Читайте также:
|
|
Орындаған: К.Авлайхаан
Жетекші: п.ғ.к., қауым. профессор: К.Ш. Коккозева
Зерттеу мақсаты: кіші мектеп жасындағы психикалық дамуы тежелген балалардың диалогті сөйлеуін дамытуға арналған әдістемелік құрал жасау.
Зерттеу объектісі: сөйлеу тілінің процессі
Зерттеу пәні: заттық тәжірибелік іс-әрекет барысында диалогтік сөйлеуін дамыту
Зерттеу болжамы: кіші мектеп жасындағы психикалық дамуы тежелген балалардың диалогті сөйлеуін заттық тәжірибе іс-әрекеті арқылы дамытсақ солғұрлым эффективті болады.
Зерттеу міндеттер:
1) зерттелініп отырған проблемаға сәйкес психологиялық-педагогика-лық және логопедиялық әдебиеттерді оқып талдау;
2) психикалық дамуы тежелген балалардың психологиялық, педагогика-лық ерекше-ліктерін талдау;
3) кіші мектеп жасындағы психикалық дамуы тежелген балалардың байланыстырып диалогті сөйлеу ерекшелігін айқындау;
4) кші мектеп жасындағы психикалық дамуы тежелген балалардың байланыстырып диалогті сөйлеуін эффективті логопедиялық сабақтарында дамыту.
Зерттеу әдісі: Р.И.Лалаеваның «диалогтік сөйлеуін зерттеу» әдістемесі.
Зерттеу базасы: КММ «Мүмкіндігі шектеулі балалрға арналған «Алтын дән» бала-бақша мектебі»
Негізгі нәтижелер мен қорытынды
Р.И.Лалаеваның әдістемесі бойынша біріншілік тексеру кезінде топ балалары орташа дәреже көрсетті. Егер ең жоғары сандық пайыз 100% болса, тексеріс кезінде топ 40-80% көрсетті.
Тексеру барысында топтағы балалардың берген көрсеткіштері орташа дәрежеде болғандықтан, қарастырып отырған түзету жұмысының ерекшелігін байқату үшін, оны сан-қилы етіп жүргізу қажет.
Диалогтік сөйлеуді дамытудың ең эффективті түрі ретінде – Заттық тәжірибелік іс-әрекетті пайдалана отырып, сұрақ-жауап түрі таңдалды. Бала бейнені жасай отырып, сол бейне туралы сұрақ қойып, өзі білетіні туралы басқа балалармен бөлісіп, білмейтінін сұрап, қарым-қатынасқа түсу нәтижесінде диалогтік сөйлеуді дамытамыз. Балалар әрдайым топпен немесе жұппен жұмыс жасауға үйренеді. Нақты затпен жұмыс жасау отырып, көзбен көріп, қолмен ұстап, оны жан жақты зерттеп, сұрақ қойып, оған жауап ала отырып, диалогтік сөйлеуін дамытамыз.
Психикалық дамуы тежелген кіші мектеп жасындағы балалардың диалогтік сөйлеуін заттық тәжірибелік іс-әрекет барысында дамыту экспериментін жүргізгеннен кейін,балалардың диалогтік деңгейін анықтау үшін Р.И.Лалаеваның әдістемесі жүргізілді. Екіншілік тексеру кезінде топ балалары орташадан жоғары дәрежені көрсетті. Егер ең жоғары сандық пайыз 100% болса, тексеріс кезінде топ 90-50% көрсетті. Осыдан қорытынды жасасақ, біздің диалогтік сөйлеуін дамытуға арналған заттық тәжірибелік іс-әрекет эффективті болып табылды.
Тәжірибелік маңыздылығы
ПДТ балалардың диалогтік сөйлеуін дамыту үшін, кұрастыру сабағында немесе сабақтан тыс уақыттарында заттық іс-тәжірибеден құралған жинақ шығарылып және оны қолдануға ұсынылады.
Дата добавления: 2015-08-10; просмотров: 579 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
СОВРЕМЕННЫЕ ПРОБЛЕМЫ ОЛИГОФРЕНОПЕДАГОГИКИ | | | Экономическое воспитание детей старшего школьного возраста с нарушением интеллекта |