Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Амортизациялы шығынды есептеу.

Читайте также:
  1. Жұмысшылар санының есебі. Жұмысшылардың жылдық еңбек ақы корын есептеу. Өндірістік қызеткерлердің еркін кестесі.
  2. Кәсіпорын қаражатының нәтижесін қолдану көрсеткішін есептеу.
  3. Ндірістік өнімді есептеу.
  4. Німнің түрлерін рентабельділікті есептеу.

 

Негізгі қорлар кәсіпорын қызметіне бірнеше ұзақ жылдар бойы қызмет етеді де, физикалық және моральдық тозу процесіне ұшырайды.

Негізгі қорлар адам күшімен, жылдар мерзімдерінің әсерімен, техникалық және экономикалық факторлардың ықпалы арқылы олар өзіндік ерекшелігін, үлгісін бірте-бірте жояды, жарамсыздыққа әкеледі, сөйтіп алдағы кезде өз бернелерін орындауға мүмкіндіктері болмайды.

Негізгі қорлардың тозуы –құндылықтарының пайдалану кейпінде не болмаса жұмыс істемейтін күйінде негізгі қорлардың тұтынушылық ерекшеліктері мен бөліктік немесе толық ысырапқа ұшырауы.
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары өндірістік ауыспалы айналымын жасайды. Ол мынадай сатылардын тұрады:
− Негізгі қорлардың тозуы;

− Амортизация;
− Негізгі қорларды толық қалпына келтіру үшін қаражаттың қорлануы;
− Негізгі қорларды күрделі қаржы жұмсау арқылы ауыстыру.
Өндіріс процесіне қатысуымен негізгі қорлардың кез келген объектілері:
− Табиғи;
− Сапалық тозуға ұшырайды.

Негізгі қорлардың табиғи немесе физикалық тозуы олардың өндіріс процесіне қатысу нәтижесіне және негізгі қорлардың пайдалануға тікелей қатыспай-ақ түрлі сыртқы факторлар әсерінен: ылғалдан, атмосфералық құбылыстар нәтижесінде, металдардың тот басуымен, ескіруінен пайда болады.

Негізгі қордың табиғи тозуы – олардың өндірістік тұтыну барысында және табиғат күшінің әсерінен тұтыну құнын бірте-бірте жоюы. Табиғи тозған негізгі қорларды біртіндеп жөндеу, қайта құру немесе жаңалау жұмыстары арқылы бұрыңғы қалпына келтіруге болады

.Табиғи тозу жөндеу, қайта құру және негізгі қорларды жаңғырту арқылы ішінара қалпына келеді.

Негізгі құралдарды тиімді пайдалану мерзімінің барлығында жылдық амортизациялық сома мына төмендегі әдістердің бірімен есептеледі:

түзу сызықты (бірқалыпты) есептен шығару; орындалған жұмыстың көлеміне пропорционалды түрде есептеу (өндірістік) әдісі; азайып отыратын қалдық әдісі.

Есепті жыл бойынша есептелінген 12/1 амортизациялық шаруашылық нәтижесіне қарамастан ай сайын бірқалыпты есептелініп отырады. Амортизация есептеу негізгі құралдарды бухгалтерлік есепке алғаннан кейінгі келесі айдың 1-нен басталып объектілердің бастапқы құны толығымен жабылғаннан кейінгі немесе объектілерді есептен шығарғаннан кейінгі келесі айдын 1-інде тоқтатылады. Амортизацияны есептеу-негізгі құралдарды қалпына келтіру (жөндеуден өткізу, модернизациялау және қайта жабдықтау) немесе қызметін тоқтату (консервация) кезінде кәсіпорын басшысының шешіміне қарай үш айдан артық емес мерзімге тоқтатылуы мүмкін.

Амортизация есептеу шығындарына, яғни қаржылық қорытындыға тікелей әсер ететіндігіне қарай амортизация есептеу тәсілдері кәсіпорын есеп саясатының маңызды элементтеріне жатады. Енді жоғарыда көрсетілген амортизация есептеу әдістерінің әр қайсысын жеке қарастырамыз.

Әрбір мерзім (жыл) үшін амортизациялық жарна сомасы амортизацияланушы құнды (объектінің бастапқы құнынан оның жойылу құнын алып тастағандағы) объектіні пайдалану мерзіміне бөлу арқылы есептеледі.Амортизациялау нормасы тұрақты болады.

Түзу сызықты (бірқалыпты)әдісі, яғни объектінің құны оның қызмет ету мерзімі ішінде өндіріс шығындарына біркелкі апарылады.Бұл әдіс негізгі құралдардың тозуы оның қызмет ету мерзімінің ұзақтығына байланысты деп пайымдауға негізделген және ол бухгалтерлік есептің тәжірибесінде кеңінен қолданылып жүрген әдіс.

Жылдық амортизация есептеу формуласы:

 

 

(19)

Си—нқ-дың бастапқы құны, тг

СА — нқ-дың жойылу құны, тг

Т —нқ-дың қызмет уақыты, жыл

Кесте 11. "Ақ-Жол-Сервис KZ" ЖШС -і жылдық есеп берулер үшін негізгі құралдарға сәйкесінше келесідей пайдалы қолдану мерзімдерін қолданады:

 

НҚ Қызмет уақыты (жыл саны)
Ғимарат и құрылыс 20-45
Машиналар мен жабдықтар 15-20
Беріліс құрылғылары 18-30
Көлік құралдары 5-20

 

"Ақ-Жол-Сервис KZ" ЖШС-сісінің көлік кұралына сызықтық әдісті қолдана отырып, тозу сомасын есептейік. Оның бастапқы құны- 51 740 247 тг. Жоспар бойынша ол 5 жылға жарамды, қалдық құны24 823 659 тг. Жылдық амортизация сомасын анықтау қажет.

А=(51 740 247 – 24 823 659): 5= 5 383 317


Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 730 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Іскерлік әңгіме құру, іскерлік коммуникация формасы болып табылады. Ролдік ойын -іскерлік әңгімені жүргізу. | Жанжалды, даулы әңгімелесушімен қалай болу керек. Жеке адамның жанжылды жағдайдағы әртүрлі стилдегі әрекеті. | Аудиториямен жұмыс істеу қағидасы. Презентацияның негізгі ережелері және аудиториямен жұмыс. | Ндірістік жеке жұмыс. Жеке жұмыс стильі. Күнделікті жұмыс жоспары, жұмыс үстелі. Жай қателермен өзін -өзі бақылау. | VІІ Блок 2.4 Қызметкерлер және ұйым. | Сызба 3. Еңбекті нормалаудың түрлері | Кесте 4. Ұйымның өндірістік қуаттылығы | Жұмысшылар санының есебі. Жұмысшылардың жылдық еңбек ақы корын есептеу. Өндірістік қызеткерлердің еркін кестесі. | Німнің түрлерін рентабельділікті есептеу. | Жарғылық капитал мөлшерін анықтау. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Кәсіпорын қаражатының нәтижесін қолдану көрсеткішін есептеу.| Кәсіпорынның айналым қаражатын анықтау.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)