Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бюджеттен тыс қорлар және оларға сипаттама.

Читайте также:
  1. Ақша ағындарын оңтайландыру әдістері. Ақша ағымдары және олардың түрлері
  2. Азақстандағы тікелей шетел инвестициялар, оның экономикадағы рөлі және орны
  3. Анестезиология және реанимация
  4. Анестезиология және реанимация»_ каз
  5. Аржы механизмі:құрылымы және мазмұны
  6. Аржылық активтерді бағалаудың базалық үлгісі. Облигацияларды, қарапайым және артықшылықты акцияларды бағалау
  7. Аржылық бақылау,оның негізгі түрлері,қағидаттары және міндеттері

Бюджеттен тыс қорлар – мемлекет қаржысы жүйесінің маңызды буыны; мемлекеттің қатаң белгілі бір мақсаттарға пайдаланатын жəне заң жүзінде қалыптасуының бекітілген көздері бар ақшалай ресурстардың жиынтығы. Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін мемлекет тарапынан қаржылық ресурстарды қайта бөлу жəне пайдалану жөніндегі қатынастар болып табылады. Ұйымдық жағынан қорлар арнаулы аппараттың немесе министрліктің қарауында болады, бұл қаржылық ресурстардың оқшауланған бөлігін басқару, оларды ұтымды, мақсатты пайдалануға бақылау жасау икемділігіне жəрдемдеседі. Бюджеттен тыс қорлардың болуы олардың қарауында шоғырландырылған мақсатты қаражаттарды жедел басқарып, ұйымдастыруға мүмкіндік береді: əлемдік практикада қорлар дербес – биліктің өкілетті органдарының араласуын- сыз басқарылады, бұл қорларды басқарудың мемлекеттік органдарына мақсатты қаржыландыру мəселелерін тез шешуге, дер кезінде жағдаяттың өзгерісіне дер кезінде құлақ асуға мүмкіндік береді. Бюджеттен тыс қорлар мынадай белгілері бойынша сыныпталады: мақсатты белгісі бойынша бюджеттен тыс қорлар экономикалық жəне əлеуметтік, ғылыми-зерттеу, табиғат қорғау (экологиялық), көші-қон, құқықтық тəртіпке жəрдемдесу, мəдени арналым жəне басқа қорлар; басқару деңгейіне қарай мемлекетаралық, мемлекеттік жəне өңірлік (жергілікті) болып бөлінеді. Мемлекеттік бюджеттен тыс əлеуметтік қорлар: Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры – ҚР заңнамасы белгілеген тəртіппен салымшылардың зейнетақы жарналарын тарту жөніндегі қызметті жəне алушыларға зейнетақы төлемдерін жүзеге асыратын, зейнетақы активтерін қалыптастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жəне оларды мемлекеттік бағалы қағаздарға, банктердің депозиттеріне, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына инвестициялайтын заңи тұлға. Əлеуметтік сақтандыру қоры еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша, жүкті болғанда жəне босанғанда берілетін жəрдемақыларды төлеуді, бала туғанда жəне жерлеуге берілетін біржолғы жəрдемақыларды, сауықтыру сипатындағы қызметтерге ақы төлеуді қаржыландырды. Экономикалық арналымның бюджеттен тыс қорлары (Инвестициялық, Инновациялық, Ұлттық қорлар). Стратегияның мақсаты – шикізаттық бағыттылықтан шығуға жəрдемдесетін салалық экономиканы əртараптандыру арқылы елдің тұрақты дамуына жету, ұзақ мерзімді жоспарда сервистік технологиялық экономикаға өту үшін жағдайлар дайындау. Өңдеуші өнеркəсіп пен қызметтер сферасында бəсекеге қабілетті жəне экспорттық-бағытталынған тауарларды, жұмыстарды жəне қызметтерді өндіру мемлекеттік индустриялық-инновациялық саясаттың басты предметі б.т. Экономикалық арналымның бюджеттен тыс қорлары қоғамдық даму кезеңінің мақсаттары мен міндеттері негізге алына отырып құрылып отырды. Бұрын жұмыс істеген қорлар практикасы мұны растайды: мысалы, əр түрлі уақытта Инвестициялық қор, Экономиканы тұрақтандыру қоры, Экономиканы жаңғырту қоры, Кəсіпкерлікті қолдау жəне бəсекені дамыту қоры, Жол қоры жұмыс істеді. «Самрұқ-Қазына» ұлттық əл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы ұлттық экономиканың бəсекеге қабілеттілігі мен орнықтылығын арттыру жəне əлемдік рыноктардағы өзгерістердің елдегі экономикалық өсуге мүмкін жағымсыз əсерінің факторларын төмендету үшін құрылған ұлттық басқарушы холдинг б.т. Шағын кəсіпкерлікті дамыту қоры (ШКДҚ) негізгі қызметі шағын бизнес жобалары бойынша дербес, сондай-ақ екінші деңгей банктерінде конкурстық негізде Қор қаражаттарын шарттасымды орналас- тыру арқылы кредиттер беруге бағытталған.

 

22)Валюта нарығы: түсінігі, құралдары және қатысушылары -Валюта – кез келген төлем құжаттары немесе халықаралық есеп айырысуларда пайдаланылатын және қандай да бір ұлттық ақша бірлігінде көрініс табатын ақшалай міндеттеме. Ол елдегі бүкіл ақша - несие жүйесіне басшылық жасайды, сонымен қатар ақша эмиссиясының, сақтаулы тұрған уақытша бос ақша қаражатының және коммерциялық банктердің міндетті резервтерінің монополиялық құқығына ие. Валюта нарығы шет ел валютасымен (сатып алу, сату, айырбастау) және шетел валюталарындағы төлем құжаттарымен (чектер, вексельдер, телеграф және пошта аударылымдары, аккредитивтер) жасалатын операциялардың жүзеге асырылуына байланысты экономикалық қарым-қатынастардың айрықша саласы. Түрлі елдер банктерінің арасындағы корреспонденттік байланыстар арқылы құрылатын валюта рыноктары солардың көмегімен сыртқы саудаға, инвестицияларға, туризмге, басқа да қатынастарға байланысты халықаралық ақша есеп айырысуы жүргізілетін тұтқа болып табылады. Валюта нарығы деп валютаны тұтынушылар мен сатушылардың арасында құқықтық және экономикалық өзара қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін нарықты айтамыз. Валюталық операциялардың көлеміне, сипатына және пайдаланатын валюта тобына қарай қазіргі валюталық нарықтар халықаралық, ұлттық және аймақтық болып бөлінеді.

Халықаралық валюталық нарықтар – ірі дүниежүзілік қаржы орталықтарында шоғырланған. Олар Лондандағы, Нью – Иорктағы, Токиодағы, Гонконгтағы валюталық нарықтарды айтуға болады. Бұл нарықтарды халықаралық төлем айналымында кеңінен қолданылатын валютамен операциялар жүзеге асырылады. Аймақтық валюталық нарықтар – белгілі бір конвертирленетін валюталармен операциялар жүзеге асырылады. Оған Сингапур доллары, Сауд риалы, Кувейт динары жатады. Ұлттық валюталық нарықтар - ережеге сәйкес халықаралық операцияларды жүргізуге маманданбаған, өз клиенттеріне валюта бойынша қызмет көрсететін сол елдің аумағындағы орналасқан банктердің жүзеге асыратын операцияларының жиыны.

ҚР-ның валюта нарығының құрылымы: - шетелдік валюта; тазартылған құйма алтын; - пошталық аударым;-халықаралық төлемдер ен аударымдар мен аударымдар;-шетелдік валютадағы тлем құралдарының;- шетелдік валютадағы бағалы қағаздар нарығы. Валюта нарығының қатысушылары:- Кәсіпорындар; Жеке тұлғалар; Банктер; Экспорттаушылар; Трансұлттық компаниялар; Қаржы мекемелері; Инвесторлар; Үкімет агенттіктері; Сауда банктері; Фирмалар, сыртқы сауда операцияларың орындайтын; Халықаралық инвестициялық серiктестiктер, зейнетақы және қорлар, сақтандыру компаниясының хеджевыесi.; Валюталық биржалар; Валюталық делдалдар.

Валюталық нарықты белгілеріне қарай келесідей түрде

1. Орналасу аумағына қарай: • халықаралық; • ішкі;• аумақтық;

2. Валюталық шектеуге қатысты: • еркін нарық; • еркін емес. -Валюталық шектеу қойылған валюталық нарықты 3. Валюталық бағамның қолданылу түріне қарай: • бір ғана режимді; • қос режимді.

Валюта нарығы қатысушыларының функциялары: - Хеджерлеу; - Клиринг; - Несие; - Ақша аударымы. Валюта нарығында банктер пайдаланатын құралдар: -Ұсынушының банктік вексельдері; Мерзімі шектелмеген салым қаражатының электрондық аударымдары; Коммерциялық тратталар. Нарыққа қатысушы барлық мүшелерді екі негізгі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа пассивті қатысушылар, яғни оларда валюталық операцияларды жүргізу қажеттілігі осы қатысушылар арасында әлемнің барлық жерлеріне таралған бөлімше тораптары және үлкен диллерлер штабы бар 20-ға жуық банктер ерекше бөлінеді.кездерде туындайды да, баға белгіленімін білу үшін олар басқа банктерге өтініш жасайды (маркет – юзер). Активтік қатысушылар өздеріне баға белгіленімін білуге өтініш жасайтын банктер үшін бағаны белгілейді (маркет – мэйкерлер). Осы қатысушылар арасында әлемнің барлық жерлеріне таралған бөлімше тораптары және үлкен диллерлер штабы бар 20-ға жуық банктер ерекше бөлінеді.


Дата добавления: 2015-08-09; просмотров: 1038 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Айналым қаражаттарын нормалау әдістері. Кәсіпорынның айналым қаражаттарын құру көздері. | Ақша ағындарын оңтайландыру әдістері. Ақша ағымдары және олардың түрлері | Ақша қаражаттарын басқару. Ақша қаражаттарының бюджеті. | Бағалы қағаздардың оңтайлы портфелін таңдау. Мүмкінді және тиімді портфелдер | Бюджет жүйесі және оны құрудың қағидаттары. | Жанама салықтарды өндіру ерекшеліктері. | Жеке сақтандырудың экономикалық мәні және функциялары. Жеке сақтандырудың сыныптамасы. | Инвестициялардың табыстығы және тәуекел күтілетін табыстық деңгейі | Инвестициялық жобалардың тимділігін бағалау әдістері NPV және JRR критерийлерін салыстыру | ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫҢ МӘНІ, МАҚСАТЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бюджет тапшылығы және оны жабудың амалдары| Дебиторлық берешектерді және тауар-материялдық қосалқы басқару

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)