Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Аржының функциялары, табиғаты және қажеттілігі

Читайте также:
  1. Ақша ағындарын оңтайландыру әдістері. Ақша ағымдары және олардың түрлері
  2. Азақстандағы тікелей шетел инвестициялар, оның экономикадағы рөлі және орны
  3. Анестезиология және реанимация
  4. Анестезиология және реанимация»_ каз
  5. Аржы механизмі:құрылымы және мазмұны
  6. Аржылық активтерді бағалаудың базалық үлгісі. Облигацияларды, қарапайым және артықшылықты акцияларды бағалау
  7. Аржылық бақылау,оның негізгі түрлері,қағидаттары және міндеттері

Қаржылар өз маңызы мен терең мазмұнға ие бола отырып, ұдайы өндіріс процесінде объективті түрде қалыптасатын қатынастар негізінде туындайды. Қаржылардың «қажеттілігі» ұғымын білу қажет. Бұл қорлардың бизнестік категорияларының басты негізі болып саналады. Қаржылардың объективті қажеттілігі бірқатар негізгі факторлармен: тауар өндірісінің өмір сүруімен, тауар-ақша қатынастарының дамуымен, құн және игіліктерді бөлу заңдарының өмір сүруімен негізделеді. Қаржылардың қажеттілігі объективті мән-жағдайлардан – қоғам дамуының қажеттіліктерінен туындайды. Тарихи түрде бастапқы бетте мемлекеттің пайда болуымен байланысты өзіне маңызды қоғамдық функцияларды алған, қаржылық қатынастардың бір бөлігі анықталған болатын. Мемлекеттік билікті ұстап тұру үшін, қоғамның барлық мүшелерінің есебінен қалыптасатын арнайы ақша қаражатының қорлары қажет. Қаржы қажеттілігінің факторлары: 1) қоғамдық дамудың қажеттіліктері:а)тауар-ақшалай қатынастардың болуы (материалдық,өндірістік сферасы,тауарлар,қызметтер,жұмыстар көрсету) б) мемлекеттің жұмыс істеуі (басқару,халықты әлеуметтік қорғау,қорғаныс,құқықтық тәртіпті қорғау,қоршаған ортаны қорғау,ізгіліктік функциялар) 2) әлеуметтік экономикалық қажеттіліктер. Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттігін ғана емес, сонымен бірге қаржының қоғамдық арналымын, яғни оның функцияларын анықтауды да талап етеді.Қаржыға қатысты функция осы экономикалық категорияға тән қызмет тобын, мәннің іс-қимылдағы көрінісін, сапаның өзіне тән категориялары кескінінің айрықшалықтыәдістерін білдіреді. Функцияда категорияның қоғамдық арналымы бейнелеп көрсетіледі, оның экономикалық табиғаты ашылады. Қазіргі уақытта қаржының бөлгіштік және ұдайы өндірістік тәрізді екі тұжырымдамасы танылып отыр.Бірінші тұжырымдаманың жақтаушылары қаржы қоғамдық өндірістің emu- mi стадиясында - акшалай нысандағы қоғамдық өнімнің кұнын бөлу үдерісінде пайда болады, қаржының бөлгіштік сипаты оның іс-әрекет етуінің ерекшелігін көрсетеді деп санайды. Бұл тұжырымдамаға сэйкес каржы екі функция орындайды: бөлу және бақылау. Бөлгіштік функцияның көмегімен жалпы қоғамдық өнім мен оның аса маңызды бөлігі - ұлттық табыс, сондай-ак ұлттық байлықтың бір бөлігі (мысалы, айналым қаражаттарын, мемлекеттік мүлікті сату операцияларын шығарып тастағанда) бөлінеді және қайта бөлінеді. Бұл функцияны қаржы өнімді өздігінше бөле береді дегенмағынада емес, қаржы тек жасалған өнімді бөлуді ғана ортақтастырып, жүзеге асырады деп түсіну керек. Былай деп айтқан дұрыс: өнімнің натуралдық-заттай құрамын бөлу ақшалай қорларды бөлу арқылы жасалады. Мемлекет, кәсіпорын, фирма және халық арасында ақшалай қорларды (табыстар мен қорланымдарды) бөлуге сәйкес жасалған натуралдық өнім де бөлінеді. Қаржы көмегімен құнды бөлу және қайта бөлу қаржылық ресурстардың айрықшылықты нысанын қабылдайтын ақшалай қаражаттардың қозғалысымен міндеіті түрде қосакталып жүреді. Қаржының жұмыс істеуінің шарты - ақшаның болуы, ал қаржының пайда болуының себебі шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекеттің қызметін қамтамасыз ететін олардың ресурстарға қажеттілігі болып табылады.


Дата добавления: 2015-08-09; просмотров: 386 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Азақстандағы тікелей шетел инвестициялар, оның экономикадағы рөлі және орны | Аржы басқару,оның элементтері мен қағидаттары | Аржы механизмі:құрылымы және мазмұны | Аржылық активтерді бағалаудың базалық үлгісі. Облигацияларды, қарапайым және артықшылықты акцияларды бағалау | Аржылық активтердің табыстылығын бағалау үлгісі. Нарық капиталының желісі. β – коэффицентінің тұжырымдамасы | Аржылық бақылау,оның негізгі түрлері,қағидаттары және міндеттері | Аржылық бақылаудың сипаттамасы,нысандары және әдістері | Аржылық менеджметттің тұжырымдамалары | Инвестициялардың пайдаланудың нетто нәтижесі. НРЭИ | ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ИНТЕГРАЛДЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Аржылық тәуекелдерді бағалау әдістері| Арыз капиталының құрамы және оны тарту құнынын бағалау.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)