу.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)