Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сақтандыру компаниялары қызметін ұйымдастыру

Читайте также:
  1. Жеке сақтандырудың экономикалық мәні және функциялары. Жеке сақтандырудың сыныптамасы.
  2. Корпорацияларды қайта ұйымдастыру: қосылу, сатып алу, бөлшектеу, банкроттық және жою
  3. Р сақтандыру нарығына қатысушылар
  4. Р-дағы міндетті сақтандыру, оның ерекшеліктері
  5. Сақтандыру ұйымдарының пруденциалдық нормативтері
  6. Сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметтері

Сақтандыру компаниясы– азаматтарға, кәсіпорындарға олардың қызметі мен өмірінде сақтандыру жағдайлары басталғанда зиянның орнын толтыру және көмек көрсету жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға.

Дамыған Батыс елдерiндегi қазiргi таңдағы сақтандыру нарығының даму деңгейi сақтандыру iсiн монополизациялауды күшейтедi. Осыған байланысты оны төрт түрлi ұйымдастырушылық формасына бөлуге болады.

1) Көлденең интеграция – аз iрi сақтандыру компаниялардың қолына сақтандыру қызметiн бiрiктiру.

2) Тiгiнен интеграция – сақтандыру компаниялардың басқа сфераға өтуi.

3) Ұлтаралық сақтандыру компаниясы сақтандыру iсiнде кең тараған жоқ.

4) Диверсификация – сақтандырушының әртүрлi кәсiпорын салаларында қызметтерiнiң кеңеюi.

Сақтандыру нарығында диверсификацияның келесi негiзгi типтерi бар.

– сақтандыру компаниясы концерннiң бiр бөлiгi болады.

– сақтандыру компаниялары кәсiпорын иесiне айналады.

– сақтандыру компаниялары қаржы-несие саласында еншiлес компаниялар құрайды.

Сақтандыру компаниялары сақтандыру нарығының индустриалды құрылымының негiзiн құрайды. Мысалы АІШ-та сақтандыру компанияларының қаржы ресурстарына 50 процентке жуық ұзақ мерзiмдi несиелерден келедi.

Сақтандыру компаниялары бөлiнедi:

– иелiгiне қарай: жеке және құқықтық, акционерлiк, өзара, мемлекеттiк және өкiметтiк.

– жасалатын операция сипатына қарай: мамандандырылған, универсалды және қайта сақтандыру.

– қызмет көрсету аймағына қарай: жергiлiктi, аймақтық, ұлттық және халықаралық.

– Жарғылық капитал көлемiне және сақтандыру көлемiнiң түсу көлемiне қарай: iрi, орташа және ұсақ.

Сақтандыру компанияларықызметіндегі ұдайы өндіріс процесінің бірінші сатысы азаматтардың, кәсіпорындардың, мемлекеттік институттардың ерікті және міндетті сақтандыру тізбесі бойынша сақтандыру қорғанысы қызметін сатып ала отырып, нетто-табыстан сақтандырушыларға тӛлейтін сақтандыру сыйлықақыларының есебінен, сақтандыру қорларын құру арқылы сақтандыру қорғанысын қамтамасыз етеді. Сақтандыру компаниялары қызметіндегі ұдайы ӛндіріс процесінің екінші сатысы – сақтандыру қорларын құру және тарату. Бұл сатыда сақтандырушылар біруақытта сақтандыру қорларын құра отырып, оларды сақтандыру өндіріс факторлары иелерінің арасында брутто- табысты ӛндіру мен тарату олардың бір бӛлігін сақтандыру қорына салудың потенциалды мүмкіндігін береді. Сақтандыру компанияларықызметіндегі ұдайы ӛндіріс процесінің үшінші сатысы – сақтандыру тӛлемдерін жүзеге асыру жолымен, нақты зардап шеккен сақтанушыларға жоғалтуларын ӛтеп беру үшін сақтандыру қорын пайдалану арқылы сақтандыру қорғанысының жекелей жүзеге асуымен байланысты. Сақтандыру компанияларықызметіндегі ұдайы ӛндіріс процесінің тӛртінші сатысы – сақтандыру тӛлемдерінің сақтанушылардың ие болу, басқару, қолдануымен байланысты мүліктік қызығушылығын, олардың үшінші тұлға алдындағы жауапкершілігін қанағаттандыруды қамтамасыз етуімен байланысты.

Осыған байланысты сақтандыру компаниялары қызметінің негізгі міндеті тұтынушыларға маңызды сипаттар бойынша өзін таныту және жайғастыруды қалыптастыру болуы керек. Сақтандыру компаниясы өз қызметінің сезімталдығын көтеру үшін потенциалды тұтынушылармен тек сақтандыру кезеңінде ғана емес, тіпті сақтандыру шартының әрекет ету мерзімінде де қатынасты үзбегені дұрыс. Статистикаға жүгінетін болсақ, республикадағы барлық тұрғындардың небәрі 27%-ы ғана сақтандыру компанияларының қызметін тұтынады немесе тұтынуды кӛздейді екен. Бұл халық арасында сақтандыру қызметі туралы кӛп түсіндіру шараларын ӛткізу қажет екенін кӛрсетеді. Енді сақтандыру қызметін тұтынушы жеке тұлғалардың әлеуметтік- демографиялық жағдайын талдап қарайтын болсақ, республика бойынша сақтандыру қызметін жиі тұтынушылардың ішінде әйелдерге қарағанда жастары 45-55 жас аралығындағы ер адамдардың басым екенін кӛрсетеді. Олардың бәрі жоғары білімді, отбасын құрған, жоғары табысы бар азаматтар. Сақтандыру қызметінің өте үлкен потенциалы соңғы уақыттарда еліміздің бас қаласы – Астанада орын алып отыр. Астана түрғындарының арасында сақтандыру қызметін тұтынушылардың жас шамасы 33-47 аралығында.

Ұлттық сақтандыру қызметін дамыту стратегиясын әзірлеу барысында обьективті және субьективті түрде келесі талаптар ескерілуі тиіс болды: - сақтандыру қызметі дамуының ұйымдық тұжырымдамасын әзірлеу; - бағалаудың сапалық және сандық ӛлшемдерінің жүйесін анықтау және даму бағыттарын таңдау мен негіздеу;

Сақтандыру компаниясы үшін табыс алудың негізгі кӛзі – сақтандыру қорлары қаражаттарының бір бӛлігін коммерциялық мақсатта пайдалану арқылы жүргізілетін инвестициялық қызмет болып табылады.

Сақтандыру компаниясының қызметін дамыту стратегиясы болашаққа қол жеткізуге бағытталған. Стратегияны құру компанияның өнім портфелін және құрылымын, жайғастырудың негізгі қағидасын, ұйымның стратегиялық мақсатын және ұйымның әрбір бөлімі үшін мақсатты ұстанымдар, сондай-ақ даму жоспары мен орта мерзімді уақытқа қаржылық үлгіні анықтауды болжайды.


Дата добавления: 2015-08-09; просмотров: 840 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Мемлекет кірістерінің сыныптамасы | Мемлекет шығыстарының сынытамасы | Мемлекеттік бюджет:құрамы мен құрылымы | Мемлекеттік жеке серіктестік инвестицияларды қаржыландыру әдісі ретінде | Мемлекеттік қаржы:құрамы мен құрылымы | Мемлекеттік қаржылық реттеудің типтері нысандары және әдістері. | Меншікке салынатын салықтарға жалпы сипаттама. | Нақты және қаржылық инвестициялардың ерекшеліктері мен өзара байланысы | Корпорацияның қаржылық жоспарлануының сыныпталуы. Қаржылық жоспарлау әдістері. | Операциялық тұтқа нәтижесі. Компаниялардың пайдасын және ағымдағы шығындарын басқару |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Опциондардың баға құру теориясы. Фъючерстер| Сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметтері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)