Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ақша қаражаттарын басқару. Ақша қаражаттарының бюджеті.

Читайте также:
  1. Ақша ағындарын оңтайландыру әдістері. Ақша ағымдары және олардың түрлері
  2. Айналым қаражаттарын нормалау әдістері. Кәсіпорынның айналым қаражаттарын құру көздері.

Ақшалай активтерді басқару саясаты кәсіпорынның ағымдық активтерінің жалпы басқа саясатының бөлігі болып, жиынтық өлшем опазициясы кәсіпорынның тұрақты төлеу қабілеттілігін қамтамасыз етуді және сақтау процессі тиімді қолданады.

Ақшалай активтерді басқару саясатының қалыптасу кезеңдері:

- өткен кезеңдегі кәсіпорының ақшалай активтерін талдау;

- кәсіпорының ақшалай активреінің орташа қалдығының оптимизациясы және ақшалай құрладарына айналу уақытын есептеу (қардылық цикл);

- ақшалай активтердің орташа қалдығын реттейтін тиімді модельді таңдау;

- кәсіпорының ақша активтердің тиімді жүйесін құрастыру.

Ақша ресурстары мен түсімдердің балансы. Басты міндет – түсімнің синхрондығын тексеру және ақша қаражатының шығындарын қадағалау, яғни, кәсіпорынның болашақ ликвидтілігі аталмыш жобаны жүзеге асыруда қажет. Осындай жолмен алынған ақпарат барлық жобаның жалпы құнын анықтау үшін негіз болып саналады.

Ақша шығыны мен түсімдердің балансы оларды құрастыру барысында аса тиянақты жұмыстарды талап етеді, яғни қаражат салымының сомалары мен тармақтары және басқа түсімдер көрініс алады год n бірінші жылы – деректер ай сайын келтіріледі, n екінші жыл – деректер тоқсан бойынша келтіріледі; n үшінші жыл – 12 ай үшін сатудың жалпы сомасын келтіреді.

Ақша мәні, қызметтері және даму эволюциясы -Ақша- барлық тауарлардың құнын өлшейтін, жалпыға балама айрықша тауар. Ақшаның объективті қажеттілігі тауар өндірісі және айналысының болуына сәйкес қалыптасады. Тауар мен ақша бір бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналысынсыз тауар айналысының да болуы мүмкін емес. Ақша өндіріс және бөлу процессіндегі адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтін, тарихи түрде дамып келген экономикалық категория. Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынадай үш қасиетінің біртұтастығынан байқалады: Жалпыға тікелей айырбасталу формасы, Айырбас құнының дербес формасы,Еңбек өлшемінің заттай формасы.

Ақша экономикадағы рөлін өзінің атқаратын негізгі қызметтері арқылы орындайды. Ақшаның әр қызметі тауар айырбасы процесінен туындайтын тауар өндірушілердің формасы ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық мазмұнының белгілі бір жақтарын сипаттайды. Ақшаның қазіргі экономикадағы атқаратын қызметтері келесідей: Құн өлшемі және баға масштабы. Айналыс (айырбас) құралы. Төлем құралы. Қорлану және қор жинау құралы. Дүниежүзілік ақша. Баға масштабы дегеніміз -ақша өлшемі ретінде мемлекет белгілеген белгілі бір металдың мөлшері және массасы. Құн өлшемі ақшаның экономикалық қызметі, ал баға масштабы тауардың құнын анықтау үшін емес бағаны белгілеу үшін заңды түрде белгілеген техникалық құрал. Айналыс қызметі құралы қызметінде ақша тауар айналысы процесінде делдалдық рөл атқарады. Т(тауар)-А(ақша)-Т(тауар). Ақша айналыс қызметін атқаратындықтан да олардың саны, яғни айналысқа қажетті сатылатын тауарлар массасы және бағасы негізінде анықталады. Ал егер айналыстағы ақша массасы тауар массасынан артық болса, онда ақшаның құнсыздануы инфляцияға жол береді. Ақша төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына қызмет етіп қоймай,сол сияқты қаржы және несие қатынастарына да қызмет етеді. Ақшаның қорлану қызметін атқару қашаннан алтынға жүктелген. Жалпыға ортақ қоғамдық байлықты құрау ретінде дүниежүзілік ақшалар халықаралық байланыстардағы есеп айрысуларда, бір елдің екінші бір елге займ немесе субсидиялар беруі барысында қызмет етеді.

Экономикалық санат ретінде ақша натуралдық шаруашылықтан тауарлы шаруашылыққа ауысу кезеңінде пайда болды. Шығарылған өнімнің түгелімен өндірушінің жеке басы керегіне жаратылған кезең- натуралды шаруашылық. Өндіріс құралының жетілуіне байланысты адамдардың шығарған өнімдерінің көлемі олардың жеке басының керегіне жарататын көлемнен артық болатын жағдай туды. Сөйтіп, адамдар өндірілген өнімді, өздеріне керек, басқа өнімге айырбастап алуына мүмкіншілік алды. Осының нәтижесінде «айырбастау» д.а. процесс шықты. Айырбастау үшін өндірілген өнімнің «тауар» д.а. Жоғарыда көрсетілген қозғаушы күштердің салдарынан, өнім өндірушілер өздерін бір түрлі, не бірнеше түрлі өнім шығаруға бейімдейтін болды. Ал өздеріңе керек басқа өнімдерді өздері шығарған өнімнің артығына ауыстырып алатын болды. Сонымен, ақшаның пайда болуына алдын ала екі экономикалық жағдай туғызылды:- натуралдық шаруашылықтың орнына тауарлық шаруашылық келді, енді айырбастау операциясы өріс алды;- өнім өндірушілердің арасында бір жағынан мүліктік жекеленушілік пайда болды, екінші жағынан белгілі бір түрлі тауар өндіруге мамандандырушылық туды. Тауар өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі айырбасталатын тауар —барлық басқа тауарлардың бір — бірімен өзара айырбасталу құралы бола бастады. Біртіндеп жалпы құндық эквивалент рөлін белгілі бір тауарлар көптеп атқара бастады және осы тауарлар «ақша» д.а. Құнның жалпы құндық формасы ақша формасына айналды. Әр түрлі тайпаларда ақшының міндетін атқаратын тауарлар әр түрлі. Бірақ б.э. дейін XII ғасырда салмағы көрсетілген құймалар пайда бола бастаған. Осындай себепке байланысты көптеген ақша бірліктері фунт стерлинг, ливр (жарты фунт), марка (жарты фунт) салмақ бірліктері атауымен аталады. Алғашқыдағы белгілі массасы бар формассыз металл ақшаларды кейін келе әр түрлі массадағы біркелкі формасы бар металл ақшалар ауыстыра бастады. Монеталардың пайда болуы — ақшаның құрылуындағы соңғы кезең б.т. 1)базар пайда болды, ал онда екі ғана кісі емес, бірнеше тауар иелері қатынасады. 2) ақша пайдаланудың арқасында айырбастау процесі екі әрекетке айналды:- бірінші әрекет, тауарды ақшаға сату (Т — А)- екінші әрекет, алған ақшаға басқа жерде, басқа уақытта басқа тауар сатып алу (А — Т). 3) тауар өндірушілер сатқан тауардан алған ақшасын енді, керекті тауар сатып алғанға дейін, сақтауға мүмкіншілік алды. Ал мұның өзі ақшаны жинауғажәне оны басқаларға қарызға беруге болады деген сөз, яғни бұл несиенің пайда болуына әсер етті.Осындай өзгерістердің нәтижесінде, ақшаның қозғалыс жолы тауардың қозғалыс жолынан бөлініп шықты. Енді ақша шыққаннан кейін, ақша өз алдына, тауар өз алдына айналатын болды. Ақшаның пайда болуы, мәнін, қызметі мен рөлін анықтау ұмтылыстарының көп ғасырлық тарихы бар, атап айтқанда бұл сұрақтар Аристотель, А. Смит, Д. Рикардо, К. Маркс және т.б еңбектерінде қарастырылған. Ақшаның пайда болуы, жаратылысы және мәні туралы ортақ пікір жоқ. Бірақ та, ақшаны анықтаудың көп түрін шартты түрде екі тұжырымдамаға бөлуге болады: рационалистік және эволюциялық. Рационалистік тұжырымдама он тоғызыншы ғасырдың аяғына дейін үстемдік етті. Ақшаның туындауы тауарлық өндіріспен байланыстырылмайды. Эволюциялық тұжырымдама тауардың айырбастық құнының эволюциялық даму нітижесі ретінде түсіндіріледі, ақша адамдардың еркіне тәуелсіз түрде пайда болды.

9)Ақша нарығының түсінігі мен құралдары -Ақша нарығы дегеніміз ұлттық несие немесе депозит рыноктарының жиынтығы, мұнда Орталық банк, коммерциялық банктер мен қаржы институттары қысқа мерзімді несие беру жөнінде операциялар жасайды. Олардың атқаратын қызметтері: зайымдарды орналастыру, қысқа мерзімге инвестициялауға құралдарды және ссудаларды ұсыну болып табылады. Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізу арқылы нарық қызметін реттеуді қамтамасыз етіп отырады. Ақша нарығына қатысушылар, яғни мемлекет, фирма, жеке тұлғалар әдете қысқа мерзімді несие жүргізеді (олардың мерзімі 1 ден 120 күнге дейін). Мемлекеттік облигациялар ақша нарығының маңызды қаржы құралы болап табылады. Сонымен қатар осы нарықта маңызды ролді коммерциялық қағаздар ойнайды. Экономикалық субъектілердің ағымдағы ликвидтілігін қамтамасыз ету үшін, олардың қызметінің маңызды ролін ақша нарығы атқарады. Өз кезегінде айтып кететін бір жайт, ақша нарығы 4-бөліктерден кұралады. Олар:

1-Дисконттық нарық;

2-Банкаралық нарық;

3- Валюталық нарық;

4-Депозиттік сертификаттар нарығы.

Дисконттық нарық бұл экономикадағы ақша-несие қызметін реттеудегі маңызды ролді атқарады. Ал оның маңызыдылығы, ақшаның экономикаға бірқалыпты келіп түсуін қамтамасыз ету болып табылады. Дисконттық нарықтың операторлары болып Орталық банк пен коммерциялық банк табылады. Банкаралық несие ақша нарығының маңызды сегменті болып табылады. Бұл нарықта коммерциялық банктер бірін-бірі несие арқылы пайда табады. Банкаралық несие “РЕПО” келісімі негізінде жүргізіледі. “РЕПО” келісімі – бағалы қағаздарды қайта сатып алу негізінде сату келісімін айтамыз, яғни қазыналық міндеттемелермен қамтамасыз етілетін қысқа мерзімді зайымның түрін білдіреді. Келісім кезінде құнды қағаздарды сататын “РЕПО” жақ (сторона) әр түрлі мақсаттрда қолдану үшін, яғни қаржы нарығында басқа да сегменттерге активті операцияларды жүргізу (мысалы, валюталық нарыққа) мақсатында ақша құралдарын алады. Еуровалюта нарығы қысқа мерзімді қаржылық құралдармен сауда-саттық негізінде құрылатын ақша нарығының маңызды бөлігі. Еуровалюта – бұл шетел валюталары, коммерциялық банк осы валюталарды шығырған елдерден тыс жерлерде қолма-қол ақшасыз депозиттік несие операцияларын жүзеге асырады. Бірінше кезекте бұл валюталарға АҚШ доллары, неміс маркасы, фунт стерлинг және басқа да валюталар. Сонымен қатар дамыған елдерде ақша нарығының тағы бір құралы - депозиттік сертификат.

Депозиттік сертификат дегеніміз– ақшалай қаражат салымы туралы банктің жазбаша құжаты, ол салымшының (заңды тұлғаның) белгіленген мерзімі өткеннен кейін салым сомасы мен ол бойынша пайызды банктің кез келген мекемесінен алу құқығын куәландырады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қызме­тінде, яғни олардың ағымдағы өтімділігін қамтамасыз етуде тауарлар мен қызметтерді сатушылар мен сатып алушыларға ақшалай қаражатты бөлу және қайта бөлу механизмін қамтамасыз ететін ақша нарығының қаржылық құралдары маңызды рөл ойнайды. Кез келген қаржы құралының негізін ақша құрайтыны белгілі. Эволюция процесінде олар ұдайы өзгеріп отырады әрі олардың бүгінгі күнгі жағдайын толық аяқталған кезеңіне жатқызуға болмайды. Белгілі бір сатыда құнның эквиваленттік формасы пайда болды: тауарлар жиынтығынан бір тауар жеке бөлініп алынады, осының нәтижесінде қалған басқа тауарлар өзгереді. Эквивалент – тауарға қойылатын талап әзірленді:- бөлінушілік;- ықшамдылық;- біртектілік.Жалпы эквивалент осы аталған ерекшеліктерге ие болғандықтан эквивалент тауарлардан жеке бөлінеді. Одан ары дамыту процесінде металдан тауарлардың жалпыға ортақ эквиваленті ретінде ақша бөлініп алынады, өйткені аз ғана сан үлкен құнды қамтиды. Бүгінгі таңда тәжірибеде тауарлар алтынмен емес, қағаз-несие ақшасымен дарытады, ал алтынмен арадағы байланы­сының үзілуіне оларды қымбат металдармен еркін айырбас­таудың тоқтауы себеп болды. Ендігі жерде несие-қағаз ақша жалпыға ортақ эквивалент ретінде алға шығып, алтынның рөлін атқарады. Ақша ретінде құн белгілерін пайдалану оған бірқатар тауарлық сипаттарды дарытады: олар сатылады және сатып алынады, тауарларға айырбасталады. Алайда ақшаның тауарға тән ең басты ерекшелігі жоқ – оның өзіндік құны болмайды. Осылайша, ол (ақша) құн өлшемі рөлін атқарады. Салыстырмалы түрде ақшаның жаңа формасына девиз (французша devises) – халықаралық есеп айырысуда қолда­нылатын шетелдік валютадағы төлем құралы болып табылады. Бастап­қыда ол экспорттаушы импорттаушының атына жазып беретін коммерциялық аудармалы вексельдер (тратт) түрінде болды. Белгілі болғандай, ақша мынадай функцияларды орын­дайды:

- құн өлшемін;

- айналым құралын;

- төлем құралын;

- жинақтау құралын;

- әлемдік ақша.

Ақша нарығының қолда бар құралдарына қарай әрі қазақстандық қаржы нарығының ерекшеліктерін ескере отырып, оның мынадай сегменттерін бөліп көрсетуге болады. Қазақстан ақша қаражаты нарығының негізгі сегменттері.

1- төлем карточкалары,

2- қолма-қол ақша (банкнот),

3- вексельдер мен орыштық қолхаттар,

4-Банк акцептлер,

4- чектер нарығы.

Қазақстан Республикасы аумағында ақша нарығының қаржылық құралдарымен мынадай операциялар айналымда қол­данылады: - қолма-қол ақша (банкнот) табыстау; - чек беру;- вексельдер беру немесе оларды индоссамент бойынша табыстау;- төлем карточкасын пайдалану; - борыштық қолхаттардың айналымы. Ең алдымен айналысы түпкі қорытындысында нарықтағы тауарлардың айналымын жүзеге асыратын қолма-қол ақша қаражатының нарығы туралы айта кету керек. Ол көрсетілген қызметтің төлемақысы ретінде алға шығады. Бүгінгі таңда қол­ма-қол ақша айналысы шектелсе де Қазақстан халқы тауарлар мен қызметтің төлемақыларын төлеу үшін (негізгі тағам өнім­дерін сатып алғанда, слесардың, сантехниктің және т.б. қызмет­ақыларын төлегенде), сондай-ақ айырбастау пунктерінде валюта айырбастағанда, қарыз бергенде және т.б. қолма-қол қаражатты пайдаланады. Чектермен есеп айырысу жол, есеп айырысу және басқа да чектердің чек ұстаушыға өз шотынан белгілі бір соманы банктің төлеуін бұйыратын төлеушінің жазбаша өкімінің көмегімен жүзеге асырылады. Әлемдік тәжірибеде ақшалай және есеп айырысу чектері бөліп көрсетіледі. Ақшалай чек қолма-қол ақшасын банкте ұстаушының тө­лемдері үшін, мысалы, еңбекақы, шаруашылық қажеттіліктері, іссапар шығыстары және т.б. қолданылады. Есеп айырысу чегі қолма-қол ақшасыз есеп айырысуда қол­данылады. Бұл – нақты тұлғаға немесе чекті көрсеткенге (чекті ұстаушыға) онда (чекте) көрсетілген белгілі бір соманы банк­тің төлеуін әмір ететін ағымдағы шот иесінің (чек берушінің) сөзсіз жазбаша бұйрығын қамтитын құжат. Есеп айырысу чектері өтелген немесе өтелмеген болуы мүмкін. Чек берушінің чегін банкте өтеу мыналар болуы мүмкін:- чек берушінің жеке шотқа депозитке салған қаражаты; - чек берушінің тиісті шотындағы қаражат, алайда чекті беру барысында онымен келісілген келісім бойынша банк кепілдік еткен сомадан артық болмауы керек. Бұл жағдайда банк чек берушіге оның шотында қаражат уа­қытша болмай қалған жағдайда өзінің (банктің) қаражат есебінен чекті төлеуге кепілдік бере алады. Атаулы чек (нақты тұлғаның атына жазылған), ұсынбалы чек (ұсынушының атына жазылатын) және ордерлі чек болады. Ордерлі чек белгілі бір тұлғаның пайдасына немесе оның бұйрығы бойынша жазылады, яғни чек беруші оны жаңа иесіне индоссаменттің көмегімен беруі ықтимал. Оның үстіне, чек кроссталған – бет жағына екі параллель сы­зықтар жүргізілген болуы мүмкін. Кроссталу өз кезегінде жалпы және арнайы болуы ықтимал. Бірінші жағдайда (сызықтардың арасында «банктің» белгісі болмайды) оны төлеуші банкке не­месе өзінің клиентіне төлейді. Мұндай чекті ұстаушы тұлға оны сызықтардың арасында атауы көрсетілген банкке ғана ұсынады. Вексельдік операциялар банк несиесі қызметінің ең маңызды әрі келешегі зор бағыттарының бірі болып табылады. Вексель нарығының міндеті – негізінен қысқа мерзімді ақша қаражаттарды қайта бөлу, ал оның объектісіне коммерциялық және қаржылық вексельдер жатады. Бірыңғай ақша нарығының бөлігі болып табылатын оның екі деңгейі болады. оның алғашқы резидентіне несие мекемелері мен оның клиенттері жатады, ал оның негізін есептік, комиссиялық, ломбардтық операциялар және банктің, басқа да несие институттарының операциялары немесе жеке дисконтерлердің вексельдерінен болатын опера­циялар құрайды. Екінші субъектіге несие мекемелері: бір жа­ғынан – Ұлттық банк, екінші жағынан – екінші деңгейлі банктер, оның ішінде коммерциялық банктер кіреді. Бұл деңгей­дегі нарық операцияларының басым бөлігін бірінші сыныпты вексельдерді қайта есептеу мен қайта кепілге салу құрайды. Банк жүйесінде мамандандыруды дамыту, есептік операциялардың тәуекелділігін орталықсыздандырып қайта бөлу қажеттілігі институционалдық құрылымы тек банк мекемелерінен ғана тұ­ратын әрі арнайы несие институттарының есеп үйлерінің, есеп­тік банктердің және басқа да мекемелердің төңірегінде топта­сатын аралық деңгейдің нарықта пайда болуын ұйғарады. Біздің елімізде вексель бағалы қағаздарға жатпайды, ол ҚР «Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы» заңына сәйкес төлем құралы мен несиелеу құралы болып табылады.

Вексель – бұл қандай да бір тұлғаға нақты ақша сомасын белгілі бір орында және белгілі бір мерзімде төлеуді сөзсіз міндеттеме. Бұл ешқандай жағдайға тәуелді болып қалмайтын дерексіз қарыз міндеттемесі. Вексельге тән белгілер:- ақшалай міндеттеменің сөзсіз сипаты, яғни вексель беруші белгілі бір соманы төлеуді өз мойнына алады немесе үшінші жақтағы тұлғаға вексельдік соманы төлеу туралы бұйрық қандай да бір шартпен шектеліп қалмайды;- міндеттеменің дерексіз сипаты, яғни вексельдің мә­тінінде ол қандай мәміленің негізінде берілгеніне сілтеме жасалмайды;- осы құжатты толтырудың қатаң формалданған рәсімі, яғни форма барлық қажетті реквизиттерді қамтуы керек, өйткені қажетті реквезиттердің біреуі болмай қалса, вексель түкке жарамсыз болып қалады; - есеп айырысудың ақшалай формасы, яғни міндеттеменің тек ақша қаражаты болуы мүмкін.Вексельдер екі негізгі түрге бөлінеді: жай вексель және ауда­рылатын вексель.

Жай вексель (соло) – несие берушіге (вексель ұстаушыға) ақша қаражаттардың нақты сомасын белгілі бір орында және белгіленген мерзімде қарыз алушы (вексель беруші) төлейтін, қандай да бір шартпен шектеліп қалмайтын міндеттемені қамтитын вексель не­месе үшінші тұлғаға қаражатты аудару жөніндегі несие берушінің бұйрығы бойынша вексель. Вексельдің мынадай түрлері бар.

Аудармалы вексель (тратта) – бұл вексельдік қатынасты үш тараптан реттейтін құжат: несие беруші (трассант), қарыз алушы (трассат) және төлемді алушы (ремитент). Аударылатын век­селдің шығарылуы мен айналымының ерекшелігі – ол төлемнің жай құралы ретінде қызмет етпейді. Бұл қатынастың мәні мынада: трассант (вексель беруші) нақты ақша сомасын белгілі бір орында және белгілі бір мерзімде ремитентке төлеу туралы ұсынысымен трассатқа вексель жазып береді (трассалайды). Қазақстанға жаңа технологияның енуіне байланысты тағы бір құралды – төлемді жүзеге асыруға, ақшаны қолма-қол алуға, валютаны айырбастауға және эмитентпен әрі оның жағдайымен анықталатын басқа да операцияларды орындауға мүмкіндік беретін ақпараттарды қамтитын құрылғылар мен электрондық терминалдар арқылы ақшаға қол жеткізудің құралы ретінде төлем карточкаларын пайдаланудың, қолданудың мүмкіндігі туды. Төлем карточкалары дебеттік және кредиттік, болып бөлінеді (24.08.2000 ж. №331 Ұлттық банк бекіткен ҚР-да төлем карточ­каларын шығару мен пайдалану Ережесі). Ұлттық банк төлем карточкаларын шығарумен және Қазақстан Республикасында оны шығарудың әрі пайдаланудың талаптарын белгілеумен бай­ланысты қызметті лицензиялайтын бірден-бір (жалғыз) орган болып табылады. Төлем карточкасын ұстаушының оны (төлем карточкасын) алғанын айғақтайтын құжатқа қойылған қолы немесе осы фак­тіні бір мәнде айғақтайтын басқа да куәлік растаушы ретінде қызмет етеді. Банктерді пайдаланбай-ақ бір-біріне қарыз беруде халық ақша нарығының қаржылық құралы ретінде қарасты­руға болатын, нотариалдық кеңселермен расталған борыш кол­хаттарын рәсімдейді. Келешектегі ауыл шаруашылық өнімде­рінің кепілімен шығарылатын өнімдердің кепілімен шығарылатын ауыл шаруашылық қолхаты секілді қаржы құра­лының да пайда болғанын айта кеткен жөн. Бүгінгі таңда елімізде осы қарыз міндеттемесі вексельдермен салыстырғанда әлдеқайда кең таралған.

10)Ақшаның уақытша құндылығының ұғымы. Ақшаның қазіргі және келешектегі құнын анықтау. Жай және күрделі ставкалар.Аннуитеттер. Ақшаның уақытша құндылығы – бұл ақша қаражатының объективті мінездемесі. Оның мәні келесіде – бүгін бар ақша және болашақта алынатын ақша бір құндылы еместігінде тұрады. Бұл бір құндылық еместік үш негізгі себептермен анықталады:

1) Инфляция. Инфляция жағдайында ақшаның құндылығын жоғалту, бір жағынан оларды салым жасауға шақырады, яғни инвестициялық үрдісті инвестицияларды; ал басқа жағынан – қалдығы бар ақшаның және болашақта алынытын ақшаның айырмашылығын түсіндіреді.

2) Болашақта алынатын ақшаның алуаның тәуекелділіге. Әр шарт бойнша болашақта ақша түсетіндігі орындалмау, немесе жартылай орындалуы мүмкін.

3) Ақша айналымы – ақша қаражаттары, басқа әр актив сияқты, уақыт өтуімен пайда түсіруге пайдаланылады. Бұл мәнде, аз уақыттан кейін алынатын сома шешім қабылданып жатқан уақытта сомадан асу керек.

Ақша мен уақыт байланысы келесіде:ақшаны пайда табу үшін жұмсайды; жұмсалған ақшаны шығару үшін, қаржы салымынан қосымша пайда болуы тиіс немесе үнемділікті қамтамасыз етуге тиіс. Салымды ақтау үшін, пайда мен кіріс көлемі жоғару болу керек;

қаржы салымдарын тиімді деп санауға болады, егер салымнан түскен пайда немесе кіріс инвестордың осы кірісті алғанға дейінгі шығындарын жауып, өзіне қажетті пайда түсіреді.

Сондықтан, қаржы салымдарын бағалау барысында, қаржы салымдарының мерзімі әртүрлі екенін ескере отырып, одан түсетін пайданың көлемін анықтау қажет. Ақша ағымдарын дисконттау әдісі – бұл ақша құнының уақыт бойында өзгеріп отыратынын есепке ала отырып, бағалау әдісі.Ағымдағы бағаға пайыз қою арқылы болашақта қолма – қол қаражат алу үрдісі – дисконттау деп аталады, ал алынған қолма – қол қаражат көлемі - дисконтты баға деп аталады. Пайыздар деп капиталды әртүрлі формада (несие, ссуда) қарызға беруден немесе өндірістік және қаржылық сипаттағы инвестициядан түскен табыс.

Пайыздарды есептеу үшін екі әдіс қолданылады:декурсивті әдіс – пайыздар әрбір есептеу интервалдың аяғында есептелінеді. Олардың мөлшері алғашқы капиталдың көлемінен есептелінеді. Декурсивті пайыз ставкасын ссудалық пайыз (r) деп атайды. Практикада декурсивті әдіс қолданылады.Aнтисипативті әдіс - пайыздар әрбір есептеу интервалдың басында есептелінеді. Олардың мөлшері болашақ капиталдың көлемінен есептелінеді. Антисипативті пайыз ставкасын есептеме пайыз (d) деп атайды.

Барлық есептеу кезеңінде алғашқы ақша жиынтығына қолданылатын пайыздар жай пайыздар деп аталады және келесі формуламен есептелінеді:

I = PV*n*r, (1)

I – табыс көлемі немесе пайыздық төлем;

PV – алғашқы капитал;

n – қаржы операцияның ұзақтығы (жыл);

r – ондық бөлшек түріндегі пайыз мөлшері (мысалы 10% = 0,10).

Егер қаржы операциясының ұзақтығы бір жылға толмаса, онда n = t / T, мұнда t – күнмен есептелінген қаржы операциясының ұзақтығы, Т – бір жылдағы күн саны.

Күрделі пайыздарды есептеу – дисконттауға қарсы үрдіс, себебі қазіргі кезде қолда бар ақшаның болашақтағы құны күрделі пайыздар көмегімен анықталады:

I = PV*((1 + rс)n – 1) (2)

Ақшаның болашақ құны (FV) – бұл қазіргі кезде инвестицияланған ақша қаражатының болашақтағы құны.

Ақшаның ағымдағы құны (PV) – болашақ ақша ағынының дисконтталған құны.

Aннуитет – белгілі бір жылдар аралығындағы төленетін тең аралықтағы тізбектік төлемдер арасындағы бір бағыттағы төлемдер ағыны (жарна, рента немесе табыс). Сақтық ісінде ол рентаны немесе зейнетақыны сақтандыру жөніндегі төлемдердің шамасын (мөлшерін) көрсететді.

1) Мерзімді аннуитетті есептеу. Аннуитет ақша ағымының жекеленген түрі болып табылады. Оны анықтаудың 2 жолы белгілі. Біріншісі бойынша аннуитет элементтері бірдей уақыт интервалдары арқылы орын алатын бір бағыттығы ақша ағымы болып табылады. Екіншісі қосымша шектеуді енгізеді: ақша ағымының элементтері көлемі бойынша бірдей болады. Егер бірдей уақыттық интервалдардың мөлшері шектеулі болса, аннуитет мерзімді деп аталады.

2) Мерзімсіз аннуитет. Егер ақша түсімдері ұзақ уақыт бойы жалғастырылса аннуитет мерзімсіз деп аталады. Мерзімсіз аннуитетке мысал: кейбір мемлекеттердің шығаратын үкіметтік облигациялары, олар бойынша ретті купонды төлемдер жүргізіледі, алайда олардың белгіленген мерзімі болмайды. Батыс практикасында мерзімсіз аннуитетке 50 жылдан жоғары уақытқа белгіленген аннуитет жатады. Мерзімсіз аннуитет өмірлік рента деп те аталады.

11)Амортизация. Амортизациялық аударымдарды есептеу әдістерінің сипаттамасы. Амортизация процесі негізгі қорлардың қызмет ету уақыты ішінде өзінің құнын бөлектеп шығарылатын өнімге ауыстыруын және тұтынылған негізгі қорларды өтеу үшін осы құнның келесі пайдалануын айтамыз. Негізгі қорлардың ауыстырылған өнім құрамындағы құны өндіріс сферасынан кетіп айналу сферасына түседі.Өнімді шығарғаннан кейін сәйкесінше негізгі қор құнына ауыстырылған ақша бөлігі амортизациялық қорға тұседі, онда толық мөлшерге дейін негізінде бастапқы құнына сәйкес жиналады (тозған негізгі қорларды шегергенде). Бұл амортизациялық қор (жиналған ақша сомасы) тозған негізгі қорлар орнына жаңа негізгі қорлардың заттық элементтерін сатып алуға пайдаланылады, яғни негізгі қорлардың қайта қалыптасуы жүреді.

Амортизацияның негізгі функциялары – қайта өндірісті қамтамасыз ету, негізгі қорлардың есебі және қайта қалыптасуы. Амортизациялық аударымдардың көлемі норма амортизациясы бойынша негізгі қорлардың бастапқы құнынан олардың жұмыс уақытының мөлшерін есептеумен анықталады.

Осыған байланысты амортизация нормасы мына формула бойынша анықталады:

На = Фп (б) – Фп / Фп · tсл · 100% (11)

Мұндағы, На – жыл ішіндегі амортизация нормасы (%); Фп (б) – негізгі қорлардың бастапқы құны Фп – жойылатын құн; tсл – негізгі қорлардың жұмыс жасау мерзімі.

Амортизация нормасы негізгі қорлар құнының жылдық процентін өтеумен байланысты. Амортизация нормасы амортизациялық аударымының жылдық мөлшерінің негізгі қорлардың ортажылдық құнына қатынасымен анықталады.

Көпшілік салаларда өндірістің технологиялық ерекшеліктеріне, құрал-жабдықтар жұмысының ауыстырылуына және режиміне, жасалған жұмыстың жүктеме деңгейіне және табиғи көлеміне, сыртқы ортаның шарттарына, географиялық орналасуына (объектілердің) және т.б. факторларға байланысты амортизация мөлшері көтерілуі немесе төмендетілуі мүмкін.

Амортизация нормалары экономикалық оқшауланған және негізгі қорларды уақытында төлеуге бағытталуы қажет. Оларды есептегенде негізгі қорлардың экономикалық лайықты жұмыс жасау уақытын келесі факторлардың есебімен дұрыс анықтау маңызды болып табылады: моральдық тозуы (бірінші және екінші түрі); техникалық қайта құралдануының перспективалық жоспары; құрал-жабдық балансы; модернизация мүмкіндіктері және капиталдық жөндеу. Амортизация деңгейі капитал салымдарының және жаңа техниканың тиімді вариантын таңдауда маңызды роль ойнайды.

 

12)Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылар түсінігі, түрлері және қызметтер Бүгінгі танда бір мезгілде эмитент және трейдер болып табылатын бағалы қағаздар нарығының қатысушыларын бірнеше негізгі топқа белуге болады.1.Жоғары имиджі бар мемлекет, муниципалиттер, аса ірі ұлттық және халықаралық компаниялар. Олардың бағалы қағаздарды шығаруы және оны жүзеге асыруы көп қиындық тудырмайды: оларды әрдайым үлкен мөлшерде қабылдай беруге болады.2.Қаржылық институттар бағалы қағаздармен операцияларды жүзеге асырады. Олардың көбісі әр түрлі инвесторлардың қаражатын біріктіреді жөне олардың қаражатын табыс түсіретін бағалы қағаздарға салудың мүмкіндіктерін іздестіреді.3.Жеке инвесторлар — жеке тұлғалар, оның ішін де венчурлік бизнестегі шағын кәсіпорындардың иелері.4.Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары. Олардың қажетті ақпараттармен қамтамасыз етілуі олардың бағалы қағаздармен операцияларды жүргізуін оңайлатады. Бір немесе бірнеше қызмет түрлерімен айналысу күқығына тиісті лицензия алуы үшін қаржы нарығының кәсіби қатысушыларына бірқатар талаптар қойылады:- занды түлғалар штатына тиісті қызметпен айналысу құқығына біліктілік куәлігі бар мамандар қажет болған жағдайда қойылатын біліктшік талабы. Бұл талап қальштасқан әлемдік іс-тәжірибеден алынып отыр. Нарықтық экономикасы дамыған барлық елдерде арнайы білімі бар тұлғалар ғана қаржы нарығында клиенттермен жұмыс істеуге жіберіледі;-бағалы қағаздар нарығының кез келген кәсіби қатысушысы заңға сәйкес ұйымдастырушылық-құқықтық формада акционерлік қоғамға тіркелуі тиіс — бұл оның ұйымдастырушылық-құқықтық формасына қойылатын талап;- қаржылық талап — бұл кәсіби катысушының өзіндік капиталының жеткілікті болу деңгейі. Таза өзіндік капи­тал — бұл кәсіпорынның міндеттемелерінен тыс активтері. Жарғылық капитал — занды тұлғаның құрылтайшыларды немесе акционерлерді қатыстыру арқылы істі ұйымдастыру үшін салым ақша ретінде тартатын қаражаты. Өкілетті органдар жарғылық капиталдың емес, өзіндік капиталдың жеткілікті болу деңгейін белгілейді.Кәсіби қатысушыға өз қаражатын сеніп тапсырған инвестор өз активінің барлық қауіптен сақталатынына сенімді болады. Инвесторды кәсіби қатысушының мәселелері толғандырмайды. Сондықтан да соңғысының өзіндік капиталы инвестормен есеп айырысуына жеткілікті болуы қажет, содан кейін ғана өз уәдесінде тұрмаған контрагенттермен, банктермен және т.б. байланысты туындаған проблемаларын өзі шешеді.Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына мыналар жатады: Сауда алаңы: биржалық. Бүгінгі танда Кдзақстанда өз қызметін 1997 жы- лы бастаған қор биржасы (KASE) ғана әрекет етеді;биржадан тыс. Сауда агенттері: брокерлер — бұл клиент атынан және клиент есебінен операцияларды жұзеге асыратын делдалдар;дилерлер — бұлар операцияны өз атынан және өз есебінен жүргізетін делдалдар.Қазақстанда брокер-дилерлік қызметтің жалпы лицензиясы қандай да бір мәмілені өз атынан және өз есебінен орындай алатын адамды өз күшімен тапқан делдалдарға ғана беріледі. Оған қоса әлемдік тәжірибеде заңды тұлғалар да, жеке тұлғалар да брокер және дилер бола алады, ал Қазақстанда брокер-дилерлік қызметпен тек занды тұлғалар ғана айналыса алады.

13)Бағалы қағаздар нарығының экономикалық мәні, қызметтері және қатысушылары Бағалы қағаздар нарығын олардың шығуы мен бағалы қағаздар нарығына қатысушылар арасындағы экономикалық қатынастарының жиынтығы ретінде анықтауға болады. Бұл тұрғыдан алғанда ол кез келген басқа тауар нарығының анықтамасынан ерекшеленбейді. Зерттелетін нарық нысанын жеке салыстырғанда ғана айырмашылық пайда болады. Бағалы қағаздар нарығының номенклатурасы қандай да бір жеке тауар нарығына емес, тұтас тауар нарығына сәйкес келеді, әрі кез келген елдің қаржы нарығының құрамдық бөлігі болып табылады. Бағалы қағаздар нарығының негізін тауар нарығы, ақша және ақшалай капитал құрайды. Бағалы қағаздар нарығының функциясын шартты түрде екі топқа бөлуге болады: жалпы нарықтық және өзіндік ерекшелігі бар функция. Функцияның бірінші тобына мыналарды жатқызуға болады: - коммерциялық - осы нарықтағы операциялардан пайда табу функциясы;-мақсатты - нарықтық бағаны қалыптастыратын процесті, олардың ұдайы қозғалысын және т.б. қамтамасыз етеді.-ақпараттық - яғни, нарық өз қатысушыларына сауда нысандары мен оның қатысушылары туралы нарықтық ақпараттарды жеткізеді; - реттеуші - ондағы нарық сауда және оған қатысудың ережесін, қатысушылардың арасындағы дау-таласты шешудің тәртібін жасайтын болса, артықшылықтарды, бақылау органын немесе басқару органын және т.б. белгілейді Өзіндік ерекшелігі бар бағалы қағаздар нарығының функциясына мыналарды жатқызуға болады: - қайта бөліну; - баға және қаржы тәуекелдіктерін сақтандыратын функция. - Қайта бөліну функциясы қосалқы үш функцияға бөлінеді: - нарық қызметінің салаларына ақша қаражаттарын қайта бөлу; - ең алдымен халықтың жинақтарын өнімсіз формадан өнімді формаға ауыстыру; - инфляциялық емес негізде, яғни айналысқа қосымша ақша қаражаттарын шығармай, мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыру. Ал баға және қаржы тәуекелдерін сақтандырушы функцияға немесе хеджирлеуге келетін болсақ, ол туынды бағалы қағаздар фьючерстік және опциондық келісімшарттар пайда болғаннан кейін қолданысқа ене бастады. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары: 1. Брокерлер — делдал ретінде келісімге қатынасатын адамдар. Брокер келісім жасасатын әрбір жақты табыстыруды көздейді. Брокер өкіл емес, ешбір жақтың шарттық қатынастарына қатыспайды, жекелеген тапсырмалар негізінде жұмыс істейді. Брокерге әрбір жеке келісімді жасауға арнаулы өкілеттік беріледі. Ол тек өкілеттік шегінде әрекет етуге міндетті.2. Дилерлер — өз атынан және өз есебінен делдалдық сауда операциясын жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға. Тауар өткізу жүйесінде дилер өз қызметімен түпкілікті тұтынушыға жақын.3. Джобберлер — нарық конъюнктурасын бақылаушылар.

14)Бағалы қағаздар түсінігі және жіктелімі Бағалы қағаздар – ең алдымен мүлікті иемденуге құқық беретін ақшалы құжат немесе қарыз берушіге қарыз алушының берген қарыз міндеттемесі. Бағалы қағаздар толтырылуы немесе жазылуы жөнінен екі түрлі болуы мүмкін: не заң жүзінде бекітілген жеке құжат түрі, не есепшотқа енгізілген жазу түрі. Егер басқа адамға иемденуге берілсе бағалы қағаздардың екінші түрі бойынша ерекше куəлік толтырылып беріледі. Оны иемдену құқығын беретін құжатты сертификат деп атайды.Бағалы қағаздар түсіретін кірісіне. эмитентіне. айналыс жеріне байланысты жіктеледі. Кіріс төлеу жөнінен қарызды жəне үлесті бағалы қағаздар болып екіге бөлінеді. Қарызды бағалы қағаздар бойынша кіріс нақты процентпен төленіп, ал қарыздың күрделі негізгі бөлігін келешекте белгіленген уақытта өтеу көзделеді. Үлесті бағалы қағаз, немесе оны акция деп атайды. Акция оны иемденушінің корпорацияның мүлігіндегі үлесін көрсетеді жəне иемденушіге шектеусіз уақыт бойы дивиденд түрінде кіріс түсіреді. Ал бағалы қағаздардың басқа түрлері осы қарызды жəне үлесті түрлерінен туындайды.Бағалы қағаздар шығарушысы (эмитенті) бойынша да жіктеледі. Олардың эмитенттері мемлекет, жергілікті үкімет органдары, акционерлік қоғамдар, қаржы институттары жəне тағы басқа заңды тұлғалар болуы мүмкін. Эмитенттеріне байланысты үлесті жəне қарызды бағалы қағаздар төмендегідей түрге бөлінеді:а) Қазынашылық – ол үкімет атынан Қаржы министрлігі шығаратын бағалы қағаздар. Бұл қағаздар ең сенімді қағаздардың бірі. Себебі, оның төлемін (өтелуін) мемлекеттік бюджеттің қаржысы қамтамасыз етеді. Бұл бағалы қағаздардың көп тараған түрлері қазынашылық вексельдер мен қазынашылық облигациялар. Мемелекеттік меншіктегі кəсіпорындар көбіне облигация түріндегі бағалы қағаздарды шығарады.ə) Жергілікті үкімет органдарының бағалы қағаздары. Олардың төлемін қамтамасыз ететін жергілікті салықтар мен істің нақты жобасына үкіметтің берген дотациясы. б) Қаржы институттары мен акционерлік қоғамдардың ак ция жəне облигация түріндегі бағалы қағаздары. Оларды өндіріс, құрылыс, сауда, жол қатынасы кəсіпорындарымен қатар, коммерциялық банктер, сақтандыру жəне зейнетақы қорлары, инвестициялық компаниялар шығарады. в) Банктердің бағалы қағаздары – олар депозиттік сертификаттар (салым құжаты), чектер жəне бұлардан басқа да банктің өзінің қарыз міндеттемелері. г) Кəсіпкерлердің бағалы қағаздары – олар коммерциялық вексельдер, фьючерстік шарттар жəне басқа коммерциялық қағаздар. 3. Бағалы қағаздар сатылу жеріне байланысты ақша нарығындағы жəне капитал нарығындағы бағалы қағаздар болып екіге бөлінеді. Ақша нарығында қысқа мерзімді бағалы қағаздар сатылады жəне сатып алынады. Оның айналым мерзімі 1 күннен 1 жыл аралығына созылады. Бұл нарыққа қазынашылық вексельдер, депозиттік сертификаттар жəне басқа коммерциялық қағаздар айналымға түседі. Оларды шығарушылар əр түрлі топтарға жатса да, олардың бəрі қарызды бағалы қағаздарға жатады. Капитал нарығына 1 жылдан астам уақытқа шығарылған ба ға лы қағаздар түседі. Олар үлесті де, қарызды да бағалы қағаздар бол уы мүмкін. Олардың эмитенттері де əр түрлі: мемлекет, жергілікті атқарушы органдар, корпорациялар, қаржы институттары жəне тағы басқалар


Дата добавления: 2015-08-09; просмотров: 1490 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Айналым қаражаттарын нормалау әдістері. Кәсіпорынның айналым қаражаттарын құру көздері. | Бюджет жүйесі және оны құрудың қағидаттары. | Бюджет тапшылығы және оны жабудың амалдары | Бюджеттен тыс қорлар және оларға сипаттама. | Дебиторлық берешектерді және тауар-материялдық қосалқы басқару | Жанама салықтарды өндіру ерекшеліктері. | Жеке сақтандырудың экономикалық мәні және функциялары. Жеке сақтандырудың сыныптамасы. | Инвестициялардың табыстығы және тәуекел күтілетін табыстық деңгейі | Инвестициялық жобалардың тимділігін бағалау әдістері NPV және JRR критерийлерін салыстыру | ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫҢ МӘНІ, МАҚСАТЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ақша ағындарын оңтайландыру әдістері. Ақша ағымдары және олардың түрлері| Бағалы қағаздардың оңтайлы портфелін таңдау. Мүмкінді және тиімді портфелдер

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.021 сек.)