Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Арахан мемлекеті: этносаяси тарихы, әлеуметтік- экономикалық дамуы, мәдени өркендеуі.

Читайте также:
  1. XV-XVIII ғғ. қазақтардың материалдық рухани мәдениетінің ерекшеліктері.
  2. Азақстан Республикасындағы білім, ғылым, мәдениет және денсаулық сақтау ісінің дамуы.
  3. Жеке сақтандырудың экономикалық мәні және функциялары. Жеке сақтандырудың сыныптамасы.
  4. Имак мемлекетті: этносаяси тарихы және шаруашылығы.
  5. Инвестицияның экономикалық мәні мен түрлері
  6. Лы Жібек жолының тарихи-мәдени маңызы.

Қарахандықтар мем-нің қалыптасуында жетісуды мекендеген қарлұқ бірлестігінің тайпалары басты рөл атқарады.Карахан әулетінің негізін салушы—Сарұқ Боғра хан.Ол ислам дінін қабылдаған билеуші саманилерден қолдау тауып, туысы Оғұлшақты жеңіп,Тараз бен Қашғарды бағындырады. Нәтижесінде, 942 ж бірңғай бір орталыққа бағынған қарахан мемлек-ті құрылды. қарлұқ қағанатының ыдырауына байланысты Жетісу мен Қашғар аралығы қарахан мемлекетіне қарады.955 ж –Мұса хан билігі орнады.

960 ж – Мұса хан исламды мемлекеттік дін етіп жариялады. XI-XII ғ.ғ Териториясы Жетісу, Шығ.Түркістан Астаналары: Қашғар- Мұса хан билігінің орталығы.Баласағұн-Сүлеймен хан орталығы.Қарахан мем-нің саяси тарихы екі әулеттің арасындағы өзара күреске толы:

Әли Арсылан хан, Хасан, Боғра хан.XI ғ. 30-жылдары мем-кет екіге бөлінді: Шығыс хандық. Тереториясы-Жетісу, Шығ.Түркістан.Астанасы-Баласағұн. Билеушісі-Арсылан хан Сүлеймен. Батыс хандық. Тереториясы-Мәуренахр. Астанасы- Бұхар, кейін Самарканд. Билеушісі-Ибрахим Тамғаш Боғра хан.1089 ж-селжұқтар сұлтаны Мәлік шах Батыс қағанатты бағындырды. Нәтижесінде қарахандықтар селжұқтарға вассалдық тәуелділікке түсті.1102 ж – Баласағұн мен Тараздың билеушісі Қадыр хан Жебірейл Мәуренахрды жаулады. Нәтижесінде Амударияға дейінгі жерді өзіне қаратты. Кейін Термезге шабуыл кезінде селжұқтардан қаза тапты. Селжұқтардың сұлтаны Санжардың Мәуренахрға ықпалы артқан кезден бастап, қарахандықтардың саяси құлдырауы байқалды. Қарақытайлар шапқыншылығы басталды.1128 ж – қарақытайлар шығыс хандықты жаулап, Жетісуда үстемдік етті. Осымен бір мезгілде хорезмдіктердің Батыс хандыққа шабуылдары басталды.XII ғ. 30-жж. Қарақытайлар Шығ. Қарахандықтың қалған иелігін түгел жаулап,Батыс хандыққа шабуылдады.1141 ж – Қарақытайлар Қарахан мемлекетін түгел бағындырды. Мемл-ті шігіл ж\е яғма тайпалары басқарды. XIII ғ. басы- Қарахан мемлекеті өмір сүруін тоқтатты.Қарахандықтар кезеңі- саяси экономикалық, әлеуметтік,мәдени өмір жоғарғы деңгейде дамыған жаңа кезең.Феодалық карым-қатынастар дамып,түркі тілдес тайпалардың бірлігі нығайды. Қарахан дәуіріндегі мәдениет

Қарахандарда феодалдық қарым-қатынастар дамып,түрік тілдес тайпалардың бірлігі нығайды. Жетісу, Оңт.Қазақстан жерінде көшпелі түріктердің отырықшылық өмірге бейімделіп,қала мәдениеті жедел дамыды. Қарахан мем-нің саяси құрлымы өздерінен бұрынғы көне түрік идеялогиясы мен мәдениетіне ұқсамайтын өзгеше сипатта болды.960 ж қарахан әулеттері ислам дінін мем-тік дін деп дариялады. Осыған байланысты көне түрік руна жазуының орнына араб жазуы келді.Түркі тілінде біраз шығармалар жазылды. Олардың арасында Жүсіп Баласағұнидің “Құтадғу білік”, Махмуд Қашғаридың “Диуани лұғат ат-түрік”, Ахмед Яссауидің “Диуан-и Хикмет” сияқты еңбектері бар. Қарахан өнері- Қарахан мем-ті кезінде тұрғызылған сәулет өнерінің озық үлгілері.X-XII ғ.ғ Жетісу, Сырдария алқаптарында қала (Тараз), мавзолейлер Айша бибі күмбезі, Аяққамыр, Алаша хан күмбезі, т.б; көпір салу ісі өркендеді.Архитектуралық құрылыстарға күйдірілген қышты пайдалану ғимараттардың композициялық түр-типтерін қалыптастыруға, арқа-свод-күмбез конструкциясын кеңінен қолдануға, көркемдік әдістерінің алуан түрін іске асыруға жол ашты.Олардың сыртқы қабырғаларының күмбездері мен ішкі еңселері ғимарат құрлымымен үндес, тартымды ою-өрнектермен әсемделді.Құрылыстарда қашап, құйып жасалған 8 қырлы, жұлдыз гүлді, кілем өрнегі тәрізді нақыштар көптеп пайданылды.

Қарахан мемлекетінің құрылуында және әуелгі тарихында қарлұқ конфедерациясының тайпалары зор роль атқарды. Қарахан мемлекетінің құрылуы батыста Жетісудан Испиджабқа дейінгі және шығыста Қашқарға дейінгі территорияда болған саяси оқиғалармен, Қарлұқ қағанатының ыдырауымен байланысты еді. Сатұқ Боғра ханды(915-955) Қарахан әулиетінің негізін салушы деп есептейді. Исламды қабылдап, Саманилерді қолдауын пайдалана отырып, Сатұқ Боғра хан Оғұлшаққа қарсы шығып, оны талқандап, Тараз бен Қашқарды бағындырады. 942 жылы ол Баласағұнда билеушіні құлатып, өзін жоғарғы хан деп жариялады. Сатұқ өлгеннен кейін билік оның баласы Мұсаға көшті, ол 960 жылы қағанаттың мемлекеттік діні ислам деп жариялайды. Оның астана қаласы Қашқар болды. Мұса өлген соң жоғарғы хан атағы оның баласы Әли Арслан ханға көшті. Сонымен қатар ол Тараз бен Баласағұнның билеушісі болып есептелінді.999 жылы Қарахан мемлекеті Бұхара қаласын алып, біржолата Мәуереннахрды бағындырды.1089 жылы салжұқ сұлтаны Мәлік хан Батыс хандықтың орталығы Самарқанд алынды, одан соң Бұхара басып алды.1141 жылы Самарқан қаласына жақын жерде Қатуан даласында басып кірген қарақытайлар салжұқтар мен қарахандықтар ойсырата жеңіледі.Бұхара қаласын, Мәуереннахр орта бөлігін толығымен жаулап алады. Қарахан мемлекеті қарақытайларға толық тәуелділікке түсті.

17.Түркілердің материалдық және рухани мәдениеті 6-12ғ.ғ

Көне түркі дәуірінің мәдени, әдеби ескерткіштерін сөз етуден бұрын, қазақ халқын құраған тайпалық бірлестіктерінің тұрмыс- тіршілігі, әлеуметтік өмірі жайында бірер сөз айта кеткен дұрыс. Өйткені “Өз өміріндегі қоғамдық өндірісте адамдар өздерінің дегендеріне қарамайтын, белгілі бір, қажетті қатынастарда - өндірістік қатынастарда болады, бұл қатынастар олардың материалдық өндіргіш күштері дамуының белгілі бір сатысына сай келеді. Біздің заманымыздан бұрынғы 1-мың жылдықтың бас кезінде-ақ қазіргі Қазақстан жерінің оңтүстік және шығыс аймақтарын мекендеген, тарихта сақтардеген атпен белгілі тайпалар өздерінің қоғамдық даму дәрежесі жағынан мемлекеттік құрылыс сатысына таяп қалған еді. Оларды мал өсіру және егіншілікпен қатар темір қорыту біршама дамыған болатын. Сол кезде-ақ қызыл – қоңыр және магнитті темір рудасын кеңінен пайдаланған сақтар қола мен темірден түрлі қару-жарақ, үй шаруашылығына қажетті және зергерлік бұйымдар жасаған. Соңғы жылдары Есік маңынан (Алматы облысы) табылған сақ көсемінің киіміндегі алтын өрнектер, сақтардың “Алтын обасынан” (Шымкент облысы) шыққан әшекей-сәндік бұйымдар, Таңбалы тас (Қаратау) мен Саймалташ (Қырғызстан) жартастарына ойып салынған орасан үлкен суреттер сақтардың көркемдік талғамы, бейнелеу өнері, металды өңдеу тәсілі жоғары болғ,анын аңғартады. Сақтарда бұғы, арқар, арыстан, самұрық құс суретін салу мен олардың бейнесін алтыннан құйып жасау стилінің өзіндік ерекшеліктері бар. Жоғарыда айтылған “Алтын обадан” табылған зергелік-әшекей бұйымдардың кейбір бөлшектері өте кіші әрі нәзік етіп жасалғаны сондай, оны тек үлкейткіш шыны арқылы ғана айқын көруге болады. Қазақстан жерінде сақтардан кейін жасаған ежелгі алғашқы тайпалық бірлестіктер – үйсіндер мен қаңылылар деуге болады. Олардың шекарасы батысында Шу мен Талас өзендері, шығысында Тянь-Шянь таулары, солтүстігінде Балқаш көлінен бастап, Ыстық көлінен бастап, Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауына дейінгі өлкені алып жатты. Үйсіндер негізінен Іле алқабын жайлағанымен, ордасы “Қызыл алқап” қаласы Ыстықкөл маңында болды. Қаңлылар - Қаратау өңірі мен Сырдарияның орта саласын мекен етті. Ежелгі саяхатшылар Қаңлы тайпалық бірлестігін көшпелі ел әрі қалалары бар ұлкен мемлекет ретінде сипаттап жазады. Сыр өзенінің орта ағысы (Шаш, Отырар, Қаратау) аймағын мекендеген қаңлылардың мәдениеті тарихи әдебиеттерде Жетісай, Қауыншы, Отырар, ал кейін Қаратау мәдениеті деп аталады. Орта Азия мен Қазақстан территориясында бірте-бірте патриархалды –феодалдық қатынастар қалыптасып, ежелгі феодалдық мемлекеттер құрыла бастады. Орталық Азиядағы көптеген тайпалық одақтардан бірігіп пайда болған осындай ежелгі феодалдық мемлекеттердің бірі. Түрік қағандығы (552-745 жылдар) еді. Бұл қағандыққа енген тайпалар алғашында Алтай мен Жетісудың бір бөлігін мекендеді.

8.Орта ғасырлардағы қала мәдениеті.9-12ғ.ғ Қазақстан жерінде ежелден отырықшылық тарихи-мәдени ірі аймақтар, ал ортағасырдың ортасында қалалық мәдениет дамыды. Олардың бірі Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу еді. Оңтүстік Қазақстанда Исфиджаб (Сайрам), Газгирд, Шараб, Будухкет, Отырар, Шавгар және Сауран тәрізді ірі қалалар бой көтерді. Исфиджаб сауда жолы өтетін орталық болды, мұнда көптеген тауарлар өндірілді, бұл жерден маталар, қару-жарақтар, мыс пен темір тасылды. "Исфиджаб,- деп жазды ортағасырлық авторлардың бірі,- Түркістан шекарасындағы Мауераннахрдың үлкен де, ірі қалаларының бірі. Ол Азия елдерінің өркендеген және керемет қалаларының бірі, жері құнарлы, ағаштары көп, суы мол және ғажайып бақтары бар".Талас алқабында ірі қала Тараз пайда болды. Ол VI ғасырдың өзінде-ақ белгілі болды. Тап осында Түрік қағаны Иштеми 568 жылы Земарх бастаған Византия императоры Юстиниан II-нің дипломатиялық елшілігін қабылдады. Шежірешілер Таразды саудагерлер қаласы деп атаған. Ол түргештердің, сосын қарлұқтар мен қарахандардың астанасы болды. ХІ ғ. бірінші ширегінде ақша айналымының қалыптаса бастауына сай Қазақстандық екі теңге сарайы – Тараз және Испиджаб қалаларында болды. Қалалардағы ішкі сауда айналымында мыс (қола) теңгелер жүрсе, ал күміс теңге қалааралық ірі товар айналымын қамтамасыз етіп, қаржы жинаудың құралы қызметін атқарды. ХІ ғасырдың 70 -жылдарынан кейін күміс құю тоқтатылып, айналымда оның орнына алтын қолданылды. Талас, Асса өзендерінің бойында Тараз маңында Төменгі Барысхан, Жамукат, Жекіл, Бектөбе, Дех-Нуджикес, Адахкет, Текабкет, Шельджи, Жувикат және т.б. қалалар мен мекендер созылып жатты. Талас алқабынан Шуға дейінгі жолда Ақыртас, Құл-Шуб, Жұл-Шуб, Құлан, Мерке, Аспара, Нүзкет тәрізді қалалар орын тепкен.Тек VI-XIII ғасырларда Шу алқабында соғдылар, сириялықтар, түріктер, парсылар мекендеген ірілі-ұсақты 25 қала болған. Бұл Харанжуан, Жұл, Навакет, Бунджикет, Құрмырау, Суяб, Баласағұн, Жоғарғы Барысхан қалашықтары. Іле алқабының ірі қалаларының қатары Тальхиз (Талғар), Қойлық, Дунгене, Алмалық (Алматы), Ілебалық, Көк-Тума сияқты қалаларды жатқызуға болады.VII-XIII ғғ. қала мәдениеті тек оңтүстікте және оңтүстік-шығыста ғана емес, Қазақстанның басқа өңірлерінде де дамыды.. Ертіс өзенінің алқабында он алты қимақ қаласы кездессе, оның ішінде Хакан мен Хакан-Қимақ қалалары қағанаттың астанасы болған. Сол кезде қалалардың дамығанын сәулетті құрылыстардың болуы дәлелдейді. Тараз маңындағы Бабаджа-хатун (X-XI ғғ.), Айша–бибі (XI-XII ғғ.) кесенелері, Тараздағы Қарахан кесенесі ортағасырлық сәулеттік ескерткіштерге жатады. Қазақстан қалаларының сәулеті бұрыңғы өткен заманның сәулет өнерімен тығыз байланысты. Үйлерді салуға шикі кірпіш, құм, ағаш қолданылды. Ірі ғимараттар мен бекіністердің сыртқы қабырғасы көбінесе күйдірілген сары саздан жасалған плиткалармен қапталды. Орта ғасырда Қазақстан аумағында отырықшылық, егін шаруашылығы, мал шаруашылығы мен қалалық мәдениет дамыды. Қазақстан жерінде халықтар өздерінің даму дәрежесіне қарай қолөнер кәсібімен де шұғылданды. Құмыра жасаушылардың, ұсталардың, ағашқа, сүйекке, тасқа өрнек салушылардың істеген заттарына халықтың сұранымы күшті болды. Саз балшық бұйымдар өндірісі ерекше дамыды. Отырар алқабында және Қаратаудың баурайларындағы қалаларда керамиканы өркендетудің қалыптасқан түрлері сақталған. Керамикадан кесе, тостаған, аяқ-табақтар, тағы да басқа ыдыстар жасалынып, сырты оюланып, неше түрлі қызыл, жасыл, сары, қоңыр түсті бояулар жалатылды. Аңдар мен құстар бейнеленген құйма ыдыстар тобы ынта қоярлық. Мәселен, Тараз қазбалары кезінде арыстан бейнелеген тамаша табақша шықты. Отырарда өсімдік ою-өрнегімен әшекейленген құмыра табылды.VІ-ХІІғғ оңтүстік ж/е оңтүстік-шығыс Қазақстанның қалалық мәдениеті – жазба деректемелер мен археологиялық материалдар нәтижесінде анықталған байырғы қоныс орындары, қала жұрттары. 6 – 9 ғасырларда Оңтүстік Қазақстан мен Оңтүстік-Батыс Жетісуда қала мәдениеті жақсы дамыды. Саяси жағынан бұл аймақтар түрік әулеттеріне бағынды және реті бойынша Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ қағандықтарының құрамына енді. Бұл кезеңде көшіп жүретін жер аумағы шектеліп, көш жолдары қалыптасты, тұрақты қыстаулар мен жайлаулар орнығып, егіншілік пайда болды, отырықшы кедейлер тобы бөлініп, жекелеген рулық топтар отырықшылыққа көшті. Мемлекеттік төрешілдік аппарат құрылып, ортақ тіл мен жазу қалыптасты, сауда және дипломаттық байланыстар дамыды. Осындай жағдайда әкімшілік және қолөнер, сауда, мәдениет орталығы ретінде қалалар салына бастады. Кейін Махмұт Қашқари Сайрам – ақ қаланың аты, ол Исфиджаб деп, кейде Сайрам деп те аталғанын жазады. Сайрамнан Шашқа баратын жол бойында 8 – 10 ғасырларда Газгирд болған. Арыстың төменгі ағысында орталығы Отырар қ. болған Фараб (Отырар) өңірі жатты. Отырар аты 8 – 9 ғ-лардағы жазба деректерде аталады. Оның Фараб, Тарбанд секілді атаулары да бар. Отырардан төменірек Сырдария бойындағы Шауғар өңірінде сол аттас орталығы болған. Шауғар қ.аласы(соғды тілінен аударғанда “Қара тау”) Түркістанның оңтүстік-шығысында 8 км жерде орналасқан Шойтөбе қ-ның орнында болған.Оңтүстік-Батыс Жетісуда қалалардың өркендеуіне, қолөнері мен егіншіліктің және құрылыс техникасының дамуына Соғды ұрпақтарының елеулі әсері болды. 8 ғ-дың 2-жартысында олар Шу, Талас жазықтарына көптеп қоныстана бастады. Соғдылық саудагерлер Иран мен Византияны Шығыс Түркістанмен жалғастыратын Ұлы жібек жолының бойына сауда қоныстарын салды. Көптеген қалаларда ұсталық, зергерлік, былғары өңдеу, қыштан ыдыс жасау кәсібі өркендеді. Тұрғындары егін шаруашылығымен айналысып, бидай, тары егіп, бақ, жүзім өсірген. 9 – 10 ғасырларда солтүстік-шығыс Жетісуда да қалалар салына бастаған. Іле өз. бойындағы көшпелілер қоныстарының орнына пайда болған бұл қалалар тез арада-ақ қолөнері мен сауда орталығына айналды.9 ғ. және 10 ғ.1-жартысында Жетісуда билік қарлұқтар қолына өтуіне байланысты көшпелі халықтар отырықшылыққа жедел көше бастады. Көшпелі тайпалардың ақсүйектері құнарлы жайылымдарды басып алу, соғыс жорықтары және сауда арқылы байыды. Қоғамның қарапайым мүшелері топ-тобымен отырықшылыққа көшіп, егіншілердің, қолөнершілердің қатарын толықтырды. Қазақстанның оңт-ндегі қала жұрттарына құрылымында – ішкі қамал (цитадель); шахристан (дуалмен бекіндірілген қала) және рабад (қала төңірегіндегі сауда-қолөнер орны) болатын топография тән. Шахристанда бай шонжарлардың, ірі саудагерлер мен дінбасылардың үйлері, сарайлар орналасты. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың ерте орта ғасырлардағы қалаларының жұрттарын анықтаған кезде мынадай белгілердің жиынтығы: көлемі мен құрылымы (қамал және бүкіл көлемі немесе қамал мен шахристан); бекіністері; мәдени қабатының байлығы; археол. кешені пайдаланылады. Шу және Талас аңғарларындағы аумақта барлығы 36 қала жұрты табылып, олардағы 7 – 9 ғасырлардың мәдени қабаттары анықталды. Қалалар кейінгі кезге дейін өмір сүрген. Олардың топографиясында өзіндік ерекшелік кездеседі. Қала жұрттарында қамал мен шахристаннан тұратын “орталық бөлік” ерекше көрінеді. Орталықтағы құлаған үйінділерге ұзындығы 3 км-ден ондаған км-ге дейін жететін дуалмен қоршалған аумақ жапсарласып жатады. “Ұзын дуалды” қалалардың орналасуында қатаң заңдылық бар: Талас аңғарында олар бір-бірінен 15 – 20 км қашықтықта, аңғарлардың ең қолайлы жерлерінде, Таласқа ұсақ тау өзендерінің құятын сағаларында орналасқан. Шу аңғарында қалалардың орналасу заңдылығы одан да айқын – он үш қала тау етегіндегі аймақта тау өзендері ағып шығатын жерлерде бір-бірінен 15 – 35 км қашықтықта орналасқан; қалғандары Қырғыз жотасы тауларынан өзендердің Шуға келіп құятын жерлерінде солтүстік Жақтағы ішкі тізбекті құрайды. Қалаларды сипаттап топтаған кезде қала орындарының көлемі мен топографиясы және жазбаша деректердің мәліметтері пайдаланылуы нәтижесінде қалалар үш топқа бөлінеді. Бұлар: астаналық және ірі қалалар – Тараз, Суяб, Невакет және Нұзкет, олар Жетісудың оңт.-батысындағы Жамбыл, Ақбешім, Қызылөзен және Шитөбе сияқты ірі қала жұрттарына сәйкес келеді. Орташа топқа Таластағы Ақтөбе қ-ның жұрты деп саналатын Текабкет және тиісінше: Сус – Шалдовар, Мерке, Аспара, Жол – Соқылық, Харранжуван – Беловодск бекінісі, Жақ – Сарығ – Грозненское жатқызылды. Шағын қалаларға жататындар: Құлан – Луговое, “Түрік қағанының ауылы” – Шөміш, Кірмірау – Покровское. Ірі қалалардың төңірегінде орналасқан ондаған ескерткіштерді қоныстарға жатқызуға болады. Шу-Талас өңірлерінде орналасқан 403 ортағасырлық қалалар мен мекендердің 240-ның тарихи-топографиялық құрылымдары зерттелген. Мұндағы негізгі қалалар Жікіл, Балу, Шелже, Такабкет, Көл, Кендек, Ақтөбе, Төлек, Сус, т.б. Шу аңғарында Баласағұн қ. жетекші орынға шығып, астана рөлін атқарған. Ол 10 – 11 ғ-ларда хан ордасы ретінде қалыптасқан. Оның орнында неғұрлым ерте кезеңдегі қала жұрты бар. Бұл өлкеде осынша көп жаңа қалалардың пайда болуы ауданда отырықшылық пен қала өмірінің дамығанын көрсетеді. Солт.-шығыс Жетісуда 9 – 13 ғ-дың басында қалалар саны артқан. Егер 9 – 10 ғ-ларда мұнда 10 ғана қала болса, 11 – 13 ғ-лардың басында олардың саны 70-ке дейін көбейген. 10 ғ-дағы деректер Іле аңғарының сол жағалауында орналасқан екі қала – Талхиз (Талхар, Талғар) және Лабан қ-лары туралы мәлімет берсе, 11 – 13 ғ-лардың басындағы деректерде Екі-Оғыз, Қаялық, Ілебалық, т.б. қалалар аталады. Солт.-шығыс Жетісудағы барлық қала жұрттары “төрткөл” аталатын үлгіге жатады. Олар тік бұрыш, трапеция түрінде жоспарланған немесе дөңгелек болып келеді, жалпы жер бетінен сәл дөңестеніп тұрады және барлық жағынан бұрыштары мен мұнаралары бар дуалдармен қоршалған.Төрткөлдер солтүстік-шығыс Жетісуға ғана емес, сонымен қатар оңтүстік-шығыс Жетісуға, Тянь-Шаньға, Орталық Қазақстанға, Тува мен Моңғолияға таралған. Осы үлгідегі немесе біршама өзгеше жоспарланған қала жұрттары Сырдарияның төм. ағысында, Азов т. маңында кездеседі. Олардың типологиясы жөнінде әр түрлі көзқарастар бар.

 

 


Дата добавления: 2015-08-18; просмотров: 623 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Сақтар: жазба деректері, материалдық және рухани мәдениеті, қоғамдық құрылысы. | Лы Жібек жолының тарихи-мәдени маңызы. | Көне түрік жазба ескерткіштері. | Түркеш қағанатының тарихы | Арлұқ қағанатынытың тарихы | Найман және Керей ұлыстары. | Азақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырау кезеңінде. | Алтын Орда билеушілерінің мемлекеттік қызметі | Ақ Орда Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет. | Азақ» этнонимі |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Имак мемлекетті: этносаяси тарихы және шаруашылығы.| Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдары.Әбу Насыр әл-Фараби, М.Қашқари, Қожа Ахмед Йассауи, Ж.Баласағұни.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)