Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азақстан республикасында заңсыз миграцияның проблемалары.

Читайте также:
  1. Азақ тілі. Қазақстандық қоғамды қалыптастыруда тілдік тұлғаның рөлі
  2. Азақстан Республикасындағы миграциялық саясаттың кейбір мәселелері.
  3. Азақстан Республикасының миграция саясаты
  4. Азақстандағы жобалық қаржыландырудың дамуы
  5. Азақстандағы тікелей шетел инвестициялар, оның экономикадағы рөлі және орны
  6. Пән: Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы

Қазақстанда пайдаланылатын шетелдік жұмыс күшінің белгілі бөлігі заңсыз мигранттар. Олардың арасында маусымдық жұмыстарда істейтін біліктілігі төмен адамдар басым. Осы тұрғыда елімізде заңсыз миграция шешімін таппай отырған мәселе болып табылады. Заңсыз миграция әлемнің барлық аймақтарына тән үрдіс және қазіргі кезде қауіпсіздікті қамтамасыз етуде бірден-бір қауіп, кедергі ретінде саналады. Мақалада Қазақстандағы заңсыз миграция және оның әлеуметтік- экономикалық проблемалары оның қоғамға тигізетін әсері қарастырылған.

шетелдік қызметкерлер – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген немесе жұмыс берушілер тартатын көшіп келушілер;

бизнес көшіп келушілер - ҚР-ның заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында келген көшіп келушілер;

маусымдық шетелдік қызметкерлер – климат немесе өзге де табиғат жағдайларына байланысты белгілі бір, бірақ бір жылдан аспайтын кезеңнің (маусымның) ішінде атқарылатын маусымдық жұмыстарды орындау үшін жұмыс берушілер жұмысқа тартатын көшіп келушілер

Бұған қоса Қазақстанда пайдаланылатын шетелдік жұмыс күшінің белгілі бөлігі заңсыз мигранттар. Олардың арасында маусымдық жұмыстарда істейтін біліктілігі төмен адамдар басым. Осы тұрғыда елімізде заңсыз миграция шешімін таппай отырған мәселе болып табылады. Қазақстанда заңсыз жүрген мигранттардың саны бейресми ақпараттар бойынша бір миллионнан асып жығылады. Аталған сан одан да көп болуы әбден мүмкін. ҚР «Ұлттық қауіпсіздік туралы» Заңында: «Миграция ағымының бақылаудан, реттеуден шығып кетуі ұлттық қауіпсіздікке төнуі мүмкін қатер» екендігі жазылған.

Ал заңсыз миграцияның бірден –бір себептерінің бірі арзан жұмыс күшi арқылы қаржы үнемдеу болып табылады. Әртүрлi мәлiметтер бойынша, импорттаушы мемлекеттерде еңбек мигранттарының 60-70 пайызы заңсыз түрде жұмыс iстейдi, миграция ұйымдарында гастарбайтерлердiң бестен бiрi ғана ресми түрде тiркеледi.Көші-қон жағдайларына байланысты орын алатын заң­сыздықтар көлемі де артып келеді. Олардың 90 пайыздан астамы ел аумағына заңды түрде кіреді. Мемлекеттің Өзбекстанмен, Ресей Феде­ра­циясымен шекаралас өткізу бекеттері арқылы заңды түрде қолдарына миграциялық карточкасын алады. Бұл жердегі заңсыздықтар олардың келгеннен кейінгі не­мен айналысатындығына бай­ланысты. Келу мақсат­тары жеке шаруамен, қонаққа деп келеді, бірақ, келгеннен кейін бұл жерде заңсыз жұмыс істеумен айналысатындар басым. ІІМ –нің статистикалық мәліметтерне қарасақ, жеке шаруасыман келетіндердің саны жұмыс мақсатымен келетіндер санынан әлдеқайда көп. Алайда 2006 жылғы жүргізілген жаппай заңдастыру барысында жеке шаруасымен келушілердің басым бөлігі елге келгеннен кейін жұмысқа тартылған. 2011 жылы ішкі істер органдарында 1 млн. 354 мың 247 шетелдік тіркелді, оның ішінде 1 млн. 196 мың 199 адам шығу мақсаты ретінде «жеке істері бойынша» санатты көрсеткен, бұл ретте олардың көбісі заңсыз еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шығады [3]. Біздің қазіргі шешілмей, түйіні табылмай тұрған басты мәселеміздің бірі осы. Төменде 1-кестеде, 2009 жылы Қазақстанға уақытша келген шетел азаматтарының келу мақсаттары жайлы мәлімет көрсетілген.

Қазақстанға келетін иммигранттардың ішінде (әсіресе заңсыз келетін) Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және ТМД елдерінің өзге де елдері басым. Алайда 1-кестеден көріп отырғанымыздай, бұл елдерден келетіндердің көп бөлігі келу мақсатын жұмысқа емес, жеке шаруамен деп көрсеткен. Ал елімізде заңсыз жұмыс істейтіндердің негізгі бөлігі ТМДелдерінен келеді. Яғни, ТМД елдерінен жеке шаруасы бойынша келетіндердің басым бөлігі заңсыз мигранттар болып табылады. Елімізге келетін еңбек мигранттарының негізгі күші - ТМД елдерінен, Түркия және Қытай мемелкетінің азаматтары. Олардың еңбекке деген қабілеттігін жас мөлшерін анықтайтын болсақ, ер адамдардың – 18 жастан 59 жасқа дейін, ал әйел адамдар ішінен – 20 жастан 47 жас мөлшер аралықты құрайды. Көбінесе, еңбек мигранттары көктем-жаз мезгілдерінде 3 айдан 6 айға дейін пайда табу мақсатында жұмыс істеуге келеді. Бұның басты себебі елдер арсындағы әлеуметтік –экономикалық алшақтыққа келіп тіреледі. Яғни, еңбек мигранттарының тұрғылықты жерінен басқа жерге еңбек етуінің, кетуіне себеп болғаны: ол өз елдің ішіндегі жұмыссыздық мәселесі, халықтың әлеуметтік жағдайының төмендігі, экономикалық саласында мемлекет бюджетінің қаражат айналымының төмендеуі, осының барлығы басқа елге пайда табу мақсатымен кетуге итермелейді. Біздің еліміздің Орта Азиядағы өзге мемлекеттер­мен салыстырмалы түрде алып қарағанда экономикалық деңгейі жоғары. Сол себепті, көршілес Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мемлекеттерінің азаматтары қаражат табу мақ­сатында Қазақстанға келіп жұмыс жасап жатыр.Енді осы елдердегі ЖІӨ-нің жан басына шаққандағы үлесі бойынша салыстырып қарасақ:

Осы көріп отырғанымыздай Ресей және Қазақстан ЖІӨ-нің жан басына шаққандағы үлесі бойынша көшбасшы орында, сәйкесінше бұл елдер ТМД елдері арасында мигранттардың оның ішінде заңсыз мигранттардың орталығы болып табылады. Ал донор елдер болып табылатын Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан азаматтарының қаржылай аударымдары өз елдерінде ЖІӨ көлемінің айтарлықтай бөлігін құрайды. Мысалы Тәжікстанда бұл 2009 жылы 35 %-ды құраған. 3-ші кестеде, Қазастандағы иммигранттардың ақшалай аударымдары көрсетілген

Жалпы Қазақстандағы шетел жұмысшыларының ақшалаай аударымдары көрсетілген. Ал олардың басым бөлігі ТМД елдерінің азаматтары.

Қазақстанда жүрген заңсыз табыс табуға тырысатын Өзбекстан, Тәжiкстан, Түркiменстан, Қырғызстан мен Қытай азаматтарын шартты түрде 3 топқа бөлуге болады: бiрiншiсi, күнде таңертең темiр жол, көлiк немесе басқа да транспорт түрiмен шекара маңындағы базарға жемiс-жидек пен көкөнiс әкелiп, кешке қарай үйлерiне қайта оралатындар. Екiншiсi, шопан, құрылысшы, егiн суғаратындар мен егiндi жинайтын маусымдық жұмысшылар. Үшiншiсi, ұзақ уақыттан берi Қазақстан аумағын мекен етiп, алыпсатарлық және басқа да кәсiпкерлiк түрiмен айналысатын шетел азаматтары. Қара күшiн жалға беретiн алғашқы екi топтағылар жұмыс берушiге тәуелдi болса, үшiншi топ керiсiнше, қазақстандық кәсiпкерлердiң басты бәсекелестерiне айналған әрi iшкi нарықтағы тұтынушылық сұранысты қанағаттандырып отырған тәуелсiз әрi заңсыз мигранттар [6].

КСРО ыдырағаннан кейін шекаралық бақылау әлсіздігінен ОА арқылы ары қарай Европаға ену трафигі кең таралды. Мемлекеттер жаңа миграция түрімен - заңсыз транзиттік миграцияға тап болды, Шығыс Европа мен ТМД елдері, оның ішінде ОА елдері транзит аймағы деп есептеледі. Оқшаулап ОА аймағын ғана алсақ, қазіргі кезде Қазақстан қабылдаушы-транзитті ел болып отыр. Сондықтан, тек ОА аймағын оқшаулап қарайтын болсақ, мемлекеттер келесі топтарға бөлінеді:

Реципиент-транзиттік-донор мемлекет – Қазақстан Донор-транзит мемлекеттер: Оңтүстік Азия (Иран, Пәкістан, Шри-Ланка, Ауғанстан), ОА (Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан), Қытай, Моңғолия, Африка елдері. Жоғарыда аталған донор –елдер Қазақстанды Европа, Ресейге транзит жолы ретінде пайдаланады.

Қазақстан арқылы өтетін заңсыз миграцияның транзит жолдары.Заңсыз миграция әлемнің барлық аймақтарына тән үрдіс және қазіргі кезде қауіпсіздікті қамтамасыз етуде бірден-бір қауіп, кедергі ретінде саналады. Мемлекеттердегі қатаң иммиграциялық заңнама мен квоталар жетіспеушілігі де адамдарды қоныс аударудың заңсыз түріне итермелейді. Аталған жағдайлар бүгінгі таңда өте өзекті заңсыз миграция мәселесін тудырады. Орталық Азия да осы үрдістен тыс емес, ОА елдері тәуелсіздікке қол жеткізген күнінен бастап, миграциялық мәселеге тап болды. Әсіресе Қазақстан транзит ел ретінде заңсыз миграцияның негізігі орталығына айналып отыр. Бұл өз кезегінде елдегі заңсыз миграциядан туындайтын қауіптердің туындауына алып келеді. Сонымен қатар Заңсыз миграцияның әлеуметтік-экономикалық проблемалары пайда болады.

Әлем тарихында миграция әсерінен тұтастай ұлттарды «қыспаққа» алып жаңа мемлекеттердің құрылғанын, белгілі бір титулды ұлттардың өз мемлекетінде үлес салмағы азайып, орнына өзге ұлттар басып алғанын факт келтірмей-ақ білеміз. Ал біздің мемлекеттің адамдық ресурсы мен көрші мемлекеттердің адамдық ресурсын салыстырып қарағанда, біздің мемлекет үшін миграциялық саясатты мықтап қолға алу керек. Мемлекет үшін ондай қауіп болмағанның өзінде заңсыз мигранттар саяси тұрақтылықты бұзуға,қылмыстың өсуіне, жергілікті халық пен мигранттар қайшылығын туғызуға, маргинал топтардың пайда болуына, ұлттық еңбек нарығындағы дисбалансты бұзуға т.б. проблемаларға алып келетін топ екендігін ғалымдардың зерттеулері мен халықаралық тәжірибе көрсетіп отыр. Осындай негативті феноменмен еліміз өзінің мүмкіндігінше күресіп жатыр. Бірақ, қаншама шара қолдансақ та осы күнге дейін заңсыз миграцияның көлемі азайған емес. Жалпы шетелден келетін мигранттар біздің елімізге барлық жағынан ықпал етеді. Бұл тұрғын халықтың әлеуметтік-экономикалық, демографиялық жағдайына оның ішінде салт-дәстүр мен тілге, халықтың этномәдени бірегейлігінің сақталуына қатты әсер етеді. Мысалы, заңсыз мигранттар тарапынан террористік не экстримистік қылмыстар жасалуы мүмкін, негізінен жасалатын қылмыстар ішінен адам өлтіру, ұрлық, тонау, есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату және т.б. сияқты қылмыстар жасалады.

Бүгінде осы заңсыз жүрген мигранттар елге келіп-кетушілердің арасынан криминологиялық қауіптілігі жағынан бірінші орында. Себебі, бұл өз елінде аса ауыр қылмыс жасаған, не түзеу мекемесінен қашып келген аса қауіпті тұлға болуы мүмкін. Заңсыз мигранттар өзіне пайдалану үшін есірткі заттарды, суық қару-жарақтарды дайындап немесе өзімен бірге алып келуі, тұрғын халық үшін қауіптілігі мол. Еңбек және заңсыз қашып жүрген мигранттардың қылмыс жасауына түрткі болған басты мотиві болып, бұл жұмыс берушінің айлық ақысын төлемеуі, жұмысшының тұрғылықты жерінің әлеуметтік нормалар талаптарына сай болмауы, қоғамның теріс көзқарасы, маскүнемдік пен нашақорлық, бұрын жасалған қылмысының жалғасуы және суық қаруды иеленуі, осының барлығы жаңа қылмыстарды жасауға алып келеді.Елге өз бетінше келген мигранттар, келген сәтінен бастап, мигрантардың тұрғылықты тұрақталуға немесе жұмыс орынды табу кезінде арнайы қиындықтар кездеседі. Еңбек мақсатымен келген мигранттардың ішінен әйелдерге жұмыс орнын таба алмау әсерінен, көбінесе жезөкшелікпен айналысады. Оның қоғамға деген қауіптілігі, бұл денісау адамды соз ауруын, адамның иммун тапшылығын вирусын жұқтыруы және т.б. түрлі ауруларды таратады. Өкінішке орай, жезөкшелермен күресу нәтижесіз болып отыр. Оларға қарсы қылмыстық заңда жезөкшелікпен айналысқаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделмеген.

Қазақстан көші-қон департаментінің ресми мәліметі бойынша 2010 жылы миграция полициясына 1 миллион 200 мыңдай шетелдік тіркелсе, олардың 100 мыңы әртүрлі әкімшілік тәртіп бұзғаны үшін заңға тартылып, 75 мыңы тек көші-қон туралы заңды бұзған екен. Тіпті, 9800 адамды республикадан аластатуға тура келген көрінеді. Ал 2011 жылы миграциялық заңды бұзғаны үшін 146 мың 207 шетелдік жауапкершілікке тартылған.

ҚР –на уақытша келген шетел азаматтарының әкімшілік жауапкершілікке тартылғандары мен елден шығарылғандары жайлы мәлімет, 2009 ж.

Жалпы соңғы бес жылдың көлемінде Қазақстанға сырттан келген жұмысшылар саны 3 еседен астам өсті. Бір ғана Астана қаласына келген 1 күннің ішінде мигранттардың қылмыстық жауапқа 73%-ы тартылса, ал екінші тәуліктен кейін 2,7%-ы, 2%-дай төрт, не алты тәуліктен кейін жауапқа тартылған. Астана қаласында жүргізілген зерттеуге сәйкес жасалған қылмыстардың 30,6%-дай мигранттардың қатысы болған. Оның орташа ауырлықтағы қылмыстары- 18,7%-ы, ал 11,7%- ауыр қылмыстарға, 11,2%- аса ауыр қылмыстарды жасаған үшін қылмыстық жауапқа тартылған.

Соңғы жылдары шет ел азаматтары арасында адамның иммунитет тапшылығы вирус инфекциясы (АИТВ-инфекциясы) тіркелуінің көрсеткіш­тері де жылдан-жылға өсуде. Атап айтқанда Оңтүстік Қазақстан облысында 2006 жылы тіркелген АИТВ жұқтырғандардың ішінде шет ел азаматтарының үлесі 2,3 пайыз болса, 2008 жылы бұл көрсеткіш – 7,3-ке, ал 2009 жылы 11 пайызға жеткен [10]. Бір ғана Оңтүстік Қазақстан облысында АИТВ-инфекциясымен тіркелген шет ел азаматтарының басым бөлігін Өзбекстандықтар құрайды. Одан кейінгі орындарда Ресей, Түркіменстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Украина, Қы­тай, Ауғанстан республикаларының азаматтары тұр. АИТВ-инфекциясымен анықталған шет ел азаматтарының ішінде 47,2 пайыздан астамы – инъекциялық есірткі тұтыну­шылар. Ал соңғы уақытта тән саудасымен айналысатын шет ел азаматшалары арасында АИТВ-инфекциясының тіркелу көрсеткіштері өсуде. Бүгінгі таңда Қазақстанға тек тұрақты мекен-жайға келген шетел азаматтары АИТВ-инфекциясына тестілеуден өтуге міндетті. Ал уақытша келгендер (заңсыз, жасырын миграция) АИТВ-инфекциясына толық тексерілмеуде, себебі Заңда ерікті тестілеу ғана көрсетілген.

Жоғарыда көрсетілген жағдайлар негізінде және АИТВ-инфекциясы таралуын төмендету мақсатында көшіп-қонушы шетел азаматтары арасында АИТВ-инфекциясының таралу деңгейіне зерттеу жұмыстары жүргі­зілуді қолға алу керек. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығында, құрылыс жұмыстарында, базарларда еңбек етіп жүрген, көші-қон полициясы басқармасында тір­келмеген шетел азаматтарын анықтау, сауалнама жүргізу, АИТВ-инфекциясына тестілеуден өткізу, АИТВ-инфекциясы, оның берілу жолдары және алдын-алу шаралары туралы ақпараттық-оқыту жұмыстарын жүргізу қажет және ол тегін жүргізілуі керек.

Келуші әртүрлі мигранттар контингенті, сол қаланың немесе ауданның криминологиялық ахуалына ықпал етеді. Мысалы, еліміздің Алматы,Астана және басқа да мигранттар көп келетін қалалардың базарларында, дүкендерде коммерциялық тұрғыда еңбек етуге келген сауда мигранттары, әр түрлі заттарды, бұйымдарды, киім-кешекті, тағам өнімдерін және заңмен тиым салған дискілер және т.б. заттарды әкеліп сатуда. Олар Қытайдан, Қырғызстан, Өзбекістаннан арзан бағаға сапасыз заттарды көлікке жүк артуы арқылы не экономикалық контрабанда түрінде тасымалдайды. Еліміздің сауда нарығындағы сапасы жағынан емес, саны жағынан көбейіп жатқан коммерциялық айналымда жүрген сауда мигранттардың тауарларының шектен шығуына байланысты, олар жергілікті тауар өндірушілерге сенімді бәсеке болуда. Сондықтан, коммерциялық айналымнан түскен пайда қаржының барлығы, кең көлемде басқа шет елдердің қаржылық бюджетінің қорына түсуде. Мұның барлығына экономикалық базисына мониторинг жасап бақылауды жүргізбесек, бұл жергілікті әлеуметтік-экономикалық, қаржы айналым жүйесінің қызмет етуін нашарлатып, аймақтық саяси және экономикалық қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін.

 

Тауар не ақша айналымы, сауда мигранттардың тауар әкелу жолы бойында немесе келген жергілікті пункті бойынша, оларға қарсы шабуыл жасауға тұрақты жергілікті бандалық топтар құрылады. Бұл кезде сауда мигранттары өздері қылмыстың құрбаны болады.Құрылған тұрақты бандалық топтар, қару-жарақты пайдалануымен қылмыс әрекетін жүзеге асыру барысында сауда мигранттардың тауарға ғана емес, сонымен бірге олардың өміріне, денсаулығына, бостандығына дейін қастандық жасалады. Олар тарапынан қарақшылық, тонау, қорқытып алушылық, адам өлтіру, адамды кепілге алу, зорлау және т.б. қылмыстар түрлері жасалады. Көбінесе, бұл қылмыстар латентті болып көрінеді. Себебі, сауда мигранттарының тауарлары заңсыз болғандықтан, қайтадан өзіне қауіп төндіруден қорқыныш сезімімен құқық қорғау органдарына хабарламайды. Сондықтан, бұл қылмыстар өзінің реті бойынша интерференциялық тұрғыда қайталана береді. Ал осы мәселемен күресте жылда мемлекеттік бюджеттен қомақты қаржылар бөлінеді. Мысалы: Маңғыстау облысында Қазақстанның аумағына келу тәртібін бұзған шетелдік азаматтарды шығарып жіберу туралы шығарылған сот шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатымен 2012 жылдың бюджетінен 1 млн. 350 мың теңге қаражат бөлінген. Бұл ақша заңның сақталуын қамтамасыз ету мақсатында бөлінген болатын. Бірақ, көші-қон полициясы заңсыз келген азаматтарды шығарып жіберу шараларына бар-жоғы 100 мың теңге ғана жұмсапты [11]. Осындай жөнсіздіктердің кесірінен бюджет қаржысы босқа кетіп жатыр. Бұл жағдаймен күресте мемлекеттік тиісті органдар бірігіп жұмыс атқаруы керек. Заңсыз миграциямен күресу шаралары мықтап қолға алйнуы тиіс.

Заңсыз миграция әлемнің барлық аймақтарына тән үрдіс және қазіргі кезде қауіпсіздікті қамтамасыз етуде бірден – бір қауіп, кедергі ретінде саналады. Заңсыз миграция оған қатысушы мемлекеттер арасында көптеген қайшылықтар туғызуда. Қазіргі кезде, заңсыз жүрген мигранттармен күресу бір жолы ретінде жедел профилактикалық іс-шаралар өткізілуде. Олардың заң бұзу фактілерін анықтау мақсатында, құқық қорғау органдары арнайы операцияларды жүргізеді. Оларды атап өтетін болсақ, «Мигрант», «Нелегал», және т.б. жедел профилактикалық іс-шарасы тұрақты түрде жүргізіледі. Мысалы, 2006 жылы мигранттарды жаппай заңдастыру процесі жүрді. Мамандар іс-шара барысында 100 000 мигрантты заңдастырамыз деп болжаған. Нәтижесінде 2007 жылдың 9 қазанға дейін 142941 шетел азаматынан арыз түссе, соның 141950 заңдастырылған. Заңдастырылған мигранттардың басым көпшілігі келесі мемлекеттердің азаматтары болып табылады: Өзбекстан азаматтары - 101743 (71,7%); Қырғызстан азаматтары – 19 854 (13,9%); Ресей азаматтары - 9494 (6,6%); Тәжікстан азаматтары – 4111 (2,9%); өзге мемлекеттердің азаматтары 6 749 (4,7%). Мигранттардың басым көпшілігі құрылыс (95943), қызмет көрсету (18 399) мен ауыл шаруашылығында (12965) жұмыс жасаған [12]. Бұл – кезекті бір реттік акция. Мұндай күрес шаралары ұзақ мерзімді нәтиже бермейді, тек заңсыз миграцияны бір маусымның көлемінде ғана шешуі мүмкін. Заңсыз жүрген мигранттарды депортациялау, яғни өз еліне қайтарудың өзі үлкен мәселе. Алайда құқық қорғау органдары мигранттың өзінің қаражатына шығару процесін жүргізеді, ал егер де өзінің қаражаты болмаса, соттың шешімі бойынша мемлекет бюджетінен бөлінген қаражаттың есебінен депортацияланады. Ал заңсыз миграциямен күресте

Заңсыз миграцияның ағымына бақылау жасауда бірқатар осы типтес шаралардың қолданылып жатқаны белгілі, алайда бұлардың барлығы толық нәтиже көрсете бермейді. Сондықтан Еңбек мигранттарына қатаң бақылауды қазірден бастап қолға амасақ елдегi криминогендiк, санитарлық-эпидемиологиялық күрделі жағдай туындауы мүмкін. Заңсыз еңбек миграциясы бюджет салықтарының толық түспеуiне, сонымен қатар iшкi еңбек рыногының өзгеруiне де керi әсерiн тигiзуде.Халықтың өсуінің әлеуметтік-экономикалық проблемалары және атап айтқанда көші-қонда, барлық дамыған мемлекеттердің негізгі мәселелердің қатарында тұр. АҚШ, Канада, Австралия және бірқатар Еуропалық мемлекеттер сияқты елдер қазіргі уақытта келуші шетелдік азаматтар бөлігінде ерекше селективтік көші –қон саясатын жүргізуде. Көші-қон саласында күрмеуі қиын мәселелер ұлттық қауіпсіздігімізге қатысты алаңдаушылықты тудырады. Бүгінгі таңда батыс елдері шеттен келетін жұмыс күшіне талапты күшейткен, Ресей де дағдарыс жылдары мигранттар санын едәуір азайтты. Ал, Ұлыбритания елі гастарбайтерлердің жолына кедергі бола­тын балдық жүйені енгізді. Онда ағылшын тілін білу міндеттелген. Оған қоса, жоға­ры білім мен кәсіби біліктілік те қажет. Испания бірінші болып мигранттарға қатысты әлеуметтік жоба дайындаған ел болды. Қазақстанға Ресейде қолданылатын еңбек патенттерін беру жүйесі аса қолайлы болып табылады. Ресейде жеке тұлғаларда жалданатын жұмыс күшіне еңбек патенттері беріледі. Ол шетелдікке еңбек мигрантына Ресей миграция қызметінің аумақтық бөлімшелері арқылы беріледі. Патент шетелдік жұмысшы 1000 рубль төлегені туралы түбіртек көрсеткенде ғана беріледі. Бұл 1 айдан 3 айға дейін жарамды болады, сосын оны 1 жылға ұзартуға және төлем жасайды.


 


Дата добавления: 2015-08-09; просмотров: 950 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Азақстан Республикасындағы миграциялық саясаттың кейбір мәселелері.| Разрушение Светильников

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)