Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мемлекеттік қаржылық реттеудің типтері нысандары және әдістері.

Читайте также:
  1. Ақша ағындарын оңтайландыру әдістері. Ақша ағымдары және олардың түрлері
  2. АЗАҚСТАНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ҚҰРАЛДАРЫ
  3. Азақстандағы тікелей шетел инвестициялар, оның экономикадағы рөлі және орны
  4. Айналым қаражаттарын нормалау әдістері. Кәсіпорынның айналым қаражаттарын құру көздері.
  5. Анестезиология және реанимация
  6. Анестезиология және реанимация»_ каз
  7. Аржы механизмі:құрылымы және мазмұны

Экономиканы реттеу əдетте екі нысанда – өзін-өзі реттеу жəне мемлекеттік реттеу нысанында жүргізіледі. Біріншісі қоғамдық өндірістің түрлі буындарында қаржы базасын қалыптастырудың шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздері жасап, пайдаланатын əдістерімен сипатталады. Екінші нысан қоғамдық өндірістің даму үдерісіне мемлекеттің сан алуан экономикалық тетіктері, соның ішінде қаржылық тұтқалар арқылы араласуын бейнелейді.

Реттеудің екі тұрпаты бар: ол экономикалық (оның: қаржылық, бағалық, кредиттік,валюталық, еңбекке ақы төлеу бөліктерімен) жəне əкімшілік реттеу. Қаржылық реттеудің түрлері салықтық, бюджеттік, мемлекеттік-кредит- тік, кедендік-тарифтік, валюталық-қаржылық, шаруашылық ішіндегі (фирма ішіндегі, кəсіпорын, ұйым, корпорация шегіндегі жəне т.б.) реттеуді қамтиды. Реттеу нысандары аталған түрлерде ағатын қаржылық қосалқы категорияның тиісті түрі үшін сипатты, сондай-ақ барлығы үшін ортақ үдерістерді білдіреді: мысалы, бюджеттік түрде – қаржыландыру (субвенциялар, субсидиялар, транс- ферт-тер), салықта – тура жəне жанама салық салу, валюта-қаржыда – сыртқы инвестициялау, сыртқы қарыздар, сыртқы борыш. Бұлар – қаржылық реттеудің негізгі нысандары. Мемлекеттік-кредиттік түріндегі нысандар сан алуан. Ортақ нысан жоспарлау (болжау) болып табылады. Реттеудің айрықша нысаны мемлекеттік сатып алу болып табылады. Мемлекеттік сатып алу – мемлекеттік органдардың, мекемелердің, кəсіпорындардың, заңи тұлғалардың жəне олармен аффиландырылған заңи тұлғалардың олардың қарамағындағы ақшалардың есебінен тауарларды, жұмыстарды жəне қызметтерді сатып алуы. Сыныптаудың ең көп элементтері реттеу əдістері болып табылады, олар сондай-ақ жекелеген нысандар үшін (мысалы,салықтардағы мөлшерлемелер əдісі, қарыздардағы жаңғырту) айрықшалықты сияқты болуы, немесе бірнеше нысандарда (мысалы, бюджеттерде жəне шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы жоспарларында теңестіру, бұл нысандарда резервтер жасау əдісі, əр түрлі нысандар мен түрлер үшін индекстеу əдісі жəне т.б.) қолданылуы мүмкін. Əдістер дербес амалдарға, тəсілдерге ажыратылады жəне реттеу жүйесінің неғұрлым жылжымалы, өзгермелі элементтері болып табылады. Мысалы, салық салуда – салықтардың мөлшерлемелері, салық салу жөніндегі жеңілдіктер мен санкциялар, табыстарды, мүлікті, активтерді мағлұмдамалау, аванстық төлем жəне басқалары; бюджеттен қаржыландыру кезінде – шығыстарды нормалау,қаражаттардың пайыздық аударымдары, бюджет тапшылығын қаржыландырудың əдістері,бюджет артығын пайдалану жəне т.б. Валюталық қаржылық реттеудегі негізгі əдістер мыналар болып табыла- ды: валюта бағамы, ақшалай капиталға пайыздық мөлшерлемелер, халықаралық төлем қаражаттары мен бағалы қағаздардың бағамдары, валюталық тəуекелдерді сақтандырудың сан алуан əдістері. Реттеудің ішкі шаруашылықтық түрінде коммерциялық немесе шаруашылық есеп, қаражаттарды нормалау əдістері, қаржылық қорларға аударылатын аударымдардың нормативтері жəне оларды пайдалану қолданылады. Мемлекеттік сатып алуда мыналар əдістер болып табылады: ашық конкурс,жабық конкурс,бағалы ұсыныстардың, бір дереккөзден, ашық тауар биржалары арқылы сұрау салуын пайдалана отырып жеткізушіні таңдау.

 


Дата добавления: 2015-08-09; просмотров: 576 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Р ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КЛИМАТЫ. ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫН ТАРТУДЫҢ ЖАҒЫМДЫ ФАКТОРЛАРЫ | Р ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ | Р сақтандыру нарығына қатысушылар | Р Ұлттық қоры: қалыптастыру, пайдалану және басқару тәртібі. | Р-дағы міндетті сақтандыру, оның ерекшеліктері | Р-ң қаржы жүйесінің құрылымы және оның буындарына сипаттама | Мемлекет кірістерінің сыныптамасы | Мемлекет шығыстарының сынытамасы | Мемлекеттік бюджет:құрамы мен құрылымы | Мемлекеттік жеке серіктестік инвестицияларды қаржыландыру әдісі ретінде |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Мемлекеттік қаржы:құрамы мен құрылымы| Меншікке салынатын салықтарға жалпы сипаттама.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)