Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Аржы басқару,оның элементтері мен қағидаттары

Читайте также:
  1. Аржылық бақылау,оның негізгі түрлері,қағидаттары және міндеттері
  2. Бюджет жүйесі және оны құрудың қағидаттары.
  3. Комбинаторика элементтері

Қаржыны басқару -бұл қаржыға және шектес экономикалық және әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсатымен ықпал жасау үдерісі және қаржылық қатынастрдың бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне жетуді және мұның негізінде тиісті қаржылық саясатты жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет шараларының жиынтығы. Қаржыны басқарудың негізіне мына қағидаттар қойылған:1)басқарудағы демократизм;2)қаржылық мәселелерге саяси тәсілдеме;3)басқаруда экон-қ және әкімшілік әдістердің оңтайлы үйлесуі;4)басқарудың ғылымилылығы;5)орталықтандырылған, салалық және аумақтық басқарудың келісімдігі;6) басқарудағы жауапкершілік;7)шаруашылық шешімдерінің сабақтастығы. Қаржыны басқаруда мынадай бірнеше өзара байланысты нақтылы функциялық элементтерді айырады: Қаржылық ақпараттың ғылыми негізделген жоспарлау мақсаты үшін де, сондай-ақ бүкіл қаржылық үдерісті оперативті басқару үшін де зор маңызы бар.Жоспарлау үдерісінде басқару шешімдері қаржылық ақпаратқа талдау жасау негізінде қабылданады, ол осыған байланысты жеткілікті толық әрі ақиқат болуы тиіс.Қаржылық ақпарат бухг-к,статистикалық және оперативтік есеп беруге негізделген. Жоспарлау (болжау) қаржыны басқарудың жүйесінде маңызды орын алады.Бұл-жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақшаның мөлшерін және оның көздерін анықтау;орталықтандырылған және орталық-маған ақшалай қорлар арасында,ұлттық шаруашылықтың салалары мен әкімшілік-аумақтық бөліктері арасында қаражаттарды бөлудің оңтайлы үйлесімін белгілеу б.т. Ұйымдастыру -басқарудың барлық буындарының жөнге салынғандығын, айқындығын,қаржылық ақпаратың жоғары нәтижелігін,басқару жұмыскерлерінің жауапкершілігі мен тәртіптілігін білдіреді.Қаржылық реттеу -бұл жоспарлы тапсырмалардың орындалуы үшін қаржылық ресурстарды икемді,шебер жұмсау,белгіленген нәтижеден теріс ауытқулардың барлық түрін алдан алуға және жоюға бағытталған. Бақылау басқарудың элементі ретінде жоспарлау үдерісінде де, сонымен бірге оперативтік стадиясында да жүзеге асырылады.Бақылау қаржылық ресурстарын пайдаланудың нақты нәтижелерін жоспарлық көрсеткіштермен салыстыруға,қаржылық ресурстарды өсірудің резервтерін айқындауға,шаруашылықты неғұрлым тиімді жүргізудің жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді.

 

70) Қаржы делдалдары: түсінігі, қызметтері және түрлері -Қаржы нарығында тікелей қаржыландырудың жетіспеушілігі байқалады, ал оны толықтыру үшін делдалдар пайда болады. Қаржылық делдалдар көптеген артықшылықққа ие. Ең алдымен, олар өз ісін жітік білуіне қарай мәмілелерді ауқымының тиімділігі есебінен үнемге қол жеткізуге болатын мөшерде жүзеге асырады. Қаржылық делдалдар трансакциялық шығындарды оңай азайтады. Олар ақпаратқа қол жеткізетін қол жеткізетін көптеген мүмкіндіктерге ие және олар оның шынайылығын онай анықтай алады. Қаржылық делдалдарға уақытша бос ақша қаражаттары бар (несие берушілер) экономикалық субъектілер де, ақша қаражаттарына мұқтаж (қарыз алушылар) субъектілер де мүдделік танытады, өйткені олар қаржылық делдалдардан нақты артықшылықтары мен пайдасы бар қаржы өнімдерін алады. Делдалдал несие нарығының қаупін азайтуға септігін тигізетіндіктен, олар уақытқа қарай немесе басқашы жолмен бірлестірілінген несиені беру барысында несие берушілірге салым ақшаны қаржылық құралдардың түрлері бойынша бөлу арқылы қауіпті жоғарылап кетеді. Тәжірибеде қаржылық делдалдардың мынандай топтары бөліп көрсетіледі:

- депозит типіндегі қаржы мекемелері;

- жинақ мекемелері;

- инвестициялық қорлар;

- басқа да қаржы ұйымдары.

Осылардың ішінде депозит типіндегі қаржы мекемелері кеңінен тараған. Тартылған қаражат банктік, тұтынушылық және ипотекалық несиелерді беру үшін пайдаланылады. Бұл топтың негізгі институтына коммерциялық банктер, жинақ институттары және несиелік одақтар жатады. Сондай-ақ қаржы нарығында ұсақ жинақтар мен табыстарды шоғырландыратын жинақ мекемелерңһі де маңызды орын алады: жинақ банктері мен кассалары, өзара жинақ банктері, сенім-жинақ банктері, ссудалық-жинақ қауымдастықтары, несие кооперативтері. Жинақ банкі – бұл кассалық есеп айырысу қызметі бойынша жұмысты ұйымдастыратын, бағалы қағаздар мен операцияларды, еркін айырбасталатын валютаны сатуды және сатып алуды жүзеге асыратын, азаматтарды несиелейтін, шағын сомағы салым ақшаны қабылдайтын мемлекеттің несие мекемесі. Келісімшарт негізінде әрекет ететін жинақ мекемелеріне сақтандыру компанияларын және зейнетақы қорларын жатқызуға болады. Инвестициялық қорлар өздеріні бағалы қағаздарын (акцияларын, инвестициялық пайларын) инвесторға сатады және алыңған қаражатты тікелей қаржы міндеттемесін сатып алу үшін пайдаланады. Қаржы делдалдарының соңғы тобына әр түрлі типтегеһі қаржылық компаниялар жатады. Олар ақша қаражаттарының негізгі бөлігін қысқа мерзімді міндеттемелерді коммерциялық қағаз ретінде сатудан алады. Бұл компаниялардың қызметі заңдық және атқарушы үкімет органдарының нормативтік актілерімен реттеледі. Қаржы компанияларының мынадай түрлері бар:

- несиелік және лизингтік операцияларға мамандандырылған компания;

- бөліп-бөліп төлеу құқығымен тұтыну несиесін беруші компания;

- бөлшек сауда кәсіпорындарына несие беруші компаниялар.


Дата добавления: 2015-08-09; просмотров: 558 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Капитал құрылымының теориясы: Модильян Миллер үлгсі. Фирма капиталының оңтайлы құрлымдарын анықтау | Кәсіпорын банкроттығының түсінігі, белгілері, түрлері. Қаржылық дәрменсіздік факторларының сыныпталуы. | Кәсіпорынды басқару жүйесінде қаржылық менеджменттің рөлі және орны | Компания құны және құндылыққа бағдарланған менеджмент | Компаниялардың дивидендтік саясатын әзірлеу тәсілдері және оны қалыптастыру | Компанияның негізгі капиталына ұзақ мерзімді ивестицияларды қаржыландыру көздері | Корпорацияларды қайта ұйымдастыру: қосылу, сатып алу, бөлшектеу, банкроттық және жою | АЗАҚСТАН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ НАРЫҒЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ИНСТИТУТТАРДЫҢ, ДАМУ ИНСТИТУТАРЫНЫҢ ОРНЫ МЕН РӨЛІ | Азақстандағы жобалық қаржыландырудың дамуы | АЗАҚСТАНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ҚҰРАЛДАРЫ |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Азақстандағы тікелей шетел инвестициялар, оның экономикадағы рөлі және орны| Аржы механизмі:құрылымы және мазмұны

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)