Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бойынша жіктелуі

Читайте также:
  1. Ауыр психоневрологиялық паталогиясы бар балалардың импрессивті сөйлеудің түсінуін қалыптастыру бойынша жұмыс жасау
  2. Неге плевра қуысына пункция жасаған кезде қабырғаның жоғарғы жиегі бойынша жасалатынын түсіндіріңіз? 1 страница
  3. Неге плевра қуысына пункция жасаған кезде қабырғаның жоғарғы жиегі бойынша жасалатынын түсіндіріңіз? 2 страница
  4. Неге плевра қуысына пункция жасаған кезде қабырғаның жоғарғы жиегі бойынша жасалатынын түсіндіріңіз? 3 страница
  5. Неге плевра қуысына пункция жасаған кезде қабырғаның жоғарғы жиегі бойынша жасалатынын түсіндіріңіз? 4 страница
  6. Пән бойынша СӨЖ тапсырмалардың орындауы және тапсыру графигі

Органикалық БАЗ-дардың химиялық табиғаты

бойынша жіктелуі

 

Химиялық табиғаты бойынша дифильдi құрылымды органикалық БАЗ-дарды иондық және иондық емес деп бөледi. Иондық БАЗ-дар қышқылдармен негiздерден алынады, олардың молекулалары суда жақсы диссоциацияланады. Ионсыз БАЗ-дардың молекулалары диссоциацияғақабiлетсiз. Бұндай БАЗ-дардың дифильдi молекулалары ұзын көмiрсутек радикалымен байланысқан иондық емес, бiрақ затқа ерiгiштiк беретiн бiрнеше полярлы топтардан тұрады. Мысалы, спирт немесе фенолға этилен оксидiнiң бiрнеше молекулалары қосылғанда шығатын күрделi эфирлер: RO(CH2CH2O)nH, RC6H4O(CH2CH2O)nH.

Иондық беттiк активтi заттар анионактивтi, катионактивтi және амфотерлi болып бөлiнедi. Анионактивтi БАЗ-дар, аталуына сәйкес, суда беттiк активтi анионға және металл (немесе сутек) иондарына ыдырайды, мысалы:

R COONa R COO- + Na+

C17H33 COONa C17H33 COO- + Na+

C12H25 OSO3Na C12H25 OSO3- +Na+

беттiк-активтi беттiк-активтi

анион емес катион

Катионактивтi БАЗ-дар, өз кезегiнде, су ерiтiндiлерiнде беттiк-активтi катионға диссоциацияланады,мысалы, төртiншiлiк аммоний негiздерiнiң тұздары:

[C16H33 (CH3)3 N]+ Br- C16H33 (CH3)3 N+ + Br,

C16H33 С5Н5 N+ Br C16H33 С5Н5 N+ + Br-

беттiк-активтi беттiк-активтi

катион емес анион

Амфотерлiк БАЗ-дар қышқылдық және негiздiк қасиеттерге ие заттар, мысалы, әртүрлi белоктар. Олар ортаның рН көрсеткiшiне сәйкес оң немесе терiс зарядталады. рН мәнi өзгергенде ортадағы Н+ - иондар концентрациясы бiртiндеп өзгеруiне байланысты рН-тың белгiлi бiр мәнiнде қарама қарсы зарядталған топтар саны теңеседi. Олардың өзара бейтарапталуының нәтижесiнде заряднөлгетең болады, бұл жағдайға сәйкес рН мәнiн изоэлектрлiк нүкте (ИЭН) деп атайды (1- сурет).

Ортаның рН-ның амфотерлiк БАЗ-дың иондануына әсерiн былай көрсетуге болады:

 

-H+X-

(R NH2 C2H4 COOH)+ X- RN+ H2 C2H4 COO

M+OH-

R NH2 C2H4 COO-M+ + H2O

 

М+ – сiлтiлiк металл ионы,

Х- – анион.

 

+x

 

 

рН

 

 

-x

 

 

1-сурет. Ортаның рН-ныңбелоктардыңэлектркинетикалықпотенциалынаәсері

Изоэлектрлік нүктеде ξ-потенциалмен қатар басқа физика-химиялық қасиеттер де күрт өзгерді. Мысалы, тұтқырлық минималды, ал оптикалық тығыздық максималды мәндерге жетеді.

Әрбелоктыңизоэлектрліккүйінесәйкес өзрНмәніболады (1-кесте).

1-кесте. Белоктардыңизоэлектрлікнүктелері

Белок   ИЭН
Казеин Желатин Альбумин 4,6 4,7-4,9 4,8
Гемоглобулин Глобулин 6,8 5,4

 

Құрылысының күрделiлiгiнен және өздерiнiң қымбаттылығынан бұл заттар тек арнайы мақсаттарда ғана қолданылады.

Ионсыз беттiк-активтi заттар деп молекулаларында диссоциациялануға қабiлеттi топтары жоқ, яғни суда ионданбайтын ұзын радикалды органикалық заттарды атайды. Төменгі молекулалы иондық емес БАЗ-дар этилен оксидiнiң құрамында жылжымалы сутек атомы бар органикалық заттармен (қышқылдар, спирттер, фенолдар, аминдер және т.б.) конденсациялануы нәтижесiнде алынады, олардың жалпы формуласы R-X(CH2CH2O)nH, мұндағы R- алкил, X- оттек, азот, күкiрт атомдары немесе -COO-, -CONH, -C6H4O функционалдық топтары болуы мүмкiн.

Сонымен бiрге иондық емес БАЗ-дарға функционалдық топтары ионданбайтын немесе аз дәрежеде ионданатын полимерлер де жатады, мысалы, полиэтиленоксид, полиэтиленгликоль, поливинил спиртi.

 

2 – дәріс. Беттік-активті заттардың негізгі топтары. Иондық БАЗ-дар, аниондық БАЗ-дар: алыну жолдары шикізат көзі, қолданылуы, негізгі қасиеттері. Амфотерлік БАЗ-дар.

 

Аниондық беттiк-активтi заттар

 

Органикалық синтетикалық БАЗ-дардың негiзгi топтары: алкилбензолсульфонаттар, алкилсульфаттар, олефинсульфонаттар, оксиэтилденген БАЗ-дар, блоксополимерлер, төртiншiлiк аммоний негiздерi.

Аниондық БАЗ-дар суда диссоциацияланғанда үлкен көмiрсутек радикалды анион түзедi.

1.Карбон қышқылдарының тұздары (сабындар) – кең тараған және жиi қолданылатын БАЗ өкiлдерi, жалпы формуласы RCOOMe, металл иондары ретiнде қатты сабындарда натрий иондары, ал сұйық сабындарда калий (немесе аммоний) иондары болады. Олар алыну технологиясының жеңiлдiгiмен және жоғары биоыдырағыштығымен ерекшеленедi.

Карбон қышқылдарының сабындары жоғары жуғыш қасиеттi тек сiлтiлiк ортада көрсетедi. Қышқыл ортада олар аз еритiн карбон қышқылдарын, ал кермек суда ерiмейтiн кальций және магний тұздарын түзетiндiктен бұл орталарда БАЗ-дардың жуғыш қабiлетi төмендейдi:

 

C17H33COONa + H+ C17H33COOH + Na+

2C17H33COONa + Ca2+ (C17H33COO)2Ca¯ + 2Na+

 

Бұл БАЗ-дарды алу үшiн шикiзат ретiнде көп уақыт табиғи майларды пайдаланатын. Табиғи майлар – сiлтiмен әрекеттескенде сабын түзетiн глицериннiң және әртүрлi майлы қышқылдардың күрделi эфирлерi:

 

 

CH2OCOR

 

CHOCOR + 3NaOH 3 RCOONa + C3H5(OH)3

 

CH2OCOR

 

Сабын алуға мұндай құнды шикiзаттың жұмсалуы молекула құрамына 10-20–көмiртек атомы кiретiн майлы қышқылдарды синтетикалық жолмен алу өндiрiсiнiң дамуын талап еттi. Осығанорайкарбонқышқылдарынпарафиндердітотықтыруарқылыалужолы ұсынылды:

 

RCH2CH3 + 2,5O2 2 RCOOH + Н2О

Тағы бір арзан шикізат ретінде талл майының майлы қышқылдарын атауға болады. Олар қағаз өнеркәсібінде ағашты өңдеу нәтижесінде алынады және қанықпаған карбон қышқылдарының таптырмайтын көзі болып есептеледі. 2-ші кестеде БАЗ өндірісінде қолданылатын майлардың қышқылдық құрамы берілген.

 

2-кесте. Қатты және сұйық майлардың құрамындағы қышқылдар

Қышқылдар Кокос майы Пальма майы Соя майы Жануар майы Талл майы
< С12 14,9 - - - -
С12 48,2 0,3 - - -
С14 16,6 1,1 0,1 3,0 -
С16 8,0 42,9 10,5 26,3 0,2
С16:1 1,0 0,2 - 2,6 -
С18 3,8 4,6 3,2 22,4 2,2
С18:1 5,0 39,3 22,3 43,1 58,6
С18:2 2,5 10,7 54,5 1,4 36,0
С18:3 - 0,4 8,3 - -
> С18 - 0,4 1,1 - 3,0

Олефиндердіңоксосинтезарқылыалынуәдісініңдеболашағымол:

 

2 RCH = CH2 + 2CO + 2H2O RCH(COOH)CH3 + RCH2CH2COOH

 

2.Алкиларилсульфонатар RАrSO3Me (көп жағдайда алкилбензолсульфонаттар) – ароматтық сульфоқышқылдар тұздары. Олар синтетикалық БАЗ-дардың iшiнде кең тарағаны және арзаны. Молекулаларында күштi қышқыл анионының болуы бұл БАЗ-дардың кез келген ортада (қышқыл, сiлтiлiк және кермек суларда) жақсы диссоциациялануымен жуғыштық қасиетiн қамтамасыз етедi.

Алкиларилсульфонаттарды бензолды хлоралкан немесе олефиндермен алкилдеп, шыққан өнiмдi сульфирлеу және нейтралдау арқылы алады. Хлоралкандарды алу үшiн 8-14 көмiртек атомды парафиндiк көмiртек фракцияларын хлорлау керек. Көмiртек атомды олефиндiк көмiрсутектердi қатты парафиндерден термиялық крекинг жолымен алуға болады:

 

C12H26 + Cl2 C12H25Cl + HCl

 

AlCl3

C12H25Cl + C6H6 C12H25C6H5 + HCl

 

AlCl3

C10H21CH=CH2 + C6H6 C10H21CH(CH3)C6H5

 

Алкилароматты көмiрсутектердi сульфирлеу үшiн олеум, күкiрт оксидi немесе хлорсульфон қышқылын пайдаланады:

 

1. RArH + HOSO3 RArSO3H + H2O

2. RArH + SO3 RArSO3H

RArSO3H + NaOH RArSO3Na + H2O

3. RArH + ClSO3 RArSO2Cl + HCl

RArSO3Cl + 2NaOH RArSO3Na + NaCl + H2O

 

1964 жылға дейiн шикiзат ретiнде пропиленнiң тетрамерi – арасында тармақталған тiзбектi қосылыстары көп С10 – С15 – изомерлiк олефиндер қоспасы қолданылды. Бұл шикiзаттан алынатын БАЗ – тетрапропиленбензолсульфонаттың биоыдырағыштығы төмен болғандықтан, оның шығарылуына тиым салынған (2 - сурет, 1 - қисық). Осыған орай тез ыдырайтын (2-қисық) сызықты құрылымды радикалды алкилбензолсульфонаттардыңөндiрiсi дами бастады. Шикiзат ретiнде мұнайдың төменгi фракцияларынан бөлiнетiн парафиндер пайдаланылады.

τ, тәулік
С, %

 

 

2-сурет. БАЗ-дардың ыдырауының уақытқа тәуелдiлiгi. 1-натрийтетрапропиленбензолсульфонаты, 2-сызықтықалкилбензолсульфаттар, 3-сызықтықалкилсульфаттар

3. Алкилсульфаттар RАrSO3Me (R – C10 – C18) – күкiрт қышқылы эфирлерiнiң тұздары. Бұл топқа жататын БАЗ-дардың (3 қисық) экология тұрғысынан болашағы мол, бiрақ олардың бағасы алкиларилсульфонаттардан жоғары.

Алыну жолдары:

1) спирттердi сульфоэтерификациялап, шыққан өнiмдi нейтралдау:

 

CH3(CH2)n CH2OH + H2SO4 CH3(CH2)nCH2O

 

NaOH

SO2OH + H2O CH3(CH2)nCH2O SO2ONa

 

2) ұзын тiзбектi олефиндерге қос байланыс бойынша күкiрт қышқылын қосып, өнімді нейтралдау арқылы:

 

RCH=CH2 + H2SO4 RCH(CH3)OSO3H

 

Сульфоэтерификацияға көмiрсутек радикалы 8-18 көмiртек атомды қос байланысы a – жағдайда орналасқан олефиндердi пайдаланады, нейтралдау үшiн сiлтi немесе триэтанолды қолданады.

4. Алкилсульфонаттар RSO3Na – тез ыдырайтын және рН-ы мен кермектiлiгi әр түрлi суда жоғары жуғыш қабiлетiн сақтайтын БАЗ-дар.

Бұл заттар Еуропада "Мерзолят" деген техникалық атаумен екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде шығарылатын. Алкилсульфонаттар синтезiнiң классикалық әдiсi алкилгалогенидтердiң натрий (аммоний) сульфитiмен әрекеттесуiне негiзделедi:

 

RBr + Na2SO3 RSO3Na + NaBr

 

Алкилсульфонаттарды практикада алу жоғары парафиндердi сульфохлорлау немесе сульфототықтырып нейтралдауды қажет етедi.

Парафиндердi сульфохлорлау реакциясын 1936 жылы Рид пен Хорн ашқан:

 

hn

R'R"CH2 + SO2 + Cl2 R'R"CHSO3Cl + HCl

2NaOH

R'R"CHSO3Na + H2O + NaCl + HCl

 

Сульфототығу реакциясымен де алкансульфонаттарды алу әдiсiнiң практикалық маңызы жоғары:

 

2NaOH

RH + SO2 + Ң O2 RSO3H RSO3Na + H2O

 

Алкилсульфонаттармен бiрге болашағы зор аниондық беттiк-активтi заттарға олефинсульфонаттар жатады.

Жоғарыда аталған беттiк-активтi заттармен қатар аниондық БАЗ-дарға құрамында өзге аниондық топтары бар: фосфаттар, тиосульфоқышқылдар тұздары, ксантогенаттар, тиофосфаттар, өт қышқылдарының тұздары жатады. Аниондық БАЗ-дар көбiне сiлтiлiк ортада белсендi. Олар жұқтырғыш, жуғыш, көбiк түзгiш заттар ретiнде қолданылады. Белок молекуласының нативтiлiгiн сақтауды қажет етпейтiн биохимиялық тәжiрибелерде натрий додецилсульфатын пайдаланады.

Гидрофильділігі бойынша карбоксил, сульфо және сульфон топтарын былай орналастыруға болады:

 

– COO->> – SO3-> – OSO3-

 

Ал фосфаттық (- РО3)2- дианиондар нейтралды және негіздігі төмен орталарда протонданып, негіздік қасиет көрсеткенімен, төмен рН мәндерінде өз зарядтарын сақтап қалады. Бірақ олардың өлшемдерінің үлкендігі заряд тығыздығының төмендеуіне себеп болады. Ал өлшемі кіші карбоксилаттар рН 4-5 аймағында протонданып кететін болса да зарядтың үлкен тығыздығына жетіп, фосфаттарға қарағанда жоғары гидрофильділік көрсетеді.

Аниондық БАЗ-дармен олардың композициялары көптеген коммерциялық атаумен белгiлi: “диталан НД”, “хинолин ОС”, “метацион”, “сульфоолеин” және т.б.

 

Амфолиттiк беттiк-активтi заттар

 

Амфолиттiк БАЗ-дар – молекуларында қышқылдық (карбоксил) және негiздiк (көбiнесе амин) топтары бар қосылыстар. Қышқылдық ортада (рН<4) олар катиондық БАЗ қасиетiн көрсетедi, ал сiлтiлiгі жоғары ортада (рН – 9-12) – аниондық БАЗ болады. рН 4¸9 аралығында иондық емес БАЗ-дардың қасиетiне иеленедi. Көптеген табиғи заттар (олардың iшiнде белоктар да), алкиламин карбон қышқылдары, алкилбетаиндер – бұл топтың белгiлi өкiлдерi болып табылады.

Алкиламин карбон қышқылдарыөндiрiсте алғашқы рет 1950 жылы шығарылды. Бұл амфолиттiң кең таралған түрi R NH(CH2)nCOOH, мұндағы n = 1¸4, өзi құрамында галогенi бар карбон қышқылдарының майлы аминдермен әрекеттесуiнiң нәтижесiнде түзiледi.

Алкилбетаиндердiң молекулалары оң және терiс зарядталған атомдардан немесе топтардан құралады, яғни диполярлы ион болып келедi. Жалпы формуласы

 

мұндағы R –С1820 – көмiрсутектiзбек; құрамындаамидтiк, аминдiк, эфирлiкжәнебасқафункционалтоптарыболуымүмкiн; R' – С13аралығындағықысқакөмiрсутекрадикал; R' – С14 – көмiрсутекрадикал, құрамындагидроксидионыболуымүмкiн;

Х+ – азот немесе фосфор; Y- – -OSO2-, -OSO3-, -COO- немесе ОРО3-.

Бетаиндердің ерекшелігі – олардың молекула ішінде протон тасымалдануының нәтижесінде түзілетіндігінде:

 

Бетаиндер цвиттериондық БАЗ-дардың аса маңызды тобы болып келеді және алкилбетаин, амидоалкилбетаин және гетероциклдік бетаиндерге бөлінеді:

 

 

алкилбетаин

 

амидоалкилбетаин

 

Бұл қосылыстар алкил тобының ұзындығы С8 – ден бастап әртүрлi шапмуньдерде, косметикалық заттарда, жуғыш заттарда биологиялық жұмсақ БАЗ-дар ретiнде қолданылады.

Алкилбетаиндi синтездеуде көбiне бiрiншiлiк және екiншiлiк галогенидтерден алынған үшiншiлiк аминдер мен майлы қышқылдарды пайдаланады. Ал алкилбензилхлоридтер, алкилпиридиндер, алкилсульфондар, a-галогеналмасқан май қышқылдары, бiрiншiлiк аминдер мен спирттер оларға қарағанда сирек қолданылады.

 

3 – дәріс. Иондық емес БАЗ-дар. Иондық емес БАЗ. Иондық емес БАЗ-дардың негізгі топтары, олардың алыну технологиясы, негізгі қасиеттері.

 

Иондық емес беттiк-активтi заттар

Иондық емес беттiк-активтi заттар қышқылдық та, сiлтiлiк те орталарда еритiн, бiрақ суда диссоциацияланбайтын заттар. Жалпы формуласы R–X(CH2CH2O)nH, мұндағы R – алкил, ал Х – оттек, азот, күкiрт атомы немесе –COO-, -CONH, -C6H4O- сияқты функционал тобы болуы мүмкiн. Олар этилен оксидiнiң құрамында жылжымалы сутек атомы бар ұзын көмiрсутек радикалды заттарға қосылуы нәтижесiнде алынады:

 

ROH + n CH2 – CH2 RO(CH2CH2О)nH

 


O

 

Бұл қосылыстарды молекулаларының гидрофобтық бөлшегiнiң құрамына сәйкес 11 топқа бөледi, яғни олардың полигликольдi кэфирлерiн алуға пайдаланылған бастапқы заттарға байланысты:

1) Көп болып таралған иондық емесБАЗ – оксиэтилденгенспирттер (ОС): RO(CH2CH2О)nH,

R – гидрофобтық радикал, ол сызықты немесе тармақталған, парафиндiк немесе олефиндiк, тiптi перфторланған болуы мүмкiн;

n – этилен оксидiнiң саны.

2) Оксиэтилденген алкилфенолдар мен алкилнафтолдар (ОАФ) да жиi кездеседi: RC6H4(CH2CH2O)nH, RC10H8(CH2CH2O)n H,

R – С610 – тiзбектi гидрофобтық радикал.

Этилен оксидi мен фенолдық әрекеттесуi нәтижесiнде иондық емес БАЗ алынуы мына сызбанұсқа бойынша өтедi:

 

Оксиэтиленденген алкилфенолдарды құрамындағы этилен оксидiнiң санына байланысты ОП – 7, ОП – 10 деген атпен пайдалынады (ОП – Oxyethylenic Phenol деген сөздердiң бiрiншi әрiптерiнен құралған атау).

 

О-(СН2-СН2-О)n–Н

 


n=7 болса, ОП–7

Н17С8n=10 болса, ОП–10.

 

Шет елдерде бұл заттарды “тритон”, “игепаль”, “нейтроникс” және т.б. аттармен шығарады, бұрынғы Кеңес Одағында жоғарыда көрсетiлген ОП және АФ деген белгiмен шығаратын (қосымша этилен оксидi молекулаларының санын көрсетiп).

Сонымен қатар оксиэтиленденген:

3) карбон қышқылдары RCOO(CH2CH2O)nH;

4) аминдер, амидтер, имидазолиндар:

 

(CH2CH2O)nH

RNH,

(CH2CH2O)nH

 

RCONH(CH2CH2O)nH

 

5) меркаптандар мен сульфамидтер:

 

 

6) алкилацетиленгликольдер:

 

7) фосфор қышқылының эфирлерi:

 

 

8) пентаэритрит эфирлерi:

 

ионсыз БАЗ ретiнде алынады.

9) Практикада қолданылуы бойынша болашағы зор иондық емес БАЗ-дар ретiнде олардың келесi өкiлдерiн көрсетуге болады: этилен оксидi мен пропилен оксидiнiң блоксополимерлерi – плюрониктер H(CH2CH2O)x· (C3H6O)n(CH2CH2O)yH. Молекулалық массасы 2000¸20000, беттiк-активтiлiгi полиоксипропилен (гидрофобты) және полиоксиэтилен (гидрофильдi) тiзбектерi ұзындықтарыныңқатынасымен анықталады.

10) Глюкозидтердiң ұзын тiзбектi спирттермен, карбон қышқылы және этилен оксидiмен конденсациясы нәтижесiнде алынатын заттар. Бұл топқа этилен оксидiнiң сорбитан мен май қышқылының моноэфирiне қосылуынан алынатын “твиндердi” жатқызуға болады:

11) КремнийорганикалықБАЗ-дар, мысалы, диметилполисилоксандардыңаддуктыSi(CH3)3[OSi(CH3)2]n(CH3)3O (C2H4O)mH. Құрамындакремнийдiң 2-3 атомыбариондықемесБАЗ-дарбеттiккерiлугеәсерi бойыншаоксиэтиленденгенспирттерденкүштi болыпкеледi, мәселен, силоксандыБАЗ-дардың n=8 жағдайында 0,1%ерiтiндiлерiнiңбеттiккерiлуi (22-23)·10-3н/м.

ОксиэтилденгенионсызБАЗ-дардыңеруi сумолекулаларыныңжайэфирбайланысынтүзетiноттекатомдарыменсутектiккөпiршелерарқылыбайланысуынанегiзделедi, яғнисудыңНатомыэфирлiкоттекатомыныңбосэлектронжұбыменбайланысады. СоныменбiргеиондықемесБАЗаддуктыларысудаоксонийқосылыстарынаайналадыдегендепiкiрбар:

 

Сутектiк байланыс (а) пен оксонийлiк құрылым (б) арасында өтпелi құрылым (ә) болу керек:

 

а ә б

олардың қатынасын Полинг а:ә:б = 65%: 31%: 4% деп анықтады.

Иондық емес БАЗ-дар мақта-мата өндiрiсiнде көп қолданылады. Жуғыштық қасиетi иондық БАЗ-дардыкiнен кем емес, ал артықшылығы–қышқылдығыәр түрлi суда ерiгiш.

ПолимерлiктабиғаттыионданбайтынБАЗ-дар – плюрониктердiңжуғышқасиетi жоғарыболғанымен, көбiктүзгiштiгi төмен. Сондықтанолардыжақсыкөпiретiнзаттарғакөбiктүзiлуiнтежеуүшiнқосады, яғнибұлзаттардыкомбинациядақолданутиiмдi. ОксиэтиленденгенБАЗ-дардымұнайөндiрудескважиналарғажерқабатынанмұнайдыығыстыруүшiненгiзедi.

ШетелдiкионсызБАЗ-дар “превоцеллО – 100”, “сапальОГ”, “лиссаполь”, “конокс”, “тритон”, “спан”, “бридж”жәнет.б. атауларменбелгiлi. “Тритондар” мен “твиндердi”биохимиялықзерттеулердекөппайдаланады. Оларбелоктардыңтабиғиқұрылымынбұзбайтындықтанмембраналықбелоктардыңқұрылымдықбiрлiктерiнзерттеугеыңғайлы.

Твин 80 [сорбиталь О, сорбитан бис(полиоксиэтилен)моноолеат]

 

 

n+m = 20. Құрамында негізгі зат – 98 %. Ашық сары түсті майлы сұйық, КМТК = 0,06 г/л.

Синтанол ДС – 10 [біріншілік спирттер негізіндегі полиэтиленгликольдің моноалкил эфирлері CnH2n+1(C2H4O)mH0 n = 10¸18, m=8¸10]. Негізгі зат 99 % құрайды, су – 0,5%. Ақ немесе сары түсті паста түрінде шығарылады, КМТК = 0,009 масс.%.

Жалпы иондық емес беттік-активті заттарды қолданудың ыңғайлылығы мен тиiмдiлiгi – оксиэтилен тiзбегi ұзындығын өзгерту арқылы олардың қасиеттерiн реттеу және олардың химиялық инерттiлiгiнен басқа заттармен қоспада пайдалану мүмкiндiгiмен байланысты (3-кесте). Бұл қосылыстардың көптеген өкiлдерi иiссiз, дәмсiз және улы емес, сол себептен тамақ, медицина, парфюмерия өндiрiстерiнде қолданылады.

3-кесте. “ Serva” фирмасы шығаратын иондық емес БАЗ-дар

 

 

Оксиэтилденген алкилфенолдар. Алкилфенолдарды фенолдарды алкен немесе хлоралкендермен катализаторлар (бензолсульфақышқыл немесе ионалмастырғыш шайырлар) қатысында алкилдеу арқылы алады. Ал оксиэтилдеу реакциясын сілті немесе натрий метилаты қатысында жүргізеді. Натрий метилатын қолдану реакция температурасын 40-500С-қа төмендетуге және қажетсіз қосалқы реакция – полиэтиленгликоль түзілуін тежеуге мүмкіндік береді. Бұл жағдайда оксиэтилдеу 900-1000С-де жүре береді.

Алкилфенолдағы сутек алкилфеноксиэтанолдағы сутекке қарағанда едәуір белсенді, сондықтан алдымен бүкіл алкилфенол алкилфеноксиэтанолға айналады, ал полиэтиленгликольдік тізбек тек бұдан кейін ғана өсе бастайды. Бұл механизм фенолдың токсикалық және дерматологиялық қасиеттерін азайтады.

Өндіріс жағдайында қосылған этилен оксиді топтарының ортастатистикалық санымен әртүрлі полиэтиленгликоль эфирлерінің қоспасын алады. Бірдей жағдайда түзілетін қоспалардың құрамы да бірдей болады.

Жеке оксиэтилденген алкилфенолдарды оксиэтилденген спирттер сияқты жеке алкилфеноляттарды полиэтиленгликольдердің галогентуындыларымен әрекеттестіру арқылы алуға болады. Бірақ бұларды алу жеңілдеу, себебі алкоголяттарға қарағанда феноляттар тез түзіледі.

 


Дата добавления: 2015-08-09; просмотров: 691 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Дәріс. Беттік-активті заттардың гидрофильді-липофильдік балансы, оны анықтау жолдары. ГЛБ-ны анықтаудың Дэвис, Гриффин әдістері. | Дәріс.БАЗ-дардың гидраттануы. Су-БАЗ жүйесіндегі гидрофобтық әрекеттесулер пайда болу механизмі. | Сурет. Беттік-активті заттардың су бетіндегі және көлеміндегі күйлері | Кесте. Крафт нүктесіне (Тк) БАЗ-дың көмірсутек радикал ұзындығының, полярлы топтың және қарсы ионның әсері | Кесте. А коэффициенті мен ΔG'м мәндері | Критикалық мицелла түзу концентрациясына әр түрлі факторлардың әсері | Кесте. Жуғыш заттардың жалпы құрамы |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
день (02.01.15 г.)| Дәріс. БАЗ-дардыңнегізгісипаттамалары. Беттік-активтізаттардыңбиологиялықыдырауы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.053 сек.)