Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Психолог-студенттердің жетістікке жету мотивациясы мен өзін-өзі реттеуінің өзара байланысын зерттеу

Читайте также:
  1. Жеткіншектердің өзіне деген қатынасын этнопсихологиялық тұрғыда зерттеу
  2. Жоғарғы сынып оқушыларының өзін-өзі бағалау әрекетінің кәсіп таңдауға әсері
  3. Зін-өзі бағалауды зерттеуге арналған Н.М Пейсахов әдістемесін қазақ тілді зерттелінушілерге бейімдеу
  4. Нақты және қаржылық инвестициялардың ерекшеліктері мен өзара байланысы

Орындағын: С.С.Кайырбаева

Жетекшісі: аға оқытушы Г.М. Берекбусунова

Зерттеу мақсаты: психолог-студенттердің жетістікке жету мотивациясы мен өзін-өзі реттеуінің өзара байланысын анықтау болып табылады.

Зерттеу объекті: өзін-өзі реттеудің әр түрлі сипаттамаларындағы жетістікке жету мотивациясы.

Зерттеу пәні: жетісттікке жету мотивциясы мен өзін-өзі реттеудің өзара байланысы.

Зерттеу болжамы: студенттердің жетістікке жету мотивациясы мен өзін-өзі реттеуі өзара статистикалық байланысты.

Зерттеу міндеттері:

1) зерттеу проблемасы бойынша психологиялық әдебиеттерге теоретикалық шолу жасау;

2) зерттеу проблемасының қазіргі күнгі жағдайы туралы талдау жасау және базалық ұғымдарды анықтау;

3) теоретикалық талдау арқылы жетістікке жету мотивациясы және өзін-өзі реттеу ұғымдарына анықтама беру;

4) психолог-студенттердегі жетістікке жету мотивациясы мен өзін-өзі реттеу деңгейлері арасындағы өзара байланыс ерекшеліктерін эмпирикалық зерттеу.

Зерттеу әдістер:

1) зерттеу проблемасы бойынша психологиялық-педагогикалық әдебиеттерге талдау;

2) психодиагностикалық әдістемелер;

3) эмпирикалық мәліметтерге сандық және сапалық талдау жасау.

Психодиагностикалық әдістемелер:

1) Ю.М. Орловтың «Жетістікке деген қажеттілік» әдістемесі;

2) А.Мехрабианның жетістікке жету мотивациясын өлшеуге арналған тест- сұрақтамасы (ТМД);

3) В.И. Моросанованың «Мінез-құлықты өзіндік реттеу стилі» атты сұрақтамасы;

4) А.В. Зверькова мен Е.В. Эйдманның «Еріктік өзін-өзі реттеуді зерттеу» тест-сұрақтамасы.

5) Пирсонның (rxy) корреляциялық коэффициенті.

Зерттеу С.Аманжолов атындағы ШҚМУ–де жүргізілді. Зерттеуге психология мамандығының күндізгі оқыту түріндегі студенттер қатысты (1 және 4-курстар). Жалпы саны 20 адам.

Негізгі нәтижелер мен қорытынды

Берілген жұмысты жүзеге асыра отырып, біз айқын жетістікке жету мотивациясы және өзіндік реттелудің жалпы көрсеткіштері арасында байланыстың бар екеніне көз жеткіздік. Cонымен қатар, студенттердің курстан курсқа өту барысында бақылау тобы студенттерінің барлық дерлік көрсеткіштері жоғары курс студенттерінің көрсеткіштерінен жоғары екенін көреміз. 1 курс студенттерінің жаңа әлеуметтік ортаға келуі олардың өздерін жоғары мобилизациялық деңгейде ұйымдастыруына бағытталады. Сол себептен де көрсеткіштер деңгейі анағұрлым жоғары болды.

Зерттеу жұмысымыздың барысында біз, жетістік мотивациясы және өзіндік реттелудің жалпы деңгейі тура тәуелділікке ие екенін анықтадық. Бұл бізге жалпы ырықты реттелудің қалыптасуы жетістікке жету мотивациясының деңгейінің өзгеруіне тікелей әсер етеді деген қорытынды жасауға негіз болады.

Практикалық маңыздылығы

Біздің зерттеу жұмысымыздың нәтижелері студенттер мен психологтар, педагогтар мен ата-аналарға психологиялық кеңес беруде ұсынамыз.

 


Дата добавления: 2015-08-10; просмотров: 696 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Медицинского учреждения | Особенности копинг-стратегий работников правовой сферы | Особенности клиентоориентированности персонала в медицинском учреждении | Психологические особенности профессионального стресса | Детско-родительские отношения в семьях казахов и русских с единственным ребенком | Детско-родительские отношения в многодетных семьях | Жеткіншектердің өзіне деген қатынасын этнопсихологиялық тұрғыда зерттеу | Толық және толық емес жанұялардан шыққан оқушылардағы әке бейнесі | Психологическая готовность отцов к рождению первого ребенка | Отношение к конфликтам в семье как способ их разрешения |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ПСИХОЛОГИЯ В ОБРАЗОВАНИИ: СОВРЕМЕННЫЕ ПРОБЛЕМЫ СРЕДНЕЙ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ШКОЛЫ И ДОУ| Жоғарғы сынып оқушыларының өзін-өзі бағалау әрекетінің кәсіп таңдауға әсері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)