Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бюджет жүйесі және оны құрудың қағидаттары.

Читайте также:
  1. Ақша қаражаттарын басқару. Ақша қаражаттарының бюджеті.
  2. Ақша ағындарын оңтайландыру әдістері. Ақша ағымдары және олардың түрлері
  3. Азақстандағы тікелей шетел инвестициялар, оның экономикадағы рөлі және орны
  4. Анестезиология және реанимация
  5. Анестезиология және реанимация»_ каз
  6. Аржы механизмі:құрылымы және мазмұны
  7. Аржылық активтерді бағалаудың базалық үлгісі. Облигацияларды, қарапайым және артықшылықты акцияларды бағалау

Бюджет жүйесі - экономикалық қатынастар мен заңды нормаларға негізделген бюджеттердің барлық түрлерінің жиынтығы. ҚР Бюджеттік кодексінде бюджет жүйесі ҚР Ұлтық қорын кіріктірумен түсіндіріледі. ҚР бюджет жүйесі бюджет құрылымының унитарлық типімен анықталады. ҚР республикалық; облыстық; республикалық маңызы бар қала, астана; ауданның деңгейдегі бюджеттер бекітіледі, атқарылады жəне дербес б.т. ҚР бюджет жүйесі мына қағидаттарға негізделеді: Бірлік қағидаты реттеуші кіріс көздерін пайдалану арқылы барлық деңгейдегі бюджеттердің өзара іс-əрекетіне, төменгі деңгей бюджеттерінің теңгерімділігі үшін оларды қаржылық қолдауға, сондай-ақ ішінара қайта бөлудің мақсатты жəне аумақтық бюджет қорларын жасауға да негізделген. Бюджет жүйесінің бірлігі салықтық саясатты қоса бірыңғай əлеуметтік-экономикалық саясат арқылы іске асырылады. Бюджеттің дербестік қағидаты – түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында түсімдердің тұрақты бөлінуін белгілеу жəне Бюджеттік кодекске сəйкес олардың жұмсалу бағыттарын анықтау, мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінің бюджеттік үдерісін дербес жүзеге асыру құқығы, төменгі бюджеттерге оларды тиісті өтеусіз қосымша шығыстар жүктеуге жол берілмеуі. Бюджеттің толымдылығы қағидаты ҚР заңнамаларында көзделген барлық түсімдер мен шығыстарды бюджетте жəне ҚР Ұлттық қорында көрсетуді, бюджеттік қаражаттарды пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке жатқызуға, сол сияқты бюджеттік қаражаттар бойынша талап құқықтарынан шегінуге жол бермеуді білдіреді. Реалистік қағидаты – бекітілген бюджеттік көрсеткіштердің əлеуметтік-экономикалық дамудың жəне бюджеттік, параметрлеріне бекітілген, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары параметрлеріне болжамдарының бағыттарына сəйкестігі. Транспаренттілік қағидаты – мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге құпия б.т. мəліметтерді, бюджет заңнамасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, бюджеттерді жəне атқарылуы туралы есептерді, стратегиялық жоспарлар мен ҚР Ұлттық қоры туралы ақпаратты міндетті түрде жариялау. Дəйектілік қағидаты деп мемлекеттік органдардың бюджеттік қатынастар сферасында бұрын қабылдаған шешімдерді сақтауын айтады. Нəтижелілік қағидаты – мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында көзделген тура жəне түпкілікті нəтижелерге қол жеткізуге бағдарланған бюджетті əзірлеу жəне атқару. Сабақтастық қағидаты – өткен кезеңдерде бекітілген əлеуметтік-экономикалық даму мен бюджеттік параметрлер, базалық шығыстар, болжамдарына, бюджеттік мониторинг қорытындыларына, нəтижелерді бағалауға негізделген республикалық жəне жергілікті бюджеттерді жоспарлау. Негізділік қағидаты – бюджет жобасына түсімдерді немесе шығыстарды кіріктіру қажеттігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілердің жəне басқа құжаттардың негізінде бюджетті жоспарлау. Касса бірлігінің қағидаты – бюджеттке түсетін барлық түсімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа есептеу жəне одан барлық көзделген шығыстарды ұлттық валютада жүзеге асыру. Уақтылық қағидаты – республикалық жəне жергілікті бюджеттерге, ҚР Ұлттық қорының қолма-қол ақшаның бақылау шотына түсімдерді есептеу жəне оларды ҰБ Үкімет шотына аудару жəне мерзімінде бюджеттік қаражаттарды алушылар шоттарына аудару. Тиімділік қағидаты – бюджеттік қаражаттардың бекітілген көлемін пайдаланып, бюджеттерді əзірлеу жəне атқару немесе бюджеттік қаражаттардың аз көлемін пайдаланып тура нəтижеге қол жеткізу. Жауапкершілік қағидаты –бағдарламалар əкімшілері мен мемлекеттік мекемелер басшыларының ҚР заңнамасына сəйкес келмейтін шешімдер қабылдағаны үшін жауапкершілігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті əкімшілік жəне басқару шешімдерінің қабылдануы. Бюджеттік қаражаттардың атаулық жəне нысаналық сипаты қағидаты –бюджеттік қаражаттарды мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларымен көзделген нəтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағыттауы жəне пайдалануы. 2015-2017 бюджет туралы занга сайкес кырыс 6 216 млрд тг, шыгыс 7080 млрд тг. дефицит – -997 097 017 тысяч тенге или 2,2 процента к валовому внутреннему продукту страны;


Дата добавления: 2015-08-09; просмотров: 362 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Айналым қаражаттарын нормалау әдістері. Кәсіпорынның айналым қаражаттарын құру көздері. | Ақша ағындарын оңтайландыру әдістері. Ақша ағымдары және олардың түрлері | Ақша қаражаттарын басқару. Ақша қаражаттарының бюджеті. | Бюджеттен тыс қорлар және оларға сипаттама. | Дебиторлық берешектерді және тауар-материялдық қосалқы басқару | Жанама салықтарды өндіру ерекшеліктері. | Жеке сақтандырудың экономикалық мәні және функциялары. Жеке сақтандырудың сыныптамасы. | Инвестициялардың табыстығы және тәуекел күтілетін табыстық деңгейі | Инвестициялық жобалардың тимділігін бағалау әдістері NPV және JRR критерийлерін салыстыру | ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫҢ МӘНІ, МАҚСАТЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бағалы қағаздардың оңтайлы портфелін таңдау. Мүмкінді және тиімді портфелдер| Бюджет тапшылығы және оны жабудың амалдары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)