Читайте также:
|
|
Инфляцияның дәстүрлі жалпы анықтамасы-тауар айналымының қажеттілігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен лықа толып кетуі, оның құнсыздануы және соның нәтижесі ретінде- тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі; ақшаның сатып алу жарамдылығының төмендеп кетуі. Ақшаның құнсыздануына мына факторлар себепші болады: айналысқа артық ақшаның шығарылуы; қолайсыз төлем балансы; үкіметке сенімнің жоғалуы.
Инфляцияның себептері базистік қатынастардың қарама-қайшылықтарынан, экономикадағы үйлесімсіздіктер мен дағдарыстан, оның өздігінен дамуға қабілетсіздігінен, бүкіл қоғамдық өндірістің төмен тиімділігінен болады.
Инфляцияның көрініс нысаны-ақшаның құнсыздануы мен өнімге, тауарларға және қызметтерге бағаның көтерілуінде тұлғаланатын оның сатып алуға қабілеттілігінің тиісінше төмендеуі.
Ақшаның құнсыздануы және бағаның көтерілуі бюджет шығыстарының көбеюіне, мемлекеттің шынайы кірістерінің төмендеуіне, салық ауыртпалығын күшейту қажеттігіне, мемлекеттік бюджет тапшылығынан болатын мемлекеттік борыштың өсуіне ұрындырады.
Инфляцияға қарсы саясат ақшалай ұсынымды шектеудің әр түрлі әдістерін кіріктіреді:
1. Орталық банктің қолма-қол ақша эмиссиясын қысқарту арқылы айналыстағы ақша массасының көлемін азайту.
2. Барлық кредиттік ресурстарды қымбаттату және оларға қолжетімділікті азайту мақсатында орталықтандырылған кредиттер үшін қайта қаржыландырудың есептік мөлшерлемесін арттыру.
3. Кредиттік мультипликаторды қысуға және коммерциялық банктердің кредиттік экспанциясын шектеуге жету үшін Орталық банктің коммерциялық банктерге резервтік талаптарын арттыру.
4. Сондай мақсаттардағы Орталық банктің кредиттерін тікелей қысқарту.
ИСЛАМДЫҚ ҚАРЖЫ – ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ БАЛАМА КӨЗІ РЕТІНДЕ
Азіргі таңда елден тысқары қаржы көздерін тауып, іске қосу жолымен Қазақстан экономикасын әртараптандыру мәселесі өткір күйде тұр. Мұндай қаржыландыру көзі ретінде ислам қаржы-несие институттары қарастырылуда. Олардың нарыққа ұсынып отырған құралдары мен қызметтері ел экономикасын несиелеудің балама формасы әрі инвестиция тартудың қосалқы тетігі болып табылады.Ислам банкингі мен исламдық қаржыландыру құралдарын енгізу мақсатына орай бұдан бес жыл бұрын «Исламдық банктерді ұйымдастыру мен олардың қызметі және исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң әзірленіп, қабылданды.
Заңның қабылдануы Қазақстанда исламдық банктердің, исламдық инвестициялық қорлардың қызметін ұйымдастыруға және исламдық қаржы құралдарын енгізуге кең мүмкіндік ашты. Исламдық қаржы институттары дәстүрлі кредиттік институттар сияқты қаржылық қызметтердің жүйелік қауіп-қатерін төмендету және тұтынушылар құқықтарын қорғау мақсатында реттеуші ұйым – Ұлттық банк тарапынан лицензияланып және реттеліп отырады.
«Ислам банктері туралы» Заңға қол қойылғаннан кейін, енді «Банктер және банк қызметі туралы», «Бағалы қағаздар туралы» Заңдарға, Салық кодексіне ислам банктерінің қызмет ерекшеліктерін есепке ала отырып, өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Ал, 2010 жылдың тамыз айында республикада исламдық қаржыландыруды дамыту жөніндегі 2010-2012 жылдарға арналған Жол картасы бағдарламасы бекітілді. Бағдарлама тізіміне келесі мақсаттар: ислам қаржы құралдарын мемлекеттік органдармен дамыту және енгізу шараларын үйлестіру, ислам қаржы институттарын ашу және тартуға жағдай жасау, халықаралық ислам қаржы ұйымдарымен өзара қарым-қатынастарды ұйымдастыру, ислам қаржысы бойынша сауаттылықты жетілдіру, сонымен қатар инвестицияларды тарту кіреді. Жол картасын жүзеге асыру елімізде ислам қаржы қызметінің индустриясының тұрақты дамуына жағдай жасауға, эмитенттердің көлемін, инвесторлар мен кәсіби нарықтық қатысушыларды жасақтауға себепші болады.
«Исламдық қаржыландыруды дамытудың 2020 жылға дейінгі жол картасы» Республика Үкіметінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 371 қаулысымен бекітілді. Жол картасын жүзеге асыру елімізде ислам қаржы қызметінің индустриясының тұрақты дамуына жағдай жасауға, эмитенттердің көлемін, инвесторлар мен кәсіби нарықтық қатысушыларды жасақтауға себепші болады. Көрсетілген құжат сонымен қатар 2020 жылға дейін Алматыны жетекші өңірлік қаржы орталығы болып қалыптасуына, жалпы ислам қаржысы орталығы ретінде Қазақстанның мәртебесін халықаралық деңгейде күшейтуіне қолғабыс етеді. Өңірлік қаржы орталығы қызметін реттеу жөніндегі бағдарламада ислам қаржы құралдарын мемлекеттік органдармен дамыту және енгізу шараларын үйлестіру, ислам қаржы институттарын ашу және тартуға жағдай жасау, халықаралық ислам қаржы ұйымдарымен өзара қарым-қатынастарды ұйымдастыру, ислам қаржысы бойынша сауаттылықты жетілдіру, сонымен қатар инвестицияларды тарту сияқты мақсаттар бар.Ислам банктерінің жұмысы жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделеді. Банктер несиені үстеме ақысыз береді, бірақ кәсіпкерлерге тиесілі табысқа ортақтасады. Расында да, ислам қаржы мекемелерінің пайызсыз несие беруі, кәсіпкердің тәуекелін бірлесе көтеруі, қаржылық және моральдық жауапкершілікте болуы ислам банкингінің танымалдығын арттырып, оның қызметін тұтынушылар бойында қоғамдағы әділеттілік пен парасатқа деген сенімін қалыптастыратынын әлемнің белді экономистері мойындап отыр.
Ислам банкі қызметінің, операцияларының және мәмілелерінің талаптарға сәйкес болуын айқындау үшін ислам банкінде міндетті түрде исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес құрылады. Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес директорлар кеңесінің ұсынысы бойынша ислам банкі акционерлерінің жалпы жиналысы тағайындайтын тәуелсіз орган болып табылады.
Исламдық қаржыландырудың негізгі принциптері мыналар: эмитенттің ислам бағалы қағаздарын шығару кезінде ислам бағалы қағаздары құнының проценті түріндегі сыйақыны есептеп шығаруға, сондай-ақ ислам бағалы қағаздары бойынша табысқа кепілдік беруге құқығы жоқ; ислам бағалы қағаздарын шығару және орналастыру нәтижесінде алынған қаражат темекі, алкогольдік өнімдерді, қару-жарақ пен оқ-дәріні шығаруға және саудалауға, құмар ойын бизнесімен байланысты қызметті, сондай-ақ исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес қаржыландыруға тыйым салған кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлерін қаржыландыруға бағытталмауға тиіс.
Дата добавления: 2015-08-09; просмотров: 278 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Инвестицияның экономикалық мәні мен түрлері | | | Капитал жұмсалымдарын таңдау критерилері. Инвестициялық жобалардың тимділігін бағалау әдістері |