Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азақ» этнонимі

Қазақ халқының қалыпасу процесі көне заманнан б.з.б. II-I мыңжылдықтан басталады. Қазақ халқының қалыптасу кезеңдері:Көне заман- б.з.д. VIII- б.з V ғ.ғ Әуелгі орта ғасыр- VI-X.Орта ғасыр-X-XIII.Кейінгі орта ғасыр- XIV-XV.Кейінгі орта ғасыр-XV-XVI Қазақстан жерінде этникалық процестің шешуші кезеңі- Б.з.б. I мыжылдығының ортасы, түріктердің жаппай көшіп келуіне баланысты.Ежелгі сақ, сармат, үйсін, қаңлылардың ұрпағымен араласқан түріктер этно-демографиялық жағдайды өзгертті.Этникалық қалыптасу процесінің келесі кезеңі-X-XII ғасырларда өмір сүрген Қарахан және Қыпшақ хандықтарымен байланысты.XIII ғасырдың басында Шыңғс хан қысымына шыдай алмай көшіп келген наймандар мен керейлер де бұл процеске өз үлестерін қосты. Монғол шапқыншылығы халық болып қалыптасу процесіне тежеу болды.XIII-XIV ғасырларда Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасының құрылуы мен нығаюы қазақ тайпаларының бірігуіне әкелді.XV ғасырда Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының қалыптасуы процесінің аяқталуын тездетті.XVI ғасырдың басында Қазақ хандығы біріктірген тайпалар қазақ этносының негізін құрады: үйсін, қаңлы, қыпшақ, арғын, дулат, керей, найман, алшын, қоңыраттар т.б. Бұл тайпалардың тілі-түркі тілі, антропологиялық типі-монғол нәсілінің оңтүстік сібір тобы.Шаруашылығы-көшпелі мал шаруашылығы және егіншілік.Тайпалар мен халықтардың бірігуінің маңызды кепілі-шаруашылық пен шаруашылық байланыстардың дамуы б.т.Қазақ халқының қалыптасу процесі XIV-XVғ.ғ аяқталды.Саяси жағынан шшыраңқы этникалық туыстас топтардың басы қосылып, қазақ рулары мен тайпаларының бірігуіне Қазақ хандығының құрылуы әсер етті.XV ғ-дың екінші жартысы –XVI ғасырда негізгі этникалық топтардың қазақ халқына және олар орналасқан аумақтың Қазақ хандығына бірігуі, тұтас халық болып қалыптасудың аяқталуын тездетті.XV-XVII ғ-р- Қазақстанның аумағындағы тұрғындарға іс жүзінде ортақ негізгі белгілер мен қазақ этносының өзіне тән материалдық және рухани мәдениеті бекіп жетілді «Қазақ» термині.«Қазақ» терминінің шығу тарихының бірнеше болжамы:Тарихшы Бартольд: Өз мемлекетінен, тайпа, руынан бөлініп жеке өмір сүруші адам.М.Ақынжанов: қас-сақ, нағыз сақ деген атаудан қазақ шыққан.XII-XV ғ-рда түркі тілінде жазылған деректерде: еркіндік аңсаушы, батыл мағынасын білдіреді.Түркологтардың пікірінше, ҚАЗАҚ терминінің бастапқы таралған жері- Шығыс Дешті Қыпшақ.Жазбаша әдебиетте ҚАЗАҚ термині 1245 ж мамлюктік Египет мемлекетінің қыпшақтары кезінде шыққан араб-қыпшақ сөздігінде бірінші рет қолданылған.

Тарихи әдебиеттерде "қазақ" сөзінің сан түрлі түсіндірмесі бар. Біріншілері: Қазақ халқының арасында таралған тарихи аңыздың жүлгісімен "қазақ" деген сөздің төркіні кәдімгі жыл құсы қаз-аққудың "қаз" деген ұғымнан шыққан, яки осыдан өзгерген немесе қазға терең арқылы пайда болған деп есептейді. Мысалы: жазушы Р.Тоқтаров: қазақ атауы қаз (құс) және ақ (аппақ) деген сөздерден шыққан деген, яғни "ақ қаз" деген болжам айтады. А.Абдрахманновтың пікірі бойынша: "Қазақ сөзінің төркіні қаз және оғ(оқ) деген екі компоненттен жасалған. "Оғ" көне түрік тілдерінде "ру, тайпа"... алғашқы шығу тегі жағынан қазақ этнонимі "қаз-оғ(оқ) яғни "қаз тайпалары" деген сөздермен байланысты болған" деп, тұжырым жасайды. Қысқасы, «қазақ» сөзінің сенімді этимологиялық түсінігі әзірге жоқ. Бірақ «қазақ» сөзінің шығу тегі қандай екендігіне қарамастан, оның әуел баста еркін, үйсіз-күйсіз, кезбе, аласталған, сонымен қатар ержүрек, ер адам деген мәндегі атау мағынасы болғаны дау тудырмасы анық.Керей мен Жәнібектің Жетісу жеріне көшіп кетуі, сөз жоқ қазақ халқының этногенезінде шешуші рөл атқарды. Бірақ халықтың өзінің қалыптасуындағы емес, оның қазіргі атының біржола бекіп қалуындағы рөлін айтамыз. 1459—1460 жылдардағы ауа көшуден қазақ халқы пайда болған жоқ, ол халықтың бұған дейін де жүріп жатқан қалыптасу үрдісін одан әрі жеделдетті. Қысқасы, ол көш қазақ халқының ұлт болып қалыптасуының бастауы да, жетер межесі де болған жоқ. Бірақ ол сол әрқилы аспектіден тұратын үрдістің ең басты қозғау күшінің бірі болды: қалыптасып жатқан халықтың өзінің болашақ есімімен тарихи тоғысуы осылайша Жетісу даласында жүзеге асты. Осыдан былай Орыс хан әулетін жақтаған адамдардың тарихы мен «қазақ» сөзінің тарихы тұтасып біте қайнасып кетті. Ендеше Керей мен Жәнібектің көшуі «казақ» сөзінің де тарихи тағдырын біржола шешіп берді.

 

32. 15 ғ ортасында Қазақ хандығының құрылуы. Дешті Қыпшақтың, Жетісу мен Түркістанның қазақ рулары мен тайпаларының этникалық және саяси топтасуы осы кездерде барған сайын күшейе түсті. Осы себептер Қазақ хандығының құрылуына септігін тигізді. Хандықтың негізін салушылар Керей мен Жәншбек болды. Олар Ақ орда билеушісі Ұрыс ханның ұрпақтары. Керей мен Жәнбек Әбілқайырдың қол астында болды.Әбілқайырға шейін Дешті Қыпшақта Керей мен Жәнбектің ата -бабалары билік жүргізген. Аталары ешқашан хан болмаған Әбілқайыр билікке келуі. Бұған Керей мен Жәнбек наразы болды. Бірақ наразылығын ашық білдірмеген. Олар Шығыс Дешті

Қыпшақта Ақ орда ьхандары әулетінің билігін қалпына келтіру үшін Шайбани әулетіне қарсы күресе отырып, халық бұқарасының наразылығын пайдалана білді. Керей мен Жәнбек өз әулетінің саяси билікке деген құқығын қорғай отырып, қазақ рулары мен ақсүйектерін жинап дербес мемлекет құруға алғышарт жасады. Әбілқайыр хан 1456-1457 жылдары Сығанақ түбінде ойраттардан жеңілуі, халықтың наразылығын одан сайын күшейте түсті. Әбілқайыр соғыста маған көмек көрсетпеді деп Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға қысым жасай бастады. Осы кезде Керей мен Жәнбек қол астындағы халқымен бірге Моғолстанға көшіп кетті. Не үшін Моғолстанға көшті деген сұрақ туындайды. Өйткені Моғолстан да Әбілқайырдың жауы еді. Сол үшін Керей мен Жәнбек «МЕНІҢ ЖАУЫМНЫҢ ЖАУЫ – МАҒАН ЖАУ ЕМЕС» деген принсипті ұстанып сол жаққа көшті. Сол кездегі Моғолстан ханы Есен- Бұға хан оларды шын ықыласымен қабылдап, Моғолстанның батыс шебін құрайтын Шу және Қозыбасы Жерлерін берді. Мұхаммед Хайдар Дулати "Тарих-и-Рашиди" атты еңбегінде былай деп көрсетеді: "Сол заманда Әбілхайыр хан қыпшақ даласына түгелдей билігін жүргізіп тұрған еді. Ол Жошы ұрпағы сұлтандарға көп жайсыздық туғызып, Жәнібек хан мен Керей хан одан қашып, Моғолстанға кетіп қалған. Есенбұға хан оларды құрметпен қарсы алып, Шу өзені өңіріндегі "Қозыбасыны" тапсырған еді. Ол аймақ Моғолстанның батыс шеті. Олар бұл аймақта бейбіт өмір кешті. Әбілхайыр қайтыс болған соң, Өзбек ұлысы өзара тартысып, араларында көп келіспеушілік туды. Біразы Керей хан мен Жәнібек ханның маңына жиналған еді. Саны екі жүз мыңға жетеді. Олар өзбек-қазақ деп аталатын".

Екі сұлтанның арманы М.Х.Дулатидің жазуына қарағанда хижраның 870 жылы біздің жыл санауымызбен 1465-1466 жылдары Қазақ хандығын құрды. 1468 жылы Әбілқайырдың қайтыс болуына байланысты сол хандықтың біраз бөлігі Қазақ хандығына келіп қосылды. Осы уақытта халық саны 200 мыңға жетті.Билікке алғаш Керей хан отырады (1458-1473 жж.). Одан кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайланды (1473-1480 жж.). Бұлардың тұсында Жетісу халқы, 1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұға өлгеннен кейін ондағы тартыстың күшеюіне байланысты, өзара ынтымақтықты нығайтуға үлес қосты. Әбілхайыр хандығынан көшіп келушілер Жәнібек пен Керейдің қазақ хандығын күшейте түсті. Едәуір әскери күш жинапан және Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей, Жошы әулетінен шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресіне қосылды. Бұл күрес 1468 ж. Әбілхайыр өлгеннен кейін қайтадан өршіді. Қазақ хандарының басты жаулары Әбілхайырдың мұрагерлері- оның ұлы Шайх -хайдар мен немерелері Мұхамед Шайбани мен Махмұд сұлтан болды. Қазақ хандығы алғашқы қарым- қатынасты моғол хандығымен жасасты. Моғолстан ханы Есен- Бұға 1462 жылы қайтыс болған соң Жетісуда Қазақ билеушілеріне қарсы тұра алатын нақты күш болған жоқ. Осы себептер мен Моғолстан жерінің батыс бөлігінің біразы қазақ хандығының құрамына енді.. Қазақ хандығының құрылуына септігі тигізген ол Ақ орда тайпалары десек артық айтпағанымыз. ӨЗ әулетінің билігін қалпына келтіруге тырысқан Керей мен Жәнбек бытырап жүрген тайпаларды біріктірп, Қазақ хандығын құрды. Осы уақыттан бастап яғни 15 ғасырдың 2 – жартысынан бастап тарих бетінде жаңа хандық «ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ» пайда болады

 

33. XV-XVIII ғ. бірінші ширегіндегі Қазақ хандығы туралы жазба деректер. Дулати Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар (1499-1551) - әйгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес елдердің тарихы жөнінде аса құнды деректер беретін «Тарихи Рашиди» кітабы мен «Жаханнама» дастанының авторы. "Тарихи Рашиди" атты еңбекте қазақ хандығының қалыптасуы туралы, мұнан кейінгі Жетісу мен Шығыс Дешті— Қыпшақта болған оқиғалар, Моғолстанның құлауы, феодалдық соғыстар, қазақтар, қырғыздар және өзбектердің сыртқы жауға қарсы күресте өзара одақтасуы туралы көптеген мәліметтер бар. Сонымен бірге бұл еңбекте ХV-ХVI ғасырлардағы Оңтүстік жөне Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы, орта ғасырлық Қазақстандағы Жетісудың тарихи жағрапиясы, қалалық және егіншілік мәдениеті туралы құнды мәліметтер бар. Қазақ хандығының құрылуы мен қалыптасуы, одан кейінгі кезеңдері, олардың қырғыздармен, өзбектермен қарым қатынасы жайында кеңінен сөз болады. Қадырғали Жалаири деп аталған бұл кісі ХVI-ғасырдың ортасы мен ХVII-ғасырдың басында өмір сүріп (1530-1605 жылдары), қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған. Ресейдің атақты патшасы Борис Годуновтың қол астында жүріп, 1602 жылы "Жылнамалар жинағын" жазып бітірген. Бұл — қазақ тілінде жазылған тұңғыш ғылыми еңбек. Туған жері — Қазақстан жеріндегі Сырдария бойы."Жылнамалар жинағының" жалғыз көшірме данасын Қазан Университеті кітапханасына татар галымы И.Халфин тапсырған екен. Өтеміс қажы ибн Маулана Мұхаммед 16 ғасырдың 2-жартысында өмір сүрген тарихшы, “Шыңғыснаманың” авторы. Хорезмдегі Шайбани әулетіне қызмет еткен ықпалды отбасынан шыққан. Өзі Елбарыс ханның (1512 – 1525) сарайында, қызмет еткен. Сол кезден-ақ қыпшақ даласында билік еткен Шыңғыс хан ұрпақтарының тарихы туралы көптеген мәліметтерді жинап, аңыз-әңгімелерді көп білетіндігімен танылады. Олардың көпшілігі “Шыңғыснамаға” енген. “ Шығарма шамамен 16 ғ-дың орта кезінде жазылған. Жошы әулеті тарихы баяндалады. Қолжазбаның жалғыз данасы Өзбекстан ҒА-сында сақтаулы. Еңбек жартылай сақталып, Тоқтамыс туралы айтылатын жылдармен тәмамдалған. Шығарманың Қыпшақ даласындағы Жошы әулетінің билік құрған кезеңін баяндайтын тарауы негізінен аңыз, әңгіме тұрғысында сипатталады. Дегенмен, көптеген тарихи мәліметтер нақты деректерге сүйеніп жазылған. Автор географиядан едәуір хабардар болып, өзі Хорезмнен Еділге дейін, одан әрі Каспий бойымен оңт-ке саяхат жасаған. В.В. Бартольд осы қолжазбаны зерттей келіп, оның біржақтылық бағытын атап көрсетеді. Өйткені ол Шайбани әулеті билеушілеріне көбірек тоқталып, олардың басқа әулеттерден артықшылықтарын баса көрсетіп отырады. Соған қарамастан “Шыңғыснама” Оңтүстік және Батыс Қазақстанның 13 – 14 ғ-лардағы тарихы жазылған құнды еңбек.Осман Кухистани (т.-ө.ж.б.) — 15 ғ-дағы көшпелі өзбектердің тарихы жайлы жазылған “Тарих-и Абулхайр-хани” атты еңбектің авторы. Ол Әбілхайыр ханның баласы — Сүйініш ханның, кейін Шайбани әулетінің ұрпағы Әбу әл-Латиф ханның сарайында қызмет етті. 1540 — 51 ж. дүниеге келген аталмыш еңбекте дүниенің жаралуынан бастап, 15 ғ-дың 60-жылдарына дейінгі аралық қамтылған. Шығарманың шағын он тараудан тұратын қорытынды бөлімінде көшпелі өзбектердің Әбілхайыр хан тұсындағы әскери-саяси тарихы баяндалған. Әбілғазы Баһадүр Хан(1603 — 1664) — Хиуа ханы (1645—63), тарихшы-шежіреші. Әбілғазы жазған “Шежіре-и Тарахима” (“Түрікмен шежіресі”, 1661 жылы) және “Шежіре-и Түрк” (“Түрік шежіресі”, 1665) атты тарихи екі шығарма шығыстануда, оның ішінде түркітану мен қазақтануда кеңінен танымал болды. “Шежіре-и түрк” ғыл. ортаға 18 ғасырдың бас кезінде мәлім болды. Бұл шығарма — Шыңғыс ханнан бұрынғы және одан кейінгі дәуірлерде Орта Азия, Қазақстан, Таяу Шығыс елдерінде болған оқиғалар мен сол тұстағы ел басқарған хандар жүргізген саясат туралы жылнама. Еңбекте қазақ халқын құраған рулар мен тайпалардың көне тарихы, тұрмыс тіршілігі мен мәдениеті жайлы құнды деректер келтірілген. Әбілғазы ханның “Түрік шежіресі” — тарихи-деректік, әдеби және тілдік жағынан өзге шежіре еңбектерден шоқтығы

34.Қазақстандағы этникалық процесстер және қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы. Моңғол шапқыншылығы салдарынан Қазақстан жеріндегі ру-тайпалардың арасындағы тарихи қалыптасқан жағрафиялық ортақтастық пен мәдени-экономикалық байланыстар бұзылды. Моңғол басқыншылары көптеген қалалар мен елді мекендерді, егіншілік ошақтарын талқандап, өлкенің өндіргіш күштерін күйзелтті. Мұндағы экономикалық және мәдени байланыстарды үзді. Көптеген бейбіт халық: егінші, малшы, зергер тағы басқа да кәсіп иелері қырылды. Ірі ру-тайпалардың бірсыпырасы қоныс аударуға мәжбүр болды. Мәселен, қыпшақтардың бір бөлігі Солтүстік Қазақстан мен Батыс Сібірге көшті. Моңғол феодалдарының, Шығыс Қазақстан мен Жетісуда тандаулы жайылымдарды тартып алуы, әсіресе, жергілікті халықтын жиі-жиі ығысуына әсерін тигізді. Моңғол әмірлері өз үстемдігін берік ұстау үшін жаулап алған елдерді ұлыстарға бөліп, этникалық жағынан туыстас жергілікті халықты бір-бірінен беліп тастауға тырысты. Қазақстан жерінде қаншалықты жойқын шапқыншылық болғанымен, халық болып қалыптасудың негізгі шарты - тіл бірліғі жойылмайды. Қайта, керісінше, уақыт өткен сайын моңғол шапкыншыларының өздері өз тілдерінен айырылып, жергілікті ру-тайпалардың қалыптасқан түркі тіліне, әдет-ғұрпына, салт-санасына көшіп, XIV ғ. өзінде-ак толық түркіленіп кетеді. Бірақ бұл кезде бұрыңғы екі үлкен расаның /нәсілдің/ байырғы еуропеидтік және кейін қосылған моңғолоидтық нәсілдердің күрделі араласу нәтижесінде қазіргі қазақ халқы құрамының /антропологиялық, этникалық және лингвистикалық негізде/ бірыңғай тұтас қосындысы /қорытпасы/ келіп шығады.

Алайда, бүкіл Қазақстанның жерінде өмір сүрген ру-тайпалар түркі тілінде сөйлегенімен территориялық бөлінуге ұшырап, Моғол, Әбілхайыр, Ноғай, Көшім хандықтарының қол астында өмір сүріп жатты. Олар саяси, мәдени және экономикалық жағынан бытыраңқы болды. Атақты "92 баулы қыпшақ" атты шежіреде көрсетілген бұл ру-тайпалардың барлығы кейін қазақ халқының құрамына кірген.XIV-XV ғасырларда феодалдық қатынастардың нығаюы негізінде Моғолстан, Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасында толассыз тоқтамай жүріп жатқан феодалдық соғыстар мен тартыстарға қарамастан, халықтар арасында өзара бірігу, топтасуға ұмтылу процестері барған сайын белең алды. Қазақстанның ежелгі тайпалары өз мекендерінің тарихи-жағрафиялық, экономикалық және саяси оқшау-лануының тарихи қалыптасқан жағдайларына /түрлі тайпалық одақтар мен ертедегі феодалдық мемлекеттерге кіруі/ байланысты этникалық жағынан біртұтастық пен бүтіндікке ұмтыла отырып, үш негізгі этникалық - шаруашылық топқа бөлінді. Яғни, жағрафиялық жағдайына байланысты үш жүз қалыптасты. Олар: Ұлы, Орта және Кіші жүз. Ұлы жүздің орталығы - Жетісу, Оңтүстік Қазақстан, Орта жүздің орталығы - Орталық Қазақстанда және Кіші жүздің орталығы — Батыс Қазақстанда болды.Ұлы жүз Сырдариядан бастап Жетісу жерін түгел жайлайды. Оның құрамына үйсін, қаңлы, дулат, албан, суан, сіргелі, ысты, ошақты, шапырашты, жалайыр, шанышқылы, қатаған, т.б. ру-тайпалар кіреді. Орта жүз Орталық Қазақстан аудандары мен Солтүстік-Шығыс Қазақстанның бір бөлігін коныс етеді. Оның құрамында қыпшақ, арғын, найман, қоңырат, керей, уақ, тарақты тайпа-рулары бар. Кіші жүздің мекені - Сырдарияның төменгі жағы, Арал теңізінің жағалауы, Каспий ойпатының теріскей бөлігі. Оның құрамындағы тайпалар одағы - Әлімұлы /қарасақал, қаракесек, кете, төртқара, шөмекей, шекті/; Байұлы /адай, алшын, жаппас, алаша, байбақты, беріш, есентемір, қызылқұрт, шеркеш, ысық, таз, масқар/; Жетіру /табын, тама, кердері, жағалбайлы, кереит, телеу, рамадан/. Жүздердің ұйымдасқан уақыты, қалай құрылғаны әлі жете зерттелмеген.Үш жүздің пайда болуына ертедегі ел билеудің әскери тәртіпке негізделуінің де әсер етуі ықтимал. Қазақтың үш жүзі ешқашанда бір-бірімен жауласып, өзара араздыққа барып көрмеген. Керісінше, олар қазаққа қауіп төнгенде, қазақ халкының тағдыры шешілер сәтте хандары,батырлары, билері, тағы да басқа беделді адамдары арқылы бір жерден табылып, мәселені бірігіп шешіп отырған. Жоңғарларға қарсы соғыста солай болды. К,азақтар уш жуздің бірлігін қадірлеп, қастерлеп келе жатқан халық. Төле бидің "Жузге бөлінгеннің жузі күйсін " - деуі де осыдан.Мұндай үштіктін шығуына, бір жағынан, Ақ Орда, Ноғай Ордасы және Әбілхайыр хандығының құрылуы, Моғолстанның оқшаулануы түрік және түріктенген моңғол тайпаларының қазақ халқы болып бұрынғыдан да жедел топтасу процесінің күш алуы көмектесті. Екінші жағынан, қазақ тайпаларының феодалдық мемлекеттердің бұл жүйесінде ұзақ болуы қазақ халкының үш этникалық тармақ, үш жүз болып қалыптасуын негіздеді.Әрбір жүздің тайпалары жалпы шаруашылық мүдделер негізінде топтасқан, өз шекарасында экономикалық жағынан оқшауланған еді. Олардың тілі, материалдық тұрмыс-мәдениеті жөнінен басқа жүздердің тайпаларынан ешбір айырмашылығы болған жоқ. Жалпы алғанда, XV ғасыр қарсаңында бұл тайпалар түрік тектес халық болып топтасты да, кейінірек "қазақ" деген этникалық ортақ атауға ие болды, сөйтіп халықтың қалыптасу процесі негізінен аяқталды. Бірақ ол процесс кейбір себептермен байланысты кешеуілдеп барып іске асты. Оған қазақ халқының этникалық құрамына кірген тайпалардың бірнеше мемлекет құрамына енгені, кейбір жеке тарихи қалыптасқан бөлшектердің бытыраң қылығы себеп болды. ХІV-ХV ғғ. көптеген жүрттың көшіп-қонып, сапырылысуы орын алды. Мәселен, Темірдің соғыстары кезінде моғол топтары Жетісудан Орта Азияға қоныс аударады. Әбілхайыр тұсында оған Моғолстаннан калучи және бұлғашы тайпалары көшіп келеді. Бір кездері керейлер Жетісудан Орта жүзге кетіп калады, маңғыт-ноғайлар батыстан Сырдария бойына ауып келеді. XV ғасыр бітер шақта Мұхаммед Шайбани ханға еріп, Шығыс Дешті-Қыпшақтың көптеген рулары мен тайпалары Орта Азияға ауысты. Міне, осының бәрі саяси жағдайды тұрақсыздандырып, Қазақстанның байтақ жеріндегі халықтың этникалық бірігуін қиындатты.XV ғ. екінші жартысы мен XVI ғ. қазақ халқының негізгі этникалық территориясын мемлекет етіп біріктіру, халықтың да қальштасу процесінің аяқталуын тездетті. Қазақ хандығының бұрыңғы мемлекеттермен салыстырғанда тиянақты этникалық негізі қалыптасып аяқталған халқы болды. Моңғол жаулаушылығынан кейін тұңғыш рет Шығыс Дешті-Қыпшақтың, Түркістан мен Жетісудың бүкіл түрік рулары, тайпалары түгелге жуық бір мемлекетке біріктірілді. Оған бұл аймақты мекендеушілердің шаруашылық-саяси тағдырларының ортақтығы және байланыстылығы үлкен әсерін тигізді. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың онтүстік-батыс территориясы баяғыдан бері қазақ халқының құрылып, қалыптасуының басты этникалық орталығына айналды. Мұнда Қазақстанның аса ірі екі этникалық қауымдастығының тоғысқан жері жатты. Олар — Орталық, Солтүстік және Оңтүстік Қазақстандағы Қыпшақ тайпалар одағы мен Оңтүстік-шығыс Қазақстандағы Үйсін тайпалар одағы, бұларға Сырдарияның төменгі ағысы арқылы Кіші жүз тайпалары келіп қосылды. XV ғ. екінші жартысынан бастап, осы бір қалыптасқан халық өздерінің кершілері арасында "қазақ" деген атпен белгілі болған.Қазақ этнонимінің туу тарихы ұзақ уақыт бойы зерттеушілердің қызу айтыстарының тақырыбына айналған. Ол халықтың өзінің шыққан тегі туралы туғызған көптеген аныз-әңгімелерінде сөз болады. Кейбір деректерде бұл термин әлеуметтік мәнінде қолданылған "қашақ" деген атаудан шықты деп есептейді. Немесе "қазақ" атауы Жәнібек пен Керей бастап Жетісуға бөлініп көшіп кеткен рулық одақтарды білдіру үшін бастапқы кезде "өзбек-қазақ", кейін "қазақ" түрінде пайдаланылған деп пайымдалады. "Қазақ" термині 1245 жылы Мамлюк мемлекетіндегі қыпшақтардың ортасында жазылған ерте қыпшақ жазба ескерткіштерінде /түрік-араб сөздігінде/ кездеседі. Мұнда "қазақ" деген сөз "басы бос-кезбе" деген мағына береді. Бұл семантикалық ұғым бойынша "қазақ" терминіне әлеуметтік мағына беріледі, яғни еншісі бөлек, үлкен ұлдардың ата шаңырақтан бөлініп уақытша ру, тайпалардан кетіп, күнкөріс үшін әскери жорықтарға қатысуын санаған.Кейде бұл термин ертедегі екі тайпалық /каспий және сақ/ одақтардың атынан шыққан деп жорамалдайды. Ал кейбір тарихшылар "хас" — нағыз және "сақ" деген сөзден құралған деп болжам жасайды. Қалай дегенде де "қазақ" этникалық терминнің ғылыми тұрғыдан дәлелденіп, тұрақты бір шешімі әлі жоқ.Сонымен, қорытып айтқанда, қазақ халкының этнос болып калыптасуы өте ұзақ процесс. Ол 2,5-3 мың жылды қамтитын күрделі және ұзақ даму жолынан өткен.

 

 


Дата добавления: 2015-08-18; просмотров: 440 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Лы Жібек жолының тарихи-мәдени маңызы. | Көне түрік жазба ескерткіштері. | Түркеш қағанатының тарихы | Арлұқ қағанатынытың тарихы | Имак мемлекетті: этносаяси тарихы және шаруашылығы. | Арахан мемлекеті: этносаяси тарихы, әлеуметтік- экономикалық дамуы, мәдени өркендеуі. | Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдары.Әбу Насыр әл-Фараби, М.Қашқари, Қожа Ахмед Йассауи, Ж.Баласағұни. | Найман және Керей ұлыстары. | Азақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырау кезеңінде. | Алтын Орда билеушілерінің мемлекеттік қызметі |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ақ Орда Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет.| Асым хан (1511-1518/ 1521ж) тұсындағы қазақ хандығы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)