Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мемлекет шығыстарының сынытамасы

Читайте также:
  1. АЗАҚСТАНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ҚҰРАЛДАРЫ
  2. Мемлекет кірістерінің сыныптамасы
  3. Мемлекеттік қаржы:құрамы мен құрылымы
  4. Мемлекеттік қаржылық реттеудің типтері нысандары және әдістері.
  5. Мемлекеттік бюджет:құрамы мен құрылымы
  6. Мемлекеттік жеке серіктестік инвестицияларды қаржыландыру әдісі ретінде

Мемлекеттiң шығыстары – бұл мемлекеттiң жұмыc iстeyiмeн байланысты aқшaлай шығындары. Экономикалық категория peтiндe олар қоғамдық өндiрiстi дамытып, жетiлдiру, қоғамның сан алуан қажеттiлiктерiн қанағаттандыру мақсатында iшкi жалпы өнімнің бiр бөлiгiн бөлумен жəне тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды бiлдiредi.Мемлекеттiң шығыстары – мемлекеттiң қаржылық саясатының маңызды құралы, оның орталықтандырылған жəне орталықтандырылмаған кipicтepiн пайдалануға байланысты болатын қаржылық қатынастардың бiр бөлiгi. Мемлекет шығыстарының өзгешелiгi сол, ол қызметтiң тек мемлекеттiк сферасының қажеттiлiктерiн қамтамасыз етедi. Сондықтан мемлекет шығыстарының мазмұны мен сипаты мемлекеттiң экономикалық, əлеуметтiк, басқару, қорғаныc жəне т.б. функцияларымен тiкелей байланысты. Мемлекет шығыстарының құрaмынa мемлекеттiк бюджеттiң, мемлекеттiк бюжеттен тыс қорлардың, мемлекеттiк кəсiпорындар мен ұйымдардың, өндiрiстiк жəне өндiрiстiк емес сфералар мекемелерiнiң шығыстары кіреді. Мемлекеттiк сектордың кəсiпорындары шығыстарының құpaмынa мыналар кiредi:1) өндiрiстiк, шаруашылық-пайдалану қызметiмен байланысты шығындар;2) ұлғаймалы ұдайы өндiрiске (негiзгi жəне айналым капиталдарына)жұмсалатын шығындар;3) бюджетке жəне бюджеттен тыс қорларға төленетiн төлемдер;4) көтермелеу жəне ынталандырy қорларына аударылатын аударымдар.Мемлекет шығыстарының басым бөлiгi қоғамдық тауарларды, игiлiктердi жəне қызметтерді өндiруге немесе олармен халықты қамтамасыз eтyгe бағытталады, бұл мемлекет шығыстарының рөлiн айқындайды. Əлеуметтiк мəденимақсаттарға, қорғанысқа, құқықтық тəртiпті қорғауға, басқаруға, мемлекеттiңинфрақұрылымдық кəсiпорындары мен ұйымдарының өнімiне жəне қызметтеpінежұмсалатын шығыстар мемлекет, сонымен бiрге экономиканың рыноктық секторы тарапынан рыноктық тауарлармен жəне қызметтер көрсетумен қамтамасызeтyгe қосымша ретiнде халықтың жалпы қажеттiлiктерiн қанағаттандыруы тиiс. Бағыттары мен мaқcaтты арналымы бойынша шығыстардың барлықтүрлерiнiң жuынтығы мемлекет шығыстарының жүйесiн құрайды. Мемлекет шығыстарының басым бөлiгi мемлекеттiк бюджетке орталықтандырылған немесемемлекеттiк кəсiпорындардың қарамағында болатын қоғамның таза табысы есебiнен жүргiзiледi. Олар сондай-ақ өнімнің өзiндiк құнынa кiрiктiрiлетiн амортизациясомаларымен өтелуi мүмкін, бұл ақша мемлекеттiк шаруашылықтың өндiрiстiккапиталдарын көбейту үшiн қарастырылған күрделi жұмсалымдарға бағытталады. Мемлекет шығыстарының бiр бөлiгi салықтық төлемдер, қарыздардан түceтiн түciмдep түрiндегi халықтың қаражаттары есебiнен жабылады. Мемлекет шығыстарын қаржыландырy үшiн негiзгi өндiрiстiк капиталдарды көбейту жəне техникалық жетiлдiру мақсаттарында жəне кейiн кəсiпорындардың табыстарынан өтелетiн банктердiң ұзақ мерзiмдi кредиттерi тартылады. Предметтiк (мaқcaтты) белгiсi бойынша мемлекеттiң шығыстары экономuкаға, əлеуметтiк мəденu шараларға, ғылымға, қopғaныс пен басқаруға жұмсалатын шығыстарға бөлiнедi. Аумақтық белгiсi бойынша мемлекеттiң шығыстары экономикалық өңiрлер бойынша бөлiнедi. Мұндай сыныптаy өндiргiш күштердi орналастыруға жəнеұлттық шаруашылықтағы үйлесiмдiктердi жетiлдiруге белсендi ықпал жасауғамүмкiндiк бередi. Салалық белгiсi бойынша материалдық өндiрic сферасында мемлекеттiң шығыстары өнеркəсiпке, құрылыcқa, ауыл шарушалығына, көлiк пен байланысқа,саудаға, жабдықтау мен дайындауға жұмсалатын шығындарға бөлiнедi; өндiрiстiк емес сферада бiлiм беру, ғылым, денсаулық сақтау мен дене шынықтыру, əлеуметтiк сақтандырy мен əлеуметтiк қамсыздандыру, қорғаныс, басқару шығындары болып бөлiнедi.

105)Мемлекеттік бағалы қағаздар: шығару мақсаттары, ҚР-да негізгі түрлері Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару – Ұлттық банктен қарыз алу жəне ақша белгілерін эмиссиялаумен салыстырғанда бюджет кемшілігін қаржыландырудың экономикалық тиімді əдісі. Себебі нарықтық экономика жағдайында Ұлттық банктің несиелік қорын пайдалану оның капитал нарығын реттеу мүмкіндігін шектейді. Ал бюджет кемшілігін ақша эмиссиялаумен жою айналымға нақты тауарлармен қамтамасыз етілмеген төлем құралдарын шығарумен барабар. Ол əрине, инфляцияны туындатады. Мемлекеттік қарызды бағалы қағаздарды шығарумен өтеу оны банктік несиемен өтеуден анағұрлым арзан. Себебі, мемлекеттік қарыз міндеттемелері жоғары өтімді болғандықтан инвесторлардың оларды екінші нарықта оңай орналастыруға мүмкіндігі бар. Сондықтан мемлекеттік бағалы қағаздар – ішкі қарызды қаржыландырудың негізгі қаражат көздерінің бірі.Ел экономикасының нарықтық қатынастарға өтуінің алғашқы кезеңінде, яғни 1994 жылдың сəуірінде Қаржы министрлігі айналыс мерзімі 3 айлық қысқа мерзімді вексельдерді шығарды. 1996 жылдың сəуірінде ол мемлекеттік қазынашылық міндеттеме деп, ал 1997 жылдың 22 сəуіріндегі №621 Үкімет қаулысымен МЕККАМ-дар – Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелер деп атауы өзгертілді. 1995 жылдың шілдесінен бастап Ұлттық банк айналыстағы ақша массасын реттеу мақсатында қысқа мерзімді ноталарды шығарды1995-1996 жылдардағы бағалы қағаздар нарығының қалыптасуында мерзімі үш айлық МЕККАМ-дарға сұраныс ұсыныстан 4,8-5,6 есе көп болғанын көрсетеді. Осы кездері инвесторлар аукционнан алғашқы делдал-дилерлер арқылы МЕККАМ эмиссиясының 57%-тен 84%-ке дейінгі көлемін сатып алған. Ұлттық мемлекеттік бағалы қағаздар нарығындағы осындай жағымды тенденцияларды ескеріп, үкімет МЕККАМ-дардың айналыс мерзімі ұзақтау жаңа түрлерін: 1995 жылғы шілдеден – мерзімі 6 ай, 1996 жылғы шілдеден – мерзімі 12 ай, ал 1997 жылғы шілдеден – мерзімі 2-3 жыл болатын МЕОКАМ-24 деп аталатын мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді шығарды. Оларға қоса, 1996 жылы айналыс мерзімі 364 күн болатын – ішкі мемлекеттік займның ұлттық жинақ облигациясы (ҰЖО) шығарылды. Егер айналыс мерзімі 3, 6, 12 ай болатын мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер (МЕККАМ) бағалы қағаздардың дисконттық (яғни дисконтпен – номиналынан кемітіп сату) тобына жатса, ҰЖО проценттік бағалы қағаздар тобына кіреді. Бұл ҰЖО-ның МЕККАМнан ерекшелігі. Əр тоқсан сайын купондық процент есептеуді проценттік бағалы қағаз деп атайды. Ұлттық жинақ облигациясына есептелген проценттер олардың айналыс мерзімі 91, 182 жəне 364 күн болғанда төленеді. Өзгермелі проценттік ставка МЕККАМ-3тің орташа есептелген дисконттық аукциондық бағасы бойынша есептелген табыс ставкасына тең бекітіледі. Мысалы, егер 1996 жылы 26 желтоқсанда ҰЖО-ның бірінші шығарылымы бойынша бірінші табыс 27,4 жылдық процент көлемінде болса, онда МЕККАМ-ға төленетін табыс көлемі де 27,4% болады. Проценттік бағалы қағаздарға сондай-ақ МЕОКАМ жəне МЕАКАМ (мемлекеттік арнаулы қазынашылық міндеттемелер) жатады. МЕОКАМ – көрсетілген құны (номиналы) 1000 теңге болатын жəне жылына екі рет купондық процент төленетін мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер. МЕОКАМ аукциондарға бірдей проценттік жағдайда кесілген баға бойынша (эмитент шығарған бағалы қағаздар көлеміне қойылған баға) орналастырылады. МЕАКАМ – үкіметтің алған несиесі бойынша қарызын қайта рəсімдеу мақсатында 1998 жылы 8 қаңтарда шығарылған мемлекеттік арнаулы қазынашылық міндеттеме. Оның купоны эмиссияланғаннан кейінгі айналыс мерзімі аралығында əрбір 6 айда төленеді. МЕАКАМ-дар шығарылған бағалы қағаздар көлеміне кесілген бағамен арнаулы аукциондарға орналастырылады. МЕКАВМ – индекстелетін мемлекеттік қысқа мерзімді арнаулы валюталық міндеттеме, 1999 жылы айналыс мерзімі 3,6,9 жəне 12 ай болатын Қазақстан қор нарығының валюталық құралы. МЕИКАМ – үкіметтің 1999 жылғы 10 наурызындағы қаулысына сай айналыс мерзімі 3,6,12 ай болатын, көрсетілген құны (номиналы) 1000 теңгеге тең мемлекеттік индекстелген қысқа мерзімді қазынашылық міндеттеме. «Индекстелген» дегенді таратып айтсақ, бұндай бағалы қағаздар бойынша төленетін сыйақы инфляция деңгейіне байланысты индекстеледі (өзгереді), яғни бағалы қағаздың иесі болашақтағы инфляцияның əсерінен алатын табысын жойылту қаупінен сақталады. АВМЕКАМ – көрсетілген құны 100 АҚШ доллары болатын жəне өтелу мерзімі 2004 жылдың 8 сəуірі деп белгіленген арнаулы валюталық мемлекеттік облигация. Оның міндеті – теңгенің емін-еркін өзгермелі бағамына өтуіне байланысты жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін қорғау делінген 1999 жыл дың 5 сəуірінде қабылданған Үкімет қаулысында. 1999 жылдың 3 сəуіріне дейін Жинақтаушы зейнетақы қорларының портфеліндегі мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер, яғни МЕККАМ, МЕОКАМ, МЕАКАМ жəне ҰЖО АВМЕКАМ-ға еркін айырбасталады. Басқаша түсіндірсек, Қаржы министрлігі МҚО мен ҰЖОны ағымдағы құнымен сатып алып, одан теңгемен түскен түсімді АҚШ долларына шаққандағы 88,3 теңге бағамымен АВМЕКАМдарды көрсетілген құны бойынша өтеу үшін жұмсады. Сөйтіп, осы аталған бағалы қағаздарды 5 жылдан кейін өтегенде көрсетілген құнын алуға, сондай-ақ 1999 жылдың 12 сəуірінен бастап əрбір жарты жылда (яғни 12.10.1999 жəне 12.04.2000) 6, 14 жылдық процент мөлшерінде сыйақы (мүдде) алуға да құқығы сақталды. Дəл осындай айырбас үлгісі көрсетілген құны 100 АҚШ доллары болатын жəне айналыс мерзімі 35 күн, яғни 1999 жылдың 12 сəуірінен 13 мамырына дейін деп ҚР Ұлттық банкінің 1999 жылы 6 сəуіріндегі қаулысы бекіткен арнаулы валюталық ноталар айналысқа түсірілді. Сыйақы (мүдде) бекітілген ставка бойынша 5,4 жылдық процент мөлшерінде төленді.


Дата добавления: 2015-08-09; просмотров: 407 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Аржының функциялары, табиғаты және қажеттілігі | Арыз капиталының құрамы және оны тарту құнынын бағалау. | Арыз капиталының тиімділігінің көрсеткіштері. | Оғамдық тауарлар,игіліктер және қызметтер:оларды қаржыландыру | Р ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КЛИМАТЫ. ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫН ТАРТУДЫҢ ЖАҒЫМДЫ ФАКТОРЛАРЫ | Р ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ | Р сақтандыру нарығына қатысушылар | Р Ұлттық қоры: қалыптастыру, пайдалану және басқару тәртібі. | Р-дағы міндетті сақтандыру, оның ерекшеліктері | Р-ң қаржы жүйесінің құрылымы және оның буындарына сипаттама |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Мемлекет кірістерінің сыныптамасы| Мемлекеттік бюджет:құрамы мен құрылымы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)