Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

арым-қатынастың адам өміріндегі алатын орны

Читайте также:
  1. Арым-қатынастың коммуникативті жағы
  2. Арым-қатынастың формалары мен түрлері
  3. Неге плевра қуысына пункция жасаған кезде қабырғаның жоғарғы жиегі бойынша жасалатынын түсіндіріңіз? 1 страница
  4. Неге плевра қуысына пункция жасаған кезде қабырғаның жоғарғы жиегі бойынша жасалатынын түсіндіріңіз? 2 страница
  5. Неге плевра қуысына пункция жасаған кезде қабырғаның жоғарғы жиегі бойынша жасалатынын түсіндіріңіз? 3 страница
  6. Неге плевра қуысына пункция жасаған кезде қабырғаның жоғарғы жиегі бойынша жасалатынын түсіндіріңіз? 4 страница

Психология ғылымындағы негізгі терең де, мәнді, мазмұнды әрі мағыналы ұғымдардың бірі — қарым-қатынастық. Қарым-қатынассыз жеке адамды түсіну оның дамыр-жетілуін талдап, білу мүмкін емес. Қарым-қатынас ұғымы адамдардың бір-бірінен күрделі, көптеген түрлі жақындасу процестерін көрсетіп, олардың бірігіп жасайтын іс-әрекеттерінің қажеттіліктерін орындау үшін қолданылады. Дәл осы қарым-қатынас кезінде адамдар бірінен-бірі өзара керекті мәлімет, ақпараттар ала алады, бірін-бірі дұрыс қабылдап, түсініп,бірігіп қызмет атқару үшін бәріне бірдей жоспар құрады. Өзіміз күнделікті қолданып жүрген қарым-қатынасты бірнеше түрге бөлуімізге болады. Олар: тура, жанама, біреу арқылы (тура емес). Олардың алғашқысы тура қарым-қатынас соның көмегімен адамзат тарихының мәдениетінің т.б. өркендеуі негізінде тікелей емес қарым-қатынас пайда болған. Тікелей емес қарым-қатынас жазбаша түрдегі немесе техникалық байланыс құралдарының көмегімен жүзеге асатын толық емес психологиялық контакт.

Адамзат тәжрибесін игеруде жазудың, кітаптың, басқа да әр түрлі техникалық құрал-жабдықтардың пайда болуы тікелей емес қарым-қатынас жасаудың жүйесін тездетіп, әрі күрделендіре түсті.

Күнделікті өмірде кездесетін қарым-қатынасты ары қарай жеке адамдар аралық және көпшіліктік деп екіге бөлеміз. Жеке адам аралық қарым-қатынаста топтарда адамдардың жеке дара ерекшеліктерін білу, қайғы-қуанышына ортақтасу, түсіну, бірігіп, іс-әрекет ету негіздерінде қалыптасатын болса, көпшіліктік қарым-қатынас – көпше түрде таныс емес адамдардың және көпшілік мәлімет ақпарат құралдары арқылы жасалатын бір жақты қарым-қатынас. Осындай қарым-қатынас түріне өнердегі және эстетикалық қарым-қатынасты енгіземіз.

Қарым-қатынас барысында адамдар өзін көрсетеді. өзі үшін және басқа лар үшін жеке дара қасиеттерін аша түседі. Сонымен қатар кейбір қасиеттері қарым-қатынаста қалыптасады, өзгеріске ұшырайды.

“Адам тек басқалар арасында ғана адам бола алады”- деп И.Бехер (15) айтқан сөздің мағынасы өте тереңге тамыр жаяды. Адамдармен қарым-қатынас адамның адамзаттық тәжірибені игеруі, қоғамдағы қалыптасқан құндылықтарды өз бойына сіңіруі, білім мен іс-әрекет түрлерін игеруі; адамның дара тұлға ретінде қалыптасуы іске асырылды. Яғни қарым-қатынас әрбір адамның адам болып қалыптасуының, жан-жақты, әрі психологиялық дамуының маңызды факторы. Қарым-қатынасты адам өміріндегі үзіліссіз жүретін процесс деп айтар болсақ, қателеспеспіз. Осыған байланысты Л.С. Выготский былай деген: “Адам өзімен өзі болғанда да қарым-қатынас функциясын сақтайды” (11). Яғни, бұл жағдайда адамның өз-өзімен қарым-қатынасқа түсуін ішкі немесе сыртқы сөйлеу арқылы жүзеге асатын,диалог типіндегі адамның ойлауының әдісі ретінде қалыптастыруға болады.

Қарым-қатынас адамның психологиялық бейнесін қалыптастырып, өзгертудің маңызды шарты. Бала дамуының белгілі кезеңдерінде мінез-құлықы, іс-әрекеті және баланың қоршаған ортасымен өзіне деген қатынасы, көзқарасы үлкендер арқылы іске асырылады. Д.Элкокиннің айтуынша: “Бала әрқашанда екі адам — оның өзі және ересек адам” (22). Даму барысында бала мен ересектің сыртқы тікелей емес қарым-қатынасы баланың ішкі психологиялық процесіне және де баланың дербестік ерікті іс-әрекетіне айналады.

Бала мен ересектің қарым-қатынасы білім, іскерлік, дағдыны берудің жай қосындысы емес, өзара әсерлесу нәтижесінде өзара құндылыққа баю мен өзгерудің күрделі процесі. Адамдармен қарым-қатынаста адам өзін-өзі танып-біліп,өз-өзіне деген сенімге ие болды. Адам өзін-өзі бағалау үшін әрқашан басқалардың мақұлдауы мен қолдауын қажет етеді. Балалардың қоршаған ортада қарым-қатынасқа түсуі олардың жан-жақты дамып, қалыптасу процесінде орасан зор роль атқарады. Отбасы, балабақша, құрбы-құрдастарының баланың тұлға болып қалыптасуына белсенді әсерін тигізеді. Жоғарыда аталып өткен әлеуметтік топтарда топ мүшелерінің өзара қарым-қатынас негізінде топтың моральдық-психологиялық атмосферасы құрылады. Топтағы психологиялық климат баланың жеке тұлға болып қалыптасуында шешуші роль атқарады. Сонымен қатар әлеуметтік топта жүргізілетін тәрбиелік жұмыстарға да тигізетін әсері аз емес.

 

 


Дата добавления: 2015-08-10; просмотров: 585 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Йымдық құрылымға қойылатын талаптар | Ндірісті басқару құрылымының түрлері | Орытынды 1 страница | Орытынды 2 страница | Орытынды 3 страница | Орытынды 4 страница | Орытынды 5 страница | Мен әдіс-тәсілдері. | Шиеленісті, стрессті басқару | Арым-қатынастың формалары мен түрлері |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Арым-қатынастың коммуникативті жағы| ВИМОГИ ДО КАРТ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)