Читайте также:
|
|
Ұйымның сәтті қызмет жасауы ұйымға қатысты және жаһандық сыртқы ортада әрекет ететін сыртқы күштерге тәуелді. Басқарушылық функцияларын табысты орындау үшін сыртқы өзгермелілерді ескеру қажет. Сыртқы орта – белсенді шаруашылық субъектілер, экономикалық, қо-ғамдық және табиғи жағдайларын, ұлттық және халықаралық институциялық құрылымдары мен кәсіпорын айналасында қызмет ететін және оның қызметіне әсер ететін шарттар мен факторлар жинағы. Сыртқы ортаның маңызы: Ұйым ресурстар, энергия, кадрлар мен тұтынушылар жеткізу жағынан ашық жүйе ретінде сыртқы әлемге тәуелді. Сыртқы ортаға ұйымға, оның қызмет етуіне, оның нәтижелеріне, қызметінің салдарына әсер ететін, бірақ ішкі өзгерістерге жатпайтын шаруашылық жүйенің элементтері кіреді. Сыртқы ортаның негізгі сипаттамасы оның күрделілігі, қарқындылығы мен белгісіздігі болып табылады.Сыртқы ортаның күрделілігі бірнеше жағдайларда көрініс табады. Нақты жағдайда ұйымның қызмет етуіне шарттар мен факторлардың үлкен саны әсер етеді. Олардың табиғаты әртүрлі. Техникалық факторларға технологиялар, матери-алдар жатады. Әлеуметтік шарттар мен факторлар деп әлеуметтік нормалар, құнды-лықтар, қалаулар саналады. Ұйымдастырушылық факторлар – бұл қолданып жүрген ұйымдастырушылық құрылымдар, шаруашылық байланыстар типтері. Сонымен қатар, экономикалық, құқықтық, саяси, мәдени-тарихи шарттар мен факторларды атап өтуге болады. Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуіне байланысты адамдардың әлеуметтік жағдайларында тауарлар мен қызметтерді таңдау жағынан психологиялық және тұлғалық өзгерістер пайда болды. Нарықтық экономикаға өткенге дейін республика халқы үнемі тауар жетіспеушілігін сезініп отырды, сұраныс жалпы тауарлар ұсынысынан жоғары болды. Қазіргі кезде нарық жедел өзгеруде, көптеген тауарлар ұсынысы оған деген сұраныстан жоғары. Тікелей әсер ететін факторлар:Жеткізушілер ( жабдықтаушылар). Ұйым барлық ресурстарды сыртқы ортадан алады. Мысалы, еңбек ресурстарын, шикізатты, техника, құрал-жабдықтарды, энергияны, қаржыны белгілі бір бағамен, белгілі бір уақыт аралығында басқа ұйымдардан алып отырады, міне осындай ресурстармен қамтамасыз етіп отыратын мекемелер жеткізушілер болып саналады. Ресурстар қажет кезінде жеткізілмесе, онда ұйымның жұмысына кедергі болып, тоқтап қалады. Сондықтан олар тікелей әсер етуші фактор болып табылады. Тұтынушылар. Әрбір кәсіпорынның мақсаты өндірілген өнімдерін тұтынушыларға ұсынып, олардың тілек-талабынан шығып, қажеттілігін қанағаттандыру. Егертұтынушылардың сұранысын алдынала зерттеп, анықтамаса, онда өнімдер сатылмай, ұйымның шығындары ақталмайды, сондықтан тұтынушылардың талабымен са-насу арқылы ғана ұйым мақсатына жетеді. Тұтынушылырдыңмінез-құлқы нарықтың әр түрлі тауарлармен толығу мөлшеріне қарай өзгеріп тұрады. Тұтынушы нені, қашан, қай жерден сатып алу керектігі туралы шешім қабыл-дай отырып, қандай тауар өндіру керектігін анықтайды. Бәсекелестер. Ұйым көздеген мақсатына жету үшін басқа да бәсекелес ұйым-дардың іс-әрекеттерімен санасуына тура келеді. Бәсекелес ұйымдардың нарықта алатын орны, өндіріс ауқымы, сату шапшаңдығы, басты ерекшеліктері, баға деңгейі, жарнамаларының тиімділігі, жаңалығы, тәжірибесі, өнім сапасы, қызметкерлердің білім деңгейі, жалпы беделі осы ұйым үшін ерекше роль атқарады. Әрбір ұйымның бәсекелестік қабілеті жоғары болған жағдайда ғана табысқа жетеді. Сол себепті, кәсіпорын өзімен бәсекелес, даму деңгейі жоғары ұйымдардың жұмысын үнемі бақылап отыруы тиіс, бұл жағдайда кәсіпорын әрқашан алға шығып, дами түседі.
Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 921 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Жұмыс уақытындағы ішкі және сыртқы ақпараттарға қойылатын тәртіппен, шектеулермен танысу. | | | Сыртқы ортаның жанама әсер ететін факторлары: экономикалық, политикалық және мәдени. |