Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жеткіншектердің өзіне деген қатынасын этнопсихологиялық тұрғыда зерттеу

Читайте также:
  1. Зін-өзі бағалауды зерттеуге арналған Н.М Пейсахов әдістемесін қазақ тілді зерттелінушілерге бейімдеу
  2. Психолог-студенттердің жетістікке жету мотивациясы мен өзін-өзі реттеуінің өзара байланысын зерттеу
  3. Тема № 14: «Променева діагностика травматичних пошкоджень та дегенеративно-дистрофічних захворювань опорно-рухової системи. Складання алгоритму променевого дослідження ОРС».
  4. Учение о дегенрациях.

Орындаған: Қ.Т. Қарағаева

Жетекші: аға оқытушы Қ.Б. Байтемирова

Зерттеу мақсаты: жеткіншектердің өзіне деген қатынасын этнопсихологиялық тұрғыда анықтау.

Зерттеу объектісі: жеткіншектердің өзіне деген қатынасы

Зерттеу пәні: жеткіншектердің өзіне деген қатынасының ерекшеліктері

Зерттеу болжамы: жеткіншектердің өзіне деген қатынасы ұлттық ерекшеліктеріне байланысты болады.

Зерттеу міндеттері:

1) жеткіншектік кезеңнің психология ғылымында қарастырылуын жалпы талдау;

2) өзіндік қатынас түсінігін талдау;

3) жеткіншектердің өзіне деген қатынасын ғылыми әдебиеттерден қарастыру;

4) жеткіншектердің өзіне деген қатынасын анықтауға арналған әдістемелерді анықтау;

5) жеткіншектердің өзіне деген қатынасын анықтап, нәтижелеріне салыстырмалы талдау жасау.

Зерттеу әдістемелері:

1) Р.С Пантелеевтің «Өзіндік қатынасты» анықтау әдістемесі;

2) «Автопортрет» әдістемесі;

3) В.В.Столиннің «Адамның өз-өзіне деген қатынасын зерттеу» әдістемесі.

Эксперимент нәтижесін өңдеудің математикалық-статистикалық әдістері:

1) пайыздық үлесті табу;

2) орташа арифметикалық шаманы анықтау;

3) Стьюдент t критерийі.

Зерттеу базасы: Шығыс Қазақстан Облысы Күршім ауданы, Күршім ауылының Н. Островский атындағы №4 орта мектепті алдық.

Негізгі нәтижелері мен қорытынды

Жүргізілген үш әдістеме бойынша да қазақ жеткіншектерінің өзіндік қатынас ерекшеліктері орыс жеткіншектеріне қарағанда жоғары көрсеткішті көрсетті. Демек қазақ жеткіншектері өз өздеріне сенімді, өзіндік бағалаулары жоғары, қарым қатынаста ашық, өзіндік қасиеттері, адамгершілік қасиеттері, өзіндік құндылықтары, өзіндік талпыныстары жақсы дамыған.

Теориялық және эмпирикалық зерттеу негізінде өзіндік қатынас тұлғаның өзіндік анықталуының белгілі деңгейін сипаттайды деуге болады. Өзіндік қатынасы дамыған тұлға - өзінің мақсаттарын, жоспарларын, ниетін, өз мүмкіндіктерін, қабілеттерін, іс-әрекеттін жүзеге асыра алады.

Өзіндік қатынастың өсу шамасына қарай адамның өзіндік қасиеттері де дамиды және өзгереді. Өзіндік қатынастың кеңеюі дағды мен біліктілікті, әлеуметтік жаңа құрылымды, мәдени нормалар мен шектелген қарым–қатынасты, қарым–қатынас этикасын, тәрбиеліліктің жетілуін талап етеді. Өзіндік қатынас адамдарға өзіне деген қарым-қатынасты құру қабілетін береді. Сондықтан өзіндік қатынас процесінің тиімді жүруін қамтамасыз етуде білім мен өзіндік қасиеттердің дамуы маңызды орын алады. Өзіндік қатынас адам дамуында ерекше болып табылады. Себебі өзін сыйлаған адам өзге адамды да сыйлай алады. Сонымен қорытындылай келе, алынған нәтижелер болашақта зерттеулерді жүргізудің жаңа бағыт-бағдарын көрсетті.

Қарастырған қорытындыны талдай отырып, біздің ойымызша зерттеудің алдына қойылған болжамы дәлелденді - жеткіншектердің өзіне деген қатынасын этнопсихологиялық зерттеу ұлттық ерекшеліктерге байланысты болады.

Практикалық маңыздылығы

Осы бітіру жұмысының материалдарын, болашақта зерттеулер үшін негізгі материал ретінде қолдануға болады. Сонымен қатар осы зерттеу жұмысымыз мектеп психологтар үшін маңызды болып келеді. Және де осы орайда жұмысымыз өз жалғасын табады деп ойлаймыз.


Дата добавления: 2015-08-10; просмотров: 202 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Усть-Каменогорск, 2012 | Особенности манипулятивного поведения в профессиональной деятельности оперативных работников | Ст. Защита | Медицинского учреждения | Особенности копинг-стратегий работников правовой сферы | Особенности клиентоориентированности персонала в медицинском учреждении | Психологические особенности профессионального стресса | Детско-родительские отношения в семьях казахов и русских с единственным ребенком | Психологическая готовность отцов к рождению первого ребенка | Отношение к конфликтам в семье как способ их разрешения |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Детско-родительские отношения в многодетных семьях| Толық және толық емес жанұялардан шыққан оқушылардағы әке бейнесі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)