Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бағалы қағаздардың оңтайлы портфелін таңдау. Мүмкінді және тиімді портфелдер

Читайте также:
  1. Ақша ағындарын оңтайландыру әдістері. Ақша ағымдары және олардың түрлері
  2. Азақстандағы тікелей шетел инвестициялар, оның экономикадағы рөлі және орны
  3. Анестезиология және реанимация
  4. Анестезиология және реанимация»_ каз
  5. Аржы механизмі:құрылымы және мазмұны
  6. Аржылық активтерді бағалаудың базалық үлгісі. Облигацияларды, қарапайым және артықшылықты акцияларды бағалау
  7. Аржылық бақылау,оның негізгі түрлері,қағидаттары және міндеттері

Қаржылық (портфельдік) инвестициялар өзімен құнды қағаздар және басқа құндылықтар портфелін сатып алуымен және қалыптасыумен байланысты, жобаларға капитал салуын ұсынады.

Портфель теориясы - бұл табысты бағалау және бағалы қағаздар портфелінің тәуекелін тиімді үлестіру арқылы жүзеге асыратын статистикалық әдіс шеңберіндегі қаржылық инвестициялар теориясы.

Уильям Шарп және Гарри Марковицтің инвестициялық портфель теориясы кең таралған болып саналады (Нобель сыйлығының лауреаттары).

Осы теорияда сипатталған негізгі принциптер:

Инвестициялардың тиімділігі активтер типі бойынша дұрыс үлестірілген қаражаттарға байланысты. Табыс анықталады:

-94%-на қолданылатын инвестициялық құралдар түрлерін таңдау әсер етеді;

-4%-на анықталған түрдегі нақты бағалы қағаздарды таңдау әсер етеді;

-2%-на бағалы қағаздарды сатып алу кезіндегі бағалау әсер етеді.

Бағалы қағаздың бір түрі бойынша инвестициялардың тәуекелі күтілетін мәннен табыстың ауытқу мүмкіншілігімен анықталады;

-Жалпы табыстылық және инвестициялық портфельдің тәуекелділігі оның құрылымының ауытқуымен өзгеруі мүмкін;

-Инвестициялық портфельді құруда қолданатын барлық бағалаулар, ықтималдық сипатқа тән.

-Инвестициялық портфель теориясында негізгі түсініктердің бірі «тиімді портфель» - бұл күтілетін табыстылықтың максималдылығын қамтамасыз ететін портфель.

«Оптималды портфель» тиімді портфельдер арасындағы барынша жоғары табысты портфель. 16)Банктердің активті және пассивті операциялары - Коммерциялық банктер бір жағынан, шаруашылық субъектілердің уақытша бос ақшалай қаражаттарын тартатын болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әр түрлі қажеттерін қанағаттандыратын арнайы мекеме. Коммерциялық банктің пассивтік операциялық негізінде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстары жинақталады. Активтік операциялар – бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналастыру жүзеге асыратын операцияларды білдіреді. Бұл екі мақсаттың бірегейлігі банкті коммерциялық кәсіпорын ретінде тартылған қаражаттарды пайдаланудағы ерекшелігін сипаттайды. Активтік банктік операциялар өзінің формасына және тағайындалуына қарай әртүрлі болып келеді.

Банктердің активтік операцияларының ең көп тараған түрлеріне мыналар жатады: -ссудалық операциялар; -инвестициялық операциялық; -депозиттік операциялар; -қаржылық операциялар; -басқа да операциялар. Ал пассивтік операциялар негізінде банктің ресурстары жинақталады. Сондақтан да пассивтік операциялардың коммерциялық банктер қызметіндегі ролі жоғары. Пассивтік операциялар – бұл несиелік және активтік операциялады жүзеге асыруға арналған банктің өз ресурстарын құру операциялары немесе нәтижесінде пассивтік шоттағы немесе акивті-пассивтік шоттағы қаражаттардың өсуін, яғни пассив пен активтің арту формасын білдіретін операцияларды сипаттайды. Пассивтік операциялардың көмегімен банктер нарықтан несиелік ресурстарды сатып алады. Пассивтік операциялардың мынадай формалары бар: -коммерциялық банктердің бағалы қағаздарды алғашқы эмиссиялауы; -банк пайдасынан капиталдарды немесе қорларды қлғайту және құру; -басқа да заңды тұлғалардан несиелер алу; -депозиттік операциялар. Пассивтік операциялар айналыстағы ақшалай қаражаттарды банктерге тартуға мүмкіндік береді. Алғашқы пассивтік операциялардың екі формасы негізінде банктік ресурстардыңбірінші ірі тобы, яғни меншікті ресурстары құрылады. Келесі екі формасы негізінде екінші ірі топ – заемдық немесе тартылған ресурстар құрылады.

17)БАНКТІК НЕСИЕЛЕУ НАҚТЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ӘДІСІ РЕТІНДЕ Қаржы нарығының басты қызметі ақшалай жинақтарды өндірістік инвестицияға жұмылдыру болып табылады. Мұндай қызмет банктік несиеге тəн келеді. Əрине бұл жерде қарыз алушы үшін ең маңыздысы – пайыз мөлшерлерлемесі мен несиенің мерзімі. Пайыз мөлшерлермесінің төмен болғаны инвестициялау процессін қаржыландыруда қарыз алуға деген мүмкіндікті кеңейтеді. Ұзақ мерзімді несиені əдетте инвестициялық несие деп атайды. Банктік несиенің басты артықшылығы, ол қарыз алушыға алдын ала қарыз алып өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік туғызады. Банктік несиелеу объектісіне мыналар жатады: - өндірістік жəне өндірістік емес объектілерді құру, кеңейту жəне қайта құру; - жылжитын жəне жылжымайтын мүліктерді сатып алу; - шет елдік инвестордың қатысумен жаңа кəсіпорында құру; Өзін-өзі қаржыландыру банктің меншікті қаражаты есебінен, сондай-ақ банктің қызметі барысында қалыптасатын ақшалай қаражаттар ағыны есебінен жүзеге асырылады. Тікелей инвестиция тарту есебінен инвестицияны қаржыландыру жарғылық капиталға қаражат қосу, акцияларды немесе қарызды сатып алу жолымен жүзеге асады. Несиелік жобалау негізіне алдағы уақытта құрылатын немесе қайта құрылған банк əкелетін пайда есебінен инвестициялық жобаларды қаржыландыру жатады. Осы табыстардың көмегімен банктердің несиелеген инвестицияларының қайтарылуы қамтамасыз етіледі. Банктік несиелеудің бұл бағыты əсересе өнеркəсіптің капитал сиямдылығы жоғары салалары, мысалға жылу-энергетика кешені, өндіру жəне қайта өңдеу өнеркəсіптерін кеңейту жəне жаңғырту қажет болған жағдайда маңызды. Жобалық несиелеуде банктік несиенің қамтамасыз ету құралына болашақта табыс əкелетін, яғни бүгін құрылатын немесе қайта құрылуға тиіс кəсіпорынды несиелеуге байланысты инвестициялық жобаның өзі жатады. Инвестициялық несиелер — жаңа өндіріс орнын ашуға, ендірісті қайта құруға және кенейтуге арналған ұзақ мерзімді несие.Соңғы жылдардағы біздің еліміздегі ипотеканың пайда болуын шетел инвестицияларымен байланыстыратындар да аз емес. Бұл негізінен бастапқыда халықтын, арасында кең таралмағандықтан және еліміздегі ипотекалық несиенін, қызмет етуінің экономикалық-кұкықтық жағынан толык қамтамсыз етілмегендігімен байланысты болып отыр.Көптеген елдерде ипотекалық несиелендірудің халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудегі ролі баршаға белгілі. Шағын болса да тұрақты табысы бар халық топтары үшін тұрғын үй сатып алуға жағдайлар жасаумен қоймай, ипотекалық несие құрылыс саласына инвестициялар тартуға мүмкіндік беріп, қор рыногының жаңа сегменті - ипотекалық құнды қағаздар рыногының әрекет етуіне септігін тигізді. Осының барлығы тақырыптың өзектілігін, зерттеу объектісін және мәнін, сондай-ақ оның мақсаттары мен міндеттерін таңдауға негіз болды.Ипотекалық несие кәсіпорындардың, фирмалардың және тұрғын үй құрылысының қажеттіліктерін мемлекет тарапынан қаржыландыру көздерін банк несиесімен алмастыруда үлкен роль атқарады. Оның алға басуы шаруашылық ететін субъектілердің ұзақ мерзімді сипаттағы несиелік ресурстардың тапшылығы, инфляцияның жоғары қарқындылығы жағдайында инвестициялық белсенділігін ұлғайтуға әсер етеді. Құнды қағаздар ликвидті болып келеді, себебі олар жылжымайтын мүлікпен қамсыздандырылған, және олар инвестициялар арқасында ұзақ мерзімді және тұрақты табыс алуға мүмкіндік береді.
Ұлттық Банктің бастамасымен жүргізілді. Бұл ретте Елбасының несиелерге қарапайым халықтың қол жетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын, сондай-ақ қолда бар ішкі инвестицияларды құрылыс саласын дамытуға тарту мақсатын орындаудың жаңа жолдарын іздестіруге талпыныс жасалды. Инвестициялық механизм – елдің экономикалық жəне əлеуметтік дамуын қамтамасыз ететін инвестиция түрлерін, инвестицияны қаржыландыру жəне несиелеу көздері мен əдістерін, инвестициялық нарықтың қызмет етуіне қажетті нормативтік-құқықтық актілермен қамтамасыз ету, сондай-ақ инвестициялық тəуекелді басқарудың элементтерін қамтитын экономикалық механизмнің құрамдас бөлігі. Инвестициялық процессті қаржыландыру жүйесіне инвестицияны қаржыландыру жəне несиелеу көздері мен əдістері жатады. Кейбір экономикалық əдебиеттерде инвестицияны қаржыландыру жəне несиелеу көздеріне төмендегідей түрде жіктейді: 1) инвестордың меншікті ақшалай ресурстары мен ішкі шаруашылық резервтері,2) ивесторлардың қарызға алған қаражаттары, соның ішінде: а) банктік несиелер; ə) бюджеттік несиелер; б) облигациялық займдары; в) басқа да қаражаттар. 3) инвестордың сырттан тартқан қаражаттары, соның ішінде: а) акцияларды сатудан түскен қаражаттар; ə) еңбек ұжымының, азаматтардың, заңды тұлғалардың қосқан үлестері мен өзге де мүшелік жарналары; 4) қатарымсыз жəне қайтарылатын негізде берген ҚР-ғы бюджет субъектілерінің қаражаттары; 5) арнайы мақсатты қорлар қаражаттары; 6) шетелдік инвесторлар қаражаттары.

18)Белгісіздік және тәуекелділік жағдайында инвестициялық жобларды бағалау Инвестициялық жобаны жүзеге асыру кезіндегі қандай да бір оқиғаның болуы туралы ақпараттың нақсыздығы немесе толықсыздығы белгісіздікті білдіреді. Егер белгісіздік келең жағдаймен жүргізілсе қосарланса, онда бұл тәуекелге әкеледі. Тәуекел – инвестициялық жобаның қатысушылары үшін жағымсыз әсердің болу ықтималдылығы. Тәуекел белігілерінің сан алуан түрлері бар. Пайда болу көздеріне байланысты тәуекелдер жүйелі және жүйесіз түрлері бар. Жүйелі тәуекелдер сыртқы факторлармен анықталады, сонымен қатар субъектіден тәуелсіз және көбінесе реттелінбейді (мысалға, ел тәуекелі, форс-мажорлық оқиғалар тәуекелі). Ел тәуекелі кәсіпкерлік қызметін интерұлттандыруымен тығыз байланысты. Ол сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары үшін өзекті және елдің саяси-экономикалық тұрақтылығына тәуелді. Мұндай тәуекел экономикалық пен саяси тәуекелдерге жіктеледі. Экономикалық тәуекел елдің экономиаклық аясында жағымсыз ауқымды өзгерістердің болуымен мүмкін. Экономикалық тәуекелді нақты елде қызмет жасау ықтияры бар шетел инвесторлары ескереді. Экономикалық тәуекелдің негізгі факторлары ретінде экономика масштабы, экономикалық өсудің нақты қарқыны, салық салу мөлшерлемелері, инфляция деңгейі, сыртқы қарыз, төлем балансы, қайта қаржыландыру мөлшерлемесі, халықтың жан басына шаққандағы табысы және т.б. Саяси тәуекел ел ішіндегі саяси жағдайларының өзгерісінің салдарымен байланысты (мысалға, мемлекеттің экономикалық саясатының айқынсыздығы мен жоспарсыздығы; саяси сілкіністер; заңнамадағы келеңсіз өзгерістердің болу мүмкіндігі; геосаяси тәуекелдер; әлеуметтік тәуекелдер және т.б.).

Аталған тәуекелдер бір-біріне корреляциялық болып табылады және өзара байланысты ретінде (біргей ел тәуекелі) қарастырылуы керек. Форс-мажорлық жағдайлардың тәуекелі жобаның жүзеге асырылуына табиғи апаттардың (жер сілкінісі, су тасқыны, құрғақтық және с.с) әсер ету қаупін анықтайды.Жүйесіз тәуекелдер нақты субъектіге байланысты, сондай-ақ оның жағдайымен, нақты ерекшелігімен анықталады. Мұндай тәуекелдерді басқаруға мүмкін және қажет. Мысалға. Қаржыландыру тәуекелі – жобаны жүзеге асыру кезінде қажетті қаражаттардың жоқ болу тәуекелі, сонымен қатар несиелеу не тікелей қаржыландыру шарттарын өзгеру тәуекелі. Техникалық тәуекел – жобалаудағы қателіктер, таңдалған технологиялардың тапшылығы, білікті жұмыс күшінің жеткіліксіздігі, жасалған жұмыс уақытын бұзу, шикізат, энергия бағаларының жоғарлауы салдарынан пайда болатын тәуекел. Маркетингтік тәуекел – нарықты зерттеуінің төменгі деңгейінің тәуекелі. Өтімділік тәуекелі – баға бойынша шығынсыз активтерді жылдам сату мүмкіндігінің тәуекелі (инвестициялау объектісін сату қажеттілігінде пайда болады).Жоғарыда қарастырылған тәуекелдер өзара байланысты. Сондықтан да бір тәуекелдің өзгерісі басқа тәуекелді өзгертеді және жобалық қызметтің нәтижесіне кері әсер етуі мүмкін. Осыған байланысты, тәуекелдерді есепке алу қажеттілігін және маңыздылығын ескерген жөн.Инвестициялық жобаны талдау үрдісінде жіктелімдік белгілер зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес кеңейтілуі және нақтылануы мүмкін.


Дата добавления: 2015-08-09; просмотров: 1003 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Айналым қаражаттарын нормалау әдістері. Кәсіпорынның айналым қаражаттарын құру көздері. | Ақша ағындарын оңтайландыру әдістері. Ақша ағымдары және олардың түрлері | Бюджет тапшылығы және оны жабудың амалдары | Бюджеттен тыс қорлар және оларға сипаттама. | Дебиторлық берешектерді және тауар-материялдық қосалқы басқару | Жанама салықтарды өндіру ерекшеліктері. | Жеке сақтандырудың экономикалық мәні және функциялары. Жеке сақтандырудың сыныптамасы. | Инвестициялардың табыстығы және тәуекел күтілетін табыстық деңгейі | Инвестициялық жобалардың тимділігін бағалау әдістері NPV және JRR критерийлерін салыстыру | ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫҢ МӘНІ, МАҚСАТЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ақша қаражаттарын басқару. Ақша қаражаттарының бюджеті.| Бюджет жүйесі және оны құрудың қағидаттары.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)