Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Аржы механизмі:құрылымы және мазмұны

Читайте также:
  1. Ақша ағындарын оңтайландыру әдістері. Ақша ағымдары және олардың түрлері
  2. Азақстандағы тікелей шетел инвестициялар, оның экономикадағы рөлі және орны
  3. Анестезиология және реанимация
  4. Анестезиология және реанимация»_ каз
  5. Аржылық активтерді бағалаудың базалық үлгісі. Облигацияларды, қарапайым және артықшылықты акцияларды бағалау
  6. Аржылық бақылау,оның негізгі түрлері,қағидаттары және міндеттері

Қаржылық механизм қаржыны ұймдастыру,жоспарлау және басқару түрлерінің, нысандарының және әдістерінің жүйесі б.т.Қаржылық механизм арқылы шаруашылық жүргізудің түрлі деңгейлері мен болмыстың сфераларында экономикалық және әлеуметтік дамудың мемлекеттік бағдарламаларын орындау үшін мақсатты ақшалай қаражаттар мен ақшалай қорланымдарды қалыптастыру және пайдалану бойынша қаржылық қатынастарды басқару болып жатады. Қаржылық механизм мемлекет белгілеген қаржылық шараларды,атаулы,нақты нәтижелерде-барлық деңгейлерде және қоғамдық-экон-қ сфераларда қоғамдық өнімнің,материалдық емес игіліктердің,қызметтердің,құндылықтардың барлық толып жатқан элементтері құнының құрамына кіретін қаржылық ресурстардың ұдайы жаңғыртылуында іске асырады. Жалпышаруашылық механизмі секілді қаржы механизмінің де өзіне тән ішкі құрлымы бар және ол айтарлықтай күрделі. Қаржылық өзара байланыстардың көптігі қаржыны ұйымдастырудың көптеген түрлерін, нысандарын және әдістерін алдын ала анықтайды. Қаржы механизмінің құрлымы қаржы қатынастарын топтастыру тұрғысынан қаржы жүйесін қамтып көрсетеді. Қаржы механизмі құрылымын сипаттау үшін оның буындары ретінде анықталатын жүйелі талдаудың қосалқы жүйесі,блогі, элементі сияқты ұғымдарын пайдаланған орынды. Қаржы механизмінің қосалқы жүйесі оның неғұрлым маңызды қозғаушы күші болып табылады, олар: қаржылық жоспарлау, қаржы тұтқалары мен ынталандырмалары, ұйымдық құрылым және қаржы жүйесінің құқықтық режимі, қаржыны ұйымдастыру. Қаржы механизмінің блогі – бұл жалпы мақсатты бағыттылық белгісі бойынша біріккен біркелкі өзара байланысты элементтердің жиынтығы. Қаржы механизмінің элементі – бұл қарапайым шаруашылық нысан, ол арқылы қоғамдық өндіріске қатысушылардың мүдделері айрықша түрде білінеді.Қоғамдық өмірде қаржының диалектикасы тұлғалау нысандарының және әрекет жасау әдістерінің өзара іс – қимылы арқылы көрінеді.Нақты өмірде, шаруашылық және қаржы механизмдерінде абстрактты экономикалық (құндық) категориялар нақтыланады және нақтылы нысандар түрінде болады. Нақтылы нысандар деп жоспарлана алатын, түрін өзгерте алатын, адамдар есепке алатын категориялар ұғынылады.Қоғамдық шаруашылықтың жеке бөлімдерінің ерекшеліктеріне қарай және қаржылық қатынастардың сфералары мен буындары бөлінуінің негізінде қаржылық механизм мемлекеттік қаржысының механизмі,шжс-ң қаржылық механизмі,үй шаруашылықтардың қаржылық механизмі,қаржы рыногының механизмі,сақтық механизм болып бөлінеді.Өз кезегінде бұл сфералардың әрқайсысы жеке құрылымдық буындарын қамтиды.

73)Қаржы нарығы: түсінігі, құрылымы және құралдары -Қаржы нарығы – бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, кредит, сақтық, валюта және басқа нарықтармен байланысты.Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайындағы қаржы нарығы қаржы ресурстарын үздіксіз қалыптастырып отырудың, оларды неғұрлым тиімді пайдаланудың, ұлттық шаруашылықта ақша қозғалысына ұтымды ұйымдастырудың айырықша нысаны болып табылады және бағалы қағаздар нарығы, сондай-ақ несие нарығы түрінде де іс-әрекет етеді. Қаржы нарығы экономиканың түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында ақшаны қайта бөлуді барлық әр түрлі нысанда реттейтін нарықтық қатынастардың бүкіл жиынтығын біріктіретін неғұрлым жалпы ұғым болып табылады. Экономикалық әдебиеттерде және шаруашылық практикада қаржы нарығы ұғымы ақша, валюта, кредит, капитал нарықтарын қоса отырып кеңінен түсіндіріледі. Бұл қаржыны жалпы ақша мен құн категорияларына бара-бар категория ретінде қарастыратын практикамен, негізінен дүниежүзілік практикамен байланысты, өйткені экономикалық ресурстардың кез келген түрі меншіктің титулдары болып табылатын ақшамен немесе тиісті бағалы қағаздармен, басқа құжаттармен ортақтастырылуы мүмкін.

Қаржы нарығының құрылымы- ақша нарығын, несие капиталы нарығын және қор нарығын қамтиды. Ал қор нарығы өз алдына бағалы қағаздар нарығын және туынды бағалы қағаздар нарығын қамтитын болады Ақша нарығы дегеніміз қолм-қол ақша ғана емес, қолма –қолсыз төлем қаражаттарының нарығы.Несие нарығы несие бойынша банктердің несие операцияларымен байланысты. Ақша мен несие нарықтары, әдеттегідей, айналым активтерінің қозғалысына қызмет етеді. Капитал нарығында қоғамдық өндіріс қатысушыларының орташа және ұзақ мерзімді қорланымдарының қозғалысы жүзеге асырылады. Функционалдық тұрғыдан қаржы нарығы бұлшаруашылық жүргізуші субъектілердің, банктердің, мемлекеттің уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландыруды және қайта бөлуді қамтамассыз ететін нарықтық қатынастардың жүйесі. Бұл нарықтың жұмыс істеуі көптеген экономиқалық әсіресе инвестициялық процесстерді тәртіпке келтіріп, олардың тиімділігін арттыруға мүмкімдік береді.

Қаржы құралдары 2 топқа бөлінеді: Бастапќы. Кейінгі.

Бастапқы қаржы құралдарына вексельдер, несиелер, заемдар, облигациялар, акциялар және т.б. құнды қағаздар жатады.

Кейінгі қаржы құралдары (туынды құралдар немесе деривативтер) – бұл қаржы опицондары, фьючерстер, форвардтыќ келісімдер және своптар.

Қаржылық қатынас кез келген ел экономикасының даму негізі болып табылады. Қаржы ресурстарының айналымы мен қайта бөлінуі қаржы нарығын анықтап беретін олардың айналы­сының өзіндік аймағын қалыптастырады. Нарықтық экономика жағдайында қаржы нарығы тұтастай алғанда елдегі нарықтық қатынастар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. «Қар­жы нарығы» ұғымы қалыптасқан әлемдік тәжірибе мен әрбір мемлекеттің экономикалық дамуының өзіндік ерекшеліктеріне сай әр түрлі түсіндіріледі. Ол ақша, депозит, несие, валюта, қор, сақтандыру, зейнет­ақы нарықтарының қаржылық құралдарымен ұйымдастырылған сауда жүйесін білдіреді. Мұнда ақша қаражаттарының ағымын меншік иелерінен қарыз алу­шыларға бағыттап отыратын қаржы институттары негізгі рөлді ойнайды. Онда төлем құралдары мен бағалы қағаздар тауар ретінде қолданылады. Қаржы нарығы кез келген нарық секілді қаржы ресурстарының сатушылары мен сатып алушылары арасындағы тікелей байланысты орнатуға арналған. Сондықтан, қаржы нарығы – бұл капиталға деген сұраныс пен ұсынысты қалыптастыру шеңберінде делдалдардың көмегімен несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы капиталды қайта бөлу мехенизінің жүйесі. Тәжірибеде ол ақша қаражаттары ағымын меншік иелерінен қарыз алушыларға және олардан кері бағыттайтын қаржы-несие институт­тарының жиынтығын білдіреді.


Дата добавления: 2015-08-09; просмотров: 555 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Кәсіпорын банкроттығының түсінігі, белгілері, түрлері. Қаржылық дәрменсіздік факторларының сыныпталуы. | Кәсіпорынды басқару жүйесінде қаржылық менеджменттің рөлі және орны | Компания құны және құндылыққа бағдарланған менеджмент | Компаниялардың дивидендтік саясатын әзірлеу тәсілдері және оны қалыптастыру | Компанияның негізгі капиталына ұзақ мерзімді ивестицияларды қаржыландыру көздері | Корпорацияларды қайта ұйымдастыру: қосылу, сатып алу, бөлшектеу, банкроттық және жою | АЗАҚСТАН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ НАРЫҒЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ИНСТИТУТТАРДЫҢ, ДАМУ ИНСТИТУТАРЫНЫҢ ОРНЫ МЕН РӨЛІ | Азақстандағы жобалық қаржыландырудың дамуы | АЗАҚСТАНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ҚҰРАЛДАРЫ | Азақстандағы тікелей шетел инвестициялар, оның экономикадағы рөлі және орны |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Аржы басқару,оның элементтері мен қағидаттары| Аржылық активтерді бағалаудың базалық үлгісі. Облигацияларды, қарапайым және артықшылықты акцияларды бағалау

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)