Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азақстан Республикасының миграция саясаты

Читайте также:
  1. Азақ тілі. Қазақстандық қоғамды қалыптастыруда тілдік тұлғаның рөлі
  2. Азақстан республикасында заңсыз миграцияның проблемалары.
  3. Азақстан Республикасындағы миграциялық саясаттың кейбір мәселелері.
  4. Азақстандағы жобалық қаржыландырудың дамуы
  5. Азақстандағы тікелей шетел инвестициялар, оның экономикадағы рөлі және орны
  6. Внутренняя миграция населения в современной России

Жоспары

Кіріспе............................................................................................................3

1.Қазақстан Республикасының миграция саясаты.....................................4

2.Қазақстан Республикасындағы миграциялық саясаттың кейбір мәселелері...............................................................................................................12

3.Қазақстан республикасында заңсыз миграцияның проблемалары..16

Қорытынды..................................................................................................24

Пайдаланған Әдебиеттер...........................................................................25

Кіріспе

Қазіргі замандағы жаһандану бұл жұмыстың ішінде миграцияның конфликтогендік потенциалынада көп көңіл бөлінген,Осыған орай, күллі мемлекеттердің алдында тұрған актуальдық проблема ол Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы бір мезетте донор–мемлекет және раципиент–мемлекет Бүгінгі таңдағы миграциялық саясаттың ерекше проблемаларының бірі – құқықтық Қазақстанның 2009-2011 жылдарға арналған «Еуропаға жол» атты жұмыстың мақсаты: Қоғамдағы әлеуметтік көші – қон жұмыстың міндеттер.

Әлеуметтік көші-қон мәселесін теоретикалық зерттеу; Тәуелсіз Қазақстандағы көші-қон мәселесінің тарихы мен қазіргі таңдағы жағдайына Қазақстандағы көші-қонды реттеу жұмыстарын қарастыру.
жұмыстың зерттеу объектісі: қоғамдағы миграция процесіндегі мәжбүрлі көшіп-қонушылар мәселесі. Миграция қоғамның дамуына өте үлкен ықпал етеді. Бүгінгі таңдағы Осы процестің жылжуына 1948 жылы қабылданған «Адам құқықтарының жалпы. Әрбір адамның еркін қозғалуына және кез келген мемлекеттің негізінде әрбір адамның кез келген мемлекетті, сонымен қатар өз мемлекетін аталмаш құжат қабылданған соң, бұл құқық көптеген халықаралық Қазақстан Республикасы аумағында заңды түрде әрбір адамның, заңда арнайы.Әркімнің Республикадан тыс жерлерге кетуіне құқығы бар. Республика азаматтарының. Еліміз егемендігін алып, халықаралық қауымдастық деп аталатын ұлы мұхитқа Еліміздің сонау ғасырлар қойнауында жатқан өткені мен бүгінгі тәуелсіздік Біз өз тарихи отанымызда ежелден бері қоныстанып отырған түп. Біз әлі өркениетті ұлт ретінде толық қалыптасып, етек – қоғамдағы көші – қон үрдісі аумағындағы мәселелерді шешу мемлекеттік Қазақстандағы 20–ғасырдың 90–жылдарындағы бірден қиындаған демографиялық жағдай. Қазақстаннан халықтың көшіп – қонуы масштабтылығы немесе айқын құраушы деңгей бойынша эмигранттардың республикадан кету анализі олардың жартысынҚазақстан Республикасындағы көшіп-қону саясатының ерекшілігі мемлекеттің көп ұлтты болуымен.

 


 

азақстан Республикасының миграция саясаты

 

Миграция ерекше феномен ретiнде ғылыми бөлiнiсiнен бастап, әйтеуiр бiр контекстiде - экономикалық немесе әлеуметтік, тарихи немесе мәдени, демографиялық. немесе этникалық тұрғыдан қарастырылып келген едi. Бұл кездей соқтық емес. Өйткенi, миграциялық процестер бiр жағынан, бiр немесе бiрнеше қоғамда болып жатқан өзгерiстермен тығыз байланысты және осы мағынада алғанда оның әржақты дамуының өлшемi болады, яғни бұлар - саяси, этноәлеуметтiк, еңбек нарығындағы жағдай, тағы басқалар. Екiншi жағынан, өзара сандық қана емес, сапалық қатынаста да (мәселен, әлеуметтiк-демографиялық және этномәдени сипатымен) ерекшеленген әр түрлi миграциялық ағымдар өте күрделi және осы себептен ол донор мен реципиент қоғамдардың да жағдайына ықпал етедi.

Қазiргi әлемдегi жаһандану процесiне байланысты Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі контекстiндегi миграциялық саясаттың қалыптасуы мәселесi өте өзектi. Өйткенi, елiмiздiң саяси режимiндегi және әлеуметтік-экономикалық құрылымындағы өзгерiстер жаңа миграциялық жағдайдың пайда болуына әкелді. КСРО-ның ыдырауына орай одақ iшiндегi болатын миграциялық процестер трансшекаралыққа айналды. Мәжбүрлi қоныс аударушылар мен «босқындардың» саны да артуда. Әсiресе, «жақын» және «алыс» шет елдерден келетiн жұмыс күші мигранттары, яғни гастарбайтерлер елімізде көбеюде,ал бұлар бiздiң қоғамымызда бiртiндеп «бесiншi бағанды» қалыптастыруда. Себебi олар мәдени жағынан да, менталитетi жағынан да бiзге бөтен болғандықтан, қоғамымыздағы қалыптасқан этномәдени тепе-теңдiктiң бұзылуына, шикiзаттар үшін күрестің өршуiне әкелiп, жаңа конфликтiлердiң пайда болуына әсерiн берерi сөзсiз. Ал уақыт өте келе дұрыстап орнығып алған соң, олар Қазақстандағы саяси және әлеуметтік жағдайға жүйелi түрде ықпал ете бастайды. Өткені Қазақстандағы барлық тұрғын халықтың саны бар болғаны 15 миллион ғана. Егер де Қазақстанға әр түрлi елдерден мигранттар келе беретiн болса, бiраздан соң бiз өзi үйiмiзде тұрып жатып-ақ пәтер жалдаушының кейпiне енгенiмiздi байқамай қалуымыз мүмкін. Осы айтылғандарға байланысты миграцияның жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттiң қауiпсiздiгiне қатер төндiруi сөзсiз, бұл проблеманы зерттеудiң өзектiлiгi осыдан да көрiнедi.
Қазақстан Президентi Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан-2030» атты Қазақстан халқына жолдауында бүгiнгi дамуымыздың келеңсiз сипаттарының жетi осал жағын атаған болатын. Осының iшiндегi алтыншы осал жағымыз - кез-келген тұрғыдан қауiптi, ол - демографиялық өнiмсiздiгiмiз болып табылады. 1992 жылдан бастап соғыстан кейiнгi 50 жыл iшiнде тұңғыш рет бiздiң халқымыздың саны қысқара бастады, - дедi ол.

Өз кезiнде Ф. Вольтер «Елдiң байлығы оның тұрғындары мен олардың еңбегiнде», - деген едi. Бұл пiкiр Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың жоғарыда айтылған сөздерiмен үндесiп жатыр. Шындығында, тұрғын халқымыздың саны қысқара беретiн болса, ұлттық қауiпсiздiгiмiздi қалай қамтамасыз етемiз.
Елiмiздiң ресми түрде 1998 жылдың 26-шы маусымында қабылданған (2000 жылғы 28-шi сәуiрде өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген) «Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi туралы» Заңындағы Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне берiлген анықтамада: «ұлттық қауiпсiздiк - елдің ұлттық мүдделерiнiң шынайы және потенциалды қатерлерден қорғалу жағдайы», - деп атап өтiлген.
Н. Ә. Назарбаев өзiнiң «Қазақстан-2030» атты Қазақстан халқына жолдауында бiрiншi ұзақ мерзiмдiк басымдық ретiнде де осы ұлттық қауiпсiздiктi қояды. Қауiпсiздiктiң басымдығы анық: егер елiмiз қауiпсiздiгiн сақтамаса, онда тұрақты даму жоспарлары туралы сөз қозғауымыздың өзi қисынсыз, - дейдi ол. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «... ұлттық қауiпсiздiк басымдықтарының деңгейіне мықты демографиялық және көшi-қон саясаты шығарылуы керек. Егер бiздiң мемлекеттiк органдарымыз бұған бұрынғысынша немқұрайылықпен қарайтын болса, онда бiз ХХІ ғасырдың қарсаңында Ресейдiң артынан iле-шала адам саны сыртқы көшi-қон процестерiне ғана емес, табиғи жолмен кеми беретiн «демографиялық оппа» жағдайына тап боламыз, Бұл тенденция дереу тоқтатылуға тиiс», - деген едi.
Ал, 2004 жылдың 15 шiлдесiнде ҚР Статистикалық агенттiгiнiң төрағасы Кали Абдиев елiмiздiң бiрiншi жарты жылдықтағы әлеуметтiк-экономикалық дамуының қорытындысын шығара отырып: «Қазақстанда ең алғаш рет миграцияның он сальдосы +3286 тiркелдi. Яғни, кеткеңдерден Республикамызға келгендер саны басым түсті. Бұл жақсы бағыттың бастамасы», - деп мәлiмдедi. Миграциялық ағымдардың пайда болуы, өрiстеуi, барысы сияқты контекстiнiң аяғына дейiн жою мүмкін болған емес. Бұл ағымдағы әр көшiп-қонатын мигранттың өзiндiк ерекше қайталанбас жақтары бар. Мәселен, олар неге тұрғылықты жерiн тастап кету туралы шешiм қабылдайды, бұл шешiмдi қалай жүзеге асырады және келген жерлерiнде өздерiн қалай ұстайтындығы, т.с.с. Бiрақта осымен бiрге мыңдаған мигранттардың келу себептерi мен iстерiн жақындататын, әр түрлi уақыт ықпалына ұшырайтын, барлық жерде болатын объективтi «әлеуметтiк» факторлар да бар. Миграцияның қауiпсiздiгi мен қатынасын қарау «қырғиқабак соғыс» пен шынайы социализмнiң құлдырауынан және КСРО-ның ыдырауынан кейiн түсiнiктi болды. Бұл жағдайлардың салдары, бiр жағынан әлемде болған өзгерiстерге бара-бар қауiпсiздiктiң жаңа концепциясын әзiрлеуге деген талпыныстан болса, екiншi жағынан Шығыстан бақылаусыз.

Халық миграциясы-өзінің табиғи көрінісінің формасымен және салдарымен күрделі процесс.Ол басқа да әлеуметтік-экономикалық құбылыстармен өзара тығыз байланысты.Миграциялық процестер өндірістік күш дамуының салдары бола тұра бүкіл өндірістік қатынастар жүйесінің интенсивті дамуына ықпал етеді.Бұл көрініс тұрғылықты халықтың дамуынан байқалады.Миграциялық процестің өтуі интенсивті болған сайын халықтың әлеуметтік құрылымының әр түрлі аспектілеріне нақтылы өзгерістереніп,территориялық орналасу жаңарады. Миграция еңбек біліктілігімен және өндірістік тәжірибемен алмасуға жағдай жасап,тұлғалық дамуға,отбасы құрамына және жыныстық-жастық құрылымға ықпал етеді, халықтың әлеуметтік,салалық және кәсіби байланысты мамандардың жаңаруына әкеледі.

«Миграция» терминінің шығу төркіні-халықтың қозғалысын,көшіп-қонуын білдіреді.Бірақ,қазіргі кездегі бұл сөздің мағынасы айтарлықтай кең.Бұдан басқа да терминді өзінің сипаты бойынша салдарымен келісілген факторлардың бірдей еместігімен сипатталынатын құбылыстарды белгілеу үшін қолданылады.Халық миграциясы анықтамасына ең аз дегенде төрт түрлі көзқарасты бөліп қарастыруға болады.Олар төмендегідей:

Біріншіден,ең ауқымды ойлауға сәйкес миграцияға қоғамдық мағынасы бар халықтың қозғалыстарының барлық түрлерін жатқызуға болады.Мұнда тек кеңістікте қозғалуды ғана емес сонымен қатар мамандардың ағынын,олардың кәсіпорын ішіндегі қозғалысын,әлеуметтік қозғалысын және тағы басқаларын жатқызуға болады.Шынында да салалық кәсіби және басқада қозғалыстарды миграцияға жатқызуға болады,егер ол территориялық қозғалыспен байланысты болса.

Екіншіден,миграция ретінде халықтың,оның сипаты мен мақсатына байланыссыз кеңістіктегі барлық қозғалысы танылады.Бұларға халықтың бір елді мекеннен екінші елді мекенге қозғалысы,мекен ішіндегі және одан тыс жерлерге күнделікті жұмысқа немесе оқуға бару,сонымен қатар маусымдық жұмыстар,іс сапарларға шығу демалысқа кету және басқа да қозғалыстарды жатқызады.Кейбір зерттеушілер бір елді мекенін кеңістігі ішінде болатын қозғалысты жатқызуға болмайды дейді.

Үшіншіден,миграцияға тұрғылықты жерін тұрақты немесе уақытша ауыстыруға әкелетін елді мекендер арасындағы болатын қозғалысты жатқызады.Мұның құрамына бір елді мекеннен екінші елді мекенге жұмыс бабы бойынша қозғалуларды жатқызуға болмайды.

Төртіншіден,миграцияға территориялық қайта бөлінуге әкелетін халықтың кеңістіктегі қозғалу процесін жатқызады.Бұл жағдайда миграцияға кеңістіктегі қозғалысты жатқызу екі сипат бойынша анықталады:бір жерден екінші жерге ақиқатты көшуі және екі елде тұрақты жазылуына қарай.Мұнда тұрақты тұрғылықты жері мен жұмыс істеу орнының бірігуі болды.

Егер ішкі орналасуы бойынша қозғалысты қоспасақ халықтың кеңістіктегі қозғалысының негізгі төрт түрін бөліп көрсетуге болады.Оларға,эпизодикалық,маятникалық,маусымдық және қайтымсыз миграциялар жатады.Миграцияның бұл негізгі түрлері сипаттамалары бойынша және ондағы халықтың көздеген мақсаттары бойынша әр түрлі болып келеді.

Эпизодикалық миграция-бір бағытта және бір уақытта болмайтын үздіксіз жүзеге асырылмайтын іс-сапарлы және басқа да қайтымды қозғалыстарды сипаттайды.Егер іс-сапарларда жұмыс қабілеттігі бар тұлғалар қатысса,басқа да қайтымды қозғалыстарда қалған тұлғалар қатысады.Эпизодикалық миграция қатысушының құрамы әр түрлі болып келеді.

Маятниктік миграция-халықтың тұрғылықты жерінен басқа елді мекенде орналасқан жұмыс орындарына немесе оқу орындарына күнделікті немесе апталық қозғалыстары.Маятникалық миграция кең масштабта үлкен қалаларда жүзеге асырылады.

Маусымдық миграция-бұл еңбек қабілеттілігі бар халықтың тұрғылықты жеріне қайтіп келу мүмкіндігін сақтау негізінде бірнеше ай мерзімге басқа елді мекенге уақытша жұмыс және өмір сүру бойынша кетуі.Мұндай миграциялар экономикадағы өндіріс саласы басымдылық алған аудандарда жұмыс кезеңіндегі өндірістік маусымдық уақыттың аз болған жағдайында басқа елді мекендерден уақытша жұмыс күшін жұмылдыру кезінде болды.Себебі мұндай мұқтаждық жергілікті жұмыс күшімен қанағаттандырылуы мүмкін емес.

Қайтымсыз миграция-халықтың мұндай қозғалысы кезінде территориялық қайта бөлінуі жүреді.Миграцияның бұл түрі бір уақытта екі шартқа жауап береді.

Статистикалық бақылаудың жинақтаудың және топтаудың нәтижелерінде барлық жиынтық бірліктері бойынша және оның жеке бөліктері туралы көптеген мәліметтер алынады.Осы алынған мәліметтер өздеріне тән белгілеріне қарай бірнеше топтарға бөлінеді,өзара байланысты сандық көрсеткіштер жүйесімен сипатталады және статистикалық кестелер арқылы көрсетіледі.Жеке топтарды немесе барлық жиынтықты бүтіндей сипаттайтын сандық мәндер қорытындылаушы көрсеткіштер деп аталады.Мысалы,Республикамыздағы халықтың саны,өнеркәсіп орындарының өндірген өнімдерінің көлемі,әр гектардан түскен орташа өнімнің мөлшері және тағы сол сияқтылары жатады.

Статистикада қорытындылаушы көрсеткіштер өздерінің сандық мәндеріне қарай нақты (абсолютті),қатысты және орташа шамалар арқылы беріледі.Осының ішінде нақты шамалар жиі қолданылады және бастапқы түрі болып табылады.Ол статистикалық бақылау нәтижесінде жиналған мәліметтерді өңдеу,жинау және қосудан алынады.Осының негізінде,қатысты және орташа шамалар есептеледі.Сонымен бірге бұл көрсеткіштер нақты шаманың сандық өзгерістерін толықтырып отырады.Сол себепті әлеуметтік- экономикалық құбылыстар мен процестер туралы зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде нақты,қатысты,орташа шамалардың атқаратын рольдері өте жоғары және олардың сандық көрсеткіштері қорытынды жасау үшін жиі пайдаланады.Статистикалық нақты шамалардың ғылыми және тәжірибелік жұмыстардағы маңызы мен атқаратын ролі өте жоғары бағаланады.Себебі нақты көрсеткіштерді қолдана отырып,әрбір кәсіпорындар мен шаруашылықтардың,мекемелер мен ұйымдардың,ұжымдардың және тағы басқа әлеуметтік-экономикалық дамуына немесе кемуіне толық қорытынды жасауға мүмкіндік туады.Міне,осыған байланысты басқару орындарын жан жақты сипаттайтын мәліметтермен қамтамасыз етіп отырады және оның кемшіліктерін ашық көрсете алады.Бұл арнайы есептеу әдістерін қолдану арқылы жүзеге асырылады.Сондай ақ статистика мекемелерінде жұмыс істейтін мамандардың негізгі бір міндеті болып табылады.

Статистикалық ақты шамалар деп қоғамдық құбылыстар мен процестердің белгілі бір жердегі және уақыттағы мөлшерін,көлемін,аумағын,деңгейін сипаттайтын нақты сандық көрсеткіштерді айтады.Мысалы,топтағы студенттердің саны,белгілі бір уақыт аралығындағы өндірілген өнімнің көлемі және тағы басқалары.

Нақты шамалар өздерінің көрсеткіштерінің қолданылуына қарай жеке және жалпы немесе жиынтық қосындысы болып екіге бөлінеді.Жеке нақты шамалар жиынтықтың жеке бөліктерінің мөлшерін,көлемін өздеріне ғана тән сандық көрсеткіштер арқылы көрсетеді.

Жалпы нақты шамалар жеке нақты шамалрдың қосындысынан алынады.Мысалы,халық санағы кезінде республика бойынша жалпы халықтың саны алынады.Ол әрбір адамның жиынтығынан құралады.Жалпы нақты шамалар қоғамымыздағы болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістерін көрсететін жиынтық көрсеткіштер және оны күрделі зерттеу жұмыстарында пайдаланады.Олай болса,жалпы нақты шамалар статистикалық қорытындылаушы жинақтаушы көрсеткіш болып табылады.

Нақты шамалар қоғамдық құбылыстар мен процестердің табиғи негізін бейнелейді.Сол себепті зерттеліп отырған объектінің-әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты.

Миграцияның көлемдік көрсеткіштері миграцияның немесе мигранттардың абсолютті сандарынан тұрады.Бұл абсолютті сандар бір бірімен сәйкес келмеуі мүмкін,себебі қарастырылып отырған кезеңдердің ішінде бір адам бірнеше рет көшіп-қонуы мүмкін.Сондықтан миграция саны мигранттар санынан көп болады немесе тең болады,ешқашан кем болмайды.Ағымдағы статистикалық есепте қазіргі кезде келгендер мен кеткендердің саны шартты белгіленіп отыр,шын мәнінде сөз келгендер мен кеткендерде.Миграцияның негізгі көрсеткіштеріне мыналар жатады:

-келгендердің саны;

-кеткендердің саны;

-миграциялық өсу(немесе төмендеу)миграция сальдосы,таза миграция;

-миграция көлемі,жалпы миграция,брутто миграциясы;

Миграция көлемінің көрсеткіштері әр түрлі нышаналарына байланысты бөлінеді және топтастырылады(территориясы бойынша,уақыты бойынша,әлеуметтік-демография бойынша,бағыты бойынша)

Сыртқы миграцияға әсер ететін себептермен факторлардың арасында ең негізгісі мыналар:

-бұрынғы ССР құрамында болған барлық ұлт өкілдерінің әлеуметтік-саяси және ұлттық санасының оянуы;

-Қазақстан экономикалық жағдайын басқа мемлекеттермен салыстырғанда төмендігі;

-сыртқы миграцияда Қазақстанға келгендердің арасында қаэақтар саны басым.Олардың келуіне төмендегідей себептер мен факторлар әсер етеді:

-өзінің ұлттылығын сақтап қалуға ұмтылысы;

-басқа елдердегі әскери қақтығыстар нәтижесінде;

-тарихи отанына оралуына құштарлығы;

Негізінен Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық,құқықтық және экологиялық проблемаларына байланысты мигранттар басқа елдерге кетеді.Сыртқы миграцияда иммигранттардың санынан эммигранттардың саны басым,бірнеше есеге көп болуы мынандай себептермен байланысты;

-бағаның өсуі

-ұзаққа созылатын экономикалық тоқырау

-өмір сүру деңгейінің төмен болуы

-зейнетақы қамсыздандырудың анық еместігі

-жоғары және орта арнайы білім алудың қиындығы

-Қазақстанның көптеген региондарындағы ауыр экологиялық жағдай

-нормативтік заңдық жетілдірілмегендігі

-мемлекеттік құқық қорғау және фискалдық органдардағы сыбайлас жемқорлықтың жоғары деңгейі

Ал ішкі миграцияда:

-аграрлық сектордың құлдырау нәтижесінде ауылдық тұрғылықты жерлерден халықтың кетуі

-кіші және орта қалалардан әр түрлі салалардағы кәсіпорындардың тоқтауына байланысты адамдардың кетуі

-Семей полигонындағы және Арал өңіріндегі аймақтарындағы экологиялық жағдайлар себеп ретінде көрінеді.

Миграцияның үшінші функциясы-араласу функциясы.Бұның мәні әр түрлі әлеуметтік-демографиялық топтардың миграцияға тең емес үлесте қатысуының нәтижесінде әр түрлі территориядағы тұрғындардың сапалық құрамының өзгеруіне әкелуімен түсіндіріледі.Тәжірибе көрсетіп отырғандай еркектер және еңбек қабілеттілігі бар жастағы тұлғалар,әйелдер және еңбек қабілеттілігі жоқ тұлғаларға қарағанда миграцияға белсенділік қатысады.

Миграция функциялары жеке-жеке тәуелсіз бола тұра өзара тығыз байланысқан.Халықтың территориялық құрамының өзгеруіне сәйкес тұрғындардың қозғалушылығы болған жағдайда жүзеге асады.Тұрғындардың сандық қайта бөлінуі аудандардағы мигранттардың сапалық құрамының өзгеруімен қатар болуында болмауында мүмкін.Осыған сәйкес тұрғындардың интенсивті сапалық араласуы тұрғындардың сандық қайта бөлінуі нәтижесі айтарлықтай болмаса да бола береді.Миграцияның қозғалушылық,қайта бөлуі және араласу функциялары миграцияның әр түрлі түрлерінде әр түрлі сипатта болады.

Адамдардың территориялық қозғалысы бір елдің ішінде немесе елдер арасында жүзеге асуы мүмкін.Сондықтан миграцияның негізгі екі типін бөліп көрсетуге болады-мемлекетаралық және мемлекет ішіндегі.Мемлекетаралық миграция типі атауы айтып тұрғандай екі немесе оданда көп мемлекеттер арасындағы жүзеге асатын миграция.Мемлекет ішіндегі миграция дегеніміз-халықтың бір мемлекет ішінде аудандар арасында,қалалар арасында,ауылдар арасында және әр түрлі аумақтар арасындағы миграция.

Бұл қозғалулар мемлекеттік шекарадан аспайтын болады ішкі миграцияға сол мемлекеттің халқы,өздерінің азаматтығын ауыстырмай қатысады халықаралық тәжірибеде пайдаланылатын статистикалық стандарттармен салыстырымдылығын қамтамасыз етуге міндетті.

Халықтың миграциясы-тұрғылықты адамдардың бір аумақтан екінші аумаққа(елге,облысқа,қалаға,ауданға т,с,с)мекендерін ауыстыруға байланысты орналасуы.Мигрант-миграция процесіне қатысушы адам.Әрбір мигрант кеткен аумағы жөнінде көшіп келуші болып табылады.Келушілер саны-есепті мерзімде сырттан осы аумаққа көшіп келген адамдар саны.Кетушілер саны-есепті мерзімде сыртқа осы аумақтан көшіп кеткен адамдар саны.

Миграция сальдосы-есепті мерзімде аумаққа көшіп келгендер саны мен одан көшіп кеткендердің саны арасындағы айырмашылық.Ол теріс мәнді болуы мүмкін,егер кеткендердің саны артық болса.Егеменді Қазақстан Республикасының миграциялық саясат саласындағы негізгі ілімі өткен тарихи жағдайларды колониялизмдік салдарды,орталықтан көшіруді қазіргі кезде күрделі демографиялық жағдайларды,халық дамуының региондық болашағын қамтылуы мүмкін емес.

Егеменді Республиканың миграциялық саясаты,егер ол шынында да өзінің ұлттық және региондық мүдделерін халықаралық құқықтық негізінде қорғайтын болса өткен кезеңде жіберілген қателіктерді ескеріп түзетуі тиіс.Демографиялық шолу және талдау көрсеткендей халықты қоныстандыру процесінің сыртқы тенденциясы қазіргіге қарағанда бұрын екі есе жылдам болған.Халықтың қоныстандыру тенденциясының негізінде этникалық аспектілер жатыр,бұл олардың салдарын күрделендіріп соның нәтижесінде қазіргі кездегі ұлтаралық қатынастарға әсер етеді.Миграциялық саясат Қазақстандағы этнодемографиялық жағдайды орнығу және тұрақтандыру процесінің жеделдеуіне жағдай жасау керек.


Дата добавления: 2015-08-09; просмотров: 1177 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тағдырға иман келтіру| Азақстан Республикасындағы миграциялық саясаттың кейбір мәселелері.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.017 сек.)