Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Орытынды 4 страница

Читайте также:
  1. BOSHI женские 1 страница
  2. BOSHI женские 2 страница
  3. BOSHI женские 3 страница
  4. BOSHI женские 4 страница
  5. BOSHI женские 5 страница
  6. ESTABLISHING A SINGLE EUROPEAN RAILWAY AREA 1 страница
  7. ESTABLISHING A SINGLE EUROPEAN RAILWAY AREA 2 страница

Ұйымның мәнін ашатын белгілер:

- ұйым – адамдардың бірлестігі;

- ұйым жалпы мақсатқа жету үшін құрылып, қызмет етеді;

- жалпы мақсатқа жету шарты – бірлескен іс- әрекет, ол өзара қатынасу нысандарында іске асады;

- ұйымның белгілі шеқаралары бар. Олар: іс-әрекет түрі, жұмысшылар саны, капитал, өңдірістік көлем, территория.

 

Ұйым –жалпы мақсатқа немесе мақсаттар жүйесіне жету үшін іс- әрекеттері саналы түрде үйлестірілетін, адам топтарынан тұратын әлеуметтік бірлестік. Ұйымға қойылатын талаптар:

- топ бөлігі ретінде 2 адамнан кем болмауы;

- топ мүшелері ортақ деп қабылдайтын кем дегенде бір мақсаттың болуы;

- барлығына манызды мақсатқа жету үшін саналы түрде бірге жұмыс істейтін топ мүшелерінің болуы.

Бұл талаптар ресми ұйымға тән. Сонымен қатар бейресми топтар да болады.

Ұйымның өмірлік цикл тұжырымдамасына сай оның іс-әрекеті келесі 5 негізгі кезендерден өтеді:

1. ұйымның өмірге келуі, басты мақсат - өмірін сақтап қалу;

2. балалық шақ және жастық шақ, басты мақсат- пайда табу және тез өсу;

3. толығу, орта жас, басты мақсат –жүйелі үйлесімді өсу, жеке имиджді қалыптастыру;

4. ұйымның қартаюы, басты мақсат – қол жеткізген нәтижелерді сақтап қалу;

5. қайта қалпына келу, басты мақсат-барлық қызметтер бойынша жандандыруды қамту, персоналдың ұжымшылдығы арқасында ұйымның өсуі қамтылады.

Ұйымның жалпы сипаттамалары: ресурстар, сыртқы ортаға тәуекелділігі, еңбектің көлденең және тік бөлінісі, басқару қажеттілігі.

Ұйымдастыру ұжымға синергия әсерін тигізеді. Өзара әрекет ету адамдардың істерін біріктіреді, ұйымның жаңа сапалы қасиеттерге ие, бөліктер қасиеттерінің сомасына тең емес бір тұтас ретінде қалыптасуына ықпалын тигізеді. Басқарушы жүйеге қарағанда ұйым басқару объектісі болады. Оны құрған кезде мақсаттар, іс-әрекет түрлері, көлемі, ұйым түрі мен көлемі белгіленеді, қажетті ресурстармен қамту атқарылады.

19-20 ғасырдың басында ұйымды құруда механистикалық ықпал пайда болды (Тейлор, Файоль, Вебер). Олар ұйымды машина ретінде қабылдады, ол белгілі тәртіппен жұмыс істейді.

Адамдар автомат секілді, қарапайым қимылдар, операциялар қайталанады, бұл бюрократиялық ұйым. Оның қызмет ету тиімділігі уақытты үнемдеу және жұмыстардың жоғары сапасына қол жеткізуде ғылыми ықпалдарды пайдалану, қызметтермен өкілеттіліктерді таратуда.

Органикалық ықпал – ұйымдастыру мен басқару теориясын дамытуда қазіргі тенденциялардың көрінісі. Адамгершілік қарым- қатынас мектебі, мотивация теориялары ұйымға жаңадан қарау; оның маңызды қасиеттерінде адам және оның тілектері белгілеген.

 

Канада профессоры Г.Минцберг ұйымдық құрылымның типіне байланысты, орталықтандыру мен мамандануға байланысты келесі ұйым тізімін ұсынды:

- кәсіпкерлік ұйым – қарапайым құрылым, менеджмент иерархиясы дамымаған, тез жаңаруға бейім, шағын;

- Машиналық бюрократия – рационалдаудың, өңеркәсіп іс- әрекетті стандардарттаудың жоғары дәрежесі, жоғары кәсіптілікті қажет етпейді, иерархия, орталықтан; жаппай өңдірісте дамыған;

- Кәсіптік ұйым – аурухана, университет, мектеп... Мамандардың жоғары кәсіптілігімен сипатталатын бюрократиялық ұйым;

- Диверсификациялық ұйым – қатынасты түрде тәуелсіз бөліктерден тұрады;

- Инновациялық ұйым – формализациялаудың төмен дәрежесі, көлбеу маманданудың жоғары дәрежесі;

- Миссионерлік ұйым – идеология, мүшелердің арасында жоғары сенімділік;

- Саяси ұйым – құрамдас бөліктердің арасында келіспеушіліктің жоғары дәрежесі, бөліктер арасындағы іс- әрекеттің қарама қайшылығы.

 

Паркинсон ұйымдарды қоғамдағы функциялар бойынша өңдіретін, саяси, интегративтік, үлгілерді сақтайтын деп бөледі. Интегративтік ұйымдар әлеуметтік келіспеушіліктерді шешеді, қоғамның түрлі бөліктерінің өзара әрекетін қамтиды. Үлгілерді сақтайтын ұйымдар білім, мәдениет саласында дәстүрлерді қайта өңдеп дамытады.

Сонымен қатар, ұйымдар ресми және бейресми, қоғамдық, бюджеттік, бюджеттік емес, үлкен, орташа, шағын болып бөлінеді.


№10-Тақырып: Ұйым және мекемелердегі жұмыскерлердің құндылық бағдарлары.

Дәріс мақсаты:

Қарастырылатын сұрақтар:

Ұйым және мекемелердегі жұмыскерлердің құндылық бағдарлары.

Этика мен этикеттің мәндері. Іскерлік этикет құндылықтары.

 

Этика мен этикеттің мәндері - жақын, өзара байланысты, қосымша пайдаланылатын ұғымдар. Әрине, этиканың мәні кеңірек. Этикет - бұл қоғамдық ұйымдармен, басқа адамдармен байланыс жасаған кездегі мінез-құлық ережелерінің жүйесі болып табылады. Этикет қоғамға немесе адамдар тобына тиісті немесе тиісті емес нәрселерді белгілейді, ал этика өнегелік категорияларын қолданады. Этика мен этикет ерекшеліктерін сипаттайтын мысалдарға тоқталайық.

· Бір фирманың қызметкері іскерлік жаңалықтарда сөз алып, өз фирмасының тауарларын жан-жақты мақтап, одан артық болмайтынына сендірді.

Этикет жағынан оның жасаған қателігі – аса мақтаншақтық, ал этика жағынан – жағдайларға объективті көзқарасты қалыптастыратын жаңалық бағдарламасымен өз тауарын жылжыту дұрыс емес.

· Роберт Осборн Hollywood Reporter газетінің корреспонденті «MGM» кинокомпаниясының супер жұлдызы Норма Ширер туралы біреудің пікірің сұрағанда: «Норманы түсіну өте қиын. Егерде одан хал қалай деп сұрасаң, ол саған соншама әңгімелейді...»

Егерде Сіз іскерлік ортада жеке өміріңіз туралы тым көп мөлшерде айтсаңыз, бұл - этикетті бұзу. Ал, фирмадағы аса құпиялы идеяларыңыз туралы артық айтсаңыз этикалық нормаларды бұзасыз.

Этикалық нормаларды этикалық және моралдық принциптерден ажыратып қарастыруға болмайды. Мәдениетті адам - ол тиісті мінез-құлық нормаларын біліп қана қоймай, сонымен қатар оларды сақтап, үлгі болатын тұлға. «После бала» әңгімесінде Л.Н. Толстой бірнеше сағат бұрын барлық мәнерлерге ие екенін көрсеткен полковниктің бағынышты адамын рақымсыз жазалағанына жасөспірім баланың соншалықты таң қалғанын сипаттаған.

 

«Этикет» сөзі - француз патшасы Людовик ХІV заманынан бастап қолданыста. Бірақ адамдардың арасындағы қарым-қатынас ережелері көне заманнан бастап қалыптасқан. Көне египет тұрғындары және басқа да шығыс халықтары ауызша, жазбаша келіссөз жүргізіп, соғыстар жариялап, шекара белгілеп, тұтқындар айырбастап тұрған. Бұл халықаралық іс-әрекеттер белгілеген әдет-ғұрыпқа сай жүргізілген. Әрбір халық этикеттің дамуына үлес қосып, ұлттық ерешелігін енгізген. Көпшілік дәстүрлер - ұлттық игілік, кейбіреулері басқа халықтарда да қолданысқа енген.

Скандинав елінің дәстүріне сай ең жоғары орын жоғары қонаққа арналады. Бұл дәстүр халықаралық этикетке енген. Қазіргі уақытта этикеттің негізгі принциптері кең қолданыста қалыптасқан, олардың ішіндегі басымдылары - әйел адамзатын, үлкендерді сыйлау, тазалық, эстетикалық принцип. Адамның мінез-құлығы әдемі болып, ғажайып сезім ояту қажет. Мінез-құлықтың жалпы принциптері, этикеттің негізгі талаптарымен нақтыланады. Джен Ягер «Деловой протокол» кітабында іскерлік этикеттің негізгі принциптеріне тоқталған:

1.ұқыпты болыңыз

2.айтқан сөзіңіздің салдарын ойлаңыз

3.сыпайы, әдепті, мейірімді болыңыз

4.тек қана өзіңізді ойламаңыз

5.дұрыс киім киюді біліңіз

6.ауызша, жазбаша жазу ережелерін ұстаныңыз

 

1. Ұқыпты болыңыз. Бұл принцип батыс іскерлік мәдениетінің «Мәңгі заңына» жатады: іскерлік кездесу, іс шараларға уақытында келу, жобалармен тапсырмаларды уақытында тапсыру. Кеш қалу - Сіздің атыңызға, басшылық және компания атына зиян әкелуі мүмкін. Соңғы жылдары бірнеше жерде жұмыс жасауға, міндеттерді атқаруға байланысты бұл принципті қолдану қиындап кетті, бірақ өз өзектігін жойған жоқ. Кейбір елдің мәдениеттерінде кешігіп келуге әр түрлі көзқарастар бар. Мысалы, латынамерика елдерінде жарты сағатқа кеш келу рұқсат етіледі, Германияда іскерлік кездесулерге уақытында келу керек.

2. Айтқан сөзіңіздің салдарын ойлаңыз. Интернет, электрондық пошта дамуымен бұл принциптің орны манызды болып келеді. Интернеттегі чат немесе форумға қатысқанда, Сіз - өзіңіз жұмыс атқаратын фирманың ішкі ақпарат тасымалдаушысысыз. Артық ештеңе айтып қоймаңыз.

3. Сыпайы, әдепті, мейірімді болыңыз. 1990 ж. нарықтағы компаниялар жетістігінің негізгі факторы - қызмет көрсету сапасы болады. Қандай да болмасын жағдайда сыпайы, әдепті, мейірімді болу керек. Әдепсіз адаммен жұмыс жасау ешкімге ұнамайды.

4. Тек қана өзіңізді ойламаңыз. Бұл принцип өз өзектілігін ешқашан жоғалтпайтын шығар, бұл - этикеттің негізгі принципі. Басқаны ойлау тек тұтынушылармен емес, сонымен қатар әріптестермен, басшылармен, бағыныштылармен қарым-қатынас жасағанда да заңды болуы тиісті. Басқаның пікірін түсінуге тырысу, әріптестердің, басшылардың немесе бағыныштылардың тарапынан сын-пікір, ұсыныстар қабылдауға ашық болыңыз. Ескертулерді тыңдауға және идеялармен, тәжірибені жұмысты жақсарту үшін пайдалануға әзірлігіңізді қөрсетіңіз.

5. Дұрыс киім киюді біліңіз. Бұл тақырып туралы көп кітаптар бар. Бірақ ең бастысы - сіздің сыртқы киіміңіз фирманың және өзіңіздің жауапкершілік деңгейінізге сай келу керек. Іскерлік кездесулерге міндетте түрде іскерлік костюм кию керек.

6. Ішкі қызметтік құжаттар және басқа да адамдарға арналған хаттарда мәтін анық, аты-жөні дұрыс, қатесіз болу керек. Егерде Сіздің грамматикамен қиындығыңыз болса, анықтамалар, компьютерлік сөздіктер пайдаланыңыз, ол жеткіліксіз болса, қызметкерлер арасында сенімдісін тауып, оның көмегін сұраңыз.

Профессор Э.А. Уткин «Этика бизнеса» оқулығында іскерлік адамға келесі талаптарды орындау – жетістікке жетуде негізі деп санайды:

1. Ізеттілік. Ізеттелік – ашық, жарқын жүзді болу. Шығыста: ашық болу – адам жүрегіне темір құлыпты ашатын алтын кілт деп айтады. Зерттеу нәтижелеріне тоқталсақ, «қандай қасиеттерге ие болғыңыз келеді?» деген сұраққа қатысушылардың 45% - шешімділік, 30% - мақсаткерлік, 12% - шыдамдылық, 10% - мейірімділік деп жауап қайтарған. Ал «басқа адамдарға қандай қасиеттер жетіспейді» дегенде, респонденттердің 50% - адамгершілік, мейірімділік, 30%-адал, тәртіпті болу, 22% - сезімтал, 16% -шыдамды болу, 12% - альтруизм деп жауап береді, яғни адамдар өздеріне қаталдықты, ал басқаларға жылулықты тілейді.

2. Биязылық. Кәсіпкерлік тәжірибеде сыйлауға тұрмайтын адамдарды жиі көруге болады. Бұл жағдайда бірінші орынға биязылықты қою керек, яғни барлық жағдайда өзін-өзі ұстай білу қажет. Іскерлік байланыстар, мәмілелер, ағымдық жұмыстар – мұның барлығы адамның жүйке жүйесін тоздырады. «Жасалмаған келісім шарт, іскерлік байланыстардың жоюлуы немесе ұстамдылық қымбат па?» деген сұрақтарды қойған жөн. Басқаларға өз эмоцияларын шашатын адам ұзақ өмір сүреді, шиеленістерге көп ұшырамайды. Психологиялық бәсеңдеу үшін жаяу жүрген, дене тәрбиесімен айналысқан, іштей санаған, басқа тақырыпты ойлаған жөн.

3. Аса маңызды әдепті болу. Әдептілік - бұл басқа адамға қуаныш немесе ұнамсыздық әкелетінін ұйғару. Әдептілікті тәрбиелеу үшін басқа адамның орнына өзіңді қою керек.

4. Этикеттің маңызды талабы – сыпайылық. Тәрбиеленген адамның белгісі – қоршаған жағдайға бейімделген оның мінез-құлығы, сыпайы болуы. Бұл - жеке тұлғаның тұтастығын, оның ішкі өмірінің жан-жақтылығын, өз-өзін ұстай білуін куәландырады.

5. Іскерлік этикеттің талабы – нақты болу және міндеттеме алуды білу. Уақытты бағалай білетін адамдар нақты болмау және міндетті орындамауды әдепсіз деп санайды. Мысалы, адамды бес минуттан артық күткізіп қою, бір уақытта бірнеше адамға кездесу уақытын белгілеуге болмайды. Ұқыпты болуды және міндеттеме орындауды жапондықтардан үйренуге болады. Жапондықпен кездесуді сағат үште белгілесеніз, сағат үшке он бес минут қалғанда келсеңіз, ол сізді күтіп тұрады. Олардың өркендеуі - бұл ұқыпты болуы және міндетті орындауы деп айтуға болады. Ағылшындықтар бұл қасиетті ұлттық деп есептейді. Міндеттемені дәл орындау – іскерлік адамның ең жақсы қасиеті. Егерде уәде беріліп, оған кедергі болып басқа жағдайлар туындаса, уәде берілген адамға бұл жағдайлар туралы хабар жеткізу міндет болып саналады.

Этикалық білімнің негізгі мәселесі - жақсылықпен жамандықтың диалектикасы. Бұл екі негізгі және жалпы категориялар; олардың мазмұны - дамыған тарихи жүйелерде әртүрлі. Этика ғылымының пәні – мораль (құлықтылық). Бастапқы «этика» және «мораль» бір терминді білдірген. Қазіргі ғылымда мораль –жеке тұлғаны сипаттайтын қасиеттердің (адалдық, мейірімділік, әділеттілік, сенімділік) жиынтығы. Моральдық нормалар көрінісі тұрғысынан, адамдар - өзара қарым-қатынастардың жүйесі, сондықтан қоғамдағы моральды зерттеу біріншіден жеке тұлғаның моральдық деңгейін зерттеуден, екіншіден қоғамның моральдық деңгейін зерттеуден тұрады.

Абулия - іс-қимылға деген түрткінің жоқтығынан, шешім қабылдауға қажеттігін аңғарса да, қажетті әрекетті жүзеге асыруға қабілетсіздіктен көрінеді.

Абырой- адамның өзіне деген айрықша марольдық көзқарасын білдіретін этикалық категория және ол туралы жеке тұлғаның қадір-қасиеті мойындалатын қоғамдық пікір.

Әлеуметтену – индивидтің қарым-қатынасы және іс-әрекеті барысында жүзеге асатын процесс және оның әлеуметтік тәжірибені игеруінің нәтижесі.

Әлеуметтік бақылау – девиантты мінез-құлықтың жағымсыз формаларына қоғамның өзара әсер етуінің құралы мен тәсілдерінің жиынтығы.

Әлеуметтік топ – қоғамдағы экономикалық, мәдени, әлеуметтік, саяси, құқықтық, діни қарым-қатынас жүйесі негізіндегі белгілер және қоғам өмірімен байланысты жеке немесе басқа базаларда болатын осы және басқа кең мағынадағы топтық қоғамның жиынтығы.

Әлеуметтік емес (асоциальды) мінез-құлық –жеке тұлғаның әлеуметтік дезадаптациясымен қатар жүретін, моральды-адамгершілік норманы орындаудан ауытқыған мінез-құлық.

Әлеуметтік бейімделу – қопшаған ортаның өзгеруіне индивидтің белсенді бейімделу процесі.

Әлеуметтік престиж – қоғаммен немесе топпен және олардың әртүрлі әлеуметтік мәнді обьектілері мүшелермен, олардың қоғамдағы ұстанымдары және жағдайларына салыстырмалы баға беру.

Әлеуметтік рөл – қоғамдық немесе тұлғааралық қарым-қатынас жүйесінде тұлғалық әлеуметтік ұстанымдармен бағытталушы әлеуметтік қызмет.

Әлеуметтік статус- әлеуметтік топ және оның қоғамдағы өкілдерінің әлеуметтік байланыс және қарым-қатынас жүйесіндегі жағдайының интегративті көрсеткіші.

Әлеуметтік мобилділік – индивидпен немесе топпен әлеуметтік құрылымындағы орын, әлеуметтік ұстанымдарының өзгеруі.

Әлеуметтік нормалар – мүмкін болатын немесе болатын мінез-құлықты реттейтін бағалау критерийлері.

Әлеуметтік диагностика - әлеуметтік обьектілердің және процестердің жағдайының талдамы, олардың қалыптасуындағы немесе дамуындағы мәселелерді шығару.

Әлеуметтік дистанция – әлеуметтік топта немесе тұлғаны қоғамдағы орны бойынша шеттету немесе жақындату деңгейі.

Бақылаусыздық- ата-ана немесе олардың орындарындағы адамдар жағынан тәрбиелеуде қамқорлық, балалардың мінез-құлқы мен уақыт өткізуін дұрыс қадағаламау.

Бос уақыт – нақты, ресми әрекеттен тыс бос уақытты білдіреді.

Идентификация –индивидтің өзін басқа адаммен ұқсастыруы, өзін басқаның орнына қоюы, оның жеке тұлғалық мағыналарын игеруі. Соған сәйкес мінез-құлық нысандары (альтуризм, эмпатия, т.б.)пайда болады.

Интернализация – қоғамның және әртүрлі топтардың жасаған нормаларын, құндылықтарын, нұсқауларын, ұсыныстарын индивидтің игеруі.Әлеуметтену барысында пайда болады, соңында индивидте жүріс-тұрысының ішкі реттегішінің жүйесі құрылады.

Интерпретация – талдаудың көпдеңгейлі процедурасы, әлеуметтанушылық талдамның алғышарттары мен нәтижелерін түсіндіру.

Қоғам – тұрақтылықпен және тұтастылықпен өзіндік реттешілік өзіндік дамуы бар жүйе.Адамдардың өзара әрекеттесуінің негізінде пайда болатын ерекше әлеуметтік нормалар мен құндылықтар пайда болатын мәдениет деңгейінің жетістігімен сипатталатын өзарабайланысы және өзара әрекеттің тарихи негізде құрылған адамдардың жиынтығы.

Қоғамдық адамгершілік сезімдер – әлеуметтік нормалардың қалыптастыру және қызмет ету формалары. Адамдардың үлкен массалық жұріс-тұрысының тікелей реттегіші ретінде болады.

Маргиналдық - индивидтің немесе топтың топтағы, сыныптағы, қоғамдағы соңғы орынды иеленуі, содан кейін белгілі әлеуметтік білімге толық қосылмауының аралық жағдайы. Маргиналдық топ- екі мәдениет немесе субмәдениет шегінде тұрып, олар әрқайсысымен кейбір идентификацияға ие болады. Маргиналдар – бір стратамен кеткен және басқасына бейімделмеген адамдар.

Респондент – жауап алушы.

Субмәдениет – 1) қандай да бір әлеуметтік немесе демографиялық топтың мәдениеті; 2) әлеуметтік қоғамның шектеулі мәдениеті.

Тұрмыс – өмір салтының компоненттерінің бірі, адамның кәсіби, өндірістік, ресми әрекетінен ерекшелік ретінде қарайтын күнделікті өмір бөлігі.

Уақыт бюджеті – т іршілік әрекетінің негізгі түрлері бойынша индивидтің, топтың немесе халықтың ұақыт құрылымы.

Ғылымдар жүйесіндегі имиджелогияқарастыратын аясы. Ғылымның зерттеу пәні дегеніміз не. Имиджелогия сөзі нені білдіреді. Имиджелогия дегеніміз не. Имиджелогияға не жатады. Дүниедегі басқа құбылыстардан психикалық құбылыстардың айырмашылығы неде. Имиджелогия қай жерде зерттеледі және адам өмірінің қай жерлерінде бұл білімдер пайдаланылады. Имиджелогия жайлы қандай білімдер белгілі.

Ғылымның зерттеу объектісі дегеніміз не. Имиджелогия тарихы. Имиджелогияның пайда болуы. Имиджелогияның дамуы. Имиджелогияның мақсат-міндеттері. Әлеуметтік ортаға қатысты жеке адамның қасиеттерін, ерекшеліктерін жетілдіру – имиджелогияның басты міндеті. Имиджелогия - адамды өз басын меңгеруге, бойындағы қасиеттерін бағалауға және дамытуға баулитын ғылым ретінде.

Имидж– деңгейі дәл қазіргі кездегі ұғымымызда және олардың сезінуі мен әсерленуінен тұрады. Фрейдтің ойынша – сана ақпаратты өзіне аз процентін ғана сыйдырады, адамның басқа сигналдарға ауысуына байланысты ақпарат сана алды мен санадан тысқа түсіп кетеді. Сана психоанализде ол адамның ұйқыға, кома және амнезия қалпына қарама – қарсы түрде ұғынуы.

Имиджелогия – бұл аймақ есте сақтауға қолайлы болып табылады, бұл жердегі тәжірибе қазіргі кезде керек емес, бірақ ол санаға кездейсоқ оралуы мүмкін. Сана алды ол саналы және санасыз психикалық аймақтардың көпірі.

Санадан тыс– сананың бұл аймағында инстинктивті қозулар сақталады, эмоциялар және есте қалған жағдайлар, олар белгілі себептер арқасында санадан ығыстырылады. Бұл аймаққа психикалық құбылыстар кіреді, олар ұйқыда пайда болады; санадан тыс құбылыстарға кейбір патологиялық құбылыстар жатады, олар ауру психикасында қалыптасады: сандырақ, галлюцинация т.с.с.

Адамның өзінің дене құрылысына, рухани сапаларының рухани мүмкіндіктеріне деген танымдық бағыты оның басқа адамдар арасындағы орнын құрастыратын өзін - өзі тану мәні болып табылады.

Имиджелогия — адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық. Имиджелогияның негізгі мақсаты — психиканы cубьективттік структураның, сыртқы ортаны байымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу.Адамның айналысатын іс-әрекеттеріне қатысты туып отыратын психология салалары. Пәннің зерттеу объектісі мен іс-әрекет ерекшелігіне қатысты салалардың құрлымы мен міндеттері. Ғылыми және тұрмыстық психологиялық білімдер. Олардың айрмашылықтары. Ғылыми психологиялық білімдер қайда және қалай пайдаланылады.

Ұйымдастыру әдістері өз ішіне салыстыру әдісі (әрқандай топты жасы, қызметі және т.б бойынша салыстыра зерттеу), лонгитюд әдісі (бір адамды не адамдар тобын ұзақ уақыт аралығында зерттеу), комплекстік әдіс (зерттеуге әртүрлі ғалымдар қатысып, бір объектіні жан – жақты зерттеу). Мұндай зерттеудің нәтижесінде сан қилы құбылыстар мен байланыстар және тәуелді қатынастарды ашу мүмкіндігі туады. Психологиядағы зерттеу әдістерінің мақсат-міндеттері. Зерттеу әдістерінің түрлері. Ананьев бойынша зерттеу әдістерінің жіктелуі. Ұйымдастырушылық әдісіне түсінік. Ұйымдастырушылық әдісінің түрлері. Салыстырмалы ұйымдастырушылық әдісі және оның қолданылу жағдайлары. Лонгитюдті ұйымдастырушылық әдіс және оны қашан, қалай қолданамыз. Комплексті ұйымдастырушылық әдіс, оның қандай жағдайда қолдануға болады.


Дата добавления: 2015-08-10; просмотров: 406 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Дәрістердің тақырыптық атаулары және олардың мазмұны | Пән бойынша СОӨЖ тапсырмалардың ґткізуінің және мазмұнының графигі | Пән бойынша СӨЖ тапсырмалардың орындауы және тапсыру графигі | ГЛОСАРИЙ | ДӘРІС КОМПЛЕКСІ | Йымдық құрылымды құрудағы әр түрлі көзқарастар | Йымдық құрылымға қойылатын талаптар | Ндірісті басқару құрылымының түрлері | Орытынды 1 страница | Орытынды 2 страница |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Орытынды 3 страница| Орытынды 5 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.017 сек.)