Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Айналым қаражаттарын нормалау әдістері. Кәсіпорынның айналым қаражаттарын құру көздері.

Читайте также:
  1. Ақша қаражаттарын басқару. Ақша қаражаттарының бюджеті.
  2. Ақша ағындарын оңтайландыру әдістері. Ақша ағымдары және олардың түрлері
  3. Бюджет жүйесі және оны құрудың қағидаттары.
  4. Дәріс. Беттік-активті заттардың гидрофильді-липофильдік балансы, оны анықтау жолдары. ГЛБ-ны анықтаудың Дэвис, Гриффин әдістері.
  5. Йымдық құрылымды құрудағы әр түрлі көзқарастар
  6. Корпорацияның қаржылық жоспарлануының сыныпталуы. Қаржылық жоспарлау әдістері.

Айналым қаражаттарын қаржыландыру стратегиясының түрлері. Қысқа мерзімді қаржыландырудың кемшіліктері және артықшылықтары

Айналым қаражаты –бұл айналым активтивтерін аиансыланған ақша қаражаттары, ол бірнеше рет жыл бойында айналымда болады.

Айналым активтеріне қажеттілікті қаржыландыру көздері

1. Меншікті қаражат көздері.

2. Ұзақ мерзімді қарыз капиталы

3. Қысқа мерзімді қарыз капиталы

4. Кредиторлық қарыздар

5. Тартылған көздерден

6. Басқада көздерден

Кәсіпорындардың қысқа мерзімді стратегиясының орындалуына – жеткілікті айналым капиталының болуы, оны жоспарлау механизмі, толықтыру, тиімді пайдалануын талдау ерекше орын алады. Егер қысқа мерзімді операциялармен айналыспаса, онда ұзақ мерзімді қаржылық стратегия табыс әкелмейді.

Қысқа мерзімді несиелеудің дәстүрлі пішіндері өз аясына алады: - контокорренті несие;- онкольды несие;- овердрафт;- есептік (вексельді несие) несие;- акцепті несие;- факторинг.

Қысқа мерзімді ресурстарды ұйымдастыру басқару өз аясына алады:- қысқа мерзімді ресурстарға ішкі қажеттіліктерді негіздеу, кірігу мерзімі мен көлемін анықтау;- қаржылық нарықтың конъюнктурасына талдау;- қысқа мерзімді ресурстарды тартудың көздерін таңдау; - қаржылық құралдарды ұйымдастыру үшін лайықты құрылымдарды анықтау;

2)Айналым қаражаттарын қолданудың тиімділік көрсеткіштері. Айналым қаражаттарын қалыптастырудың басқа да көздеріне пайда есебінен құрылған арнаулы қордың уақытша пайдаланбаған қалдығын жатқызуға болады. Кәсіпорынның айналым қорларына мұқтажы жыл бойына түпкілікті сақталады. Ол түрлі факторларға байланысты тұрақсызданады: Өндірістің маусымдылығы;Тауар-материалдық құндылықтарды жеткізудің кепілділігі; Қоймалардағы сатылмаған дайын өнімдердің қорлануы.Өндірістік запастардың негізгі элементтері бойынша, ақша нысанындағы, айналым құралдарының мөлшері мына формуламен есептеледі:Н= Р*Д мұнда Р — материалдардың ортакүндік шығыны;Д — айналым құралының берілген элементі үшін орташа запас мөлшері. Айналым капиталының орташа запас мөлшері (Д) біртекті немесе әр түрлі материалдар үшін ағымдағы уақытты (Т), сақтандыру (С), транспорттық (М), технологиялық (Ф) запастар, және жеткізу, түсіру, қоймаға апару (П):Д=Т+С+М+Ф+П. Ағымдағы запас - запастың негізгі түрі. Оның көлеміне келісімдер бойынша жөнелту, өндірісте пайдалану көлемі әсер етеді.Ағымдағы запастағы айналым құралдар мөлшері жабдықтаудың орташа циклының 50% көлемінде қабылданады.Аяқталмаған өндірісте айналым капиталы мөлшері (Н) мына формуламен анықталады:Н= (В/Д)*Т*К, мұнда В — IV кварталдың шығындар сметасы бойынша жалпы өнім көлемі;Д – кезеңдегі күндер саны (90);Т — өндірістік циклдың ұзақтығы, күндер;К — өндірістегі шығындардың өсу коэффициенті;Шығындардың әркелекі өсуіне байланысты коэффициент мына формуламен есептеледі:K=C/П

мұндағы, С — аяқталмаған өндірістегі бұйымның орташа құны;

П — бұйымның өндірістік құны.

Болашақ кезең шығындарының айналым құралдары мөлшері (Н) мына формуламен анықталады.

Н=П+Р-С,мұнда П — болжанған кезеңнін басына өтетін болашақ кезең шығынының сомасы; Р — келесі жылдың болашақ кезең шығыны; С — келесі жылда өнімнің өзіндік құнын жоюға кететін болашақ кезеңдер шығыны. Дайын өнімнің қалдықтарына айналым құралдары мөлшері мына формуламен есептеледі: Н=(B/Д)*Т мұнда В — өндірістік өзіндік құнының келесі жылдың IV кварталына тауарлы өнім өндірісі; Д — кезеңдегі күн саны (90); Т — дайын өнімге айналым құралының мөлшері. Айналым каиталының айналымдылық коэффициенті және бір айналым ұзақтығы — кәсіпорынның айналым капиталдарын қолдануының маңызды көрсеткіштері болып саналады. Айналым каиталының айналымдылық коэффициенті (Кайн) зерттеліп жатқан кезеңде (квартал, жартыжылдық, жыл) айналым құралдары қанша рет айналыс жасағанын көрсетеді. Ол мына формуламен есептеледі. Кайн = Vc/ Qоқ, мұнда Vc — есептеу кезеңіндегі сатылған өнім көлемі; Qоқ — есептеу кезеңіндегі айналым капиталының орташа құны.

Бір айналымның ұзақтығы (К) кәсіпорынға оның айналым капиталы сатылған өнімнен түскен түсім болып қайтарылу мезгілін көрсетеді. Оның формуласы:

К= Т/ Кайн, немесе К= Т*Qоқ/ Vс, мұнда V — есептеу кезеңіндегі мерзім саны; Т — мерзім уақыты.Айналым капиталын тиімді пайдаланудың маңызды көрсеткіші айналымға құралдар енгізу коэффициенті. Ол сатылған өнімнің 1 теңгеге шаққандағы табысын аванстайтын, айналым құралдарының сомасын көрсетеді. Басқаша айтқанда, ол айналымдылық қор сиымдылығын, с.с. айналым капиталының өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығынын көрсетеді. Оны мына формуладан көруге болады:Kе= (Qоқ / Vс) * 100, мұнда Kе — енгізу коэффициенті, тиын. 100 — теңгені тиынға ауыстыру. Айналымға құралдар енгізу коэффициенті (Kе) — айналым капиталының айналыс коэффициентіне (Кайн) қарсы бірлік. Енгізу коэффициенті азайған сайын, кәсіпорынның айналым капиталы тиімді қолданылады және оның қаржылық жағдайы жақсарады.

Айналым қаражаттарын нормалау әдістері. Кәсіпорынның айналым қаражаттарын құру көздері.

Айналым қаражатын қалыптастыру көзінің құрылымы: -меншікті көзді;-қарыз көзін; -қосымша тартылған көзді қамтиды. Меншікті көздерге: жарғылық капитал, үстеме капитал, резервті капитал, бөлінбеген кіріс, жинақтау қоры, мақсатты қаржыландыру, сондай ақ бюджеттен және бюджеттен тыс қордан түсетін түсім жатады. Қарыз көздеріне: банктің ұзақ мерзімді кредиті, ұзақ мерзімді қарыз, банктің қысқа мерзімді кредиті, қысқа мерзімді қарыздар, коммерциялық кредит, инвестициялық салық кредиті, қызметкерлердің инвестициялық жарнасы жатады. Қосымша тартылған: кредиторлық берешек, тұтыну қоры, алдағы шығыс пен төлемнің резерві, күмәнді борыш бойынша резерв, қысқа мерзімді өзге міндеттеме, қайырымдылық және өзге түсімдер жатады. Айналым қаражатын нормалау деген: 1) тауарлық-материалдық құндылықтың жекелеген түрі бойынша барлық айналым қаражаты запасының, әдетте, күнмен есептелген нормасын әзірлеу және белгілеу; 2) жалпы меншікті айналым қаражатының және оның әрбір элементінің ақшаға шағылған нормативін әзірлеу. Айналым қаражаты запасының нормасы бірқатар бір жыл бойы жылдық нормативі есептеу үшін қолданылады. Ол өндіріс, жабдықтау және өткізу жағдайы айтарлықтай өзгерген жағдайда, жылдық қаржылық жоспар жасағанда материалдық құндылықтың жекелеген түрі бойынша нақтыланады. Әрбір кәсіпорынның меншікті айналым қаражатының нормативі мына негізгі көрсеткіштермен анықталады: -өндіріс және өнім сату көлемімен; - өндіріске, өнім сақтауға жұмсалған шығынмен; - тауарлық-материалдық жекелеген түрі бойынша айналым қаражаты запасының және күнде белгіленген шығынның нормасымен.

Меншікті айналым қаражаты кәсіпорынның меншік капиталы (жарғылык капитал, резервтегі капитал, жинақталған пайда және т.б.) есебінен қалыптастырылады. Әдетте меншікті айналым капиталының мөлшері баланс пассивінің 1-тарауының корытындысы мен баланс активінің 1-тарауының қорытындысының арасындағы айырма (меншікті қаражаттан айналымнан тыс актив шегеріледі) ретінде анықталады. Шаруашылық кызметті айналым қаражатымен қалыпты қамтамасыз ету үшін оның мөлшері меншікті капиталдың мөлшерінің 1/3 шегінде белгіленеді. Меншікті айналым қаражаты тұрақты режимде пайдаланылады.Кәсіпорынның меншікті айналым капиталының жалпы көлемін (норматив) жоғарғы басшылар бекітеді және ол бір жыл ішінде тек кәсіпорынның өндірістік жоспары өзгерген жағдайда ғана өзгеруі мүмкін. Өндіріс жоспарын орындауға, өнімді өткізуге, сондай-ақ төлемақыларды белгіленген мерзімінде төлеуге қажет кәсіпорынға бекітілген аз мөлшерлі меншікті айналым капиталын құру үшін норматив белгіленеді.Жыл сайын кәсіпорындар мен бірлестіктердің қаржы жоспарында меншікті айналым капиталының нормативінің көбейгені немесе азайғаны көрсетіледі. Ол жоспарлы жылдың басы мен аяғындағы нормативтер айырмасымен анықталады. Меншікті ацналым капиталы нормативінің өсімі, ең алдымен, жеке ресурстар (пайда және т.б.) есебінен құралады. Қарыз айналым қаражаты банк және банк емес кредит, облигациялық қарыз, кредиторлық берешек және өзгеде көз нысанында қалыптастырылады. Ол кәсіпорынға уакытша пайдалануға беріледі. Қарыз айналым қаражатының бір бөлігі ақылы (кредит пен карыз), ал екінші бөлігі — тегін (кредиторлық берешек) болады. Кәсіпорынның қарыз айналым қаражатына қажеттілігі де жоспарланады және бизнес-жоспарда (қаржыландыру стратегиясы) көрсетіледі.Өнеркәсіп кәсіпорындары банкіден несиені белгілі бір нысандарға алады. Кәсіпорын қаражаттарының айналым кезеңіне байланысты банкілік несие нысандары өндіріс саласына немесе айналыс саласына жатуы мүмкін. Өндіріс саласындағы несиелеу нысаны өндірістік қорлар мен өндіріс шығындары болса, айналыс саласындағыға – келіп жетпеген есеп айырысу құжаттары мен дайын өнімдер жатады. Түрлі елдерде меншікті және қарыз капитал арасындағы әр түрлі арақатынас (норматив) пайдаланылады. Ресейде 50/50, АҚШ-та — 60/40, ал Жапонияда — 30/70 арақатынасы колданылады. Капиталдың ауыспалы айналым процесінде айналым қаражатын қалыптастыру көзі бірінен-бірі ажыратылмайды. Алайда айналым қаражатын қалыптастыру жүйесі айналымды баяулатып немесе оны жеделдете отырып оның жылдамдығына ыкпал етеді. Сонымен бірге меншікті және қарыз айналым қаражатын қалыптастыру көзі мен оны әр түрлі пайдалану режимдері айналым капиталын және бүкіл капиталды тиімді пайдалануға ықпал ететін негізгі фактор болып табылады. Айналым қаражатын ұтымды қалыптастыру және пайдалану өндіріс барысына, кәсіпорын қаржысының нәтижелері мен оның каржысының жай-күйіне жан-жакты әсер етеді, сонымен бірге осы жағдайда ең аз мөлшердегі айналым капиталының мөлшерімен табысқа жетуге мүмкіндік береді.

4)Акция түсінігі, түрлері және айналыс ерекшеліктері Акция – акционердің қоғамдағы үлесін немесе меншігін куəландыратын бағалы қағаз. Ол иемденушісіне қоғам капиталының, мүлкінің, кірісінің бір бөлігіне заң жүзінде меншік құқығын береді. Қоғам қанша уақыт жұмыс істеп тұрса, акция да сонша уақыт қолданылады, яғни акция – қолдану мерзімі шектеусіз бағалы қағаз. Бірақ осы уақыт ішінде акцияның иесі сан рет өзгеруі мүмкін. Акционер оны екінші нарықта сатуына болады. Ол иемденушісіне қоғам капиталының, мүлкінің, кірісінің бір бөлігіне заң жүзінде меншік құқығын береді. Қоғам қанша уақыт жұмыс істеп тұрса, акция да сонша уақыт қолданылады, яғни акция – қолдану мерзімі шектеусіз бағалы қағаз. Бірақ осы уақыт ішінде акцияның иесі сан рет өзгеруі мүмкін. Акционер оны екінші нарықта сатуына болады. Атаулы акция – иесі міндетті түрде қоғамның реестрінде тіркелуі тиіс акция. Акционерлер кітабында оны қанша жəне қай уақытта алғандығы туралы жазылған акция иесі ғана акционер деп есептеледі. Ұсынушы акциясы – иесінің аты-жөні қоғам кітабында тіркелмеген акция. Кітапта ұсынушы акциясының жалпы саны ғана көрсетіледі.Қоғамды басқаруға қатынасу құқығы бойынша акция жай жəне артықшылықты болып бөлінеді. Жай акцияларды иеленушілердің қоғамның түсірген пайдасының мөлшеріне байланысты дивидендтер алу құқығы, жиналыстарда дауыс беру арқылы қоғамды басқаруға қатысу құқығы жəне қоғам жабылып қалған жағдайда несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін мүліктің бір бөлігін алу құқығы бар. Құқықтар акция мөлшеріне сəйкес көлемде жүзеге асырылады. Əрбір жай акция өз иесіне бір дауыс үлесін береді. Əйтсе де, жай акция дивиденд алуға кепілдік бермейді. Себебі, дивиденд қоғамның шаруашылық нəтижесіне байланысты беріледі.Артықшылықты (немесе преференциалды) акциялар – меншік туралы ерекше сертификат. Олар қоғам түсірген пайданың деңгейіне қарамастан өз иесіне белгіленген мөлшерде неғұрлым нақты дивиденд төленуін қамтамасыз етеді. Преференциалды акция дауыс құқығын бермейді. Ол – дауыссыз бағалы қағаз. Осыған байланысты берілетін артықшылықтар дауыс құқығы жоқтығының орнына төлеу ретінде жүреді.Артықшылықты акциялардың өзі бірнеше түр тармағына: қатысушылар жəне қатыспаушылар, кумулятивтік жəне кумулятивтік емес, айырбасталатын жəне айырбасталмайтын болып бөлінеді. Қатысушылар артықшылықты акциясы өз иемденушісіне үстеме пайданы бөлуге қатысуға мүмкін береді. Қатыспаушылар артықшылықты акциясы – оның иесі ешуақытта белгіленген деңгейден артық дивиденд алуға құқығы жоқ. Егер артықшылықты акциялар кумулятивтік болса, онда бұрын хабарланған, бірақ кейбір себептермен төленбеген немесе толық төленбеген дивидендтер міндетті түрде келесі жылы төленеді. Ол жай акциялар бойынша дивиденд төлеу хабарланбастан бұрын жүзеге асырылады, яғни төленеді. Кумулятивтік емес артықшылықты акциялар бойынша төленбеген дивидендтерді келесі жылдың дивидендіне қосуға болмайды. Айырбасталатын (конверсияланатын) артықшылықты акциялар өз иемденушілеріне кейбір жағдайларда (егер олар қоғам жарғысында көрсетілген болса) осы қоғамның жай акцияларына немесе артықшылықты акцияның басқа типіне айырбастауына мүмкіндік береді.Ал айырбасталымды емес акциялар өз статусын өзгертуге мүмкіндігі жоқ, яғни оларды басқа акцияларға айырбастауға болмайды.


Дата добавления: 2015-08-09; просмотров: 1813 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Ақша қаражаттарын басқару. Ақша қаражаттарының бюджеті. | Бағалы қағаздардың оңтайлы портфелін таңдау. Мүмкінді және тиімді портфелдер | Бюджет жүйесі және оны құрудың қағидаттары. | Бюджет тапшылығы және оны жабудың амалдары | Бюджеттен тыс қорлар және оларға сипаттама. | Дебиторлық берешектерді және тауар-материялдық қосалқы басқару | Жанама салықтарды өндіру ерекшеліктері. | Жеке сақтандырудың экономикалық мәні және функциялары. Жеке сақтандырудың сыныптамасы. | Инвестициялардың табыстығы және тәуекел күтілетін табыстық деңгейі | Инвестициялық жобалардың тимділігін бағалау әдістері NPV және JRR критерийлерін салыстыру |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ САНИТАРНЫЙ НАДЗОР В ГИГИЕНЕ ПИТАНИЯ. ОСНОВНЫЕ НАПРАВЛЕНИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО САНИТАРНОГО НАДЗОРА В ГИГИЕНЕ ПИТАНИЯ И ЕГО ОРГАНИЗАЦИОННО-ПРАВОВЫЕ ОСНОВЫ| Ақша ағындарын оңтайландыру әдістері. Ақша ағымдары және олардың түрлері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)