Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бюджет тапшылығы және оны жабудың амалдары

Читайте также:
  1. Ақша қаражаттарын басқару. Ақша қаражаттарының бюджеті.
  2. Ақша ағындарын оңтайландыру әдістері. Ақша ағымдары және олардың түрлері
  3. Азақстандағы тікелей шетел инвестициялар, оның экономикадағы рөлі және орны
  4. Анестезиология және реанимация
  5. Анестезиология және реанимация»_ каз
  6. Аржы механизмі:құрылымы және мазмұны
  7. Аржылық активтерді бағалаудың базалық үлгісі. Облигацияларды, қарапайым және артықшылықты акцияларды бағалау

Бекітілген, нақтыланған жəне түзетілген республикалық жəне жергілікті бюджеттердің тапшылығы (профициті) олардың борышының негізгі сомасын өтеу сомасынан шегеріп тастағандағы қарыз алу сомасына тең. Теріс белгімен алынған шама республикалық жəне жергілікті бюджеттердің тапшылығы, оң белгімен алынған шама – профициті б.т. Тапшылықтың едəуір əрі тұрақты болуы қаржының дағдарыстық жай-күйін сипаттайды. Тапшылықтың ұйғарымды деңгейі деп елдің жалпы ішкі өнімге қатысты 2-3% мөлшері саналады. Бюджет тапшылығын жабудың негізгі нысандары: мемлекеттік қарыздар шығару; кредиттік ресурстарды пайдалану. Тапшылықты азайту немесе оны жою мақсатымен секвестр – ағымдағы қаржы жылының қалған уақыты ішінде барлық баптар бойынша белгілі бір пайызға мемлекеттің шығыстарын үйлесімді қысқарту пайдаланылады. Бюджет тапшылығын пайда болу себептеріне қарай сыныптайды. Елдің бюджет құрылысына қарай республикалық, жергілікті тапшылықтарын; пайда болу себептеріне қарай төтенше тапшылықты, дағдарысқа қарсы тапшылықты, дағдарыстан кейінгі тапшылықты; экономикалық мазмұны мен ықпал ету бағытына қарай активті жəне пассивті бюджет тапшылықтарын; Пайда болу сипаты бойынша бюджеттің кездейсоқтық (кассалық) жəне ақиқаттық (бюджет) тапшылығын; ұзақтығы бойынша бюджет тапшылығын созылмалы (жүйелі) жəне уақытша (дүркін-дүркін) тапшылыққа ажыратады. Тапшылықты қаржыландыру – оны жабу үшін қосымша ақшалай қаражаттарды іздестіру. Бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдары: 1. Ақша белгілерін шығару. Бұл жол теріс əлуметтік-экономикалық салдар- лары болатын инфляцияға жеткізеді. 2.Мемлекеттік қарыздар. Бұл жағдайда қаржыландыруға бос ақшалай қаражаттары бар компаниялар, банктер жəне т.б. қатысады. 3.Шетелдік қарыздар. Оларды Дүниежүзілік валютақоры, басқа халықаралық қаржы ұйымдары, үкіметтер, банктер береді. 4. Ұлттық байлықты пайдалану. Бұл ретте мемлекет басқа субъектілерге өзінің активтерін сатады. Бюджет тапшылығына қатысты фискалдық саясат үш тұжырымдамаға не- гізделеді. 1. Жыл сайын баланстандырылатын бюджет - фискалдық саясаттың мақсаты деп есептелді. Бюджетті теңгеру тіпті экономикалық циклдың ауытқуын ұлғайтуы мүмкін. Жұмыссыздықтың болуы жəне халықтың табысының құлдырауы кезінде салық түсімдері автоматты түрде қысқарады. Бұл жағдайда бюджетті теңгеру үшін мемлекетке не салықтардың мөлшерлемелерін арттыруы не мемлекеттің шығыстарын қысқартуы не бұл екі əрекетті де жүзеге асыруы қажет. Инфляцияның болуы кезінде ақшалай табыстардың артуы автоматты түрде салық түсімдерін көбейтеді. Бюджеттің артығын жою үшін мемлекет: не салықтардың мөлшерлемелерін төмендетуі, не мемлекеттің шығыстарын көбейтуі, не бұл екі шараның үштастырылуын пайдалануы тиіс. 2. Циклдік негізде баланстандырылатын бюджет. Бұл тұжырымдамаға сəйкес бюджет жыл сайын емес, экономикалық циклдың барысында теңгеріледі. Экономиканың келесі өрлеуі кезінде мемлекет салықтарды көбейтеді жəне шығыстарды қысқартады, ал пайда болған бюджеттің артығы құлдырау жылдарындағы тапшылықтарды өтеуге бағытталады. Сөйтіп, циклге қарсы фискалдық саясат жəне экономикалық цикл ішінде бюджетті теңгеру жүргізіледі. 3. Қаржының функциялық тұжырымдамасының мақсаты макроэко- номикалық тұрақтылыққа, инфляциялық емес толық қамтылуды қамтамасыз етуге жету үшін жалпы экономиканы теңгеру болып табылады. Бұл тұжырымдама кезінде бюджетті теңгеру болмашы мəселе болып табылады, бюджет тапшылықтары мен мемлекеттік борыштың да, бюджет артығының да болуына рұқсат етіледі. 2015 жылғы бюджет тапшылығы 259 млрд 414 млн. теңгеге немесе Жалпы ішкі өнімге 3 пайызға дейін ұлғайтылады. 2015-2017 бюджет туралы занга сайкес кырыс 6 216 млрд тг, шыгыс 7080 млрд тг. дефицит – -997 млрд тенге н/е 2,2 % ЖІӨ-ге


Дата добавления: 2015-08-09; просмотров: 981 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Айналым қаражаттарын нормалау әдістері. Кәсіпорынның айналым қаражаттарын құру көздері. | Ақша ағындарын оңтайландыру әдістері. Ақша ағымдары және олардың түрлері | Ақша қаражаттарын басқару. Ақша қаражаттарының бюджеті. | Бағалы қағаздардың оңтайлы портфелін таңдау. Мүмкінді және тиімді портфелдер | Дебиторлық берешектерді және тауар-материялдық қосалқы басқару | Жанама салықтарды өндіру ерекшеліктері. | Жеке сақтандырудың экономикалық мәні және функциялары. Жеке сақтандырудың сыныптамасы. | Инвестициялардың табыстығы және тәуекел күтілетін табыстық деңгейі | Инвестициялық жобалардың тимділігін бағалау әдістері NPV және JRR критерийлерін салыстыру | ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫҢ МӘНІ, МАҚСАТЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бюджет жүйесі және оны құрудың қағидаттары.| Бюджеттен тыс қорлар және оларға сипаттама.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)