Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азақстандағы жобалық қаржыландырудың дамуы

Читайте также:
  1. Азақстандағы тікелей шетел инвестициялар, оның экономикадағы рөлі және орны
  2. Психикалық дамуы тежелген кіші мектеп жасындағы балалардың диалогтік сөйлеуін заттық тәжірибелік іс-әрекет барысында дамыту

Елбасымыз Н.Назарбаев Қазақстанның экономикасын дамыту туралы тұжырымдамасында: «...Жобалық қаржыландыру қағидатын енгізу мақсатында біз заңнамамызда ерекше заңдық мәртебесі бар арнайы жобалық ұйымдарды құру мүмкіндігін қарастыруымыз керек» - деген болатын. Ал, дәл бүгінде бұл мақсаттар мен стратегиялардың жартысынан астамы жүзеге асырылып қойды. Ендеше, 2020 жылға қарай еліміздің экономиканы тұрақтандыруға арналған бағдарламалары толықтай орындалады деуге негізіміз бар.

· жобалық қаржыландыруды дамыту: шағын және орта бизнесті әртараптандыру мақсатында және жекелеген аймақтардың әлеуметтік-экономикалық ерекшелігіне сүйене отырып, экономиканың приоритетті салаларындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін тікелей кредиттеу;

Бүгінгі таңда Банк ірі және ұзақ мерзімді инвестициялық жоюаларды қаржыландырумен шұғылданады. Банк ұсынған несиелік ресурстары 30млн $ жоғары жобалар әсіресе, қазіргі кезде жүзеге асырылып жатқан үдемелі индустриалды – инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы (ҮИИДМБ) контекстінде басымдыққа ие қаржыландыру көздері болып табылады.

Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 ақпандағы N 126 Заңы бойынша:

1) арнайы қаржы компаниясы – жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілелерін жүзеге асыру үшін оның пайдасына талап ету құқығы берілетін, осы Заңға сәйкес құрылатын заңды тұлға;
2) арнайы қаржы компаниясының меншiктi қаражаты – активтер, мiндеттемелер, меншiктi капитал және жобалық қаржыландыружәне секьюритилендiру мәмiлелерi аяқталғаннан кейiн алынған (келтірілген) кiрiстер (залалдар). Бөлiнген активтер, арнайы қаржы компаниясының облигациялары (оның ішінде олар бойынша есептелген купон) арнайы қаржы компаниясының меншiктi қаражатына кiрмейдi;

бөлiнген активтер – жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру мәмілелерінде арнайы қаржы компаниясына берілген талап ету құқықтары, өзі берген талап ету құқықтары бойынша алынған, банк-кастодиандағы шоттардағы ақша, арнайы қаржы компаниясы көрсетілген ақшаны инвестициялау нәтижесінде сатып алған қаржы құралдары, қаржы құралдарын сату нәтижесінде алынған ақша, сондай-ақ қосымша қамтамасыз етуді түзу кезінде туындайтын мүлік пен мүліктік құқықтар;

жобалық қаржыландыру – мүлікті түзу және беру, сондай-ақ түзілген мүлікті пайдалану процесінде қызметтер көрсету және (немесе) тауарлар шығару және (немесе) жұмыстарды орындау үшін күтілетін жүйелі қаржылық төлемдер қамтамасыз етуі болып табылатын, талап ету құқығын беру арқылы ұзақ мерзімді жобаны қаржыландыруды ұйымдастыру тәсілі;
жобалық қаржыландыру мәмілесі – тапсырыс берушінің, орындаушының, арнайы қаржы компаниясының, кредиторлардың және өзге де тұлғалардың базалық шартты орындау шеңберінде өздерінің құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, сондай-ақ бөлінген активтермен қамтамасыз етілген міндеттемелерді қабылдауға және орындауға бағытталған іс-қимылы;

64)ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ
Қазақстандағы мемлекеттік инвестициялар жүйесін оңтайландыру мақсатымен инвестицияларды басқарудың заң шығаратын негізі мен органдары құрылды. Осы мәселе бойынша шаралардың біртұтас кешені қабылдануда. Соның ішінде, “Шетел инвестициялары туралы ”Заң (1991ж.); “Инвестициялық жекешелендіру қорлары жөніндегі Ереже” (1993ж.);”Қазақстан Республикасының шетел инвестициялары бойынша ұлттық агенттігін құру туралы ” ҚР Президентінің Жарлығы (маусым 1992ж.); “Инвестициялар бойынша ҚР Мемлекеттік комитетін құру жөніндегі ” ҚР Президентінің Жарлығы (қараша 1996ж.); “ Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы ”ҚР-ның Заңы (наурыз 1997ж.) және жекеленген жылдарға арналған инвестициялық бағдарламалар қабылданды. Бұл құжаттар елдегі инвестициялық процесті басқарудың негізін қалады; Мемлекеттік инвестицияларды басқару 4 жеке кезеңде жүзеге асырылуы қажет:

1. Жоспарлау; 2. Бағдарламалау; 3. Бюджетті дайындау; 4. Орындау;

Жоспарлау кезеңінде әлеуметтік – экономикалық дамудың орта мерзімді бағдарламасы мен оны макроэкономикалық деңгейде, сондай-ақ,әрбір секторға қатысты алғанда да жүзеге асырудың стратегиясын құру мәселесі шешіледі. Бағдарламалау кезеңіндегі басты мақсат- жоспарда бекітілген мақсаттарды қызметтің мемлекеттік бағдарламаларына өзгерту. Қазақстанда “Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы” Заң (28 ақпан 1997 ж.)қабылданған. Онда инвестицияның қызметі- инвестицияларды жүзеге асыру процесімен байланысты кәсіпкерлік қызмет деп көрсетілген. Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау ең алдымен келесілерден тұрады:

- инвестициялық қызметті қамтамасыз етудің заң шығарушы кепілдері;

- жеңілдіктер мен артықшылықтар жүйесін белгілеу (мемлекетті сол немесе басқа кәсіпорындар мен ұйымдарға олардың қызметіне қолайлы жағдайлар жасау мақсатымен жеңілдіктер мен артықшылықтар беруі);

- Қазақстан Республикасының мүддесін инвесторлар алдында көрсетуге өкілетті, бірыңғай мемлекеттік органның болуы.

Заңда тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың мақсаттары мен міндеттері белгіленген. Бұл қолдаудың мақсаты- экономиканың басым секторларында тауар өндірісін, жұмыс пен қызмет көрсетудің жедел дамуын қамтамасыз ету үшін қолайлы инвестициялық климат жасау болып табылады. Мемлекеттік тікелей қолдаудың ортақ мақсатына жету үшін міндеттердің бірқатарын шешу қажет:

- жаңа технологияларды, алдыңғы қатарлы техника мен ноу- хау енгізу;

- жоғары сапалы тауарлар мен қызмет көрсетуге ішкі нарықтың қанығуы;

- отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау мен ынталандыру;

- экспортқа бейімделген және импортты алмастырушы өндірістерді жетілдіру;

- ҚР- ның шикізат базасын ұтымды және кешенді пайдалану;

- менеджмент пен маркетигтің қазіргі әдістерін енгізу;

- жаңа жұмыс орындарын құру;

- жергілікті кадрларды үздіксіз оқытудың, олардың мамандық деңгейін жоғарлатудың жүйесін енгізу;

- өндірісті күшейтуді қамтамасыз ету;

- қоршаған табиғи ортаны жақсарту.

Инвестициялық жеңілдіктер беру 2003 жылдың 8 қаңтарында қабылданған “Инвестиция туралы” Заңмен реттеледі. Бұл заң инвестицияның құқықтық және экономикалық негіздерін ынталандырып, Қазақстан Республикасында инвесторлардың инвестиция салудағы құқықтарын қорғап, инвестицияны мемлекеттік қорғау шараларын анықтап, инвесторлардың қатысуымен келіспеушілікті шешу тәртіптерін айқындайды.

Инвестицияны мемлекеттік қолдау шараларының жаңа механизмдері біршама жаңа артықшылықтарға мүмкіндік береді.

Алдымен, Заңда отандық та, шетелдік инвесторларды да бірдей дәрежеде ынталандыру қарастырылған. Инвестициялық жеңілдіктер беру туралы өтініштерді қарау мерзімі қысқартылып (отыз жұмыс күніне дейін уақыт ішінде), оларға мүмкіндік беру тәртіптері оңайлатылды. Сондай-ақ қазіргі заң инвестиция көлемінің минималь шегін қоймайды. Бұл оның, қызметтің басым түрлерінде инвестиция салатын шағын және орта бизнес кәсіпорындарын қоса есептегендігі, қолданылу аясын кеңейтеді.

Шетелдік және отандық инвесторлардың теңдігі мемлекеттік ұйымдардың тексерулерін жүргізгенде, инвестициялық таластарды шешуде, табыстарды есептеп, бөлуде, сондай–ақ Мемлекеттік ұйымдар мен лауазымдық тұлғалардың әрекетімен келген зияндарды қайтаруда әділетті болады.

Заңға сәйкес өкілетті органмен контракт жасауға төмендегідей инвестициялық преференциялар беріледі:

1. инвестициялық салықтық преференциялар;

2. кедендік баж салығынан босату;

3. мемлекеттік натурлық гранттар.

 


Дата добавления: 2015-08-09; просмотров: 422 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Инфляция: себептері, типтері, нысандары және әдістері | Капитал жұмсалымдарын таңдау критерилері. Инвестициялық жобалардың тимділігін бағалау әдістері | Капитал құны. Компания капиталының құнының түрлері. | Капитал құрылымының теориясы: Модильян Миллер үлгсі. Фирма капиталының оңтайлы құрлымдарын анықтау | Кәсіпорын банкроттығының түсінігі, белгілері, түрлері. Қаржылық дәрменсіздік факторларының сыныпталуы. | Кәсіпорынды басқару жүйесінде қаржылық менеджменттің рөлі және орны | Компания құны және құндылыққа бағдарланған менеджмент | Компаниялардың дивидендтік саясатын әзірлеу тәсілдері және оны қалыптастыру | Компанияның негізгі капиталына ұзақ мерзімді ивестицияларды қаржыландыру көздері | Корпорацияларды қайта ұйымдастыру: қосылу, сатып алу, бөлшектеу, банкроттық және жою |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
АЗАҚСТАН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ НАРЫҒЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ИНСТИТУТТАРДЫҢ, ДАМУ ИНСТИТУТАРЫНЫҢ ОРНЫ МЕН РӨЛІ| АЗАҚСТАНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ҚҰРАЛДАРЫ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)