Читайте также:
|
|
Қаржылық жоспарлау – бұл қаржылық механизмнің қосалқы жүйесі, сана-
лы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі жəне əлеуметтік-экономикалық
жоспарлаудың құрамды бөлігі. Ол экономиканың үйлесімді жəне тепе-теңдік да-
муына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының
қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз
етуге, халықты əлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың
өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материалдық-заттай элемент-
теріне ақшамен қауыштырылған бөлудің қоғамдық ұдайы өндіріске белсенді
ықпал жасауына ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігіне байланысты
ақшалай нысанда жүзеге асырылады.
Қаржылық жоспарлаудың мазмұны экономикалық субъектілердің ақшалай
табыстар мен қорланымдарды жасау, бөлу жəне қайта бөлуді экономикалық
үдерістермен оңтайландырудың күні бұрын анықталған мүмкіндік ретінде көрінеді
жəне осының негізінде орталықтандырылған жəне орталықтандырылмаған
ақшалай қорларды қалыптастыру жəне пайдалану.
Қаржылық жоспарлаудың объекті шаруашылық жүргізуші субъектілер мен
мемлекеттің қаржылық қызметі, ал қорытынды нəтижесі қаржы жоспарлары мен
қаржыландырудың дара жоспарларынан бастап мемлекеттің жиынтық қаржы
жоспарына дейінгі қаржы жоспарларын жасау болып табылады. Əрбір жоспар-
да белгілі бір мерзімге белгіленген кірістер мен шығыстар, қаржы жəне кредит
жүйелерінің буындары мен байланыстары анықталады.
Қаржылық болжау – мемлекеттің мүмкін болатын қаржы жағдайын ал-
дын ала көре білу, қаржы жоспарларының көрсеткіштерін негіздеу (дəлелдеу).
Болжамдар орташа мерзімді (5-10 жыл) жəне ұзақ мерзімді (10 жылдан астам)
болуы мүмкін. Қаржылық болжау қаржы жоспарларын жасау стадиялары-
нан бұрын болады, қоғам дамуының белгілі бір кезеңіне арналған қаржылық
саясаттың тұжырымын жасайды.
Қаржыны жоспарлау (болжау) белгілі əдістердің көмегімен жүзеге асырыла-
ды, олардың қатарына жататын ең маңыздылары мыналар:
1. Есеп-қисаптық-талдамалық əдіс. Оның мағынасы қаржылық көрсеткіштерді олардың динамикасын белгілеу негізінде анықтауда болады. Есеп-қисаптар есепті кезеңнің жетістіктері жəне оларды өсудің немесе төмендеудің салыстырмалы тұрақты қарқынына түзету негізінде жүргізіледі. Мұндай тəртіптің айтарлықтай кемшіліктері бар:
-мүмкін болатын ішкі шаруашылықтық резервтерді анықтауды есепке алмайды;
-материалдық жəне ақшалай ресурстарды пайдалануға теріс əсер етеді, өйткені жоспарланатын кезеңде олардың көлемі қол жеткен деңгейге қарай анықталады.
2. Сараптық бағалаулар əдісі жоспарлау объектісінің жай-күйінің параметрлерін анықтау үшін аса білікті мамандардың – сарапшылардың тəжірибесін пайдалануды қажет етеді.
3. Нормативтік əдіске сəйкес жоспарлы қаржылық көрсеткіштер белгіленген нормалар мен нормативтердің негізінде есептеп шығарылады.
4. Баланстық əдіс шығындардың оларды жабу көздерімен үйлесушілігін, қаржы жоспарларының барлық бөлімдерінің, сонымен бірге өндірістік жəне қаржылық көрсеткіштердің өзара үйлесуін қарастырады. Қаржы балансының талаптарын сақтау кəсіпорынның, саланың, бюджеттердің, бүкіл ұлттық шаруашылықтың шығындары мен табыстарының арасында үйлесімсіздіктің пайда болуынан сақтандыруға; ұлттық шаруашылықты дамытудың қажетті қарқындары мен үйлесімдерін анықтауға; ішкі резервтерді жұмылдыруды ескере отырып оларды жан-жақты негіздеуге мүмкіндік береді.
5. Бағдарламалық мақсатты əдіс əр түрлі деңгейлерде – жалпыұлттық, салалық, бастапқы деңгейлерде жүзеге асырылатын ғылыми-техникалық бағдарламалар негізіндегі қаржылық болжау əдістерінің бірі ретінде рынок жағдайларында дамып отыр. Қаржылық бағдарламалау – бағдарламалық- мақсатты əдісті пайдаланатын қаржылық жоспарлау əдісі, оның негізіне айқын тұжырымдалған мақсаттар мен оған жету құралдары қойылған: басымдықтарды белгілеу, қаражаттарды жұмсаудың тиімділігін арттыру, баламалы нұсқаны таңдауға сəйкес қаржыландыруды тоқтату.
6. Экономикалық математикалық əдістер ЭВМ-ді пайдалана отырып есеп-қисаптардың көп нұсқалылығы жағдайларында ең жақсы шешімдерді таңдау үшін қолданылады.
Дата добавления: 2015-08-09; просмотров: 266 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің нысандары және әдістері | | | Й шаруашылықтарының қаржысы және олардың сипаттамасы. |