Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Лы Жібек жолының тарихи-мәдени маңызы.

Читайте также:
  1. Ж.ұлт азаттық көтерілістің себептері,барысы,нәтижесі және маңызы.

Ұлы Жібек жолы туралы алғашқы мәліметті будда діндары Сюань-Цзяннің қолжазбаларынан белгілі(629-630жылдар). Б.з.б. ІІІ-ІІ ғасырлар жібек жолымен алғашқы сауда байланысы жасалған.Ұлы Жібек жолы Шығыс пен Батысты байланыстырып, Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны қақ жарып өтетін кеуен жолының жүйесі (ұзындығы 7 мың шақырымнан астам). Бұл жол Орта Азия мен Қазақстан территориялары арқылы өтіп, бірнеше сауда жолдары қалыптасып, дамыды:

- Лазурит жолы: Бадахшан тауы – Иран- Месопотамия – Мысыр – Сирия – Қытай.

- Нефрит жолы: Жаркентдария – Шығыс Түркістан – Қытай.

- Дала жолы (б.з.б. І мыңжылдықтың ортасы): Қара теңіз жағалауы – Дон – Оңтүстік Орал – Ертіс, Алтай – Зайсан көлі (Геродот дерегі).

- Қазақстан жеріндегі Ұлы Жібек жолының негізгі бағыттары Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы өтіп, төрт тармаққа бөлінді:Батыстан шығысқа бакғытталатын жол;Іле бағыты;Еуропа бағыты;Орталық және Шығыс Қазақстан бағыттары.

Ұлы Жібек жолының VI-VII ғ.ғ. ең гүлденген бағыты - Қытайдан Жетісу және Оңтүстік Қазақстан арқылы батысқа баратын жол. Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар: Құлан қаласы,Ілебалық қаласы.Үлкен қала – Екіоғыз.Вильгельм Рубрук бұл қалада ирандық көпестердің сауда орындары болғанын айтады (1253ж.).Сырдарияны бойлай жүретін керуен жолындағы ең ірі қалалар – Отырар мен Шауғар. Тауар тасымалы Саудадағы басты тауар жібек. Жібек алтынмен теңеліп, халықаралық валютаға айналған. Жалақы мен қарызды жібекпен төленген. Ұлы Жібек жолымеен алғашқыда Қытайдың жібегі Батыс елдеріне жеткізілген. Кейін бұл жол арқылы Үндістан, Иран, Византия, Араб халифаты, Еуропа, Ресей тауарлары тасылды. Ұлы Жібек жолы арқылы тасылатын тауарлар: жасмин суы, мускат жаңғағы, женьшень, питонның өті, пілдер, мүйіз тұмсықтар, арыстандар, арғымақтар, түйелер, тотықұстар, сұңқарлар, т.б. Мәдениет пен діннің таралуы. Ортағасырлық Азияда әлемнің төрт патшалығы туралы тұжырым болды: Пілдер патшалығы немесе Үнді философиясы мен ғылымның дамуы мен даналық патшалығы – Үндістан;Бағалы тастар патшалығы немесе аңдар мен ерлер патшалығы – Иран мен Византия;Сәйгүліктер патшалығы немесе жыртқыштар аңдар патшалығы – Түрік қағанаты;Адамдар патшалығы немесе мемлекеттік басқару және өнеркәсіп патшалығы - Қытай.

Бұл тұжырым Самарқан төңірегіндегі Кушаниядағы сайрайдың қабырғасына салынған суреттерден байқалады.Ұлы Жібек жолы арқылы ән мен би өнері, әдебиет туындылары тараған. Қытайда көп тараған Шығыс Түркістан мен Қазақстанның әуендері болды. Византияда түрік акробаттарының өнері көрсетілген. Бағдатта наурыз мерекесінде халифтың алдында маскалы ойын сауық өткізілген. Сырдариядағы Кедер қаласынан X-XI ғасырларға жататын саздан жасалған маска табылды.

Ұлы Жібек жолының бойымен дін таралды. Буддизм – Үндістаннан Орта Азия мен Қазақстанға келіп, Оңтүстік Қазақстан және Жетісуда кең тарады. Испиджабқа жақын жерден жер асты храмы (VII-VIIIғ.ғ.), Ақбешімнен екі будда храмдары (VII-VIII ғ.ғ.) табылды. Христиан діні - Сирия, Иран, Аравиядан келіп, Қазақстанда бұл діннің несториандық бағыты тарады (VII-VIII ғ.ғ.). Қарлұқ жабғуы арқылы түріктер христиандықты қабылдап, Тараз, Меркеде христиан шіркеулері салынған (VIII-IХ ғ.ғ.). Манихейлік дінді соғдылықтар таратты. Бұл дін туралы «Екі негіздің қасиетті кітабында» жазылған. Манихейлік ғимараттар Баласағұн мен Шілікбалықтан табылды. Тараздан манихейлердің көк тәңірісі болып есептелетін әйел бейнесі мен ай суреті салынған қола медальон табылды (ай – манихейлік жұлдыз сәулелі құдайдың символы). Зороастризм діннің белгісі – от мұнарасы (Қостөбе мен Қызылөзенде).Ортағысрлық Жібек жолының маңызы:

Отырықшы және көшпелі мәдениеттің өзара қатынасы күшейіп, бірін бірі байытты.Қалалар көбейді.Сыртқы байланыс дамыды.Сауда өркендеді

Ұлы Жібек жолы екі мың жыл бойы жұмыс істеген. XV ғасырда су жолы пайда болғаннан кейін керуен жолы тоқтады.

6. Үйсін, Қаңлы мемлекеттік-саяси құрылымдарының басты белгілері Үйсіндер. Б.з.д. 3 ғасырда Қазақстанды мекендеген тайпаларда мемлекеттіктің алғашқы белгілері болды. Бұлар сақтардың этномәдени мұрагерлері үйсіндер болатын.Үйсіндер Орталық Азиядан келді. Олардың негізгі территориясы Іле алқабында болды, батыс шекарасы Шу мен Талас арқылы өтіп, Қаңлылармен шектесті, солтүстігі Балқашқа дейін жетті. Астанасы Чигучен (Қызыл алқап) Ыстықкөлдің жағасына орналасты.Үйсіндер туралы жазба деректі қытайлар қалдырды. Б.з.д.2 ғасырда Жетісуға Чжан Цянь бастапан елші келді. Ол Үйсіндер туралы (усунь-го) "уйсін мемлекеті" деп айтты. Мемлекетте 630 мың адам, 188 мың әскер барын да көрсетті. Үйсін патшасы гуньмо деп аталды. Б.з.б. 73 жылға дейін үйсіндердің жері үш бөлікке: сол (шығыс) бөлікке, оң)батыс) бөлікке және гуньмоның өзіне қарайтын орталыққа бөлінген. Бұлар өзара қақтығысқа толы болдыҚытай ханшалары үйсін гуньмоларына ұзатылған. Олар Қытайдың Орта Азия, Батыс Азия және Европамен сауда байланысында маңызды роль атқарды. Б.з.д. 2 ғасырда пайда болған Ұлы Жібек жолын ұстап тұрған осы үйсіндер болды. Үйсіндер туралы қытай деректерінде б.з. 3 ғасырына дейін айтылады.
Археологиялық ескерткіштері. Жетісу жерінде үйсіндердің обалары, қорымдары мекенжайлары зерттелді. Обалардың көбісі диаметрі 6-20 және биіктігі 0,5-1,5 м. Топырақ, тас қиыршық немесе топырақ-тас аралас үйінділер болып келеді. Қорымдары б.з.д.3-2 ғғ. Жататындары ерте кезеңі.-Қапшағай 3, Өтеген 3, Қызыл еспе. Оларға ортақ сипат қорымдар теріскейден түстікке қарай, әрқайсысында 5-6-дан обасы бар тізбек болып, созылып жататындай жоспарланған. Орта кезеңге жататындар б.з.б. 1 ғ-б.з. 1 ғ. деп есептеледі. Бұған Өтеген 1,2, Тайғақ 1, Қарлақ 1, Алтын Емел қорымдары. Олар жүйесіз түрде, үш обадан тізбектеліп орналасқан.Соңғы кезеңі 2-3 ғғ. Деп саналатын кейінгі кезеңге Қапшағай 2, Шолақ Жиде 1,2, Гүр қора 2, Қалқан 4 қорымдары жатады. Бұлардағы обалар жүйесіз, ретсіз жасалған, қабырлар жерден қазылған, үстері ағашпен бастырылмаған.
Үйсіндердің алғашқы қонысы Шу алқабынан, Луговое аулынан табылды. Қабырғалары қам кірпіштен жасалған, едендері балшықпен сыланған, ортасынад жер ошақ болған.Үйсіндер шаруашылығы. Олар көшпелілер болғанымен, үй маңында егін де салған. Оған дән дақылдары салынған ыдыс-аяқтар, дәнүккіштер тас кетпендер табылуы дәлел. Киімдері байлары жібек пен биязы жүн матадан, кедейлері жай қалың жүннен, былғары, қой терісінен тіктірген. Үйсін қоғамында байлар, жасауылдар, абыздар, кедейлер болған. Әскер басылары мен шенеуніктердің қолында мөрі болған. Жеке меншік те өскен. Ол малға, жер-суға тараған.Б. з. б. IIIғ. Қаңлы тай­па­лық бірлестігі құрыл­ды. Мем­ле­кет аты алғаш Қытай жыл­на­масы «Шы Жи»-Да­уан Ле­жу­ан­да («Та­рихи жаз­ба­лар»-Ферғана та­ра­уы) жа­зылған «Қаң жүй го» де­ген ата­удан алынған. Қаң жүй- қаңлы (орыс әде­би­етінде «кан­гюй»), го — «мем­ле­кет» де­ген мағына­ны білдіреді.Ғалым­дардың көпшілігі қаңлы­лар­дың түркі тілдес ха­лық болған­дығына күмән келтірмейді.

Қаңлы мем­ле­кетінің б. з. б I ғасы­рын­да дәуірлен­ген ке­зеңінде халқының са­ны 600 мың адам­ды құрап, әскерінің са­ны 120 мыңға жет­кен. Қаңлы­лар ас­та­насы – Би­тянь қала­сы. Бай­ла­ныс жа­саған ел­дер – Қытай, Рим, Кав­каз т. б. Қаңлы бей­ле­ушісінің же­ке иелік ше­кара­сы Кас­пийдің солтүстік жағала­уына дейін барған, оларға Арал теңізі мен Еділ өзенінің төменгі ағысы­ның екі ара­сын­да билік құрған сар­мат-алан тай­па­лары­ның одағы түгел­дей қарап, тәуелді болған. Қаңлы мем­ле­кеті өз ал­ды­на дер­бес са­ясат ұста­нып, көрші ел­дердің сырт жа­ула­рына қар­сы той­та­рыс бе­руіне көмек­тесіп отырған. Қаңлы пат­ша­сы өзі ме­кен­де­ген солтүстік өңірді (Та­лас өзенінің ай­мағы) же­ке басқара­ды.Қаңлы тай­па­сын­да билік мұра­герлік жол­мен әке­ден ба­лаға беріліп отырған. Бар билік ақсақал­дардың, ру бас­шы­лары мен көсем­дердің қолын­да болған. Ша­ру­ашы­лығы. Тай­па халқы негізінен мал ша­ру­ашы­лығымен және су­ар­ма­лы егіншілікпен ай­на­лыс­ты. Бас­ты бай­лығы мал бол­ды. Көбіне­се жылқы, қой, оған қосым­ша си­ыр, түйе және ешкі өсірді. Ал егіншілер дәнді дақыл­дар ек­кен және бау-бақша өсіру­мен де ай­на­лысқан. Жерді тас, ме­талл кет­пендер­мен өңдеді, сон­дай-ақ сүйек­тен жа­салынған егіншілік құрал­да­ры да пай­да­ланыл­ды. Жи­налған өнім жер­ден қазылған ұра­лар­да не­месе қыш құмы­ралар­да сақтал­ды. Көпте­ген бөген­дер мен тоған­дар тұрғызыл­ды.

Аң аулау мен ба­лық аула­удың қосалқы маңызы бол­ды. Елік, арқар, киік және су құста­ры — үй­рек, қаз аулан­ды. Ет, ба­лық және дәнді дақыл өнімдерімен қатар та­маққа жа­байы ал­ма, алмұрт, өрік, до­лана, пісте жемістері, тау жу­асы пай­да­ланыл­ды.

Мәде­ни­еті. Қаңлы­лар­да қолөнер кәсібі өте жоғары дәре­жеде өркен­де­ген. Қаңлы­лар­дың тегі хұн, түрік тілдес ха­лықтар болған­дықтан, олар өз тілінде, яғни түркі тілінде сөй­ле­ген.

Қаңлы­лар­дың тұрғын үй­лері көшіп-қонуға қолай­лы киіз үй­лер және то­пырақ пен ағаш­тан, тас­тан жа­салған тұрғын үй­лер, адам­дар жиі ор­на­ласқан елді ме­кен, қала­лары болған. Ар­хе­олог­тардың мәлімдеуіне жүгінсек, «қазіргі оңтүстік Қазақстан­дағы ежелгі ор­та ғасыр­дағы көпте­ген қала­лар­дың ірге­тасы со­нау кан­гю­лер (қаңлы­лар) дәуірінде пай­да болған» де­ген пікір бар.

Қаңлы жұрты пай­да­ланған киіз-те­кемет, кілем-сыр­мақ қатар­лы төсеніш және үй қабырғала­рына ілінетін тұс бұйым­дар, ки­етін — ки­мешек­тер өздері өсіріп отырған мал өнімдері мен мақта ма­мықта­рынан жа­сала­тын болған. Олар қой жүнінен киіз те­кемет­тер, төсеніштер жа­са­умен қатар, киізден қал­пақ, ке­бенек-шек­пендер жа­сап ки­ген. Қара­пайым ха­лық қой терісінен тон сияқты сырт киімдер тігіп ки­ген. Ал жоғарғы жіктегілер түлкі, қасқыр, ілбіс және басқа да аңдар терісінен қым­бат бағалы ты­мақ, ішік, тон сияқты киімдер тігіп ки­ген.

Қаңлы елінде заң мен діни на­ным­дар өза­ра ұштас­ты­рылып атқарылған.

Қаңлы­лар — отқа та­быну, дінге сыйына­тын ар­на­улы ке­сене­лер салған. Та­биғат күштеріне, ата-ба­ба аруағына си­ынған. Со­нымен қатар қаңлы­лар жұлдыз­дар арқылы түрлі бол­жамдар жа­сап отырған. Қаңлы­лар­да му­зыка­лық ас­паптар болған, би би­леген.

Ар­хе­оло­ги­ялық ес­керткіштері. Мар­дан – күйік қоры­мы – Сыр­да­рия өзенінің жағасын­дағы қаңлы­лар­дың жер­леу ес­керткіші. Бұл қорым Мар­дан-күйік қала­сының іргесінде орын теп­кен. Мұнда 50-ден ар­тық мо­ла бар. Қабірге өлікпен бірге ыдыс­тар, әше­кей бұйым­дар, қару-жа­рақ көмілген. Қаңлы тай­па­лық бірлестігі б. з. б. I ғ. ор­та­сын­да ыды­рады.

 

7.Хун тарихына қатысты жазба деректерді талдаңыз. Сақтардан соңғы Қазақстан аумағында және көрші аймақтарда үлкен мемлекет құрып дәуірлеген халық — ғұндар еді. Б.з.д. IV ғасырда-ақ Қытай мемлекеті ғұндарды өздерінің "солтүстік-батыстағы күшті бәсекелесі, жауы" деп есептеген. Бұл күндері түркі тілінде сөйлегендігі дәлелденіп отырған ғұндар басында тайпалық одақ болып, одан күшті мемлекет құрды. Ғұндардың мемлекеттік тарихы жөнінде жазба деректер жеткілікті. Олардың саяси-қоғамдық кұрылысы жөніндегі деректер, негізінен, қытай жылнамаларында мол сақталған. Ғұндарда мемлекеттіліктің негізі б.з.д. III ғасырлардан бастады. Ғұндар мемлекеттілігін толық калыптастырып, оның саяси жүйесін құрушы ірі саяси тұлға — Мөде тәңірқұты (қытай деректері Маодун деп атайды) болды. Ғұндардың саяси жүйесі өте күрделі болды. Мемлекеттің басында тәңіркұты тұрды. Ғұн тарихын көне қытай тілінен қазақ тіліне аударушы ғалым Қ.Салғараұлының пікіріне сүйенсек, бұл сөз бүгінгі қазақ тілінде де бар. "Тәңірқұты" елдің қарулы күшінің бас қолбасшысы болды. Мөдеге дейін тәңірқұтын сайлау тәртібі болатын. Оның үстіне, жекелеген аймақтарды (24 аймақ болған) ру ақсүйектері басқарып отырған. Олардың әрқайсысында 2 мыңнан 10 мыңға дейін әскері болған. Сондықтан мемлекеттің ішіндегі аймақтардың белгілі бір дербестігі де бар. Мөде тәңіркұтынан бастап мемлекет толығымен бір орталыққа бірікті. Ендігі жерде елбасын сайлау кағаз жүзінде ғана жүрді. Тақ мұрасы алғашында ағадан ініге, кейін әкеден балаға өтіп отырды. Ғұндарда үш ақсүйек тайпа болды. Соның ішінде си люанъ-ди тайпасынан ғана патша сайланды. Елдегі ақсүйек үш тайпа тек өз арасында ғана қыз берісіп, қыз алысты. Мемлекеттік ірі қызметтерде осы үш ақсүйек тайпа өкілдері тағайындалды. Ғұндардың мемлекеттік басқару аппараты өте үлкен және күрделі болды. Тәңірқұтынан кейінгі мемлекеттік лауазым елдің Шығыс жөне Батыс бөліктерін басқаратын хандар болатын. Әдетте, Шығыс бөлікті басқаратын кіші ханның мәртебесі артығырақ болды. Ол орында тәңірқұтының тағын болашақта мирас етуші ханның үлкен баласы отырды. Елдің оң, сол бөлігінің әрқайсысында азық-түлікке жауап беретін уәзірлер, қолбасшылар, әскербасылары, малжанның есебін жүргізушілер, тәртіп сақшылары болды. Мемлекет әбден күшейген кезде ғұндар елі үшке бөлініп басқарылды. Олар Шығыс, Батыс және сол екеуінің ортасында орналасқан тәңірқұтының өз ордасы еді. Ғұндар еліндегі осы үш аймақ 24 әкімшілікке бөлінді. Олардың әрқайсысына мыңбасылар, жүзбасылар, онбасылар, билер, кіші бектер, т.б. лауазымды қызметкерлер тағайындалды. Егер жоғары лауазымдарға тек тәңірқұтының туыстары тағайындалатын болса, ал орта, төменгі басшылықтарға өзге ғұн тайпаларынан шыққан аса қабілетті адамдар тартылды. Ғұндардың діні тәңірлік дін болды. Олар патшасын "Көк тәңірінің өзі жаратқан адамы" деп түсінді. Ғұндар көшпелілердің алғашқы мемлекетін құрды. Көшпелі мемлекеттің негізгі белгілері осы ғүндар дәуірінде қалыптасты. Құрылтай жиналысы дүниеге келді. Ғұндардың өзінің әдет-ғұрпына негізделген заң ережелері болды. Онда жер-су мәселесіне ерекше мән берілді. Ғұндар мемлекетінде, Қытай деректеріне қарағанда, тұрақты ғұн әскерінің саны 300 мың болған. Ресми іс қағаздарын жүргізіп, мөр басу рәсімі қалыптасты. Ғұндар мемлекеті б.з.д. III ғасырдан б. з. V ғасырының жартысына дейін өмір сүрді. Әрине, басқа көшпелі империялар сияқты олар бірде күшейіп, бірде әлсіреп отырды. Б. з. IV ғасырынан бастап ғұндардың бір бөлігі Еділден асып Еуропа жеріне қарай аяқ басты. Содан былайғы 200 жылдың ішінде олар Еуропаның жартысын жаулап алып, өз билігін орнатты.

8. Бірінші Түрік қағанатының тарихы (552-603ж)

Ұлы қоныс аудару оқиғасы (ІІ-Vғ.ғ.) Қазақстанның, Орта Азия мен Шығыс Еуропа халықтарының тарихына үлкен өзгеріс енгізді.Vғ. Түркі тілдес теле тайпасы Солт. Монғолиядан Шығыс Еуропаға дейінгі далада өмір сүрді, ал оңт-те көшіп қону жайылымдары Амударияның жоғарғы ағысына дейін жетті. 535ж түрік қолбасшысы Бұмын Алтай даласындағы түркі тілдес тайпаларды біріктіре бастады. 546ж теле тайпасы түріктерге қосылды. Үлкен күшке ие болған Бұмын 552ж 50 мың әскермен авар (жуань-жуань) мемлекетін талқандады.552ж Түрік қағанаты құрылып, Бұмын өзін қаған деп жариялады.

Территориясы: Жетісу, Амудария мен Сырдария аралығы. Астанасы: Суяб.«Түрік» атауы алғаш рет 542 жылғы қытай деректерінде «ту кую» «ту цзю» кездеседі. Түркі дәуірінің ерекшелігі –өз төл деректерінің болуы. Қытайлар түріктерді ғұндардың ұрпағы деп санаған. Алғашында «түрік» этнонимі әскери шонжарлар деген мағынаны білдірсе, кейін үстемдік етуші тайпа осылай аталды.Бұмын қағанның ізбасарлары Қара Ыссық және Мұқан қағандар тұсында мемлекет Орталық Азияда саяси үстемдікке жетті. Түріктер Маньчжуриядағы қидандарды, Енисейдегі қырғыздарды, Солтүстік Қытай мемлекетін бағындырды. VI ғ Қазақстан жері Түрік қағанатының иелігінде болды.

Түріктердің Орта Азияны алудағы басты қарсыласы - эфталиттер. Бұл – Каспий теңізінен Солт.Үндістан мен Шығыс Түркістанға дейінгі жерде созылып жатқан күшті мемлекет халқы.

561-563 ж түріктер эфталиттерге қарсы Иранмен әскери одақ құрды.564 ж Иран шахы Хұсрау Ануширван Тоқарыстанды жаулады567 ж Бұхар тұбінде түріктер эфталиттерді жеңді. Орта Азиядағы жеңістерден кейін түріктер Ұлы Жібек жолын өз бақылауында ұстады.Түріктер және олардың қол астындағы соғдылықтар Византиямен сауда байланысын жасауға ұмтылды. Бұған Иран кедергі болады. Соған байланысты 568 ж соғды көпесі Маниах бастаған түрік елшілігі Константинопольге келіп, Византия императоры II Юстиниманмен сауда және әскери шарт жасасты. Түрік Византия одағы н,әтижесінде:Иран түріктерге жылына 40 мың алтын динар салық төлеуге;

Сауда қатынасына бөгет болмауға міндеттенді.575ж Иран мен Византия келісімі нәтижесінде Византия өзінің Кавказдағы вассалдарын түріктерге қарсы қойды. Түріктер жауап ретін,де Киммерия Боспорын талқандап, Қырым мен Батыс Кавказға соғыс жорықтарын жасады. Түрік қағанаты он ұлысқа бөлінді. Ұлыс басқарушысы шад. Ұлыстық үс темдік белгісі ретінде он алтын жебе берілді.Естеми қаған мен оның ұлы Түріксанфа тұсында қағанат әлсіреді. Басты себептері:Ішкі тартыстарКөрші елдермен соғыс...Осы ауыр жағдайды пайдаланған Қытай империясы шапқыншылық бастады.нің603ж. Қағанат екіге бөлінді:Батыс және Шығыс Түрік қағанаты.

Қазіргі Қазақстан территориясы Батыс Түрік қағанаты құрамына енді. Оның негізін салған - Бумын қаған 553 жылы қайтыс болады. Оның мұрагері - Қара-Ыстық-хан - билігі бір жылға толмай, қайтыс болады. Мұқан-қаған (553-572) билік құрған жылдарда Түркі қағанаты Орта Азияда саяси үстемдікке ие болады. Олар Маньчжуриядағы қидандарды, Енисейдегі қырғыздарды бағындырады, бұларға Солтүстік Қытай алым-салық төлеп тұрады. 563-567жж. эфталит патшалыпын басып алады. Міне, осыдан кейін олардың жері Каспий теңізінен Солтүстік Индияға дейін және Шығыс Түркістанға дейін созылып жатқан.


Дата добавления: 2015-08-18; просмотров: 427 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Түркеш қағанатының тарихы | Арлұқ қағанатынытың тарихы | Имак мемлекетті: этносаяси тарихы және шаруашылығы. | Арахан мемлекеті: этносаяси тарихы, әлеуметтік- экономикалық дамуы, мәдени өркендеуі. | Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдары.Әбу Насыр әл-Фараби, М.Қашқари, Қожа Ахмед Йассауи, Ж.Баласағұни. | Найман және Керей ұлыстары. | Азақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырау кезеңінде. | Алтын Орда билеушілерінің мемлекеттік қызметі | Ақ Орда Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет. | Азақ» этнонимі |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сақтар: жазба деректері, материалдық және рухани мәдениеті, қоғамдық құрылысы.| Көне түрік жазба ескерткіштері.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)