Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Компанияның негізгі капиталына ұзақ мерзімді ивестицияларды қаржыландыру көздері

Читайте также:
  1. Азақстандағы жобалық қаржыландырудың дамуы
  2. Айналым қаражаттарын нормалау әдістері. Кәсіпорынның айналым қаражаттарын құру көздері.
  3. Аржылық бақылау,оның негізгі түрлері,қағидаттары және міндеттері
  4. Атмосфералық ауа, су және топырақ қоршаған ортаның негізгі нысандары ретінде
  5. Дәріс. БАЗ-дардыңнегізгісипаттамалары. Беттік-активтізаттардыңбиологиялықыдырауы
  6. Зақ мерзімді қаржылық жоспарлау. Негізгі қаржылық көрсеткіштерді болжамдау әдістері

Ұзақ мерзімді қаржы салымдарын жие инвестиция деп санайды, сондықтан «күрделі салымдар» және «инвестициялар» ұғымдарының белгілі айырмашылықтары бар.

Күрделі салымдар тек қана негізгі капиталға қаражаттарды салуды қарастырады, ал инвестициялар сонымен бірге құнды қағаздарға, ақпарат қорларына, интеллектуалды потенциалға салымдармен байланыстырады.

Инвестициялар – жинақталуын өсіру және табыстарды алу мақсатымен ұзақ мерзімді шығындардың, еңбек, материалдық және басқа қорларының жиынтығы.

Инвестицияның негізгі мақсаты – бұл капиталды олжалы орналастыру.

Инвестицияландырудың кезеңдері бойынша инвестицияларды мына түрлерге бөледі:

-Қысқа мерзімді, ұзақтылығы бір жылдан аспайды (қысқа мерзімді депозиттік салымдар, жинақ сертификаттары);

-Ұзақ мерзімді, бұның ұзақтылығы бір жылдан жоғары.

Жалпы жағдайда жобаны қаржыландыру көздері келесілер болуы мүмкін:

1. Инвестицияларды қаржыландырудың өзіндік көздері. Өзіндік қаржыландыру көздерінің ішінде маңызды рольді салықтарды және басқа міндетті төлемдерді төлегеннен кейін кәсіпорында қалатын пайда атқарады. Пайданы өндірістік дамуға, тұрғын үйлерді, бала-бақшаларды және өндірістік емес мақсаттағы басқа объектілерді салуға, егер ол акционерлік қоғам болса, дивидендтерді төлеуге; қайырымдылық мақсаттарға және т.б. бағыттауға болады.

2. Инвестицияларды қаржыландырудың сыртқы көздері. Қаржыландырудың сыртқы көздерінің ішінен маңызды рольді банктердің несиелері атқарады. Басқа көздерге компаниялардың облигациялар эмиссиясы, мемлекет бюджетінен және инвестициялық қолдау бюджеттен тыс қорлардан берілетін несиелер (отандық инвестициялық, венчурлық, зейнетақы, сақтандыру қорлары мен компаниялары, даму және экспорттық несиелеу агенттіктері және т.б.), сонымен қатар жабдықтаушылардың сатып алушылардың және мердігерлердің несиелері жатады.

3. Инвестицияларды қаржыландырудың тартылған көздері ең бірінші өзіндік акцияларды, облигацияларды (бондарды), инвестициялық сертификаттарды (инвестициялық компаниялар мен қорлар үшін), басқа бағалы қағаздарды эмиссиялау және оларды сәйкес нарықтарда орналастыру арқылы құрылатын акционерлік капитал есебінен, сонымен қатар кәсіпорынның акцияларының белгіленген құнының өсуі нәтижесінде акционерлік капиталдың өсімі есебінен құрылады. Осы көздер корпорациялармен және олардың акционерлік қоғамдар нысанында құрылатын жеке (еншілес) құрылымдарымен қолданылуы мүмкін.

4. «Венчурлық қаржыландыру» термині ағылшын venture («тәуекелді бастама») сөзінен туындайды. Венчурлық қаржыландыру жоғары тәуекелділікпен ерекшеленетін, бірақ осындай бір жобаға бейімделген кәсіпорынның құнының маңызды өсіміне уәде беретін инновациялық жобалардың бастапқы кезеңдері үшін нақты қаражаттарды алуды білдіреді.

53)Корпоративтік қаржыны ұйымдастыру қағидаттары және функциялары, құрамы. Корпорация қаржысы ұйымдастырудың ішкі жүйесі– бұл корпорацияның қаржылық міндеттемелерін орындауға, ағымдағы шығындарды және өндірісті дамытумен байланысты шығындарды қаржыландыруға арналған меншікті ақшалай кірістер мен түсімдердің жиынтығы. Корпорацияның қаржы ресурстары қалыптасу көздеріне байланысты меншікті, қатыстырылған және қарыз деп бөлінеді. Корпорацияның ақшалай қорларына келесілер жатады: жарғылық, резервтік капиталдар, қорлану қоры, тұтыну қоры, еңбекке ақы төлеу қоры, валюталық, жөндеу қорлары. Корпорация қаржысының мәні оның атқаратын қызметтерімен айқындалады. Корпорациялар қаржысы келесідей қызметтерді орындайды:ұдайы өндірістік; бөлу; бақылау.

Кәсіпорын мен корпорацияның қаржысын ұйымдастыру принциптері оның қызметінің мақсаттарымен және міндеттерімен тығыз байланысты. Корпорацияның қаржысын ұйымдастыру принциптері не төмендегілерді жатқызуға болады:шаруашылық қызметті өэін-өэі реттеу;өзін-өзі өтеушілік және өзін-өзі қаржыландыру, айналым қаражатын қалыптастыру көздерін меншік және қарыз бойынша бөлу;қаржы резервтерінің болуы. Өзін-өзі реттеу принципінде –корпорацияға қолда бар материалдық, еңбек және қаржы ресурсының негізінде өндірістік және ғылыми-техникалық даму жөнінде шешім қабылдауға, сондай-ақ оны іске асыруға толық дербестік беріледі. Өзін-өзі өтеу принципі- коропорацияны дамытуға салынған қаражат таза пайданың және амаортизациялық аударымының есебінен өтелуге негізделеді.Осы қаражат корпорацияға тиесіліменшік капиталдың барынша төмен шамадағы нормативтік экономикалық тиімділігін қамтамасыз етуге тиіс. Өзін-өзі қаржыландыруда жұмыстың пайдалылығы ғана емес, сонымен бірге жай шектеліп қалмай, керісінше,кең салалы ұдайы өндірісті де қамтамасыз ететін қаржы ресурстарывн, сондай-ақ бюджеттік жүйесінің кірісін де коммерциялық негізде қалыптастыра алдады. Айналым қаражатын қалыптастыру кәзін меншік және қарыз қаражатқа бөлу- шаруашылықтың жекелеген салаларында өндіріс технологиясымен және оны ұйымдастыру ерекшеліктеріне байланысты.Өндірісі науқанды сипаттағы салаларда айналым қаражатын. Қалыптастыруда қарыз көздерініғң үлесі артуда.Өндірісі науқандық емес сипаттағы салаларда айналым қаражаты құрылатын көздер құрамында көбінесе меншік айналым қаражаты басым. Қаржы резервін құру нарық жағдайы ықтимал ауытқитын, сонымен бірге өз міндеттемелерін орындау үшін әріптестер алдында материалдық жауапкершілік артқан жағдайда корпорацияның тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет.Акционерлік қоғамда қаржы резерві корпорацияның жарғысына сәйкес таза пайдадан қалыптастырады.

Корпорацияның қаржы қызметі келесі үш негігі бағытта жүзеге асырылады: Қаржыны жоспарлау, Ақша айналымын басқару жөніндегі жедел қызмет, Бақылау-талдау жұмысы.Қаржыны жоспарлау –қаржы жоспарының сан алуан түрлерін әзірлеу және олакрдың орындалуын талдау.

Корпорация жедел қаржы жұмысына мына әріптестермен ақшалай өзара тұрақты қарым қатынастарды қамтамасыз етеді: материалдық құндылық пен қызметті жеткізушілермен (сатып алуды төлеу, өндірістік запасты басқару және т.б);даяр өнім мен қызметті сатып алушылармен (төлем алу және дебиторлық берешекуті басқару); мемлекеттің бюджет жүйесімен,қызметкғерлермен (еңбекақы төлеу, әлеуметтік және дивиденд төлемі);банкілермен, сақтандыру компанияларымен, инвестициялық қорлармен және т.б.; талдап туындаған жағдайда сотпен және т.б.

Бақылау-талдамалы жұмысына шорландырма және жергілікті бюджеттің орындалуын, капиталдың құрылымын, сонымен бірге негізгі және айналым қаражатының пайдалануын, сондай-ақ корпорацияның баланысын төлеуге қабілеттілігі мен өтімділігін бақылауды жүйелі бақылауды жүзеге асыру жатады.

Компания бюджеттерінің қаржы көрсеткіштері қаржыны бақылаудың маңызды обьектісі болып табылады.Бюджеттің орындалуын бақылауды жүзеге асыру үшін екі деңгейлі жүйені пайдалану ұсынылады.Төменгі деңгей- компанияның құрылымдық бөлімше бюджетініңғ орындалуын олардың басшылары жүзеге асырады.Жоғарғы деңгей- компарнияның құүрылымдық бюджетінің орындалуын бақылау.

 

54)Корпоративтік облигациялардың экономикалық мәні және жіктелімі. Облигация деп – эмитенттің оны ұсынушыға белгілі бір уақытта облигацияда көрсетілген құнды жəне осы құннан белгіленген процентті алуға құқық беретін эмиссиялық бағалы қағаз. Корпоративті облигация — өз қызметін қаржыландыру мақсатында заңды тұлғалар (корпорациялар) шығаратын облигациялар. Корпоративтік облигация өтеу мерзімі бір жылдан асатын ұзақ мерзімді қарызды облигация болып табылады.Облигация шығару арқылы тартылған капитал акционерлік капитал деп есептелмейді. Облигация шығару – қосымша капитал таратудың бір нысаны. Облигация – қарызды бағалы қағаз. Эмитенттің жалпы шығыны облигацияны шығаруға жəне оларды орналастыруға жұмсалған жылдық шығынға тең болады. Облигация мерзімдік қарыз міндеттемесі болғандықтан оның кепілі болып эмитенттің жалпы кепілдігі саналады. Ол кепілдік – эмитенттің банкротқа ұшырап, өз міндеттемесін орындай алмаған кездегі – қоғам мүлкінің бір бөлігін иемденуге облигация ұстаушының құқығы. Облигация да акция сияқты қоғамды инвестициялаудың ең маңызды көзі. Облигация қамтамасыз етілген жəне қамтамасыз етілмеген болып екіге бөлінеді. Қамтамасыз етілген облигациялар деп оларды шығарғанда кепілдікке қоғам активтерін немесе мүліктерін салуды айтады. Қамтамасыз етілген облигация қоғамның негізгі активтерін талап етуге құқық беріп, сонымен қатар оның негізгі меншігінің облигацияға салынғанын көрсетеді. Егер қоғам тағайындалған мезгілде өз облигациясын өтей алмаса, онда оны ұстаушылар кепілдікті өз пайдасына сатуға құқығы бар. Облигацияны қамтамасыз етуге жылжымалы жəне жылжымайтын мүліктер, сондай-ақ басқа да бағалы қағаздар салынады. Осыған байланысты мынадай айырмашылықтарды атауға болады: жылжымалы мүлікпен қамтамасыз етілген облигациялар. Оларды сенімхатпен басқа біреу иемденуіне құқылы; жылжымайтын мүлік салынған облигациялар. Оларды қамтамасыз ететін жай немесе арнаулы мүліктер (мысалы, жаңа салынған өндіріс орны); басқа қоғамдардың траст жағдайында сақталатын акцияларымен жəне облигацияларымен қамтамасыз етілген осы қоғамның облигациялары. Қамтамасыз етілмеген облигациялар – жалпы кепілдігі бар, басқаша айтқанда, эмитенттің жақсы атағымен шығарылған қарыз міндеттемелері. Оларды болашақтағы шаруашылық ісінен түсетін табысқа үміттеніп шығарады. Қоғам банкротқа ұшыраған жағдайда ол облигацияларды арнаулы түрде өтейді.

55)Корпорация қаржылық жоспарлауының мақсаты, міндеті және кезеңдері. Қаржылық жоспарлау - бұл қаржылық механизмнің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Ол экономиканың үйлесімді және тепе-теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқының қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материалдық-заттай элементтеріне ақшамен қауыштырылған бөлудің қоғамдық ұдайы өндіріске белсенді ықпал жасауына ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігіне байланысты ақшалай нысанда жүзеге асырылады.

Қаржылық жоспарлаудың мазмұны экономикалық субъектілердің ақшалай табыстар мен қорланымдарды жасау, бөлу және қайта бөлудіэкономикалық үдерістермен оңтайландырудың күні бұрын анықталған мүмкіндік ретінде көрінеді және осының негізінде орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақшалай қорларды қалыптастыру және пайдалану.

Қаржылық жоспарлаудың объекті шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекеттің қаржылық қызметі, ал қорытынды нәтижесі қаржы жоспарлары мен қаржыландырудың дара жоспарларынан бастап мемлекеттің жиынтық қаржы жоспарына дейінгі қаржы жоспарларын жасау болып табылады. Әрбір жоспарда белгілі бір мерзімге белгіленген кірістер мен шығыстар, қаржы және кредит жүйелерінің буындары мен байланыстары анықталады.

Қаржылық жоспарлаудың нақтылы міндеттері қаржылық саясатпен айқындалады. Бұл:

1. қаржылық ресурстарды қалыптастыру көздерін және олардың мөлшерін анықтау;

2. орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар, ұлттық шаруашылықтың салалары және әкімшілік-аумақтық бөлімшелер арасында қаражаттарды бөлудің оңтайлы үйлесімдерін белгілеу;

3. ресурстарды пайдаланудың нақтылы бағыттарын анықтау және қажетті резервтер жасау.

Қаржылық жоспарлау экономиканы және оның буындарын басқарудың аса маңызды функциясы болып табылады. Қаржылық жоспарлауды мемлекеттік билік пен басқарудың органдары, мекемелері және олардың жоғарғы құрылымдары жүзеге асырады.

Шаруашылық жүргізудің рыноктық жағдайларында шаруашылық жүргізудің белгіленетін түпкі нәтижелеріне ықпал етуші көптеген факторлардың екі ұштылығына байланысты қаржылық жоспарлау көбінесе болжау ретінде жүргізіледі.

Қаржылық жоспарлаудың әдістемелігі аса маңызды мына қағидаттарға негізделеді: орталықтандырылған және орталықтандырылмаған тәсілдемелердің үйлесуі, бірлік, үздіксіздік.

Қаржыны жоспарлау (болжау) белгілі әдістердің көмегімен жүзеге асырылады, олардың қатарына жататын ең маңыздылары мыналар:

1. Есеп-қисаптық-талдамалық әдіс. Оның мағынасы қаржылық көрсеткіштерді олардың динамикасын белгілеу негізінде анықтауда болады. Есеп-қисаптар есепті кезеңнің жетістіктері және оларды өсудің немесе төмендеудің салыстырмалы тұрақты қарқынына түзету негізінде жүргізіледі. Мұндай тәртіптің айтарлықтай кемшіліктері бар:

· мүмкін болатын ішкі шаруашылықтық резервтерді анықтауды есепке алмайды;

· материалдық және ақшалай ресурстарды пайдалануға теріс әсер етеді, өйткені жоспарланатын кезеңде олардың көлемі қол жеткен деңгейге қарай анықталады.

2. Сараптық бағалаулар әдісі жоспарлау объектісінің жай-күйінің параметрлерін анықтау үшін аса білікті мамандардың - сарапшылардың тәжірибесін пайдалануды қажет етеді.

3. Нормативтік әдіске сәйкес жоспарлы қаржылық көрсеткіштер белгіленген нормалар мен нормативтердің негізінде есептеп шығарылады.

4. Баланстық әдіс шығындардың оларды жабу көздерімен үйлесушілігін, қаржы жоспарларының барлық бөлімдерінің, сонымен бірге өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің өзара үйлесуін қарастырады. Қаржы балансының талаптарын сақтау кәсіпорынның, саланың, бюджеттердің, бүкіл ұлттық шаруашылықтың шығындары мен табыстарының арасында үйлесімсіздіктің пайда болуынан сақтандыруға; ұлттық шаруашылықты дамытудың қажетті қарқындары мен үйлесімдерін анықтауға; ішкі резервтерді жұмылдыруды ескере отырып оларды жан-жақты негіздеуге мүмкіндік береді.

5. Бағдарламалық мақсатты әдіс әр түрлі деңгейлерде - жалпыұлттық, салалық, бастапқы деңгейлерде жүзеге асырылатын ғылыми-техникалық бағдарламалар негізіндегі қаржылық болжау әдістерінің бірі ретінде рынок жағдайларында дамып отыр. Қаржылық бағдарламалау - бағдарламалық-мақсатты әдісті пайдаланатын қаржылық жоспарлау әдісі, оның негізіне айқын тұжырымдалған мақсаттармен оған жету құралдары қойылған: басымдықтарды белгілеу, қаражаттарды жұмсаудың тиімділігін арттыру, баламалы нұсқаны таңдауға сәйкес қаржыландыруды тоқтату.

6. Экономикалық математикалық әдістер ЭВМ-ді пайдалана отырып есеп-қисаптардың көп нұсқалылығы жағдайларында ең жақсышешімдерді таңдау үшін қолданылады.

Қаржылық жоспарлауда тарихи мына ұйымдық қағидаттар қалыптасты: ведомстволық, салалық, аумақтық және предметтік-мақсатты.

56)Корпорация табысы, жоспарлау және бөлу. Кәсіпорын табысының қалыптасуы және оның бөлінуі оның кәсіпкерлік қызметінің ерекшеліктерімен және стратегиялық мақсаттарымен анықталады. Кәсіпорынның табысы сол кәсіпорынның «табыстар және шығындар есебінде» көрсетіледі. Оның ағымды кезеңдегі негізгі, қаржылық, инвестициялық қызметтерден, төтенше жағдайлардан алған табыстарының жиынтығынан қалыптасады. Жыл бойы негізгі және негізгі емес қызметтерден алынған табыс жылдық жиынтық табысты құрайды. Табыс, сондай-ақ тауарлы-материалдық қорларды сатқаннан, қызмет көрсеткеннен, кәсіпорынға жататын активтерді пайдалануға беруден, пайыздардан, роялтиден және дивидендтерден алынуы мүмкін. Жалпы табыстың құрамында кәсіпорынның барлық қызмет түрлерінен алынған табыстары кіреді. Бірінші кезекте жалпы табыс өнімді өткізуден, яғни негізгі қызметтен алынған табысты қамтиды. Бұл табыс жалпы өнімді өткізуден түскен сомадан қосылған құн салығы мен акциздерді және өнімді өндіруге, өткзуге кеткен шығындарды шегеріп тастау арқылы анықталады. Табыс дайын өнімдерден, сатып алынған тауарлардан және көрсетілген қызметтерден алынады; олардың сатылу құны тараптар аясында жасалған келісім-шартта анықталады. Ал мәміледен шығатын табыс сомасы бағасынан немесе сату кезінде қолданылатын жеңілдіктерін ескере отырып, олардың (мәміленің) құндарын өлшейді.. Кәсіпорынның қарамағында қалатын жалпы табысы әрі қарай үлестіру объекті ретінде қарастырылады. Оны үлестіруді табыстың бір бөлігін мемлекеттік бюджетке және басқа да міндеттемелерді өтеуге, ал қалған бөлігін кәсіпорынның стратегиялық мақсаттарына сәйкес мүдделеріне бағыттау деп түсінуге болады. Табысты үлестіру заңдылығы – салықтар мен басқа да міндетті төлем шарттары түрінде түрлі деңгейдегі бюджетке түсетін бөлігі. Содан кейін қалатын табысты үлестірудің бағытын анықтау кәсіпорынның құзіретіне жатады. Табысты үлестірудің негізгі принциптері келесілер: • кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық, қаржылық және инвестициялық қызметтерден алынған табысы шаруашылық субъектісі ретінде мемлекет пен кәсіпорын арасында бөлінеді; • мемлекет қазынасына түсетін табыстың бөлігі салықтар және алымдар ретінде мемлекеттік бюджетке түседі. Салықтардың құрамы, мөлшерлемелері және сәйкес деңгейдегі бюджеттердің есебіне түсу тәртібі заңды түрде белгіленеді; • салықтардан кейін шаруашылық субъектінің қарамағында қалатын табыс мөлшері өндіріс көлемінің арттыруға және өндірістік-шаруашылық, қаржылық, инвестициялық қызметінің жақсаруына, сонымен қатар, кәсіпорынның қаржы қызметінің жақсаруына мүдделілігін арттыруға жетерліктей болуы керек; • шаруашылық субъектінің қарамағында қалатын табыс әуелі кәсіпорынның әрі қарай дамуын қамтамасыз ететін қорларға, ал қалған бөлігі тек тұтыну қорларына кетеді. Кәсіпорын қарамағында қалатын табыс (пайда) екі бөлікке бөлінеді. Бірінші бөлігі тұтыну қорларына, екінші бөлігі жинақтау қорларына бағытталады. Тұтыну қорларына бағытында қолданылатын табыс кәсіпорынның мүлкін арттыру мақсатында өндірістік активтерді, жаңа технологияларды енгізуге, сондай-ақ, қосымша еңбек ресурстарын тартуға жұмсалады. Кәсіпорынның капиталын ұлғайтуға орналастырылған табыс өндірілген өнімнің көлемін арттыруға, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, түптеп келгенде шаруашылық субъектінің келешектегі әлуетті табыстылығын арттырудың алғышарты болып табылады. Сондай-ақ, табыстың бөлінуі тек өндіріс процессіне орналастырылып қана қоймай, сонымен қатар, жұмысшылар мен қызметкерлердің әлеуметтік мұқтаждықтарын қамтамасыз етуге, олардың біліктілігі мен жауапкершілігін арттыруға, оларға қосымша сыйақылар төлеуге, басқа да әлеуметтік сала объектілерін қаржыландыруға жұмсалады. Бұл, өз кезегінде, қызметкерлер тарапынан еңбекке деген ынтасын арттыруға септігін тигізеді.

 


Дата добавления: 2015-08-09; просмотров: 669 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Инвестициялық жобалардың тимділігін бағалау әдістері NPV және JRR критерийлерін салыстыру | ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫҢ МӘНІ, МАҚСАТЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ | Инвестицияның экономикалық мәні мен түрлері | Инфляция: себептері, типтері, нысандары және әдістері | Капитал жұмсалымдарын таңдау критерилері. Инвестициялық жобалардың тимділігін бағалау әдістері | Капитал құны. Компания капиталының құнының түрлері. | Капитал құрылымының теориясы: Модильян Миллер үлгсі. Фирма капиталының оңтайлы құрлымдарын анықтау | Кәсіпорын банкроттығының түсінігі, белгілері, түрлері. Қаржылық дәрменсіздік факторларының сыныпталуы. | Кәсіпорынды басқару жүйесінде қаржылық менеджменттің рөлі және орны | Компания құны және құндылыққа бағдарланған менеджмент |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Компаниялардың дивидендтік саясатын әзірлеу тәсілдері және оны қалыптастыру| Корпорацияларды қайта ұйымдастыру: қосылу, сатып алу, бөлшектеу, банкроттық және жою

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)